Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!

Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов

 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (151)

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 06:40

Халық сауалы - маман жауабы

| Автор: 

    Редакцияға шағымын айтып, қоңырау соғатын халықты көбіне-көп әлеуметтік мәселе алаңдатады. Ден­саулық жайы, дәрі-дәрмек бағаларының шарық­тап кетуі, әлеуметтік жәрдемақының жай-күйі, тұр­ғын үйге қатысты төлемдер, азық-түлік бағасының өсімі мен зейнетақы саласындағы өзгерістер әр­да­йым халықты толғандырады. Әлеуметтік салаға мән беріп, сала ма­мандарынан ресми жауап алу - мін­де­тіміз. Басылымның бұрынғы сандарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін әлеуметтік қыз­меткерлердің жағ­да­йына үңілдік. Бұл жолы тағ­дырға қарсы жүзген мүге­дек жандарды тәрбиелеп отырған ата-аналарға бері­летін жәрдамақы жайын сөз етпекпіз.

   Алдымен жәрдемақы жайын білу үшін Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетінің Қызыл­орда облысы бойынша департаментіне жол тарттық. Мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік­термен таныстық.

   Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағда­йына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақы алушылардың төлемдері осы кезеңге дейін жыл са­йынғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне бай­ланысты көбейтіліп келді. Биылдан бастап атал­ған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы­лардың мөл­шер­лері күнкөріс деңгейі мен арнайы бекітілген коэффиценттердің ұлғаюына байланысты артқан. Депар­таменттің бас маманы Салтанат Жолдыбайқы­зы­ның сөзіне сенсек, мүгедек баланы тәрбиелеп  отыр­ған ата-анасына, қамқоршысына берілетін жәр­дем­ақының мөлшері  өткен жылы 22433 теңгені құра­ған болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем 24002 теңгеге көбейген.

    Сонымен қатар, департамент мамандары арнау­лы жәрдемақы жайын да қаперге салды.

   - "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мем­ле­кеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Респуб­ли­касының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N365-I заңына сәй­кес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке тол­ма­ған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кә­сіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйым­дарда, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу ныса­нын­да оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар мен балалары кәмелеттік жасқа толған, оқу орнын біті­ретін уақытқа дейін төленетін арнау­лы мем­ле­кеттік жәрдемақының мөлшері 2015 жылы - 8246 тең­ге болса, 2016 жылдан бастап - 8824 теңгеге арт­ты,-дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон ко­митетінің Қызылорда облысы бойынша де­пар­та­ментінің бас маманы Салтанат Дүйсенбай.

   Әрине, әлеуметтік төлемнің артқаны көңіл қуан­та­ды, дегенмен нарықтың құбылмалы бағаларынан, ха­лық тұтынатын өнімдердің бағасы шарықтап кететіні тағы бар...

Абай Тағыберген

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 06:28

Мал ұрлығынан абай болыңыз

| Автор: 

      Үстіміздегі жылдың 9 айы қорытындысымен Шиелі аудандық проку­ра­турасымен мал ұрлы­ғына қатысты қылмыс­тар­ға талдау жасалды. Статистикалық мәлі­мет­терге сүйенер болсақ, 2016 жылдың 9 айында аудан көлемінде жалпы 206 ұрлық қылмысы тір­келсе, оның 54-і (2015 жы­лы 9 айы -71) мал ұр­лығына байланысты қыл­­­мыстарды құрап, өткен жылдың осы мер­зімімен салыстырғанда 17 қылмысқа кеміген. Дегенмен, бұл санаттағы қыл­мыстар жылдан жыл­­­­­ға тыйылмай, бір дең­гейде қалып келеді. Ұр­ланған малдардың ба­сым бөлігі түн мезгі­лін­де және оның 7-і қора­дан, қалған 47-і жайы­лым­дық жерлерден ұрланған.

    Азаматтық құ­қық­тық қатынастардың ішін­де меншік құқығының орны ерекше. Ол азамат­тар­дың әл-ауқатының көр­сеткіші және эко­но­микалық қатынастар­дың реттегіші болып та­былады. Бүгінгі таңда ұр­лық, оның ішінде мал ұрлығы өзекті мәселенің біріне айналды. Облыс­тың елді мекендеріндегі тұр­ғындар негізінен мал шаруашылығымен ай­налысып, халықтың қо­салқы, кей жанұялардың негізгі күнкөріс көздерін құрайды. Сондықтан, тұр­ғындар жеке малда­рына сақтық шара­ла­рын күшейтіп, жайы­лым­дық жерлерде оларды міндетті түрде тек бақ­та­шының қарауымен жа­йы­луын қамтамасыз ету қажет.

    Талдау барысы көр­сет­кендей, ұрланып қол­ды болған төрт түліктің басым бөлігі - бақташы­сыз және қараусыз өзді­гі­нен жайылып жүрген мал­дар. Бұл жағдай ұры­лар­дың назарына негі­зінен бақылаусыз жүрген төрт түлік малдардың ілі­не­тінін дәлелдейді. Сол се­­кілді, әрбір төрт түліктің міндетті түрде салынған енімен төл құжаттарының болуын және олардың ауыл, үй-жай маңында қараусыз бей-берекет жа­йылуын алдын алу керек. Мал ұрлығының алдын алу бағытында ауылда және жайылымдық жер­лерде күмән туғызатын автокөліктермен белгісіз азаматтар анықталған жағдайда дереу аудандық ішкі істер бөліміне хабар­ласу қажет.

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 05:45

"ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА" АКЦИЯСЫ

| Автор: 

     Жуырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйым­дастыруымен қалалық №3 және №6 емханада БАҚ өкіл­деріне арналған пресс-тур өткі­зіл­ді. Шараның мақ­саты - бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы емханаларда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен жа­ңа­шыл­дықты халыққа жеткізу. Алдымен №3 қа­ла­лық емхананың ғимаратынан басталған шарада журналистер қа­уымы скри­нинг­тік тексеру жұ­мысымен танысты. Атал­мыш ем­ха­наның дәрігер-онко­логы және скринингке жауапты дә­рі­гері Айгүл Әділованың айтуынша, 2016 жылға алдын-ала медици­на­лық скри­нинг тексеруіне 17389 адам жоспар­ланса, 9 ай қорытын­ды­сы бойынша соның 16145-і тек­серуден өткен. Яғни жоспар­дың 92,8 пайызы орындалған. Ар­найы жастағы тұлғаларды қа­уіпті факторлар мен ерте анықтау, соны­мен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуы­ның алдын алу үшін профилак­та­лық медициналық тек­серуден өту үшін емхана қызмет­кер­лері емделушілерді уақытылы ха­бар­дар етіп отыратындығын жеткізді.

    Ақ халатты мамандардың ай­туын­ша, бүгінгі күні келіп, кезік күткісі кел­мей­тін емделушілерге бар­лық емха­на­лар­да жағдай жа­салған, сон­дай-ақ ол уа­қыт үнем­деуге де мол мүмкіндік бе­реді. Демек, тұрғындар үйде немесе жұ­­мыс орнында отырып, www.egov.­kz веб-порталы арқылы дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазыла ала­ды. Дегенмен, бұл мүмкін­дікті халық әлі күнге дұрыс пайдалан­бай­тын кө­рі­неді. Сол себептен ем­ханада бағ­дарламашылар кез кел­ген тұрғынға портал арқылы тір­ке­луді түсіндіріп, көмек көр­сетеді.

   Мұнан соң, қалалық №6 ем­ханаға ат басын бұрған БАҚ өкіл­де­ріне бас дәрігердің ішкі бақы­лау жөніндегі орынбасары Куль­ма­рияс Ташенова жұ­мыс бары­сы­мен таныстырды. Мұн­да дене қызуы себепсіз көтеріл­ген, дене­сін­де бөртпесі бар және мұр­ны­на қан кеткен науқастар балаларға ар­­налған және өздігінен жүруіне қиындық келетін ересектерге көмек көр­сететін фильтр бөлмесі жұмыс жа­сайды.

   Бүгінгі күні барлық емханаларда қыр­күйек айының 15жұлдызынан бас­тап "Өз емханаңды таңда" акция­сы­мен қарашаның 15-не дейін еркін тір­келу науқаны жүргізіліп жатыр. Ал­дағы уақытта бұл емханалардың бә­се­келстікте болып, сапалы жұмыс жа­сауға септігін тигізеді дейді мамандар.

 М.ҰЛЫҚБАН

   Халық арасында "әлеуметтік төлем көбейгенімен, азық түлік бағасы шарықтап кетті" дегенді жиі еститін болдық. Отандық өнім­дердің нарық бағамындағы бағалары күн сайын құбылып тұр. Екі бүйір­ден қысқан дағдарысқа қарамастан мемлекет әлеуметтік төлем көлемін қысқартпаудың қамын жасауда. Жақында үкімет сағатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев халық ішінде қыз-қыз қайнаған сұрақты төтесінен қойып, биліктің назарын аударды. Үкіметтің үш жылға арналған бюджеттік жоспарын талқылау барысындағы отырыста мәжілісмен ең төменгі жалақының толыққанды өмір сүруге жетпейтінін айтып, көңілге қонымсыз екенін ҚР Қаржы министріне қадап айтты.

    - Ең төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге. 24 мың теңге деген не? Осындай мөлшерді бекіткен кезде неге сүйенесіздер? Көптеген жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін қызметшілеріне 70-100 мың теңге төлесе, оны ең төменгі жалақы мөлшерімен көрсете алады. Осы жалақыдан зейнетақы алымдары алынады. Жол ережесін бұзсаң, айыппұлы 20 мың теңге. Соны төлесе, қалған 4 мыңға қалай өмір сүреді?-деген еді ол.

   Жалпы мәжілісмендер әлеуметтік саланы жиі көтереді деп айта алмаймыз. Десе де Мұхтар Тінікеев­тің ізін ала "Атамекен" ҰКП Кәсіп­кер­лердің құқын қорғау жөніндегі кеңестің басшысы, қоғам қайраткері Ғани Қасымов үкіметке зейнетақы мен балалар жәрдемақысын көбей­туді ұсынды.

   Әлеуметтік салаға алаңдаған Қасымов әлеуметтік желіде жазған жазбасында ең алдымен бала күтіміне төленетін жәрдемақыны көбейтіп, барлық санаттағы зейнет­кер­лердің базалық зейнетақы мөл­шерлемесін қайта қарау керектігін айтады.

    Таяуда көршілес Ресейдің сарапшылары "2030 жылға қа­рай Ресейде 40,3 миллион адам еңбекке қабі­летсіз, ар­найы күтімді қажет ететін жағдайға жете­ті­нін айтып" да­был қаққан еді. Билік бұл әлеуметтік мә­селеден оң­тай­лы шығу жолдарын жан-жақты қарас­тыруда. Мұ­нан бөлек, мемлекет жүріп-тұруы қиын, әлеуметтік кө­мек­ке мұқтаж мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың қоғам­дағы өмірін жақсарту үшін әлеуметтік қызметші, жеке кө­мекші қызметтерінің са­пасын арттыруға қыруар қар­жыны қазынадан бө­леді. Жалпы, шет елде тек мүгедек жан­дарға ғана емес, жасы егде тартқан адамдардың жеке көмек­ші­ле­рінің жұмысы жүйелі жолға қойылған. Мәсе­лен, кә­рі құрлық елдерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қыз­мет ететін азаматтардың жұмыс жасау бағыты бө­лек. Логистикалық шығындарға жол бермес үшін әр­бір қыз­­­меткер өзінің тұрғылықты жеріне жақын адам­дарға барып қызмет етеді, әрі қызметінің ауыр­лығына қарай жа­­лақысы да салмақты. Ал, елімізде заңға сәй­кес, мұн­дай қызметке тек мүмкіндігі шек­теулі аза­мат­тар ғана жү­гінеді.

     Бүгінгідей нарықтық заманда мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың жанынан табылып, олардың алаңсыз өмір сүруіне өз өмірін арнайтын азаматтардың бар екенін көбіне-көп айта бермейтініміз рас. Осы орай­да, өзге адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жан­дар­дың халін бі­ліп, сауапты істің басы-қасында жүр­ген азаматтармен тіл­десуді мақсат еттік. Алдымен, ай­мақтағы ахуалды, әрі биліктің бұл бағытта ат­қа­рып жатқан жұмысын ба­ғам­дау үшін Қызылорда об­лыс­тық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасына жол тарттық.

    Мемлекет бірнеше жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін арттыру мақ­сатында "Жол картасы" бағдарламасын қабыл­да­ған еді. Қазірде бұл жүйе кембағал жандарды қан­дай мәселе алаңдатаны, ненің жетіспейтінін білуге мүм­кіндік беріп отыр. Об­лыс­та бағдарламаны ба­йыпты түрде іске асыруға үш жыл ішін­де 10 млрд. тең­геден астам қаржы қаралған.

    Тағдырдың жазуына қарсы келер шараң жоқ. Бү­гінде аймақта 28564 мүгедек өмір сүреді. Жүріп-тұ­руы қиын І топ мүгедектер арнайы әлеуметтік, жеке кө­мек­ші­лердің қызметімен қамтылғанын айтады бас­қарманың әлеу­меттік қызметтер бөлімінің бас­шысы Г.Әбді­халықова.

   - Биыл Қызылорда облысында мүгедектердің құқық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы Жол картасы аясында жалпы сомасы 99,24 млн.теңгеге 1628 мүмкіндігі шектеулі жан­дарды сана­то­рий-курорттық емделуге жолда­малар берілді,-дейді Г.Әбідіхалықова.

    Айта кету керек, ҚР "Мүгедектерді әлеуметтік қор­ғау" туралы заңына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірін­ші са­наттағы мүгедектер ғана жеке көмекшінің қызметін пайдалана алады.

    Ресми мәліметке сү­йенсек, қозғалысы қиын мүгедектердің жеке кө­мекшісі қызметін жүр­гізу үшін биыл қазы­надан 190 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тиісінше, облыс бо­йынша 1091 мүмкіндігі шектеулі жандарға 777 жеке көмекші қаралған.

   Бөлім басшысының ай­туынша, бір жеке кө­мекші екі, кейде үш мүм­кіндігі шектеулі жан­ға қызмет етеді. Бір айта кететіні, жеке кө­мек­шілер нақты сағат­тармен жұмыс жаса­май­ды, тиісінше айлығы да жо­ғары емес. Орташа есеп­пен алғанда күніне екі сағат қызмет ететін жеке көмекші айына 12-14 мың теңге көлемінде жалақы алады. Жа­ла­қы­ның жеткіліксіздігі бай­қа­лады. Сондықтан бо­луы керек, мұндай қыз­мет түріне жастар ат ба­сын бұра бермейді. Ба­сым бөлігі орта жасты алқымдаған әйелдер.

    Әлеуметтік сала ха­лық өмірімен қабыса­тын­дықтан, бұл мәсе­ленің де қоғам алдына шы­ғарып, жұмысын же­тілдіру маңызды. Жеке көмекшінің жұмысын жан-жақты білу үшін бірнеше жылдардан бері мүмкіндігі шектеулі жан­дарға көмек қолын созып, жанына желеу болып жүрген жеке кө­мекшілерге жолығып, тақырып аясында тіл­дес­кен едік.

    Тәуелсіздік жылда­рынан кейін сауда сала­сында қызмет еткен, бүгінде зейнет жасына жеткен Ділдә Нұрсейі­това бірнеше жылдан бері жеке көмекші ре­тін­де қызмет етіп келеді. Ділдә апай қазірдің өзін­де үш бірдей жанға көмек қолын созып отыр. Өзімен тілдесе отырып, қызметіне адал берілген жан екенін байқадық.

    - Өмір болғасын, түр­лі тағдыр, түрлі жағ­дай болады. Дегенмен қиындыққа қасқая қар­сы тұратын адамдарға демеу болып, жанынан табылып, көмектесіп жүр­мін. Көбіне мүге­дектер ауруханаға барып дәрі алу, коммуналдық төлемдерді төлеу ба­ры­сында қиындықтармен бетпе-бет келеді. Осын­дай жұмыстарды біз жа­саймыз. Қарап отыр­сам, жеке көмекші бол­ға­ныма 7 жылға жуық уа­қыт өтіпті. Көмекке мұқ­таж адамдарға жәр­дем беру қазақы қаны­мыз­да бар қасиет. Сон­дықтан да қызметім өзіме ұнайды. Өмірдің өзі көрсетіп отырған­дай, осы күні мүмкіндігі шектеулі жандарды баспана мәселесі алаң­да­тады. Өзі үйіне қол жеткізгісі келетіндер қан­шама? Ал, өзге де әлеуметтік көмектер жет­­кілікті деңгейде жү­зеге асып келеді,-дейді Ділдә Нұрсейітова.

    Ал, 6 жылдан бері жеке көмекші ретінде қызмет ететін Мадина Дабылова бұл қызметке жұмысы жоқтықтан емес, өмірлік мәсе­ле­мен бетпе-бет келген­дік­тен барып отыр­ғанын айтады.

   - Негізгі маман­ды­ғым - мұғалім. Бірақ, от­басымызда ағам ұзақ жылдан бері нау­қас­танып қалғандықтан, оған арнайы адам керек болды. Жанында оты­рып, жағдайын жасау үшін өзім ағамның жеке көмекшісі болдым. Осы­лайша жұмыспен қамту бөліміне барып, жүріп-тұруы қиын мүгедек­тер­мен жұмыс жасағым ке­ле­тінін айтып, жеке қыз­метші ретінде жұ­мы­сы­мызды бастап кеттім. Әри­не, қиындық туды­ратыны рас, алайда кем­бағал жандарға қолғабыс ет­іп, сауабын алу мен үш­ін бақыт-, дейді Мадина Дабылова.

    Жалпы, әлеуметтік, жеке көмекші жұмысын кез келген адам атқара алмайды. Себебі көмек алатын мүгедек жандар­дың жанына жайлы қыз­мет жасайтын, олардың қалауы негізінде қыз­метке алынады. Маман­дардың айтуынша, бұл қызметті орта жастан асқан, өмірлік тәжіри­бесі бар адамдар ғана игереді.

   Мақсатымыз - жеке көмекшінің жұмысын көрсету емес. Әлеу­меттік саланың бүгінін баяндау. Биліктің де, жеке қызметкердің де жауабынан әлі де қоғам арасында "жеке көмек­ші" қызметіне кү­мән­мен қарайтын­дар­дың бар екенін байқауға бо­лады. Мүгедек жан­дардың өмір сүру ор­тасын қолайлы етуге жағ­дай жасап отырған, тіпті отбасының бір мүшесіне айналып кет­кен жеке көмек­шілердің жарым жала­қыға жан бағып жүргенін билік назарға алса игі.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

   Облыстық медицина ор­талық жанынан ашыл­ған офтальмохирургиялық орталығының көз аурулары бөлімінде бүгінге дейін 1100-1200-ге жуық ота жасалған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 1,5 есе көбейеді деп күтілуде. Дертіне шипа іздеген жандар енді Алматы, Астана, Орынбор қалаларына барып табан тоздырмай-ақ осы орталыққа қарала алады. Өткен аптада облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас­шысы Ақмарал Әлна­за­рова І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

   - Бірінші жарты жылдықта Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы дәрі­герлік амбулатория пайдалануға берілді. Жыл аяғында көптен күткен облыстық балалар ауруханасы мен Жа­ңақорған аудандық емханасы пайдалануға беріледі. Тағы бір тоқталатын жағдай - Қазалы аудандық орталық ауруханасы мен 10 дәрігерлік амбулатория құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне қол жет­кіз­дік,- деді басқарма басшысы өз сөзінде.

   Әрине, медицина саласының дамып, оның алға өрлеуі он­да­ғы қыз­мет ат­қа­ра­тын сала мамандарымен тікелей байла­ныс­ты. Айтуынша, облысымыздағы медицина ұйым­дарының дә­­рі­герлермен қам­та­ма­сыз етілуі 10 мың тұр­­ғынға шаққанда, 27,4%-ға тө­мен. Бүгінде, жо­­ғары медициналық жә­не фар­­ма­цевтикалық мамандарды қай­та даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 3 жылдық перспектив­ті жоспары бекітілген. 2016 жылы 122 дәрігер неонатолог, акушер-гинеколог, реабилитолог, пульмонолог, профпатолог, анес­тезио­лог-реаниматолог профильдері бойынша қай­та даярлаудан өткілсе, станционарлар үшін - клини­калық фармакологтарды дайындау жоспар­лан­ған.

   - Осы орайда айта кету керек, облыс әкімдігі мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Сонымен қатар өздеріңізге белгілі, облыс орталығында ашылған Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Қы­зылорда облыстық филиалының жұмыс атқаруы - кадрлар тапшылығын жою­­ға оң септігін тигізеді деген ойдамыз. Тапшы мамандарды резидентурадан өткізуге облыс әкімінің 25 гранты бөлініп, әлеуметтік аз қамтылған мамандар бюджет қаражаты есебінен оқытылатын болады,- деді А.Шәріпбайқызы.

   Республика бойынша Қызылорда облысы жоғары мамандандырылған кө­мек көрсетуде нейрохирургиялық, кардиохирургиялық және травмотологиялық оталар жасауда алдың­ғы төрттіктен көрінген. Осы­лайша салаға енгізілген жаңа технологиялар ау­руларды диагностикалау мен емдеудің жаңа бір беле­сіне көтерілуге үлкен сеп­тігін тигізуде.

М.ҰЛЫҚБАН

   Соңғы жылдары Қызылорда қаласының құрылыс саласында ілгерілеушілік бар. Ел тұрғындары­ның игілігіне бағытталып жатқан құ­рылыс жұмыстары мемлекеттік бағ­дар­ламалардың бюджеті есе­бінен салынуда. Бүгінде бір­не­шеуі пайда­ла­нылуға берілген тұрғын үй­лер­­ден бөлек, құрылысы қарқын алғандары қан­шама. Жасал­ған жұ­мыстардың жай-күйі қандай? Қомақ­ты қаржыға тұрғызылып жа­тқан құрылыс жұмыс­тарының орын­­далу барысы қалай? Осы сауал­дарға орай қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен аптада қаладағы бір­қатар құрылыс нысан­дарын аралап, жасалған жұмыстарды өз көзімен көріп қайтты.

    Қала басшысы алдымен "Өңір­лерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" негізінде "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы "Сәулет" мөлтек ауданынан салынып жатқан 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына аттанды. Құрылысы қызған алаңда қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы құры­лыс­шы­лармен кездесіп, жағдаймен та­нысты.

   Негізінен "Сәулет" мөлтек ауда­нынан салынып жатқан тұрғын үйлердің жалпы аумағы 21 мың 007 шаршы метрді құрайды.

   - Бұрын осы аумақта ретсіз орналасқан 180-нен астам автожайлар (автогараж) тұрған болатын. Бұл аумақ қала орталығында орналасқан­дықтан құжаттары рәсімделмеген, ретсіз және мүлде қараусыз қалған автожайлардың орнына халықтың сұранысына сәйкес баспана салу туралы шешімге келдік. Әрине, бастапқыда автожай егелері тара­пынан түсініспеушіліктер орын алғаны рас, бірақ бүгінде мына зәулім үйлер бой түзеген, шағын және кө­рікті мөлтек ауданды көргенде қа­был­данған шешімнің дұрыс екен­ді­гіне жұрттың көзі жетті,- деді қала әкімі.

    Шаһар басшысының келесі аялдамасы - биылғы жылы бой көтерген жаңа "Арай-3" ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй. Жалпы ауданы 68,6 мың шаршы метрді құрайтын "Арай-3" тұрғын ауданында 1020 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы "Бәйтерек девелопмент" АҚ (12 үй, 600 пәтер) және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (8 үй, 420 пәтер) арқылы жүргізіліп отыр. Мөлтек ауданның инженерлік-инфрақұрылымының құрылысына "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы 2 млрд.теңге қаржы қаралған. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр, сон­дықтан тұрғын үй пәтер иелеріне өз уақытында табысталады деген жоспар бар.

    Бүгінгі нарық қос бүйірден қысқан уақытта қоғамда болып жатқан өзгерістер мен қымбатшылық халықтың қалтасын қағуда. Шіліңгір шілде тек аптап ыстығымен емес, қалтаға салмақ салатын бағалардың көтерілуімен ел аузында айтылып жүр. Осы айда қызылордалық тұрғындардан маза кетті. Әуелі жанар-жағармай бағасының құны қымбаттады. Бәрі де логистикаға иек артып тұрғандықтан тиісінше нан бағасы да көтерілді. Базар нарығында бөлке нан 55 теңге, шалғай жерде орналасқан дүңгіршіктерде 60 теңгеден саудалануда. Жы­ғылғанға жұдырық, қоғамдық көлік те қалтаға әжептеуір салмақ салатын болды. 1 шілдеден бастап тасымалдау саласы жаңа тарифтік жоспарға енді. Билеттік жүйе үлкендерге 70 теңге, оқушыларға 30 теңге болып бекітілген еді. Басқаша айтқанда, бұрынғы бағамен салыстырғанда ересектер үшін жолақы 40 пайызға, балалар үшін 50 пайызға қымбаттады. Міне, жаңа баға енгелі бері екі аптадай уақыт өтті. Құны қымбаттағанымен қызмет сапасы бұрынғыдай қалған автобустар билік талабын толыққанды орындап отырған жоқ.

   Жолақы тарифтерін халыққа түсіндіру бағытында жақында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов, "Қызылорда автобус паркі" ЖШС директоры Нақып Әнуар, қалалық коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марсбек Молдабаев журналистерге мәлімдеме жасады.

    Асылбек Шәменовтың айтуынша, жолақы құны жанармай мен жабдықтау бағасының көтерілуіне орай өзгеріп отыр. Сондай-ақ, бұл баға республикадағы өзге де аймақтардың жолақы құнына сәйкес қымбаттап отырғандығын айтады.

    - Жолаушылар тасымалы сапасын арттыру бағытында қазірде үлкен сыйымдылықтағы жаңа маршруттар әкелініп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін Еуропа қайта құру және даму банкісінің қаржысы негізінде 30 жаңа автобус ел игілігіне берілген еді. Енді шілденің соңына дейін тағы да 40 автобус әкелінеді деген жоспар бар дейді,- автобус паркінің директоры Әнуар Нақып.

      Қай сала болмасын, әсіресе денсаулық саласын дамытуға мемлекеттен бөлінетін қаржыдан бөлек, жекеленген азаматтардың көмегінің қажеттілі қоғамда көрініс тауып жатыр. Саланы дамыту үшін оның жүйелі жұмыс жасауына демеу қажет-ақ. Себебі елімізде әлі де көмекке зәру, ел азаматта­рының қайырымдылығын керек ететін отбасылар аз емес. Соңғы жылдары қазақстандық медицина аутизмі бар балалардың барын, оған қоғамның көмегі қажет екені жиі айтылып жүр.

    Мамандардың айтуынша, аутизм - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Яғни, ол баланың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының жоқтығын білдіреді. Қауіптісі баланың дамуын тежейді. Өкінішке орай, елімізде аутизмі бар балалардың нақты санын айту қиын. Осы себепті белгілі бизнесмен Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қоры "Аутизм. Баршамызға бір әлем" бағдарламасы аясында еліміздің бас қалаларында аутизмі бар балаларға арналған орталық ашқан еді. Енді, міне, аталған қордың шапағаты тиіп, жаңа орталық Сыр елінде бой көтерді.

    Аутизмі бар балалар мен олардың отбасына көмек көрсетуге арналған көпфункциялы орталықтар желісі алғаш рет 2015 жылы Алматы және Астана қалаларында ашылған. Демек, үшінші орталық Қызылорда қаласында тұсауы кесілсе, енді Өскемен қаласында бой көтермек.

   Жаңа орталық аутистикалық ауытқушылықтары бар бала­ларды оңалтып, өмірге бейімдеу әлемдік стандарттарға

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C