Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (151)

    - Департамент ҚР Кәсіпкерлік Кодексін басшылыққа алып, 2016 жыл бойынша электр энергияны бөлшек саудада са­ту бағасына сараптама жүргізіп, нәтижесінде 2017 жылғы 1 тамыздан бастап облыстағы электр энергиямен жабдықтау­шы ұйымдардың орташа босату бағалары 1 кВт. сағатқа қо­сымша құн салығынсыз 3,3 пайыздан 8,2 пайызға дейін тө­мендеттелді. Бұл халық үшін қуанышты жаңалық болып отыр.

   Бұл ақпаратты Қызылорда облысының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз отырысында жария етті.

   Қызылордалықтардың қаншалықты қуанатыны белгісіз, осы күні жергілікті тұрғындар үшін жолақы мәселесі алға шығып тұрғаны жасырын емес. Департамент жолақыға байланысты қойған сұрағымызға мекеменің оған қатысы жоғын алға тартты. Алайда жолақының көтерілуінің негізгі себебінің бірі, осы күні АИ-92, АИ-93 маркалы жанар-жағар майы бағасының өсуіне тексеріс жүр­гі­зіліп жатқандығын, тамыз айын­да қорытындысы шығатынын айтып қалды. "Егер жолаушылар көлігі пайдаланатын май­дың негізсіз өскені заң жүзінде белгілі болып жатса, онда жо­лақының тамыз айынан бастап қымбаттауы негізсіз бол­ғаны ма?" деген сұрақтың қылтиып шығатыны белгілі.

     Не болса да, жағар май мен жолақы жайы тамыз айында талай адамды әбігерге салатын түрі бар.

Айдар САЙЛАУОВ

 

 

   Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жү­йесі жан-жақты талқыланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысын бас­­тады. Бұл уақыт аралығында жүйе­нің маңыздылығы жөнінде халыққа жа­уапты мамандар тарапынан түрлі тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілгені бел­гілі. Алайда, денсаулық сақтауды қар­жы­ландырудың жаңа жүйесіне қатысты көпшілікті толғандырған сауалдар жетерлік.

  Аталмыш жүйе 2017 жылдың 1 шіл­де­сінен заңды күшіне енген күнінен сақтандырудың алғашқы жарнасын ең алдымен жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін болады. Жарна мөлшерін төмендетуге қатысты заңға енгізілген жаңа түзетулер жуырда Парламент тарапынан мақұлданып, мем­ле­­кет басшысы қол қойды.

  Заңдағы жаңа түзетулерге сай, жұмыс беруші медициналық сақтандыруға ай сайын жұмыскер жалақысының 1% көлемінде жарна төлейді және жарна көлемін 3667,9 теңгеден асырмауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар (жеке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақының 5%-ы мөлшерінде немесе 2445,9 теңге көлемінде жарна аудармақ. Жарнаны аударым жұмыстары зей­нетақы төлеу жөніндегі мемлекет­тік орталығы арқылы жүргізіледі.

  Бұл тұста, мемлекет төлейтін жарна көлеміне ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Мемлекет әлеуметтік аз қам­тыл­ғ­ан 15 санаттағы қазақстандық 10 млн. аза­мат үшін жарна төлейтіндігі бел­гілі болды.

   Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жү­йесі жан-жақты талқыланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысын бас­­тады. Бұл уақыт аралығында жүйе­нің маңыздылығы жөнінде халыққа жа­уапты мамандар тарапынан түрлі тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілгені бел­гілі. Алайда, денсаулық сақтауды қар­жы­ландырудың жаңа жүйесіне қатысты көпшілікті толғандырған сауалдар жетерлік.

  Аталмыш жүйе 2017 жылдың 1 шіл­де­сінен заңды күшіне енген күнінен сақтандырудың алғашқы жарнасын ең алдымен жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін болады. Жарна мөлшерін төмендетуге қатысты заңға енгізілген жаңа түзетулер жуырда Парламент тарапынан мақұлданып, мем­ле­­кет басшысы қол қойды.

  Заңдағы жаңа түзетулерге сай, жұмыс беруші медициналық сақтандыруға ай сайын жұмыскер жалақысының 1% көлемінде жарна төлейді және жарна көлемін 3667,9 теңгеден асырмауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар (жеке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақының 5%-ы мөлшерінде немесе 2445,9 теңге көлемінде жарна аудармақ. Жарнаны аударым жұмыстары зей­нетақы төлеу жөніндегі мемлекет­тік орталығы арқылы жүргізіледі.

  Бұл тұста, мемлекет төлейтін жарна көлеміне ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Мемлекет әлеуметтік аз қам­тыл­ғ­ан 15 санаттағы қазақстандық 10 млн. аза­мат үшін жарна төлейтіндігі бел­гілі болды.

        Арал теңізі кеудесіне оқ тиген жаралы сарбаздай еңсе көтере алмай жатқанына жарты ғасырдан асып барады. Таба­нынан су кеткен теңіздің астынан бұлақ шықпайынша жағдайы жақсарар емес. "Теңіз қашан келер екен?" деп күдер үзбегендер үмітін әлі күнге күтіп жүр. Соның ішінде мен де бармын. Теңізде туып, теңізде өскендер көк айдынды са­ғынды. Мәре-сәре болып балық аулай­тын ауыл азаматтары балдырдан балық өндірмесе, бұрынғыдай жайынның жа­йы аңызға айналды. Асан қайғы сүй­сінген ақ сазан да қара қазанда қайна­тыл­мағалы қашан. Ілуде бір қармаққа ілінбесе, қабадан (балықтың өрісті жері­не салынатын дөңгелек тор) да қап­пайтын болған. Бір ауылы құмға көміліп жатса, бір ауылының маңындағы көл­ден балық қашқан, бір ауылының ауыз суы шешілмеген. Бұның бәрі теңізден береке кеткелі мерекелі күні шынайы өтпейтін Аралдың ауыр ахуалы.

    Балалық шағымызда ауылда төңке­рілген қара қайықты қарамайлай­тын­быз. Ауыл ұсталары - "шедевр" шеберлер. Өздері қолдан соғып шық­қан қайықтың сырын олардан артық ешкім білмейді. Шанышпайға арналғаны, ашық айдын қайығы, үлкен толқынды теңізге арналғаны, шағын шалшық қайықтары тағы сол сияқты түрлерін өздері жасап шығады. Ең бастысы, өз өнімдері - өз өмірлеріне сенімді құрал. Себебі су бетінде жүру ажал аузында еңбек етумен бірдей. Қайықтың ескегі де, таянышы да - таптыра бермейтін саймандар. Нағыз балықшының ау құралдары түгел болса, балықты да жақсы аулай алады. "Қан мен тердің" жалғасы жазылар болса, теңіз трагедия­сы арқылы төгілген көз жасты көрсетуге болар еді. Амал қанша, мұндағы халық әлі күн жігері құм болып емес, есесіне әлі күнге дейін экологиялық зардаппен күресіп келеді.

   Алыстан көз тартатын құм­да қалған кемелердің қаңқасы ғана қалған. Ол да теңізбен бірге тозығы же­тіп, тозаң басқан күйде тол­қынның емес, топы­рақ­тың құшағында тұн­шы­­ғуда. Ғасырлар бойы бір тамшысы құрғамаған Арал теңізіне жұмсалған соққылар соңғы жылдары осы халге душар етті. Тіпті себебін тізе берудің қажеті де шамалы, айта-айта тіпті жауыр болды. Ну қамы­сын­да жолбарыс мекен­де­ген деген ақиқат айтсаң, қазіргі буын "ертегі айтып отырсың ба?" деген күйге дейін жеттік, өкініштісі.

   "Теңізден тыныс алам мен" деп жырлаған талант­тар қайта туылса, Аралға жанашырлықпен қарар еді. Көзімізбен көріп жүр­гесін айтамыз. Аралды құр мақ­тай беру "аур­уын жа­сыр­ған өледінің" кері. Тұз­далған балық дегенді естуші ме едіңіз. Қазір теңізден ұшқан тұз ар­қылы күллі Арал аума­ғы тұтас­тай тұздалуда. Оның қасі­реті қаншалық­ты екеніне ой топшылай беріңіз. Қара теріміз аппақ болып бара жатса, бұрын шаң-тозаң дейтін болсақ, қазір тұз жабысқан деп айтып жүре беретін бол­ған­быз. Құр­ғап қалған теңіз түбінен жыл сайын өңірге зиян­ды­лығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаң көтеріліп, жел­мен тарап жатқанын ма­ман­дар ха­бардар етуде.

       Қоғамдық көлік жола­қысы қымбаттайтындығы туралы ақпарат жарыққа шыққалы бері қызылор­да­лықтар әлеуметтік же­ліде қызу талқылау жүр­гі­зіп, қарсылықтарын та­ныт­ты. Бұл топқа жергі­лік­ті БАҚ өкілдері де қо­сы­лып, облыс әкіміне ашық хат жариялады. "1 шілдеден бастап жолақы бастапқы бағасынан отыз пайыз көлемінде көтері­леді" деген әңгіме, ашық хаттың әсері ме, келесі айға қалдырылды. 1 шіл­деде "Қызылорда автобус паркі" ЖШС тарапынан журналистермен пресс-тур өткізіп, түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді, қойылған сұрақтарға серіктестік директоры жауап берді.

   Өткенге көз жүгіртсек, 2016 жылы 10 маусымға дейін жолда жүру құны ере­сектерге 50, оқушы­ларға 20 теңге болатын. Сол жылы Қызылорда қа­ласы бойынша соңғы та­рифті Қызылорда қаласы мәсли­хаты шешімімен қала әкі­мі­нің №5562 қау­лы­сына сәй­кес тариф үл­кен­дерге 70, оқушыларға 30 теңгеге дейін өсті. Арада жыл өтті. Тағы да өсіру жайы алға шықты. "Жыл са­йын баға өсе берсе, "соң­ғы тариф" дегені "сорлы та­риф" болға­ны ма?" деп, кү­йінгендер шықты. Қала­лық мәсли­хат­­тың тұрақты комиссия отырысында халық қалау­лылары нарық­тағы өзгеріс­терге байла­нысты жол жүру құнын ере­сектерге 90, оқу­шылар­ға 40 теңгеге дейін көтеруге шешім шығарған.

   Биліктегілердің айтуы бойынша, бағаны көтеру­дің басты себебі, "әлемдік нарықта қосалқы бөл­шек­тердің бағамы бірне­ше есеге және жанар-жағар­майдың барлық түрлерінің қымбаттауы мен қолжетімді АИ-80 маркалы бензиннің тап­шы болуына байла­нысты" деп отыр. Қазіргі таңда қала­ішілік 25 бағыт­тағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен, оның ішінде үлкен сы­йым­дылықтағы - 160, орта сыйымдылық­тағы - 400, кіші сыйымды­лық­тағы - 310 қоғамдық көлік ха­лыққа қызмет көр­сетуде екен. Осы көліктердің көбі пайдала­натын бензин - 40%, 30% - газ, қалған 30% -ы дизель отынын қолданады. 2017 жылы 2016 жылмен са­лыс­тырғанда АИ-92 мар­калы бензиннің бағасы литріне 124 теңгеден 142 теңгеге, дизель отыны 80-нен 130 теңгеге, газ 30-дан 58 теңгеге дейін өске­нін тариф өсуінің негізгі себебі ретінде көрсетілуде.

   Қазір теңгенің құны жоқ деген­ге құлақ үйренді. Қымбатшылық қал­таны жұқартып, халықты тар­тынып қимылдауға әкелді. Базар бағамын бағамдаудың өзі мүмкін болмай барады. Жалақыдан-жала­қыға жан созым етіп, жан бағумен жанталасып жүрген халықтың "жа­лақы ай соңына жетпейді" дегенді жиі айтатыны содан. Әлбетте, мұн­­дайда есеппен жүру керек де­генді алға тартатындар да бар­шы­лық. Десе де азық-түлік бағасының там-тұмдап көтерілуі мен қоғам­дық көлік құнының қымбат­тауы көптің көңілін түсіріп, мазасын қашырды.

   Шілдеге аяқ бастық. Бірінен бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлемдері артады де­генді естіген жұрт "бір шала байып қалатын болдық қой" деп қуан­ғаны рас. Ел ішіндегі есеп басқа, үкіметтің есебі басқа. Зейнетақы төлемдері қаншаға артты? Әлеу­мет­тік жәрдемақыларды төлеудің тәртібі қандай? Осы сауал­дардың жауабын білмекке Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комите­ті­нің Қызылорда облысы бойынша департа­ментіне жол тартып, маман­дармен сұхбаттастық.

   Бүгінде журналистика өтпелі кезеңде не әрі, не бері өте алмай тұр. Ақпараттық нарық күн санап БАҚ-тың қай бағытын (газет, телевидение, интернет) болмасын, ескішілдіктен арылып, бәсекелес­тікке баруға шақырып тұр. Сол себепті болар, қазір "сөзде сый, қаламда қадыр қалмай барады" дегенді жиі еститін болдық. Бұл "бүгінгі БАҚ-қа берілген баға шығар" деп болжауға болады. Себебі кеңестік кезеңдегі журналистикаға мұндай анықтама бере алмаспыз. Оқырманды отты материалдармен оқыта білген кеңестік БАҚ-ты әлі де аңсау бүгінгі осалдығымызды байқатып қойғандай әсер береді. Өткен мен бүгіннің арасы бөлек әңгіме.

    Біз бүгін журналистердің кәсіби мереке қарсаңында көптің мұнын мұндап, жоғын жоқтайтын журналистердің ортақ проблемасын сөз еткенді құп көрдік.

   Рас, төртінші билік деп төрге шыққанмен тілшілердің әлеуметтік статусын әлі де айқындай алмай келеміз. Елге белгілі журналистердің өзі тісін батырып та, сыпайылап та жеткізгенімен жағдайдың оңалатын түрі жоқ. Нақты мына күні "журналистердің мәртебесі айқындалады" деп кесіп айта алмаймыз. Эфирде әдемі киім киіп, жайлы редакцияға жайғасқанмен, журналистердің басым бөлігінде баспана жоқ. Бұл барлық БАҚ-тың басты проблемасы. Жылт еткен жаңалықты жұмыр басты пендеге бірінші болып сүйіншілейтін журналистердің баспаналы боламыз деген бақытты күні қашан келер екен? Өткен жылы ҚР Экономика министрі Қуандық Бишімбаев "журналистерге баспана беру бойынша арнайы шарттарды даярлауға да­йынбыз" деп журналистерді жігерлендіріп қойып еді. Әттең, соны айтқан министрдің өзі істі болып тыңды.

    Хош! Журналистер жалғыз емес. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылғалы БАҚ-тың беті бермен қарағандай болды. Алдымен, министрлік БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуді бастады, ұлттық журналистер сыйлығын тағайындады. Бұл бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар. Әйткенмен, БАҚ-қа баспана беру бағдарлама ретін­де беки қойған жоқ. Жақында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев астаналықтармен кездесу кезінде журналистерге үй беру мәселесінің шетін шығарды. Министр мәселені бір кісідей біледі. Саясатты да жақсы түсінеді. Дегенмен басқосу барысында министр журналистердің мәртебесін айқындау оң шешім табады деп сендірді.

     Табыс табудың көзін адамдар түрлі са­ладан, әр алуан өндіріс пен саудадан тауып нәпақаларын айырып жүр. Нан табамын деп қам жасағандар қа­тарында қарадомалақ бала мен қартаң тар­тқан қарияларға дейін бар. Нарықтың назары кімге ауса, сол өзіне керек өнім өндіріп, діттеген дүниесін дөң­гелетіп әкетіп жатса, айы оңынан ту­мағандар да кездеседі. Бұлар не болса да, адал еңбектің, маңдай тердің қа­дірін білетіндер. Себебі тынымсыз тір­лік етіп, алдына келгенге алақан жаймай қажырлы қайратымен қаржы тауып жүргендер.

   Қызылорда қаласында жолаушыларды және багаж­ды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы баспасөз-конференциясы өтті. Талқыланған мәселе қоғамдық көліктердегі тарифті ересектерге 100 теңге, оқушыларға 50 теңге көлеміне дейін көтеру. Бұл - әзірше ұсыныс.

   Тарифтің көтерілуі себебін "Қызылорда автобус паркі" ЖШС директоры Әнуар Нақып егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Оның үстіне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов тариф­ті көтеру тығырықтан шығатын тиімді жол екенін айтты.

   "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай республиканың барлық өңірінде белсенді ша­ралар атқарылуда. ТМД мемлекеттерінің арасында алғаш өткізіл­гелі отырған көрме үшін қазақстан­дық­тар аянбай еңбектенуде. Күті­ле­тін нәтиже орасан зор. Төгілген тер мен ақталар еңбектің еш кетпеуі мақ­­сатында әрбір ел азаматтары өз үлестерін қосып бағуда. Бұл қатарда қызылордалықтар да әлемдік шар­аға бел шеше кірісіп кеткен. Сыр елі бойынша да ауқымды шаралар жүзеге асып жат­қанын көзіміз көріп жүр.

   Оның үстіне көптен күткен көр­ме хақында кеңінен насихаттау және тұрғындардың қызығушылығын арттыру мақсатында, үгіт-насихат шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

   Жүргізіліп жатқан жұмыстар шаш етектен. Атап айтар болсақ, көрменің ресми логотипін пайдалана отырып қала бойынша 12 жерге ақпараттық үгіт-насихат құралдарын (билборд) және қалаішілік 112 қоғамдық көлікке тақырыптық жарнамалар жабыстырылып қойылған. Осы көрме аясында Жібек жолы көшесінің бойында "Астана ЭКСПО-2017" және "ЭКСПО-2017" тақырыбымен 3 кіші архитектуралық формалар, 2 лэд қондырғы оған қоса Махамбетов ауылының кіреберісіне 30 жалауша орналастырылған. Бұ­ның бәрі дерлік аталмыш көрменің жарнамасы жақсы болуы мақсатында жасалған.

    Білім беру ұйымдарында мектеп ара­лық шығармашылық байқаулар, көр­мелер, ақпараттық сайыстар өткізілуде.

  Тіпті 8 маусым күні "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне алғашқы қызылордалық көрермендер пойызға отырып, Астанаға жолға шығып та кетті. Алғашқы болу бақыты тазалық және су жүйесі мамандарының қызметкерлеріне бұйырған. Жалпы саны 37 адам. Көрменің көрермендерін шығарып салу Қызылорда темір жолында салтанатты рә­сіммен өтті. Әншілер әннен ша­шу шашып, шығарып салушылар  ақ тілек­терін білдір­ді. Тарихи сәттің куәгері болу кім-кім­ге болса да ерекше қуаныш сыйлары хақ.

    Жолаушыларға өзінің арнайы тілегімен сәт сапар білдіруге  қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов сөз сөйледі.

    - "ЭКСПО-2017" халықаралық ма­мандандырылған көрмесі барша қа­зақстандықтар асыға күтіп жүрген шараның бірі екенін білеміз. Бұл тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді шарасы. Аталмыш көрме инновациялық прогресті алға жылжыту және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс шара. Дүниежүзілік шара жаңашылдығы және келушілер саны бойынша бірегей оқиға. Көрмеге 100-ден аса ел, 10 халықаралық ұйым, үз­дік технологиялар саласындағы алдыңғы қатардағы компаниялар қа­тысады. Осы шараға республика бо­йынша көрмеге алғашқылардың бірі болып қатысқалы отырған қызыл­ордалық көрермендерге ақ жол ті­лей­­міз. Сапарларыңыз сәтті болсын!

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C