Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (71)

   Қай кезде де халықтың сұрауы, талап-өтініш­тері биліктің назарында. Әсіресе, ол жалпыға ортақ қажеттіліктен туындаған болса ескерусіз қалмайды. Әрине, барлығы бірдей жөнге келіп, түзеліп, бір күннің ішінде шешімін таба салмасы да белгілі. Бірақ айтылған сын нәтижелі жұмыстарға жетелейді.

    Жуырда қала әкімінің орынбасары Асылбек Өмірбекұлы Шәменовтың төрағалығымен А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қоғамдық көлік қатынастарын ұйымдастыруға қатысты жиын өткізді. Мұнда қоғамдық көліктерде жиі орын алып отыратын қалта ұрлығы және қоғамдық көлік қатынастарының қыз­метіндегі кездесетін кемшіліктеріне, жолау­шылар тасымалын қамтамасыз ету шараларына баса назар аударылып, талқыға түсті.

Сейсенбі, 07 Наурыз 2017 12:01

Тіршіліктің әні де, сәні де - әйел

| Автор: 

   Жаратылыстың жер бетіндегі ең талантты жа­са­ған дүниесі - әйел. Әде­мілік, нәзіктік, жан мен тәннің жара­сы­мы, басқа­ның өмірі мен көңіл-кү­йіне әсер ете алуы, сүйген адамы мен ұрпағы үшін не­бір күрделі жағдайларға шы­­дамды келетіндігі жағынан әйелге теңдесетін бұл дүниеде ештеңе жоқ. Бұл тіршіліктің ең әдемі әні де, әуені де - әйел.

    Таң қалып, таңдай қаққандар аз ба шіркін!

  Тарих - өткен өмір белестері. Осынау тарих парақ­та­рын­­да алтын әріптермен жазылған қазақ әйелдері жиі ұшы­расады. Индира Ганди, Маргарет Тэтчердің ел билеудегі ролі қандай болса, сонау сақ заманында жан-жақтан анта­ла­­ған жау сұғынан бабаларымызды, дархан елін сақтаған То­мирис патшайымның есімінің аңыз болып, бүгінге жетуі де біздің асыл текті аналарымыздан екендігімізді аңғартса керек.

    Қазақ қыздары - нәзіктік символы болған. Әйтсе де ха­ны өліп қабырғасы қайысқан халықты аяғынан тік тұр­ғы­зып, қатарға қосқан ханымдарымыз, ел басына күн ту­ған қиын-қыстау заманда төсін таңып тастап, ер азаматпен бірге атқа қонып, жауға шапқан әйел затының ерлігіне уа­қыт - куә, тарих - дәлел.

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 12:29

ЖОЛДАУ - ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ

| Автор: 

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылы ел халқына бағыттаған жаңа Жолдауының жаңаша сипатта болғанын айқын аңғардық. Бұл Жолдаудың ерек­ше­лігі сол, мемлекетіміз өткен жылдың соңғы күндері тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін салтанатты түрде атап өтіп, үшінші онжылдыққа батыл қадам басуы. Рас, әлем таныған іргелі елге айналдық. Эко­номикамыз әлеуеттеніп, әлеуметтік ахуалымыз жыл өткен сайын жақсара түсуде. Білім саласындағы же­тістіктеріміз өз алдына. Мұның бәрі мемлекет бас­шысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында кеңінен қамтылғаны көз қуантып, көңіл сүйсіндіреді.

     Жолдаудағы жаһандық негізде уақыт талабына сай жас ұрпаққа жаңаша білім берудің жай-күйіне тоқталған Елбасы адами капитал сапасын жақсарту туралы төртінші басымдықта назар аударған. "Ең ал­ды­мен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біз­дің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жа­­ңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағ­­дарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бе­тімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,- дей келе, - жоғары білім беру жүйесі сапасына ерек­ше назар аударылады, жоғары оқу орындарының кадр­лық құрамына, материалдық-техникалық жаб­дық­талу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қа­тысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет",- деп қадап айтты.

   Бүгінгі қоғам - білім бәсекесінің таразысы. Біз оған дайынбыз ба? Білім саласының басшылары мен мамандар Жолдаудан туындаған мәселелерге байланысты қандай ойларымен бөлісті?

 

Жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі

    Президент Н.Ә.На­зар­­­­баев "Қа­зақ­с­тан­ның үшін­­­ші жаң­ғыруы: жа­һандық бәсе­кеге қабілет­тілік" атты өз Жолдауында білім беру жүйесінің ролін өзгертіп, оны экономи­калық өсу­дің жаңа моде­лі­нің орта­лық буы­нына ай­нал­дыру міндетін қойып, оқы­ту бағдарламаларын ба­ла­лардың ой­лау қабілетін және өз бетімен із­дену дағ­дыларын дамытуға ба­ғыт­тау­дың қажеттілігін айтты.

    Елбасы кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тікті мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту бағы­тында Оң­түстік Қазақс­тан, Алма­ты, Қызылорда облыста­рын­да­ғы жетіс­тік­терді атап кетті.

     Сонымен бірге, білім беруде қазақ тілінің ба­сымдығын сақтай оты­рып, қала мен ауыл мек­тептері арасындағы білім беру сапасы мен мектеп мұғалім­дері деңгейінің алшақты­ғын, білікті педа­гогтардың жетіспеу проб­ле­масын ес­керіп, 2019 жыл­дан бастап 10-11 сы­ныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңмен енгізу қажеттілігін баса айтты.

   Елбасының бастамасы бойынша 2017 жылдан бастап "Баршаға арналған те­гін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асы­рыла бастады. Жол­дауда тегін оқытумен ең әуе­­лі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыс­пен қамтып отырған жас­тар, сондай-ақ кәсіптік бі­лімі жоқ ересек адамдар­дың қамтылуы тиіс  және экономика­да­ғы жа­ңа өндірістер үшін ма­мандар дайындауға ден қою керек екендігін айт­ты.

    "100 нақты қадам" Ұлт жос­парына сәйкес жара­ты­лыстану бағытындағы пәндерді жоғары сынып­тар­да ағыл­шын тілінде оқы­туға кезең-кезеңмен кө­шуді біз Қызылорда облы­сының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың "Назар­баев Зияткерлік мектеп­те­рі дербес білім беру ұйымдары" АҚ-мен және КАТЕV халықаралық қо­ры­мен жасалған мемо­ран­дум аясындағы пилоттық жо­ба­мен жүзеге асыруды қолға алдық.

    Біріншіден, ағыл­шын ті­лінде білім беруге кө­шуді 2016 жылдан бастап Назар­баев Зияткерлік мек­тептері мен қазақ-тү­рік лицейлері тәжіри­бесі негізінде ал­ды­мен инновациялық 46 мектеп-ли­цейдің лицей сы­ныпта­рына енгіздік. Лицей сы­нып­тарының оқу жос­пар­­ла­рына жаратылыстану бағы­тындағы пәндерді те­рең­детіп оқыту мақса­тында аптасына қосымша 4 сағат оқу жүк­темесін ен­гізіп, ағыл­шын тілін ап­та­сына 3 сағат көлемінде үйірме жұ­мыстары есебін­де қосымша меңгеру­ді және университет ғалым­дары­ның ғылым ба­ғыт­тары бойынша дәрісте­рін тыңдауды қарастырдық.

   Сондай-ақ, КАТЕV ха­лық­ара­лық қо­рының қолда­уымен 2015-2016 оқу жылы­нан бастап М.Мә­метова атын­дағы Қызыл­орда гума­ни­тарлық кол­леджінде ағыл­шын тілін меңгерген физи­ка, мате­ма­ти­ка, информа­тика пән­дерінің мұға­лім­­де­рін даярлау пилоттық жоба­сын республикада алғаш­қы болып ен­гіздік. Бүгінгі күні осы бағдар­лама бо­йынша колледждің 1-2 кур­сында 150 студент бі­лім алуда. Кол­леджді 2018-2019 оқу жылы бі­тіретін алғашқы 75 түлек мектеп-ли­цейлерде ағыл­шын тілінде дәріс бе­ретін болады. Бұл тәжірибені бірте-бірте магниттік мек­тептер ре­тінде басқа мек­тептерге тара­татын боламыз.

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,

Қызылорда облысы

білім басқармасының басшысы

 

 

Білікті ұстаз - сапалы білім кепілі

   Елбасының биылғы "Қа­­зақс­тан­ның үшінші жаң­ғыруы: жаһан­дық­ бә­­секеге қабілетті­лік" Жол­да­уында төр­тінші басымдық - адами ка­питал са­пасын жақ­сартуға бір­қатар тап­сыр­­малар берді. Жолдауда "Ең ал­дымен, білім беру жү­йесінің рөлі өз­геруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім бе­­руді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына ай­нал­дыру. Оқы­ту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен із­дену дағдыларын дамытуға бағыт­тау қажет" - деп көрсетілді.

   "Өрлеу" біліктілікті арт­тыру ор­та­лығы" АҚ филиа­лы Қызылорда об­лысы бо­йынша педагогтардың бі­лік­тілігін арттыру инсти­ту­тының ұжымы Жолдаудан туындайтын осы мәсе­ле­лерге байланысты іс-шара жоспарын жасап бекітті. Оларды орындау кезең-кезең­мен іске асырылып отырады. 2017 жылы облыс бойынша 4000-ға жуық мұғалімдердің біліктілігін арт­тыру жоспарланды.

   Біліктілік арттыру деге­німіз - қай­талап оқыту емес, соңғы жыл­дары пай­да бол­ған мұғалімнің күнде­лікті қызметіне қажетті жаңа білімдер мен әдістерді, инно­вациялық техно­логия­лар­ды үйрету. Бүгінгі таңда білім са­ласындағы алға қойылған мақсат­тар­ды іске асыруда басты рөлді мұға­лім­дер ат­қа­ратыны шындық. Білім беру жү­йесінде жүргізілген әлем­дік зерт­теулердің нәтижелері тиісті кә­сіптік қа­сиеттерге ие, оқыту мен оқу үде­рісінің қа­жетті дағдылары мен те­рең тү­сініктерін игерген мұ­ғалімдер жас­тардың білімін сапалық тұрғыдан өз­герте алатынын көрсетіп отыр. Қо­ғам дамуының қазіргі кезе­ңінде мұғалім мен оқушының өзіндік ізденуі, шы­ғар­машылықпен табыс­ты жұмыс жа­сай алуы өте өзекті қа­жеттілікке ай­на­лу­да. Осыған байла­нысты Кем­бридж университеті мен "Назарбаев Зияткерлік мек­тебі" ДББҰ, Педаго­ги­ка­­лық шеберлік орталығы бірлесіп әзір­леген үш деңгейлік, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында пән мұ­ға­лімдеріне арналған біліктілік арт­тыру, "Өзін өзі" тану пәнінің рухани адам­гершілік білім беру бағ­дарла­ма­лары, қысқа мерзім­дік курстар қазіргі уақыттың талабы. Бұл мұға­лімнің ізде­німпаз-шығармашыл тұлға, білікті ұйым­дастырушы, өз маман­дығының же­тік білгірі болуына көмектеседі. Бағ­­дар­ла­малар ұстаз бен оқушы­ның бел­сенді шығар­машы­лық қызметін дамы­туға ба­ғыт­тайды. Нәтиже­сінде, оқу­шы өз бетімен сенімді жұ­мыс іс­тейтін дәрежеге жетеді.

   Бұл курс бағ­дар­лама­лары сын­дар­лы оқыту теориясына негізделген. Сын­­дарлы оқытудың мақса­ты - оқу­шының пәнді терең түсіну қа­білетін да­мыту, алған білімін сынып­тан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қам­тамасыз етеді.

Сәкен Серікбаев,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша

ПҚ БАИ директорының орынбасары

 

 

Қазақ елі үшін тілдік тұрғыда да ілгерілеу керек!

   Президентіміздің "Қа­зақ­станның үшінші жаң­ғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілет­тілік" атты Қа­зақстан хал­қына Жолдауы еліміз­дің әрбір азаматы үшін маңызды деп білемін. Жолдауда ел экономи­касы, ғылымы, агроөнер­кәсіп сынды бір­­­қатар са­лалар бо­йынша нақты мін­деттер жүктелген. Со­ның ішінде Прези­дент үштілділік мә­­­­селесін қоз­ғай оты­рып, қазақ тілінің басым­дығын сақтап, ағыл­шын тілін толық­қанды игеруге тап­сырма берді.

     "Бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа эконо­ми­ка тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әр­бір екі жыл сайын олар­дың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жал­­пы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жыл­дан бастап 10-11 сынып­тар­да кейбір пәндерді ағыл­шын тілінде оқы­та­тын боламыз. Бұл мәсе­ле­ні тиянақты ойланып, ақыл­мен шешу қажет. Мек­­­­тептердің және мұға­лім­дердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың же­тіспеу проблемасы да бар. Сон­дықтан, осының бар­лығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен ен­гізуіміз керек", - делінген Жолдауда.

     Кез келген дүниежү­зі­лік шараларды алып қара­са­ңыз, ағылшын тілі қол­да­нылады. Өйткені, ағыл­шын тілі - әлем тілі. Ше­тел тілін игеріп, оны жетік білетін адамның қоғамға тигізер пайдасы көбірек. Бұл халықаралық байла­ныста өте маңызды. Бү­гінде Қа­зақстан туралы әлемдік басылымдар жа­ры­са жаза­ды. Сондықтан 30 дамыған елдің қатары­на енуді көз­деген Қазақ елі үшін тілдік тұрғыда да ілгерілеу керек. Жүктел­ген міндеттер жүзеге асып, мектептер мен ар­наулы, жоғары оқу орын­да­рында ағылшын тілін оқыту бағдарламалары одан әрі қарқын алса, даму сатысы­мен жоғарыла­ға­нымыз деу­ге болады.

    Биыл Астанада "EXPO -2017" көрмесі өткелі отыр. Еліміз миллион­да­ған ше­телдік мейман­дар­ды қарсы алады. Өз мә­де­ниетімізді, тарихы­мыз­ды, жасаған жаңалы­ғы­мызды таныс­тыру үшін де тіл білімінің қажеттігі сөзсіз. Тіл білудің отан­дық туризмді дамытуда да ықпалы бар екенін ай­ту керек. Жалпы, ағыл­­шын тілі қай салада да сұранысқа ие болып тұр.

Сағира Уәлиева,

тіл маманы

Пікірлерді жинаған Толыбай Абылаев

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 06:17

Есірткіге елікпейік!

| Автор: 

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысына»

     Есірткі - әлем бойынша ең қауіпті дерт. Адамдар есірткіні түрлі себептермен қолданады. Әрі олар әркімге әрқалай әсер етеді. Есірткінің кішкене мөлшерінің өзі мінез-құлыққа әсер етіп және өзің қаламаған теріс қылық жасап, әдеп бұзуға итермелеуі мүмкін. Жастар арасында алғаш жәй еліктеушілікпен дәмін татып, содан кейін оған тәуелді болады. Әлем бойынша 185 млн нашақор бар екен. Ал Қазақстанда 1,5 мың нашақор ретінде тіркелген адамдар бар, яғни оның 400-ге жуығы 14жасқа дейінгілер. Әрбір есірткі сататын немесе қолданатын адамдардың соңында 10-15 адам жүріп, жасөспірімдерді нашақор етіп тәрбиелейді. Есірткі пайдаланудан бойыңды аулақ ұстау үшін бар күшіңді сал, олар физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Кей адамдарға есірткі қолдану-келеңсіздік пен кедергілерді жеңудің ең жақсы жолы болып көрінеді. Алайда, бұл көбінесе адамды одан сайын күрделі қиындықтарға жетелейтін теріс жол болып табылады. Есірткі қолдану адамды өзіне қайта-қайта тартып, одан құтыла алмастай етеді. Өмірдегі ең қымбат, жақын деген адамдарыңнан айыруы ғажап емес.

    Ал біраз адам баласы есірткіні байлыққа немесе ақша табуға көмек береді дейді. Бірақ, сен ол ақша табуға көмек бергенімен өміріңнің қызықты деген әрбір секундын алып жатқанын ескер. Денеңнің буын-буынын сырқыратып, тілдің сауаттылығы мен көздің жақсы көруін де нашарлатады. Жарты өміріңді құртып, нәпсінің соңынан ертіп, сауап емес күнә жинап жатқаныңды ойла. Тіпті сенің ойлауыңа да мүмкіндік бермейді. Қылмыстық нәрселерге итермелеп, адамға зорлық-зомбылық жасауға да апарады. Ашушаң, өтірікші, қанағатсыз, тіпті сұғанақтық та пайда бола бастайды. Ойыңа келген нәрсені жасауыңа себепші болады. Ойда сақтау қабілетті айырып, қауіпті қарулар ұстатып, бөтен, жазықсыз адамның өліміне себепші боласың. Қан айналымыңды бәсеңдетіп, жүрек дүрсіліңнің қағысын тоқтатуына куә боласың. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, есірткіні сататын адамдар дос арасынан да шығуы әбден мүмкін.

   Бұл айтқандардан туындайтын тұжырымды нақтырақ айтар болсақ-өміріміздің әрбір қымбат сәттерін жаман әдетпен айналысып, күнәға батып, қарғысқа ұшырап, есімімізді кішкентай әріппен жаздырғанша, өмірімізді сақтайтын, сауап жинайтын адал істермен өткізіп, есіміміздің әрбір әрпін бас әріппен жаздырайық!

 Аружан Диқанбаева,

№211 орта мектебінің

8-сынып оқушысы

     Тәрбие тал бесіктен баста­лады. Дегенмен, дана бабала­ры­мыз "бала ана құрсағында жат­қан­нан бастап тәрбиеленуі тиіс",-деп өсиет қалдырды. Ал, бүгінгі ата-аналар құрсақ түгіл, жұмсақ тір­лікте бала тәрбиесіне бас ауыр­тар емес. Осы сарсаңның сал­да­ры ма, әйтеуір халық аузында жүр­ген мынадай сұмдық әңгіме­лер бар. Бірде бір бүлдіршін бал­ғасы бар, шегесі бар қобдиша алып, ағаштан шана соғып жатыр екен. Әлектеніп сырғанақ жасай алмай отырған баладан "бұл шананы не істемексің?"-деп сұрақ қояды бір қарт. Сонда бала "анам мені анау өзінің шана­сымен балабақшаға апарып тастай береді, мынау өзімнің шанаммен анамды ертең қарттар үйіне апарамын",-деп жауап  беріпті.

    Біздің балауыздар бұнымен тоқтай қойса жақсы ғой. Тілі енді шыға бастаған нәп-нәзік нәресте "мен теледидар бол­сам" деп армандайды екен. Әлдекімдер "не үшін теледидар болғың келеді?" десе, ба­ла тұрып "әкем жұмыстан шаршап кел­генде маған қарайтын еді" деген екен. Асыраушы болу оңай емес әлбетте, алайда, әкеге қарап ұл өсетінін де ұмыт­па­ғанымыз абзал. Жұмыс демекші, ата-аналар жиналысына бармауды сылтау­ра­татындар мен шын көңілімен бара алмай жүргендерді жиналыс уақытында Үкімет жұмыстан босататын болды.

    Жастар мәселесі қаралған үкімет отырысында министр Ерлан Сағадиевтің өзі 11 жылда ата-аналардың 40% баласы­ның жиналысына мүлде келмейтінін мәлімдеді. Бұған қоса биылғы жылдан бастап ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі "Ата-ана сағаты" ұлттық күнін өткізуді қолға алмақшы. Шыны­мен де, осындай сын сағатында "Ата-ана сағатын" ұйымдастыру қоғамға қажет шара. Қытымыр қыстың бәсі қайтып, сәл жібіскен кезіндегі жылымықтай ғана жылт етіп, кейін жоқ болып кететін көп дүниелердің бірі болып қалмаса екен дейміз. Әйтпегенде сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ қу шаралар қаптап кетті ғой. Министрдің өзі "біз барлық мемле­кет­тік органдар, компаниялар, жеке сек­торды ата-аналарды ертерек жұмыс­тан босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы күнде ата-аналар жиналысына қа­ты­суға мүмкіндік беру керек",-дегеніне қарап "бір нәтиже шығады" деп үмітте­неміз.

     

     Жыл басталса жұртшылық жәр­демақы жайын сұрайды. Зейнетақы 20 пайызға, әлеуметтік төлемдер 7 па­йызға артады дегенді естіген тұр­ғындар "бұрынғы қаржымызға әжеп­те­уір қаржы қосылады" деп бір қуа­нып қалған-ды. Алайда, жыл­дың ал­ғашқы айында зейнетақы әуелі 9 па­йызға, алты айдан кейін 11 па­йызға арт­пақ. 20 пайыз деген сонда шығады. Жүйе солай.

   2017 жылға бекітілген жәрдем­ақы мен зейнетақы төлемдері тура­лы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ма­манда­рына жолығып, нақты сұрақ­тың жауабын білдік.

     Қазақстан Республикасының "2017-2019 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет туралы" заңына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас­­тап, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері - 2269 теңге болып бекітіл­ген. Соған сәйкес, ең төменгі зей­нет­ақы мөлшері - 28148 теңге, ең тө­менгі күнкөріс деңгейі - 24459 теңге, базалық зейнетақы төлемі - 12802 теңге. Ал еліміз бойынша ең төменгі жалақы 24459 теңге болып бел­гіленген.

   

    Жылдың алғашқы аптасында қоғамды екі сауал мазалады. Ол 2017 жылы қабылданған жаңа заңдарға қатысты еді. Бірі - сақшы­лардың ала таяқсыз көліктерді қозғалысқа келтіруі болса, екіншісі, азаматтардың уақытша тіркеу туралы заң талаптары. Қос мәселе де қызу талқыға салынып жатыр. Бірі даттап, бірі жақтап өз пікірлерін білдіруде. Біз қазақстандықтардың алаңдаушылығын туғызып отырған уақытша тіркеу туралы заңына қатысты ой қозғамақпыз. Билік бұл бастаманы қолға алмас бұрын алдын-ала електен өткізгенін айтып баққанымен қоғамның қайшылығын туғызып отырғаны жасырын емес. Әрине, жаңа заңның негізгі нысаналы бағыты белгілі. Тәртіп орнатудың тетігі ретінде ұсынып отыр. Бірақ неліктен пікірлер қайшылығы туындап отыр? Реформа халық талқысына неге салынбады?

    Алдымен жаңа заң жайында қысқа қайырып өтелік. Қазақс­тан­ның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстан­дық міндетті түрде сол жерде тір­ке­луі керек. Талапты орындамаса, айып­пұл төлейді. Бұл заң тер­рористік қауіптіліктің алдын алуға бағытталған. Әрі «уақытша тұратын жерде тіркелу ішкі көші-қонды бақылау, белгілі елді мекенде тұратын азаматтар санын анықтау үшін қажет» дейді сала мамандары.

    Біз төменде аталған заңнаманы талқыға салып, ақпарат агенттігін­де ресми мәлімет берген сала мамандары мен тіркеуге қатысты әлеуметтік желілердің бірінде ашық ойын білдірген азаматтардың пікірлерінен ұсынып отырмыз.

     Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

    - Тұрып жатқан мекен-жайға тіркелу бұрыннан бар талап. Қазақс­танда азаматтарды тіркеу институты 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шекте­мей­ді. Бірақ азамат жаңа мекен-жай бойынша тұрып жатса, енді ол туралы ақпарат беруге міндетті. Азамат белгілі аумақта бір айдан аса уақыт тұрса, ол уақытша мекен-жай­да тіркелуге міндетті. Бірақ "Тұрғын үй қатынастары" заңы бо­йынша пәтерде уақытша тұрған­дар­ға, яғни пәтер иесі уақытша ақысыз тұруға келісімін берген азаматтарға уақытша тіркелу мін­детті емес. Ондай санаттағы аза­маттарға туысқандар мен қонақтар жатады.

    Руслан Желдібай, журналист

     - Уақытша тіркеуге қатысты заңды Үкімет азаматтардың қауіп­сіздік мәселесімен ұсынғаны анық. "Жағдай ушықсың, мына халықты қинайық" деген ниетпен жасал­ма­ға­ны түсінікті. Бірақ, оны реттеу механизмі әбден сараптал­май, ситуацияны бақылауға алуға ты­рысып, тым асығыс қабылдай сал­ғаны көрініп тұр. Бұл саланың маманы емеспін, бірақ шетелде бір жарым жылға жуық уақыт тұрып жатқаныма байланысты мұндағы тәжірибені айтқым келеді. Брита­нияда прописка жүйесі мүлде жоқ. Қайда тұрып жатқаныңызды дә­лел­деу үшін жалға алу келісім-шартын, тіпті коммуналдық қыз­мет төлемін көрсетсеңіз де жет­кілікті. Кім қайда тұрамын десе де өз еркінде. Себебі, Британияда жал­ға алу мәселесі, тағы басқасы заң­мен реттелген. Бұл заң қайта қарастырылатынына сенімдімін, себебі кімнің қайда тұрып жатқа­нын дәлелдеу өте қиын. Азаматтар қашып жүретін емес, өздері келіп тір­келетін ұсыныстар керек. Нара­зылықтың артқаны ешкімге де керек емес.

     Түйін. Қалай болғанда да, уа­қытша тіркеу туралы талапқа қа­тысты тұрғындарда әлі де сұрақтар бар. Ал, әлеуметтік желіде белгілі сая­саткерлер "бұл заң қоғам тал­қысына салынбады, іске асыру те­тіктері толыққанды болмай отырып қабылданған" деген ой айтып отыр. Себебі халық арасында түсінбеушілік басым. Қазірдің өзінде республи­ка­ның әрбір аймағында халыққа қыз­мет көрсету орталықтарына келген тұрғындардың қарасы қалың. Небәрі 15-20 минутта аяқталуы тиіс тіркеу сағатқа созылып, тұрғындардың тағатын тауысып жатыр. Демек, бұл әлі де дайындықтың шикілігін көр­се­туде. Мұндайда билік бұл әрекет­тердің бәрін есепке алып, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, асығыстық шешім қабылдамау керек пе еді? Енді бәріне де уақыт сыншы.

А.ҚАРАКЕСЕК

10.01.2017 жыл

    Қазір мәңгілік ел дегенді жиі айтатын бол­дық. Рас, мәңгілік ел - ұлттық идея. Бай­қап қарасақ, елдік идеяның түп-төркінінде ел болудың, ұрпақ көбейтудің амалы жатыр. Қарға тамырлы қазақ деген ұлтты көбейту міндеті тұр. Шүкір. Қазақтың саны артып келеді. Еліміз тоқшылықтың да жоқшы­лық­тың да заманын көрді. Әрине, бүгінгі күнді өт­кеннің өлшемімен қарау мүмкін емес. Де­генмен, қорасы малға толы болмаса да, үйі жан­ға толы отбасылардың әлеуметтік ке­дергілермен жиі ұшырасатынын көз көріп ке­леді. Мұндайда нарықтық көзқараспен "Әр адам өз өмірін өзі жасайды" деп кесіп айтуға да болатын шығар. Немесе "мемлекет берген мүм­кіндікті пайдалану керек" деп ақылға са­луға да болады. Бірақ, басқа түскен біледі. Қуат­ты Қазақстанның қиырында күнін әрең көріп жүрген көп балалы отбасылардың ба­рын айтуға тиіспіз. Пәлсапаға салынып "жұрт­ты жарылқайтын заманнан өттік" деп ке­мемізді кері бұруға болмас. Барды бағалай біл­ген елімізде батыр аналарымыз бар. Бірақ бәрінің бірдей жегені алдында, жемегені артында емес.

     Журналист ретінде талай жиынды кездесулерде болатынымыз бар. Осыдан бір ай бұрын Сыр еліне "Тәуелсіз Қазақстан" республикалық пойызы келді. Әртүрлі сала мамандарынан құралған делегация мүше­лері тұрғындарды алаңдататын сауалдарға қатысты жауап беруге келген-ді. Қоғамдық қабылдау өткізіп, ел ішіндегі мәселеге мән берді. Сол ашық қабылдауға біз де қатыстық. Әртүрлі проблемалар, түрлі тақырыптар қамтылған еді.

     Жиында  делегация мүшелерінің назарын аударған бір мәселе бізді де бей-жай қалдыр­мады. Ол көп балалы отбасы­лар­дың баспа­намен қам­тылу және әлеуметтік жәрдемақы жа­йында болатын. 10 құрсақ кө­тер­ген батыр ана Зейнеш Алжимбаева 18 жас­қа дейінгі бе­рілетін жәрдемақы төлем­дері кө­ңіл көншіт­пей­тінін алға тартты. Бір емес, бір­неше жан­ның отбасындағы жағдай­ды мысал ете оты­рып, бұл жайтқа билік на­зар аударса екен­ де­ген өтінішін білдірді. Ал­тын алқалы ана бір ба­лаға үкіметтен 2228 тең­ге қаралғанын ай­тып, бұл "күніге бір бала 70 теңгеге тамақ ішу керек" дегенді біл­ді­ре­тінін еске салды. Әри­не, ойланатын жайт. Үкі­мет әрбір баланы асы­­рауға міндетті емес. Десе де "әлеуметтік тө­лемдердің көрсет­кіш­терін есеп­тегенде на­рықтағы ахуалды да ескерген жөн" дейді батыр ана.

    Сонымен не керек, алтын құрсақты ана отбасындағы жағдайды баяндай келе, Елбасы атына хат жазып, оны делегация мүшелері ар­қылы жолдады. Кәсіп ашқысы келетінін ай­тып, бірақ мүмкіндігі жоқтығын хатта баян еткен. Қандай да болсын, көмек болаты­нына сеніммен қарайды.

    Неліктен бұл жағдайды қозғап отырмыз? Қазір жағдай қиын деп қол қусырып отырған аналар да жоқ емес. Керісінше, тәуекелдің кеме­сіне мініп, мемлекеттік мәселені қоз­ғап, ел­ге жанайқайын жеткізіп жүрген ана­лар бар. Соның бірі Қызылорда қаласының тұрғыны Зейнеш Алжимбаева.

    Барын балаларына беріп, ел қатарлы киін­діріп, отбасының отын жағып отырған Зейнеш Алжимбаеваның есімі жергілікті билікке жақсы таныс. Себебі батыр ана мемле­кет­тен бөлінетін әлеуметтік жәрдемақы жа­йына, баспана бабы­на қатысты талай жерге сұ­рау салып, мәселесін айтып шарша­ған азамат­шалардың бірі. Ұзақ жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп, жәрдем­ақы­ға жан бағып жүрген оны әуеліде баспана мәселесі алаңдатқан. Талай жерге арыз жазып, тіпті ретін тауып министрлікке де ашық хат қал­дырған. «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген, күйі кеткен көп балалы ана "барар жер таба алмай, вокзалға да түнеген кез­дерім болды" дейді. Ал, еңбек етіп, жұмысқа шығам десе, есігін ашып, күтіп отыр­ған жұмыс жоқ.

   

     Желтоқсан айының ал­ғашқы жексенбісінде бас қаладан жол бастаған "Тә­уелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясы Алаштың ана­сы­на айналған Сыр то­пы­рағына келіп та­бан ті­реді. Республи­ка­лық ак­цияның арнайы бағ­дар­­ла­масымен келген деле­га­ция мүшелерін қызыл­ор­далықтар таңғы сағат то­ғызда теміржол вокза­лынан құрмет көрсетіп күтіп алды. Осылайша ме­­рейтой қар­са­ңында ұйымдастырылып отыр­­ған шара Сыр жерінде мерекелік көңіл-күймен басталды. Салтанатты қар­сы алу рәсімінде Қы­зыл­орда облысы әкі­мінің орын­басары Руслан Рүстемұлы алғы­сөз алып, делегация мү­ше­лерін мереке­лері­мен құттықтады. Делега­ция бас­шысы  тарих ғылымда­ры­ның кандидаты Әмір­жан Қайырұлы акция­ның ма­ңыз­дылығына тоқ­талды.

     Мемлекет басшы­сының тапсырмасы не­гі­зінде бас­тау алып, Қазақс­тан халқы Ассам­б­л­еясының ұйымдас­ты­руымен өткізіліп жатқан республикалық акция­ның мақсаты -  тәуел­сіз­дік жыл­дарындағы мем­ле­кеттің жеткен жетіс­тік­терін наси­хаттау, ха­лықтың бірлігін ны­ғайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқық­тық жағдайларына назар ау­дару, ел дамуының базалық ба­сым­­дық­та­рын көрсету. Республи­ка­лық акцияға Парла­мент Мәжілісінің де­­пу­тат­­тары, Қазақстан хал­­қы Ассамблеясының мү­шелері және 7 минист­р­лік пен 3 ұлттық ком­па­ния, қар­­­жы институт­та­ры­ның өкілдері, дәрі­гер­лер мен заңгерлер және әлеуметтік сала қыз­меткерлері жұмыл­ды­рылған.

   

     Қызылорда қаласына келген "Тә­уелсіз Қазақ­стан" пойызы деле­гат­тары қаладағы алдын ала белгіленген орындарда болып, халықпен кездесіп, тәуелсіздік елдің жет­кен жетістіктерін насихаттап, қордаланған мә­селелер бо­йынша қажетті кеңестерін бер­ді. Сон­дай шаралардың бірі Қызылорда об­лысының тұтынушылардың құқық­тарын қорғау департаментінде өтті.

      Департаменттің кеңес беру ша­ра­сын­да ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау Комитетінің бас сарап­шысы Нұрбол Жұматов Қызыл­ор­да облысының тұтыну­шы­лардың құ­қық­тарын қорғау бөлімінің, Қызыл­орда қалалық басқармалардың маман­да­рымен тұтынушылардың құқықта­рын қорғау саласындағы сұрақтар бойынша тұтынушыларға кеңес берді.

    - Барлығымызға белгілі, көп жағ­дай­да тұ­тынушылардың құқықтары тұр­ғын­дардың төмен құқықтық сауат­тылығынан және тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау саласындағы құ­қық­тық актілердің жетіл­ме­гендігі­нен бұзы­лады,- деді бас сарапшы. - Қазіргі уа­қыт­та республика бойынша ең көп на­разылық білдіріп отырған сала - бөл­шек сауда. Сонымен бірге тұрғын үй ком­муналдық шаруашылық саласы - ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз ету, жа­рық­тан­дыру бойынша сапасыз қыз­мет көрсету. ПИК төрағаларының өз міндеттерін орын­да­мауы, "Тұрғын үй коммуналдық шаруа­шы­лығын жаң­ғыр­тудың 2011-2020 жыл­дар­ға ар­налған бағдарламасы" бойынша көп пәтерлі үйлерді сапасыз жөндеу тура­лы. Біздің мақсатымыз - тұтынушы­лар­дың құ­қық­тарын қорғау саласын одан әрі жетілдіру, тиісті норматив­тік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, тұтынушы­лар­дың құқықта­рын бұзуға жол бермеу.

     Шындығында, "Ашық есік" фор­ма­тында өткен кездесуде осы мәсе­лелер Қызылордада да өткір күйде тұр­ғаны сұрақ қоюшылардан байқал­ды. Сапасыз та­уарлар бойынша нара­зы­лықтар, сату­шылардың тауарды алмастырудан бас тар­туы, қоғамдық та­мақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, бөлшек саудада болатын то­лып жатқан заң бұзушылықтар ортаға тасталды. Қабылдау кезінде қала тұрғындарымен қатар жеке және орта бизнес өкілдері, барлығы 27 азамат қа­тысып, толғандырып жүрген түрлі мә­селелер бойынша жүгінді, сауал­да­рына нақты жауаптар алды. Сот­қа дейінгі шағымдар мен талап арыз­дарды дайын­дау­ға көмек те көр­сетілді. Департамент ма­мандары қай­бір сұрақ болмасын, да­йын екен­дігін, алда­ғы уақытта мәселелер туында­ған­да көмек көрсететінін де айтты.

 

Н.Көбегенұлы

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер