Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (151)

        Бос жүрген азамат­тарға жұмыс табу, әлеу­меттік жәрдемақылар та­ғайындау, еңбек даула­рын шешу - мемлекеттің міндеті. Десе де, бүгінде бір сәтте жұмыс табыла кетпейді. Ал, жәрдем­ақы алу үшін де қажетті құжаттарсыз тағы бол­майды. Бұл жұмыстарды аймақтардағы әкім­діктің басқармалары реттейді. Әлеумет үшін өзекті сұ­рақ­тарға жауап беретін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масы, облыстық еңбек са­ласындағы бақылау бас­қармасы, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті жылды қоры­тын­­дылап, журна­лис­терге есеп берді.

   Үш бағытты қамти­тын "Нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында жұмыссыздар жұмыс тауып, қайта кәсіптік бі­лім алуда. Сандарды сөй­летсек, еңбек нары­ғының қажеттіліктерін ескере отырып, техника­лық және кәсіптік даяр­лауға 1515 адам тартыл­ған, ал қысқа мерзімді кә­сіптік оқытуға 3486 адам жолданып, соның 759-ы жұмыспен қам­тыл­ған. Қызылорда об­лы­сының жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­лама­лар басқармасының бас­шысы Талғат Дүйсебаев "Бастау Бизнес" жобасы ар­қылы 937 адам кәсіп­керлік негіздері оқуын аяқтап, сертификатқа ие болған. Нәтижесінде қо­сымша 635 жаңа жұмыс орындары ашылған­ды­ғын еске салды.

       Өткен аптада денсаулық сақ­­тау басқармасының баспасөз қызметі өңірлік коммуникация қызметімен бірлесіп, облыстық медицина орталығында кезекті баспасөз турын ұйым­дастырды. Медицина орталығында жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы білу үшін біз де барып қайттық.

     Денсаулық сақтау саласын үш жылдың ішінде әлемдік стан­дарттарға сәйкестендіру жоспары тұр. Ол үшін жаңа үл­гі­дегі медициналық қондырғылардың маңызы зор. Бүгінде заманауи үлгіде жасалған қон­дыр­ғылар облыстық медицина орталығында орнатылған және осы технология арқылы халық­қа жылдам қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта 5,9 млрд. теңгеге кезең-кезеңмен сапалы әрі қажетті медициналық қондыр­ғыларын (МРТ, КТ, ангиограф, маммограф, террогамм, т.б) алу жобасы жоспарланған. Об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­қарма басшысының орынбасары Баян Буранбае­ваның айтуы бойынша, бұл жоспар 2020 жылға дейін мемлекет­тік-жеке меншік әріптестік ая­сында жүзеге аспақ.

   2009 жылдан бері облысымызда жалғыз ангиограф медициналық аппараты жұмыс жасайды. Аталған аппарат арқылы қан тамырларын жан-жақты зерт­теп, ми тамырларына, коронарлық, орталық жүйе тамырларына зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі күн­ге дейін қондырғыда 5000-нан астам коронография мен бас­қа да зерттеулер, операциялар жүргізіліп келген. Әрине, бір ангиограф аппараты болғандықтан, кейде тұрғындардың қажетті медициналық көмекті алуға қолжетімділігі азаятыны белгілі. Мә­селен, ангиографиялық қондырғысына қажеттілік 250 мың адамға - біреуден есептелінсе, об­лыстағы 750 мың тұрғын үшін 3 ангиограф керектігін айтады мамандар.

    Жүрек-қан тамыр аурулары - әлем бойынша денсаулық сақтаудың басты проблемалардың бірі. Сондықтан мұндай ауыр дертке бей-жай қараудың өзі қор­қынышты. Ол ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге дейін әкеліп соқтырады. Сол себепті дер кезінде емдік шараларды жа­сау дәрігердің міндеті болғандықтан қолдан келгенше жаңа технологиямен жұмыс жасап ке­ле жатыр. Қызылорда облысының солтүстік өңірінде орналасқан Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары тұрғындарының инфаркт, инсульт сияқты аурулар­ға жедел көмек алуы үшін ұзақ мерзім кететіні белгілі. Сол үшін ауданға ангиографиялық қондырғыларының қажеттігі айтылды.

   Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Буранбаева: "2016 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау минист­р­лі­гімен ангиографиялық құрылғы алу жөнінде біршама жұмыстар жүргізілгенімен, бюджеттен қа­ра­жат бөлінбеді. Құны қымбат 2 бір­дей қондырғыны жергілікті бюд­жеттен бірден алу қиындық туғызатындықтан, қазір облыстық денсаулық сақтау басқар­ма­сы тарапынан инвесторлар із­деу және мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестік жобасы ая­сында қол жеткізу үшін жұмыстар жүргізілуде. Қондырғыны жет­кізу, орнату және 5 жыл көлемінде сервистік қызмет көр­сету жеке инвестор арқылы жүр­гізу жоспарда бар",- деп әң­гі­меледі. Егер де қажетті инвес­ти­циялық төлемдер 5 жылға бө­лінсе, мемлекеттік бюджет жүк­темесін қысқартуға мүмкіндік бе­реді. Осылайша солтүстік өңір­дегі аудандар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

        Қазақстандықтардың ең басты қиындығы - тұрғын үй, баспана мәселесі. Үйге мұқтаж адамдар Сыр елінің өзінде жетіп артылады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының 44 045 тұрғыны "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" депозит ашып, оны толықтырып келеді. Бұл сан күн сайын көбейіп келе жатқаны та­ғы бар. Олар өз шоттарында жалпы сомасы 13 млрд. 306 млн. теңге болатын салымның басын құраған. Оның үстіне облыстық филиал жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде аймақ тұрғындарына 10 млрд. 800 млн. теңгенің займын берген екен. Бұл қыруар қаржының бәрі - бір баспана алу үшін маңдай терін сарп кеткен халықтың ақ адал еңбегінің өтемі. Амал қанша, біздің елдегі ең тиімді әрі қолжетімді тұрғын үй алудың жолы осы ғана.

   Банктің аты банк. Олар өздеріне салымшы жинау арқылы істерін дөңгелетіп әкетеді. Тиімді жобалар ұсынады. Қолайлы шарттар жасап, әр түрлі тәсілдер арқылы халықтың қаржысын айналымға салады. Үйге зәру ел депозитке ақшасын са­ры майдай сақтап, жинап үйлі болуға үміт­тенеді. Тиісті қаржыны жинаған тұрғынға баспаналы болуға мүмкіндік бар. Оның үстіне қазір Қызылорда облысындағы "Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары "Қазпочта" АҚ арқылы тұр­ғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Облыстың барлық тұрғыны банк ғимаратына келмей-ақ, Қазпочта арқылы депозит ашу және толықтыру, несие төлеу секілді қызмет түрлерін енді артық төлемдерсіз жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Бұл шет аудандар үшін өте ыңғайлы.

Жұма, 19 Қаңтар 2018 11:48

150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ

| Автор: 

      Әлеумет үшін қандай да бір жаңалық көңілге медет болары анық. Әсіресе, ауыл халқының игілігіне бағытталған жұмыстар халықтың өмір сапасын жақсартады. Жақында Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде жаңа 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді.

   Аудан халқының қуанышын еселеген әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы келіп, тұрғындар мен дәрігерлерді  жаңа аурухананың  ашы­луымен құттықтады.

   - Қазіргі таңда Елбасы саясатының ар­қасында еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамуда, Қазақстанның түкпір-түкіпірінде озық технологиялармен жабдықталған жаңа медициналық мекемелер ашылуда. Соның бірі ретінде ауданда 150 орындық аурухана ашылды. Бұ­дан бөлек, биыл осы аурухана жанынан 250 орындық емхана салуды көздеп отырмыз. Қазір емхана құрылысын салу бойынша құжаттары әзір-ленуде, - деді ай­мақ басшысы.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 09:38

ДЕМОГРАФИЯ ТЕК БАЛА ТУУДАН ТҰРМАЙДЫ

| Автор: 

      Қазіргі жағдайда халықтың санын арттырып, демографиялық жағ­дайды түзетуге мүмкіндік беретін екі ғана жол бар. Бірі - көп ба­лалы отбасылардың қатарын кө­бейтіп, бала туу көрсеткішін арттыру. Ол үшін не істеу керек? Ең алды­мен балаларға, аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы мәселесін шешу қажет. Екінші жолы - шетелдегі қандастарымызды елге көшіру. Мұны жүзеге асыратын құзырлы органдар сырттағы қа­зақ­тардың кедергісіз ел­ге оралуына жағдай жасауы керек. Үшіншіден, жұмыссыздық мәселе­сін шешу. Менің болашақтағы мақсатым - осы мәселелерді көтеріп, шешімін табу арқылы қазақ елінің демография­сының артуына үлес қо­су. Бұл тұрғыда елдің әрбір азаматы өз көмегін аямауы тиіс.

   Елдің демографиялық ахуалын мемлекеттің саяси және экономикалық даму қарқынынан ажыратып қарау мүмкін емес. Демогра­фия­лық және адами даму мәселелері Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында басым бағыттардың бірі ре­тінде қарастырылған. Президент Қазақстан халқына Жолдауында "Адам - елдің ең басты байлығы" деп атап өтті.

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 12:13

Зейнетке шығу жасы қалай өзгереді?

| Автор: 

     Жаңа жылға қадам басқан халық әдетте жыл басында өзгерістер болатынын біледі. Билік басынан басталатын кадрлық ауыс-түйістерден бөлек, ел ішін­де халыққа қажетті әлеуметтік жәрдемақылар мен зей­неткерлік төлемдердің құны да өседі. Биыл да солай болмақ. Төрімізді аттағалы отырған 2018 жылы әйелдердің зейнетке шығу мерзімі артып, зейнетақы төлемдерінің механизмі өзгереді. Жақында сала мамандары журналистермен кездесіп, жаңа форматтағы әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік нормаларды түсіндірді.

   "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің директоры Айнұр Тобаева 2018 жылдан бас­тап әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері төлеу тәртібінің жүйесімен таныстырды.

   Ресми тараптың сөзіне сенсек, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты еңбек зейнетақысы 8 пайызға артпақ. Бұл қарапайым тілмен айтқанда, базалық төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы 49019 теңге, ал жоғарғы зейнетақы 98247 теңге құрайды деген сөз. Мұнымен қоса, 2018 жылы жәрдемақылардың басқа да түрлері 6-16 пайыз аралығына дейін көбеймек. Әрине, мұндайда тағы бір мәселені айта кету керек. Зейнетке шыққан адамдардың қолына тиетін зейнетақысы жасаған еңбегіне қарай төленбек. Келесі жылдан бастап зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтың бірі осы. Мұны журналистермен кездескен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің директоры Салхадин Мырзабеков айтып берді.

          Қазақта өлместің күні деген сөз бар. Дәл осы әрі тарт та, бері тарт дегенді елімізде Үкімет бекітетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарап айтса болар. Билік «бір адамға 24459 теңгеге бір ай ішінде өмір сүруге же­теді» дегенді меңзейді. Бұл қаражат күн­де­лікті азық-түлік пен тұ­тыну та­уар­ла­рына жетіп артылады. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Кәсіподақтар федерациясы «ең төменгі күн­көріс көлемі заман та­лабына сай емес, яғни тө­лем бүгінгі нарық бағала­ры­мен сәйкес емес» дейді. Жұ­мысшылар ара­сында қа­зіргі ең төменгі күн­­кө­рістің деңгейіне қатысты сауалнама нәтижесі осын­дай қоры­тындыға алып келіп отыр. Сауална­масыз-ақ, ойланып қараса­ңыз, азық-түліктің шарық­тап кетуі, базар бағамының тұрақсыздығы 24459 теңгені бір айға жеткізбей тұр.

    Ең төменгі күнкөріс кө­лемі турасында осыған дейін де айтылып келеді. Елбасы келер жылдан бас­тап осы күнкөріс көлемін қайта қа­рауды ұсынған болатын. Енді міне, жақын­да елор­дада журналистерге бри­финг берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ке­лер жылдан ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 %-ға жоғар­ылай­тынын ай­тып, елді қуантып тас­тады.

   Мынаны ескеру ке­рек, ең төменгі күн­көріс көлемі ретінде бекітілген қаржының 60 пайызы азық-түлікке, қалғаны тағамдық емес тауар­ларға бағытталуы керек. Мамандар бұл өлшемді есептеуге өзгеріс енгізу, яғни тағамдық емес та­уарлар үлесін 45%-ға де­йін ұлғайтуды ұсынып отыр. Демек, келер жыл­дан бастап бұл ара­сал­мақ 55% және 45% құ­рай­тын болады. Тиі­сін­ше, ең төменгі күн­көріс көлемі 28284 теңге құ­рамақ. Төлемнің артуы Қазақстандағы 3 мил­лион тұрғынның әлеу­меттік төлемдер мөлшері өсуіне алып келмек.

    Дін мәселесі - ең өзекті де өткір тақырыптардың бірі. Бұл жайында қате яки артық пікір де, ой да айтуға болмайды. Себебі даудың, талас-тартыстың, сан түрлі сұрақтың ортасында қалған ислам діні қыл көпірдің үстінде тұрғанмен пара-пар күйде. Мін­сіз діннің тонын теріс айналдырып, жалған ақпарат таратып жүргендердің әсерінен ислам діні әлемде жағымсыз көрініске тап болуда. Бірақ, битке өкпелеп, тонын отқа жақпайтын қазақ елі мұнымен күрес шара­ла­рын жүргізіп бағуда. Алайда, дәс­түрлі емес дін өкілдерінің ең бірінші әрі тиімді қаруы ол - әлеуметтік желі болғандықтан, онымен күрес шаралары ауқымдылықты қажет етеді.

    Әлеуметтік желінің әуре-сарсаңы үдей түскені көпке үрей туғызып келеді. Рухани дертке айналған айтулы мәселе жаһандану дәуірінде тұтас бір ұлттың бұрынын бұрмалап жіберуге дейін қауқарлы еді. Желінің жетер биігі де, құрығы да біз ойлағаннан әлд­еқайда ұзынырақ. Оның ішіндегі қулық-сұмдықтарға да құрық бойламайтын болып барады. Ақпарат айдынында бірі малтып, бірі құлаш сермей, бірі түрлі иірімдерге ілесе алмай, тұңғиықта тұншығып жатқандар жетіп артылады. Бәрі дерлік виртуалды әлемнің арғы жағында орын алып жатқан олқылықтар. Мамандардың назына құлақ түрсек, бұл кесапаттың жолын кесу мүмкін емес. Керісінше, күн өткен сайын араны ашылып, құрбандықтары мен қолданушылары артып келеді. Игі істердің басы-қасынан табылатындар интернет атты әлемді әлдері келгенше жақсылыққа пайдалануға тырысып бағады. Дегенмен де ата-аналар қапы қалмас үшін ұрпағының қай әлеуметтік желімен әуре болып отырғанын қадағалауда ұстағаны абзал. Cебебі сансыз секталар өз діттегенін ғаламтор арқылы іске асыратын көрінеді.

   Қызылорда сәулетті қалалар қатарына қосылу үшін талпынып-ақ келеді. Қала тазалығына мән беріп, кедір-бұдыр көшелерді тегістеу үшін тыңғылықты шаруалар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың өзінде қала құрылысшыларының күрегі мен кетпенінің басы бір кеппегенін тұрғындар жақсы біледі. Өйткені көшелерді жауып тастап, көптеп орын алған көлік кептелістері мен жолынан шатасқан қоғамдық көлік пайдаланушылары бұл қарбалас кезеңді әлі де болса ұмыта қойған жоқ.

   Қазірдің өзінде 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында мектеп, балабақша, клуб, аурухана, емхана, тағы да сол сияқты көптеген қажетті ғимараттар бой көтеруде. Бүгінгі күні аталған шаруаның ісі шатқаяқтамай шапшаң түрде салынып бітуде. Оған дәлел жоғарыда айтылған 54 нысанның 19-ы аяқталып, халық қажеттілігі үшін қызмет жасауда. Ол аз десеңіз, екі ай ішінде, 2018 жылға қадам баспас бұрын тағы да 7 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек. Жартылай ғана жасалып, іргетасы енді қаланып жатқан қалған 28 нысанның құрылысы келер жылы бір ыңғайланатын болады. Ресми ақпараттарға сенсек, 2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына мемлекеттік және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 296 хабарламалар келіп түскен екен. Оның 168-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар болса, 128-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар қатарын құрайды. Бұл самсаған сандардың барлығы Сыр елі сәулетін арттыруға жасалынып жатқан ізгі жұмыстар. Сандар осылай сөйлеп тұр. Ендігі мәселе құрылыс нысандарыны сапасы жөнінде. Оған қала әкімінің өзі еш күмән келтірмеумізді сұраған болатын. «Басқарма басшыларының басы екеу емес, сондықтан әр нысанның өз жауаптылары жауапқа тартылатын болады» деп сендірді Н.Нәлібаев. Ендігі жайт қалай болатынын уақыт көрсетеді.

   2017 жылы Қызылорда қаласында салынып біткен құрылыс нысандарына шолу жасап шықсаңыз, бәрі дерлік өңірдегі олқылықтардың орнын жауып тұрғандай. Әрі халыққа ең керекті ғимараттар. Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша автобус паркі мен газ толтыру компрессорлық станциясының құрылысы, Қорқыт ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары және 28 көпқабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілгені ел есінде. Аталған 28 көпқабатты үйдің 5-еуі СПМК-70 тұрғын үй ауданында, 15-сі Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағында, 4-еуі Демесінов көшесінде, 3-еуі Арай-3 тұрғын үй ауданында, 1-еуі Желтоқсан көшесінде орын тепкен. Бұл үйлердің барлығы үй кезегінде тұрған отбасылардың қоныс тойын тойлау қуанышына бөлеген, осы жылдағы ең өзекті мерекелердің бірегейі болып қалмақ.

   Қазақстанда көмекке мұқтаж, жәрдемақы арқылы жан бағып отырған отбасылар аз емес. Көпбалалы отбасылардың күнкөрісіне қажетті берілетін жәрдемақы алатын отбасылар үшін әлеуметтік көмектің берері мол. Газетіміздің өткен санында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы айтқан едік. Жыл аяқталуға екі айдай уақыт қалды. Биылғы жылы қанша отбасы әлеуметтік көмек алды? Тұрғын үй көмегіне қолы жеткендердің саны қанша? Осы сұрақтардың жауабын Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан сұрап білдік.

    Жалпы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары нәтижесін сарапқа салатын болсақ, басқарма маманы Ләззат Әлжікованың мәліметіне сү­йенсек, облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азамат­тар­ға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арнал­ған жәрдемақы төленген. Тарқатып айтар бол­сақ, биыл мемлекеттік атаулы әлеумет­тік көмек көрсетуге нақ­тыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Тиісінше, 538 адамға, яғни 129 отбасыға әлеуметтік көмек берілген. Мамандар кө­мек алатын адамдардың қатары азайып бара жатқанын алға тартады. Мәселен, атаулы көмек алушылар 257 адамға азайған.

   Бүгінде кез келген адамды тұрғын үй жа­йы алаңдатады. Бұл рет­те тоқсанына берілетін тұрғын үй көме­гінің берері мол. Осы жылы бюджеттен тұр­ғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралыпты. Аталған қаржыға 7517 отбасына 290,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тө­ленген.

   Мектеп жасындағы балаларға берілетін жәр­демақы төлемдері де тұрақты беріледі. Мәселен, биыл 18 жасқа де­йін­гі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы 17196 отбасыға, яғни 55973 балаға беріліп отыр. Әлбетте, бала күтімімен отырған аналарға бұл көмектің аз да болса күнкөруге ық­палы бар. Мұнан бөлек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі негізінде берілетін көмектің де түрі бар. 9 ай ішінде жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9591 адамға 677,3 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленген.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C