Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (71)

      Жаз мезгілі - құрылыстар мен түрлі ғимараттардың бой көтеретін шағы. Тозы­ғы жеткен жол төсеніштері де жаңа­рып, бітпеген үй жұмыстары жаңғыратын кезең. "Қызылорданың көркі енді-енді кіріп келе жатыр" деп баға беретіндер жасалы­нып жатқан жұмыстарға куәгер болып жүрген де болар, соның өзінде қала әкімі Н.Нәлібаев қаладағы бірқатар нысандар­ды бір топ журналистермен бірге аралап, құрылысшыларға сәттілік тіледі.

     Қаланы аралау барысында қала әкімі қарқынды түрде жүріп жатқан құрылыс аймақтарында шешілмей тұрған мәселе­лерге қолдау көрсететінін, тек сапалы дүниелерді халыққа ұсыну керектігін және өңірдің көркін кіргізетін ғимарат­тардың салына беретінін атап өтті.

     Сарша тамыздан секем алған біз газетіміздің өткен санында "сарыуайымға салмаса игі" деп, қорқа соғып едік, шынымен ел арасынан қиналысты байқадық. Әсіресе, көп балалы шаңырақтар мен тұрмысы төмен отбасылар балаларын мектепке дайындау барысында материалдық көмекке зәру екендіктерін жасырмайды. Ал, оларға мемлекет тарапынан көмектер беріле ме, қоғамның көзқарасы қандай?

Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017 09:56

Батыс Азиядағы бақуатты ел

| Автор: 

    Әлем елдері ішінде жұмыссыздық мәселесіне алаңдамайтын санаулы елдер бар. Соның бірі - Оман сұлтанаты. Оңтүстік-батыс Азияда орын тепкен шағын мемлекеттің бүгінде әлеуметтік ахуалы жылдан-жылға жақсарып келеді. 4,5 миллионға жуық халқы бар елді сұлтан билейді. Соңғы он жылдық кезеңге көз тастасақ, Оман сұлтанатының гүлденген кезін байқауға болады. Мұнай мен газ арқылы пайдаға кенеліп отырған елдің тұрғындары сауда десе алдына жан салмайды. "Алуан түрлі әлем" айдары Оңтүстік-батыс Азия елдерін тұрмысы бақуатты, халқы қуатты әлемдегі таза елдердің бірі Оман сұлтанатынан бастамақ.

    Дәрігер ауырған адамның жанына араша түседі, ұстаз адам тәрбиелейді. Бұл екі кәсіп сонау ықылым заманнан бері қасиетті, киелі саналады. Қай қоғамда да ұстаз бен дәрігерге қажеттілік жоғалуы мүмкін емес. Себебі бірі адам баласының тән сұлулығына, екіншісі жан сұлулығына қызмет етеді. Біле білсең, Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне қарағанда, адам денсаулығының жақсы болуы (40 пайызы) қоршаған ортаға немесе экологияға байланысты Содан кейін оның өмір сүру жағдайына (40 пайызы) тәуелді көрінеді. Қалғаны (20 пайызы) медициналық көмек көрсетілуінің деңгейімен сараланады.

     Ендеше, қашанда қадірлі мамандықтардың бірі саналатын дәрігерлер жайында және оларды шетелдердің жоғарғы оқу орындарында дайындаудың ерекшеліктері туралы сөз қозғамақпыз.

    - Департамент ҚР Кәсіпкерлік Кодексін басшылыққа алып, 2016 жыл бойынша электр энергияны бөлшек саудада са­ту бағасына сараптама жүргізіп, нәтижесінде 2017 жылғы 1 тамыздан бастап облыстағы электр энергиямен жабдықтау­шы ұйымдардың орташа босату бағалары 1 кВт. сағатқа қо­сымша құн салығынсыз 3,3 пайыздан 8,2 пайызға дейін тө­мендеттелді. Бұл халық үшін қуанышты жаңалық болып отыр.

   Бұл ақпаратты Қызылорда облысының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз отырысында жария етті.

   Қызылордалықтардың қаншалықты қуанатыны белгісіз, осы күні жергілікті тұрғындар үшін жолақы мәселесі алға шығып тұрғаны жасырын емес. Департамент жолақыға байланысты қойған сұрағымызға мекеменің оған қатысы жоғын алға тартты. Алайда жолақының көтерілуінің негізгі себебінің бірі, осы күні АИ-92, АИ-93 маркалы жанар-жағар майы бағасының өсуіне тексеріс жүр­гі­зіліп жатқандығын, тамыз айын­да қорытындысы шығатынын айтып қалды. "Егер жолаушылар көлігі пайдаланатын май­дың негізсіз өскені заң жүзінде белгілі болып жатса, онда жо­лақының тамыз айынан бастап қымбаттауы негізсіз бол­ғаны ма?" деген сұрақтың қылтиып шығатыны белгілі.

     Не болса да, жағар май мен жолақы жайы тамыз айында талай адамды әбігерге салатын түрі бар.

Айдар САЙЛАУОВ

 

 

   Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жү­йесі жан-жақты талқыланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысын бас­­тады. Бұл уақыт аралығында жүйе­нің маңыздылығы жөнінде халыққа жа­уапты мамандар тарапынан түрлі тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілгені бел­гілі. Алайда, денсаулық сақтауды қар­жы­ландырудың жаңа жүйесіне қатысты көпшілікті толғандырған сауалдар жетерлік.

  Аталмыш жүйе 2017 жылдың 1 шіл­де­сінен заңды күшіне енген күнінен сақтандырудың алғашқы жарнасын ең алдымен жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін болады. Жарна мөлшерін төмендетуге қатысты заңға енгізілген жаңа түзетулер жуырда Парламент тарапынан мақұлданып, мем­ле­­кет басшысы қол қойды.

  Заңдағы жаңа түзетулерге сай, жұмыс беруші медициналық сақтандыруға ай сайын жұмыскер жалақысының 1% көлемінде жарна төлейді және жарна көлемін 3667,9 теңгеден асырмауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар (жеке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақының 5%-ы мөлшерінде немесе 2445,9 теңге көлемінде жарна аудармақ. Жарнаны аударым жұмыстары зей­нетақы төлеу жөніндегі мемлекет­тік орталығы арқылы жүргізіледі.

  Бұл тұста, мемлекет төлейтін жарна көлеміне ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Мемлекет әлеуметтік аз қам­тыл­ғ­ан 15 санаттағы қазақстандық 10 млн. аза­мат үшін жарна төлейтіндігі бел­гілі болды.

   Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жү­йесі жан-жақты талқыланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысын бас­­тады. Бұл уақыт аралығында жүйе­нің маңыздылығы жөнінде халыққа жа­уапты мамандар тарапынан түрлі тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілгені бел­гілі. Алайда, денсаулық сақтауды қар­жы­ландырудың жаңа жүйесіне қатысты көпшілікті толғандырған сауалдар жетерлік.

  Аталмыш жүйе 2017 жылдың 1 шіл­де­сінен заңды күшіне енген күнінен сақтандырудың алғашқы жарнасын ең алдымен жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін болады. Жарна мөлшерін төмендетуге қатысты заңға енгізілген жаңа түзетулер жуырда Парламент тарапынан мақұлданып, мем­ле­­кет басшысы қол қойды.

  Заңдағы жаңа түзетулерге сай, жұмыс беруші медициналық сақтандыруға ай сайын жұмыскер жалақысының 1% көлемінде жарна төлейді және жарна көлемін 3667,9 теңгеден асырмауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар (жеке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақының 5%-ы мөлшерінде немесе 2445,9 теңге көлемінде жарна аудармақ. Жарнаны аударым жұмыстары зей­нетақы төлеу жөніндегі мемлекет­тік орталығы арқылы жүргізіледі.

  Бұл тұста, мемлекет төлейтін жарна көлеміне ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Мемлекет әлеуметтік аз қам­тыл­ғ­ан 15 санаттағы қазақстандық 10 млн. аза­мат үшін жарна төлейтіндігі бел­гілі болды.

        Арал теңізі кеудесіне оқ тиген жаралы сарбаздай еңсе көтере алмай жатқанына жарты ғасырдан асып барады. Таба­нынан су кеткен теңіздің астынан бұлақ шықпайынша жағдайы жақсарар емес. "Теңіз қашан келер екен?" деп күдер үзбегендер үмітін әлі күнге күтіп жүр. Соның ішінде мен де бармын. Теңізде туып, теңізде өскендер көк айдынды са­ғынды. Мәре-сәре болып балық аулай­тын ауыл азаматтары балдырдан балық өндірмесе, бұрынғыдай жайынның жа­йы аңызға айналды. Асан қайғы сүй­сінген ақ сазан да қара қазанда қайна­тыл­мағалы қашан. Ілуде бір қармаққа ілінбесе, қабадан (балықтың өрісті жері­не салынатын дөңгелек тор) да қап­пайтын болған. Бір ауылы құмға көміліп жатса, бір ауылының маңындағы көл­ден балық қашқан, бір ауылының ауыз суы шешілмеген. Бұның бәрі теңізден береке кеткелі мерекелі күні шынайы өтпейтін Аралдың ауыр ахуалы.

    Балалық шағымызда ауылда төңке­рілген қара қайықты қарамайлай­тын­быз. Ауыл ұсталары - "шедевр" шеберлер. Өздері қолдан соғып шық­қан қайықтың сырын олардан артық ешкім білмейді. Шанышпайға арналғаны, ашық айдын қайығы, үлкен толқынды теңізге арналғаны, шағын шалшық қайықтары тағы сол сияқты түрлерін өздері жасап шығады. Ең бастысы, өз өнімдері - өз өмірлеріне сенімді құрал. Себебі су бетінде жүру ажал аузында еңбек етумен бірдей. Қайықтың ескегі де, таянышы да - таптыра бермейтін саймандар. Нағыз балықшының ау құралдары түгел болса, балықты да жақсы аулай алады. "Қан мен тердің" жалғасы жазылар болса, теңіз трагедия­сы арқылы төгілген көз жасты көрсетуге болар еді. Амал қанша, мұндағы халық әлі күн жігері құм болып емес, есесіне әлі күнге дейін экологиялық зардаппен күресіп келеді.

   Алыстан көз тартатын құм­да қалған кемелердің қаңқасы ғана қалған. Ол да теңізбен бірге тозығы же­тіп, тозаң басқан күйде тол­қынның емес, топы­рақ­тың құшағында тұн­шы­­ғуда. Ғасырлар бойы бір тамшысы құрғамаған Арал теңізіне жұмсалған соққылар соңғы жылдары осы халге душар етті. Тіпті себебін тізе берудің қажеті де шамалы, айта-айта тіпті жауыр болды. Ну қамы­сын­да жолбарыс мекен­де­ген деген ақиқат айтсаң, қазіргі буын "ертегі айтып отырсың ба?" деген күйге дейін жеттік, өкініштісі.

   "Теңізден тыныс алам мен" деп жырлаған талант­тар қайта туылса, Аралға жанашырлықпен қарар еді. Көзімізбен көріп жүр­гесін айтамыз. Аралды құр мақ­тай беру "аур­уын жа­сыр­ған өледінің" кері. Тұз­далған балық дегенді естуші ме едіңіз. Қазір теңізден ұшқан тұз ар­қылы күллі Арал аума­ғы тұтас­тай тұздалуда. Оның қасі­реті қаншалық­ты екеніне ой топшылай беріңіз. Қара теріміз аппақ болып бара жатса, бұрын шаң-тозаң дейтін болсақ, қазір тұз жабысқан деп айтып жүре беретін бол­ған­быз. Құр­ғап қалған теңіз түбінен жыл сайын өңірге зиян­ды­лығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаң көтеріліп, жел­мен тарап жатқанын ма­ман­дар ха­бардар етуде.

       Қоғамдық көлік жола­қысы қымбаттайтындығы туралы ақпарат жарыққа шыққалы бері қызылор­да­лықтар әлеуметтік же­ліде қызу талқылау жүр­гі­зіп, қарсылықтарын та­ныт­ты. Бұл топқа жергі­лік­ті БАҚ өкілдері де қо­сы­лып, облыс әкіміне ашық хат жариялады. "1 шілдеден бастап жолақы бастапқы бағасынан отыз пайыз көлемінде көтері­леді" деген әңгіме, ашық хаттың әсері ме, келесі айға қалдырылды. 1 шіл­деде "Қызылорда автобус паркі" ЖШС тарапынан журналистермен пресс-тур өткізіп, түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді, қойылған сұрақтарға серіктестік директоры жауап берді.

   Өткенге көз жүгіртсек, 2016 жылы 10 маусымға дейін жолда жүру құны ере­сектерге 50, оқушы­ларға 20 теңге болатын. Сол жылы Қызылорда қа­ласы бойынша соңғы та­рифті Қызылорда қаласы мәсли­хаты шешімімен қала әкі­мі­нің №5562 қау­лы­сына сәй­кес тариф үл­кен­дерге 70, оқушыларға 30 теңгеге дейін өсті. Арада жыл өтті. Тағы да өсіру жайы алға шықты. "Жыл са­йын баға өсе берсе, "соң­ғы тариф" дегені "сорлы та­риф" болға­ны ма?" деп, кү­йінгендер шықты. Қала­лық мәсли­хат­­тың тұрақты комиссия отырысында халық қалау­лылары нарық­тағы өзгеріс­терге байла­нысты жол жүру құнын ере­сектерге 90, оқу­шылар­ға 40 теңгеге дейін көтеруге шешім шығарған.

   Биліктегілердің айтуы бойынша, бағаны көтеру­дің басты себебі, "әлемдік нарықта қосалқы бөл­шек­тердің бағамы бірне­ше есеге және жанар-жағар­майдың барлық түрлерінің қымбаттауы мен қолжетімді АИ-80 маркалы бензиннің тап­шы болуына байла­нысты" деп отыр. Қазіргі таңда қала­ішілік 25 бағыт­тағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен, оның ішінде үлкен сы­йым­дылықтағы - 160, орта сыйымдылық­тағы - 400, кіші сыйымды­лық­тағы - 310 қоғамдық көлік ха­лыққа қызмет көр­сетуде екен. Осы көліктердің көбі пайдала­натын бензин - 40%, 30% - газ, қалған 30% -ы дизель отынын қолданады. 2017 жылы 2016 жылмен са­лыс­тырғанда АИ-92 мар­калы бензиннің бағасы литріне 124 теңгеден 142 теңгеге, дизель отыны 80-нен 130 теңгеге, газ 30-дан 58 теңгеге дейін өске­нін тариф өсуінің негізгі себебі ретінде көрсетілуде.

   Қазір теңгенің құны жоқ деген­ге құлақ үйренді. Қымбатшылық қал­таны жұқартып, халықты тар­тынып қимылдауға әкелді. Базар бағамын бағамдаудың өзі мүмкін болмай барады. Жалақыдан-жала­қыға жан созым етіп, жан бағумен жанталасып жүрген халықтың "жа­лақы ай соңына жетпейді" дегенді жиі айтатыны содан. Әлбетте, мұн­­дайда есеппен жүру керек де­генді алға тартатындар да бар­шы­лық. Десе де азық-түлік бағасының там-тұмдап көтерілуі мен қоғам­дық көлік құнының қымбат­тауы көптің көңілін түсіріп, мазасын қашырды.

   Шілдеге аяқ бастық. Бірінен бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлемдері артады де­генді естіген жұрт "бір шала байып қалатын болдық қой" деп қуан­ғаны рас. Ел ішіндегі есеп басқа, үкіметтің есебі басқа. Зейнетақы төлемдері қаншаға артты? Әлеу­мет­тік жәрдемақыларды төлеудің тәртібі қандай? Осы сауал­дардың жауабын білмекке Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комите­ті­нің Қызылорда облысы бойынша департа­ментіне жол тартып, маман­дармен сұхбаттастық.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер