Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (118)

          Наурызда дастархан дәмге толы болуы керек. Тоқшылық айына қадам басқан халық Ұлыс­­тың ұлы күнінде артынып-тартынып азық-түлік алып, базар базарлайды. Ал, мереке қарсаңында жыл сайын биліктегі атқамінерлер халық игілігі үшін жәрмеңке ұйымдастырады. Мі­не, осынау арқаны кеңге салып, қыстан аман шыққан тұрғындар базар бағасынан төмен бағада ұсынылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ағылады. Таңмен таласа тұрып, алыстан келген ауыл өнімдерін қажетінше алып, сауда жасайды.

  Биыл Қызылорда қаласының әкімдігі Наурыз тойына арналған жәрмеңкені бірнеше көшенің бойында ұйымдастырды. Тек қалаға қарасты ауылдарды ғана емес, Жаңақорған, Шиелі аудандары еңбеккерлерінің де өнімдерін қызылордалықтарға ұсынуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар жәр­меңкеде "Байқоңыр" ӘКК" АҚ тарапынан тұрақтандыру қоры арқылы алынған азық-түлік өнімдері де шығарылды.

      Таңғы тоғыздан басталған жәрмеңкеге көше бойындағы тұрғындардан бөлек, жан-жақтан көлікпен келіп, қажетті азық-түлігін алып, сауда жасағандардың қарасы көп болды.

      Қызылорда қалалық ішкі сая­сат бөлімінің мәліметін сөз етсек, жалпы жәрмеңкеге 45 автокөлікпен барлығы 12 млн. 838 мың 500 теңге болатын 56,8 тонна азық-түлік тауарлары жеткі­зіл­ді. Тарқатып айтқанда, 8,8 тон­на картоп, 6,4 тонна сәбіз, 6,4 тонна жуа, 5,2 тонна қырыққабат, 1,6 тонна асхана қызылшасы, 10,2 тонна ақ күріш, 100 литр өсімдік майы, 300 кг нан және нан өнімдері, 0,5 тонна макарон өнімдері, 700 кг кондитерлік өнімдер, 1,1 тонна сиыр еті, 500 кг қой еті, 300 кг жылқы еті, 700 кг шұжық, 50 кг сөк-талқан, 3,2 тонна балық өнімдері қойылды. Баса айта кетерлігі, жәрмеңке ұсынылған азық-түліктер базар бағасынан 15-20 пайызға төмен.   

          22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне ар­налған "Нау­рыз - жаңару" күні аясында қала ай­мағында бір­неше сенбіліктер ұйымдас­тырылды. Наурыздың 17-сі күні қызылордалықтар қала кө­шелеріне сенбілікке шықты.

   Қызылорда қаласында бой кө­терген демалыс орын­дары мен сая­бақтарды көр­кейту-көгал­дан­дыру мақ­сатында жоспарланған шара­ларда бір күннің ішінде екі мыңға жуық тал егілді. Атап айтар бол­сақ, терек, сары тал, қара тал сынды Сыр өңіріне бейімделген ағаш­тар қала көр­кін кіргізіп, жаз мез­гілінде жапырақ жаятын бо­ла­­ды. Сонымен бірге, таза­лық айлы­ғы ретінде таңдалып алынған жер­лерде сенбілік жасауға қалалық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлі­мінен, №43, 23, 120, 235, 267 орта мектептің қызметкер­лері мен көптеген ерікті аза­маттар атсалыс­ты. Аймағы­мызды көркейту мен таза­лықта ұстау негізінде Жібек жолы, С.Бей­барыс көше­лерінің бойы, "Сыр сүлей­лері" аллея­сы, Астана даң­ғылының бо­йы, Келменбет ба­тыр аллея­сы, Оқушылар саяба­ғын­да тазалық жұмыс­тары жүргі­зілді.

    Айтуымыз керек, соңғы жыл­дары Қызылорда қала­сында заман талабына сай қала мәдениеті мен шаһарымыздың әсем келбетін ай­шықтайтын түрлі архитектуралық фор­малар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен сая­бақтар салынды. Қаланы жа­сыл желекке айналдыру мақ­сатында көгал­дан­дыру жұмыс­тарына ерекше көңіл бө­лініп келеді. Сондықтан жердің то­ны жібіп, жер қарайған сәттен бас­­тап қала тазалығына назар қою қа­лыпты дәстүрге айнал­ған. Таза өңірде денсаулық пен салауат­ты­лықты да насихаттау - осы игі шара­лар­дың негізгі өзегі.

   Әр жылда қалада орналас­қан 52 ал­лея мен скверлерге мыңдаған кө­шеттер мен гүл­зарлар отырғы­зы­лады. Оның күтіп-бапталуы мен жақ­­сы сақталуы - жауапты мекеме­лер мен қала тұрғындарының бас­ты міндеті. Өз жеріне жана­шырлықпен қа­райтын ел азаматтары өз өскен өңі­рінің тазалығына бей-жай қарай алмағандықтан сенбіліктерге жиі шығып тұрады. Сондықтан Қызыл­орда қаласы уақыт өткен сайын қа­рыш­тап дамуын жалғастыру үс­тінде.

   Биыл да осы жұмыстардың жал­ғасы ретінде көктемгі тазалық айлығы жарияланып, қала бойынша са­нитарлық тазалық және көркейту-кө­галдандыру жұмыстары бас­талды. Бұл игі іс алдағы уа­қыт­тарда да қолдау таппақ. Сол се­бепті де Сыр елінің көркеюі үшін жа­са­лынатын жұмыс­тардың қата­ры сиремейтін болады.

    Тек бұл ғана емес, Ұлыстың ұлы күніне арналған "Наурыз -жаңару" күні аясында өткі­зілетін шаралар­дың тізімінде ғибратты істер де жетіп артылады. Естеріңізде болса, 2017 жы­лы "Жүрек жылуы" жобасы ая­сында мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғыз басты аналардың үйлері мен аулаларында ерікті жастардың қатысуымен 12 қайырымдылық ша­ра және қаржылай қолдауға бағыт­тал­ған 2 қайырымдылық концерті ұйым­дастырылған болатын. Соны­мен қатар ем алуға қаржылай қол­дау­­ды қажет ететін Нартай есімді жас­­өспірім балаға қала орталы­ғын­дағы ірі сауда орын­дарында (Радуга, Small) қайырымдылық жәшіктері ор­на­тылған еді. Осындай жұмыс­тар­дың легі биыл да үзілген жоқ.

   

     Елімізде жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте айы-күні жетпей дүниеге келеді екен. Статистика бойынша әлемде жыл сайын 15 млн.-ға жуық бала шала туылса, олардың 1 миллионнан аста­мы шетінейді деген дерек бар. Ал, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының  мәліметі бойынша  2016 жылы 11140 нәресте, ал 2017 жылы 10708 нәресте туылған. Нәрес­телер арасындағы өлім көрсет­кі­ші 2016 жылдың нә­ти­жесі бо­йынша 111 бала шетінеп, 9,9 %-ды, өткен жылы 58 бала шетінеп, 5,4 %-ды құраған. "Өлім көрсет­кіші салыстырмалы түрде 4,5 промильге төмендеген",- дейді мамандар.

    Расында, толық жетілмей жарық дүниеге мерзімінен бұрын келген балалардың саны артуда. Себебі неде? Шала туылған нәрестенің өмірін қалай сақтап қалуға болады? Бүгінгі меди­ци­наның қауқары қандай? Бұл көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдар.

    Әдетте баланың дүниеге дұ­рыс же­тіл­мей келуінің басты себебі, ана денсаулығына байла­ныс­ты деп жа­тады. Шынында да, кө­зіміз кө­ріп, көкейге түйіп жүр­ген жай, қа­зір қыз баласының көп­шілігі денсаулыққа аса мән бере бермейді. Тән сұлулығына алданып, сал­қын ауа-райында жұқа әрі жеңіл киімді киюге әуес келеді. Екінші­ден, күнделікті күй­бең тіршіліктің салдарынан салауатты өмір салтын сақтауды ұмыт қалдырған. Жұ­­мыс пен жанұяның жағдайымен жүргенде өз денсаулығына бей-жай қа­райтын келіншектер­дің бары біз айтпасақ та белгілі. Бұл - қарапа­йым қазақ қоға­мын­да­ғы ана кө­рінісі. Шындығында, бү­гінгі аналар өз денсаулығына қа­лай қа­райды, толығырақ әрі нақ­­тырақ білу үшін "Ана мен бала орталы­ғы" аталған облыстық пе­ри­на­талды орталығының неонатология бөліміндегі мамандардан сұ­рағанды жөн көрдік. Әйелдің қат­ты күйзеліске ұшырауы, көп ұрық­пен жүкті болуы, жүктілік кезінде денесі жарақаттануы жә­не экстрагениталды аурулардың болуы нәрестенің шала туылуына әсер етеді. Аяғы ауыр әйелдер жүкті кезінде дұрыс күтінбейтіні тағы себеп. Сондықтан да әрбір ата-ана өзіне берілген жауапкер­ші­лік­­ті жадында сақтап, орындауы тиіс.

   

     Сыр өңіріндегі жатақханалардың ахуалын жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Оның кем-кетігін көріп, біліп те жүр. Студенттер де барар жері болмағаннан соң амалсыздан оқу орындарының жатақханасын паналағанды жөн санайды. Студенттер жатақханасынан басқа да қарапайым тұрғындар күнін көріп жатқан жатақ үйлердің барын жергілікті билік кеше білгендей сыңай танытты. Тозығы жеткен ғимараттардың алды уақыт сынына шыдас бере алмай, табиғаттың тосын мінезіне төзбей опырылып құлағанынан бүкіл ел хабардар болды. Абырой болғанда, адам шығыны болмаған. Мамандар Қызылорда қаласында 22 жатақхана бар екенін, олардың негізінен өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынғанын айтады.

   Расында, Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі тұтастай аударылып түскені көптің көңіліне кү­дік ұялатқан еді. Өзге бөлігінде тұр­ған 46 отбасы эвакуацияланып, қа­уіпсіз жерге орналастырылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар 6 ай­ға уақытша баспанамен қамтамасыз етілмек. Ал, оған кететін қар­жы жергілікті бюджеттен бөлін­бек. Бір-екі күннің ішінде зардап шеккен тұрғындар пәтерлерге толықтай көшірілді. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң та­лаптарына сәй­кес баспанамен қам­ту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Со­нымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылдан­ған.

   Бізде бәрі болып, бояуы сіңгеннен кейін қозғалатын әдет бар. Жатақхана құлағаннан кейін жатақханалардың тізімін жасап, әлек болдық. Ендігі кезек автовокзал маңында "Шиелі, Шиелі!" деп айқай салып тұратын "Хундай" көліктері иелеріне келді. Қаншама жыл­дан бері ауданға жолаушы тасымалдап тұрған кө­ліктерге "қырағы көз" енді түсті. Ауданға іссапарға бар­ғыңыз келіп, көлік иелерінен билет сұрай қалсаңыз, өзіңізді жерге алып, жерге салатын олар рейдтік шаралар барысында жер сипап қалды.

  Қызылорда облысында заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған рейд­тік шаралар нәтижесінде 1408 заң бұзушылық анықталған. Бұл мәліметті облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев пен облыстық әкім­шілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов таратты.

Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018 10:46

Мотиваторлардың мақсаты не?

| Автор: 

   Қазірде "сіздің отбасылық жағдайыңызды шешіп береміз", "та­быс­қа жетудің 50 қадамы" немесе "тез баюдың жолдары" бағытында жа­зылған оқулықтарды көптеп кез­дестіреміз. Бұл бір қарағанда өміріңізге пайдалы, алға қойған мақсатыңызға тез жетуге арнал­ған оқулық секілді көрінеді. Дегенмен жетістікке жеткізе алатынына сенімдісіз бе?

   Дүкен сөрелерінде қалталы кә­сіпкерлердің суреті басылған кі­тап­тар көздің жауын алады. Мұқабасы қалың, тақырыбы татымды белгілі психологтардың мотива­ция­лық туындылары да алыстан менмұндалайды. Тақырыптары да оқырманды оқуға шақырып тұр. Бұл біздің ынтамызды арттырып, жігерлендіруі мүмкін. Алайда қандай да бір істі бастауда мотивациялық кітаптардың пайдаңызға жарауы не жарамай қалуы екіталай. Сон­дықтан "оқулықтың сіздің өміріңізде пайдасы тиеді ме, жоқ па?" де­ген сұрақты өзіңізге қойып көрі­ңіз. Кей кітаптың алғашқы бөлімдері мақсатқа жетуге түрткі болуы әбден мүмкін. Автор өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өз тілінде (олардың көпшілігі жазушы немесе өнерге жақын адамдар емес) табысқа қалай қол жет­кіз­гендігі немесе бәрін қалай дұрыс бастағандығы туралы ойлары жазылады. Мұндай кітаптар сұраныстан түспейді. Себебі де түсінікті шығар. Бай болғанды кім армандамайды? Табысты болудың сырын 200 беттік кітаптан тауып жатса құба-құп. Де­ген­мен жүздеген кітап ақтарып, іске құлшынысыңызды арттырғанмен, практика жүзінде іске асырмасаңыз, оқығаннан аса нәтиже күт­пеңіз.

   

      Кеше Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев журналистер алдында есеп берді.

   Былтырғы жылы аудан бюджеті 12,8 млрд.теңге құраса, биыл 14,2 млрд.теңгеге жеткен. Ілкімді істерде баршылық. Жыл көлемінде 12 жоба субсидияланып, 5 кәсіпкерге 6 млн.теңге қайтарымсыз негізде грант берілген. Нәтижесінде, кәсіпкерлер қатарына 620 адам қосылды. Әкімнің сөзіне сенсек, қазіргі таңда 4 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

   Брифингте әлеуметтік мәселелер де тыс қалмады. Бүгінде ауданда 600-ден аса адам тұрғын үйге мұқтаж. Мұрат Нәлқожаұлы «Нұрлы жер» бағдарламасымен 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталғанын айтты.

   Баса айта кетерлігі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бюджеттен 323 млн.теңге бөлініп, 100 жас маман тұрғын үй сатып алған. Ал, биыл тұрғын үй сатып алу үшін 182 млн.теңге қаржа қаралған.

   Ал, ауданда биыл білім беру саласына 7,5 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл аудан бюджетінің 54,7 пайызын құрайды. Өткен жылы 126 мұғалім, 12 мектеп директоры деңгейлік курстар бойынша біліктілігін арттырған. Осы жылы жаңа бағдарламаға сәйкес 700-ге жуық мұғалімінің біліктілігін арттырмақ.

Айдана Әлжан

         Күйбең тіршіліктің таусылмас тосын сыйын қабылдап келе жатқан әрбір жанның өмір сүру үрдісі әртүрлі екендігін білеміз. Дегенмен барлығымыз жаңа өмір, шадыман бақыт іздейтініміз рас. Сол үшін бақыттың бастауы мансап пен мадақ, ақша мен атақ деп ұғатын пенденің жан салмай еңбек етуі де, "алма піс, аузыма түс" деп, бей-жай жататын еріншектің іс-әрекеті де бүгінгі қоғамның қор­қынышты құбы­лысы іспеттес. Неге десеңіз, шамадан тыс қызмет істеу, отбасы мен балаға көңіл бөлмеу, қоршаған ортаның кере­метін сезінбеу осының бәрі - денсаулықтың күрт өзгеруіне әсерін тигізбей қоймайтын се­бептердің тізбегі. Дені сау ұрпақ­тың дүниеге келуі бәрінен де маңызды.

     Қазіргі таңда жан мен тәннің саулығына көңіл бөліп, қажетті ем-шараларды қолдануға үлкен мүмкіндіктің бар екенін айтудан еш жалыққан емеспіз. Нақтырақ айтатын болсақ, электронды ден­саулық сақтауды дамыту кон­цепциясына сәйкес 2016 жылдан бастап саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленген. Нәти­жесінде сала бойынша 22 респуб­ликалық ақпараттық жүйелер енгізіліп, жұмыс істеуде. Соны­мен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облы­сы бойынша филиалының ден­саулық сақтауды ақпарат­тан­дыру бөлімінің басшысы Ғалым­жан Қазиевтің мәлімдеуі бойынша, аймақта "Патро­нажды медбике" мобильді қосымшасы тиімді іске асуда. Аталған мобильді қосым­ша арқылы жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына қа­тысты деректер жиналып, тіркеу бойынша қызмет көрсе­тілетін көрінеді.

    Жалпы, патронажды медби­ке дегеніміз кім? Міндеті қан­дай? Бүгінгі қоғамға патронаж­ды медбике қаншалықты қажет? Осы сауалдарға жауап іздеп, тиісті мамандарға барып тіл­десуді жөн санадық.

Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018 13:14

ОРТАҚ МӘСЕЛЕ, ОРЫНДЫ ҰСЫНЫС

| Автор: 

         Өткен аптаның жұмасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел алдында есеп берді. Биліктің барлық сала өкілдерінің басын қосқан есепті кездесуде әкімнің бір жыл ішінде атқарған жұмыс­тары мен жетістіктері сарапқа салынды. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ел басқарған әкімдер мен сала басшылары қатысты.

    Халықпен жүздесуде қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жылдың даму қорытындыларын тізбелеп, әр салаға жеке-жеке тоқталып, көр­сет­кіштерді жіпке тізді. Жалпы Қы­зылорда қаласы­ның кірісі соңғы 5 жылда 1,7 есеге артқан. Нәти­же­сінде 2017 жыл­дың басында қала бюджеті транс­ферттерді қоса есеп­тегенде 30 млрд. 831 млн. теңге көлемінде бекітіліп, жыл қорытын­дысымен 43 млрд. теңгеге жеткен.

    Экономиканың негізгі тірек салаларында серпіліс бар. Бюд­жеттен қаралған қаржылардың тиімді жұмсалуы бірқатар сала­лар­дың дамуына қан жүгіртті. Ай­та­лық, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, инфра­құ­ры­лым тар­ту, жол мен жарық мә­селелеріне мән беруде қомақты қаржы қаралып, жұмыстар жа­сал­ды. Ал, білім, мәде­ниет, спорт, әлеуметтік сала­лар­дағы түйіні шешілмей тұрған проблемалар да ретін тауып жатыр. Десе де, қор­даланып қалған, қаржыны күтіп отырған мәселелер де жоқ емес.

        Бос жүрген азамат­тарға жұмыс табу, әлеу­меттік жәрдемақылар та­ғайындау, еңбек даула­рын шешу - мемлекеттің міндеті. Десе де, бүгінде бір сәтте жұмыс табыла кетпейді. Ал, жәрдем­ақы алу үшін де қажетті құжаттарсыз тағы бол­майды. Бұл жұмыстарды аймақтардағы әкім­діктің басқармалары реттейді. Әлеумет үшін өзекті сұ­рақ­тарға жауап беретін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масы, облыстық еңбек са­ласындағы бақылау бас­қармасы, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті жылды қоры­тын­­дылап, журна­лис­терге есеп берді.

   Үш бағытты қамти­тын "Нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында жұмыссыздар жұмыс тауып, қайта кәсіптік бі­лім алуда. Сандарды сөй­летсек, еңбек нары­ғының қажеттіліктерін ескере отырып, техника­лық және кәсіптік даяр­лауға 1515 адам тартыл­ған, ал қысқа мерзімді кә­сіптік оқытуға 3486 адам жолданып, соның 759-ы жұмыспен қам­тыл­ған. Қызылорда об­лы­сының жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­лама­лар басқармасының бас­шысы Талғат Дүйсебаев "Бастау Бизнес" жобасы ар­қылы 937 адам кәсіп­керлік негіздері оқуын аяқтап, сертификатқа ие болған. Нәтижесінде қо­сымша 635 жаңа жұмыс орындары ашылған­ды­ғын еске салды.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C