Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Көзқарас

Көзқарас (40)

Сейсенбі, 28 Қараша 2017 10:33

Сырдың сырбаз Сұлтаны

| Автор: 

         Алты алаштың анасы атанған Сыр бойының бір бөлшегі саналатын кие­лі Қармақшы өңірінің жүз жүй­ріктің отаны атануы тегін емес. Осы жүз жүйріктің ізін басып, Қызылорда облысының киноландыру жүйе­сі, мәдениет саласы мен өне­рінің өр­кен­деуіне елеулі үлес қосқан абзал аза­мат, білікті басшы, мәдениет қызметкерлерінің ақылшы-ұстазы, Сыр сүлейлері мұраларының жанашыр насихатшысы, асыл ағамыз Сұлтан Сармолдин еді.

     2017 жылдың 17 қарашасы күні Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында Қызылорда облысының мәдениет, архив­тер және құжаттама басқармасы мен Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығар­ма­шылығын дамыту және мәдени-про­дюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: ру­ха­ни жаңғыру" атты мақаласы ая­сында С.Сармолдиннің өмірі мен шы­ғар­машылығына арналған "Сырдың сырбаз Сұлтаны" атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шара барысында елге аға болған жанның тұлғасы жастарға үлгі, кейінге естелік болсын деген мақ­сатта "Сырдың сырбаз Сұлтаны" атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде Қар­мақшы ауданы әкімі­нің орынбасары Сәмитов Мәжит Сәмитұлы, Қар­мақшы ауданы әкімі­нің кеңесшісі Дастанбек Нәзікбаев, Қармақшы аудандық мәслихаттың хатшысы Марат Наятұлы, "Жаңажол" жауапкер­ші­лігі шектеулі серік­тесті­гінің бас агрономы, аудандық мәслихаттың депутаты Төлеу Ералиев, мәдениет ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісі­нің иегері Шекер Орын­бае­ва және аға­мыздың жары Тасболатова Күміс Исламқызы естеліктерімен бөлі­сіп, кітаптың көрермендерге жол тартуы­на өз лебіздерін білдірді. Сонымен қа­тар жергілікті ақын Достық Тілеу­бер­геновтің сөзіне жазылған аға­мызға арналған арнауды жырау Әділбек Сүлей­менов орындаса, жас әнші Ержан Алпысбаевтын орын­да­уында Сұлтан Сармолдиннің сөзіне жазылған жер­гі­лікті композитор Базарбай Жүсіпбаевтың "Сағыныш" әні көпшілік көңілі­нен шығып, орындаушылар жиналған қа­уым ризашылығына бөленді. Тарихы мол ізгілікті шараның өтуіне қаржы­лай көмек көрсеткен Қармақшы ауданы әкімдігі мен "Жаңажол" жауапкер­ші­­лігі шектеулі серіктес­тігі және Сұлтан ағамыздың отбасы бол­ды.   

   Әрбір халық уақыт шең­бе­рінде рухани жаңғырып, жа­ңарып отырады. Ал рухани жаң­ғыру мен жаңаруда білім­нің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақ­тай отырып, заман көші­нен қалмауға, ілесуге, жаңа­лық­қа ұмтылуымыз қажет. Жаңа заманда бірнеше тілді білген адам оқ бойы озық бола­тыны сөзсіз. Мұхтар Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген сөзі үнемі жаны­мызда болуы тиіс.

   Білім беру жүйесінің ал­дын­да үлкен міндеттер тұр. Бұл саладағы жаңғырту оқы­ту­дың осы заманғы әдістемелері мен технологияларын енгі­зуді, педагогтар құрамының са­пасын, соның ішінде білік­тілікті дәлелдеудің тәуелсіз жүйесі арқылы арттыруды, жастардың білімге қолжетім­ділігін кеңейтуді көздейді.

    Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрларды даяр­лаудың түбегейлі жаңа моделі енгізіліп, педагогтар құрамы­ның сапасын арттыру, мұға­лім­дер корпусын жаңа зият­керлік қайнарына айналдыру міндеті күн тәртібінен түскен емес. Оны жүзеге асыруда мұ­ғалім шығармашылығы мен құ­зыреттілігінің мәні зор де­сек, оның мақсатты түрде кә­сіптік деңгейінің үздіксіз да­муына жағдай жасау, қолдау көр­сету - оқу орнындағы әдіс­те­мелік қызметтің мін­деті.

   Колледждегі әдістемелік қызметтің мақсаты - колледж инженер-педагогтарының кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқу үдерісіне оқытудың жаңа инновациялық технология­ла­рын енгізу. Ал, негізгі міндет­тері инженер педагог­тарға оқу­шыларды оқыту мен тәрбие­леу­дің және дамытудың қағида­лары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру; ин­женер педагогтарды педагоги­калық бағыттағы шы­ғар­машы­лық ізденіске тарту; озық педа­го­гикалық іс-тәжі­рибелерді облыс көлемінде тарату.

   Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың санасы сәуле болар мазмұнды шығармалар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, әлемге Абай арқылы танылған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Замана суретшісі, ұлы ойшыл Мұхтар Омарханұлының терең тол­ғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Рухани жаң­ғыруға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс.

   Қазақ халқының әдеби-мәдени тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің алатын орны ерекше. М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы жазушы. Сондықтан болар, Зейнолла Қабдоловтың "Толстойды оқымай орысты, Бальзакты оқымай французды, Әуезовті оқымай қазақты біл­дім деу сондай қиын" деп айтуы бекер емес. Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен оның шығармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық.

    Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Бөрілі ауы­лында туған. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесін көрген. Атасының ықпалымен алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына нақышына келтіре жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.

   Елбасы қазақстан­дық­тардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді та­нып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. Сон­дай-ақ, "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қал­майды. Үш тілдің бірін­шісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" дегенді де нақты айтқан болатын. Дегенмен, үштұ­ғырлы тілдің мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Осы жерде нақтырақ тоқталып кетейік. Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пай­даланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ену тілі.

    Үштұғырлы тілдің, шын мәнінде, мемлекеттік тілге зияны жоқ, үштұғырлы тіл өмірлік қажетті­ліктен туындаған идея. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін арттырады. Еуропада да көп тілді мең­герушілік жалпыға ортақ норма болып саналады.

   Елбасы Н.Назарбаев: "Әр тіл - адамзаттың бай­лығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік арена­ға шығаратын жол",- деп мәлімдеме жасады. Себебі, ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бә­секеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдақ. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Осы орайда айта кетейін, "Үштұғырлы тіл" идеясының үшінші құ­рамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін меңгеру дегенді ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деп түсіну керек. Осындай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қа­зақ, орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола білу - бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі боларына сенімдімін.

Шынар ЕРКУЖАЕВА,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің

ағылшын тілі пәні оқытушысы

  Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қо­лында. Олардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.

  Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдісте­мелік шеберлігіне байланысты. Шеберлік ізденістен басталады. Іздену шығармашылықпен іске асырылады.

   "Шығармашылық" деген сөздің мәніне үңілсек, ол адам­ның мақсатты іске жету жолын­дағы талаптануы мен талпыны­сынан, жігері мен сабырынан, сұ­ранысы мен ізденісінен түзеліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялы­ның ерекше бітімінен көрінеді.

    Қоғамда "орындаушы" адам­нан гөрі "шығармашыл" адамға деген сұраныстың көп екендігі дәлелденіп отыр.

  Шығармашылық психоло­гия­лық еңбектерде еркін әрекет ретінде сипатталды, өйткені адам өз таңдауында еркін болуға тиісті. Шығармашылық әрекет, соны­мен қатар интиуцияның орын алып, қиялдың қанат қағуы, сезім­нің жоғарылауымен, үздік­сіз ізденіспен сипатталды.

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 03:13

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – РУХАНИ ДАМУ КЕПІЛІ

| Автор: 

    Зайырлы қоғам дегеніміз - қо­ғам­ды діннен бөлу нәти­же­сінде пайда болған қоғамдық қатынастар, діни нормалар не­гізінде емес, азаматтық негізде реттелетін мемлекеттік орган­дар­дың шешімдері, діни тұрғы­дан шығарылмайтын қоғамның сипаты. Зайырлы қоғамда әрбір адам ешқандай діни бағыттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Зайырлы қоғамда барлық діни конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер демалыс күні ретінде белгіленеді. Қазақ­стан қоғамы зайырлы қоғам бо­лып табылады. Себебі, Қазақ­-стан Республикасы Конститу­ция­сының 1-бабының, 1- тар­ма­ғында "Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемле­кет ретінде орнықтырады делін­ген". Конституциялық негіздегі "Зайырлы" ұғымы мемлекеттің барлық салаларында (рухани, әлеу­меттік, мәдени, діни), со­ның ішінде білім саласында да ашық, айқын саясатты ұстана­тын­дығымызды білдіреді. За­йыр­лы қоғам дегеніміз - ілгері­шіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам. Зайырлылық дін­сіздік емес, дін мен қоғамның жа­расымды бірлігі. Дінсіз мем­лекет жоқ, мемлекетсіз дін жоқ. Дін мен мемлекеттің түйісер же­рі - елдің тұтастығы, қоғамның ауыз­біршілігі және тұрақ­ты­лы­ғы. Қазақстан зайырлы мем­ле­кет. Дін заңмен қорғалады, дін нор­малары азаматтық заң нор­ма­ларына қайшы келмейді. Дін мен мемлекеттің арасы ажыра­тыл­ған. Қазақстан Республика­сы­ның орта білім беретін мек­теп­терінде "Зайырлылық және Дін­тану" пәні оқытылады. "Өр­леу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Қызылорда облысы педагогикалық қызметкерле­рі­нің біліктілігін арттыру инсти­ту­тында облыс аумағындағы мектептердің дінтану пәнінен дәріс оқитын мұғалімдеріне ар­нап "Зайырлылық және Дінтану" біліктілікті арттыру курстары жүр­гізілуде.

    Қазақстан Республикасы Үкіме­ті­нің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қау­лысына сәйкес елімізде ТМД елдері арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жү­йесі - "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлт­­тық орталығы" Акционерлік Қо­ға­мы құ­рылды. Оның құрамына Білім бе­ру жүйесінің басшы және ғылыми-пе­дагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 об­лыстық педагог қызметкерлердің бі­ліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді. Бұрын әрқайсысы өз бетінше жұмыс жүргізіп жатқан инс­титуттар бір жүйеге бірік­тірілді.

    Қазір бұрынғы 36 сағаттық білік­тілік арттыру курстары орнына 72, 80, 120, 160 сағаттық курстар өткізілуде. 2012 жылдан бастап деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстар, 2015 жылдан бастап "Өзін-өзі тану" пәні­нен 3 айлық деңгейлік курстарды өт­кізу қолға алынды. Деңгейлік курстардың бағдарламасы "Сындарлы оқыту теориясына" негізделген. Бұл теория­ның мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

     Біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімнің өз бо­йын­да төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

   * бағдарламаның негізгі идея­ларына сәйкес рефлексивті ойлау;

   * оқыту үдерісін жоспарлау;

  * жеті модуль тақырыптары бойынша ықпалдастырыл­ған сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру;

   * оқушыларды оқу үдерісіне тарту;

   * оқушыларды тиімді түр­де жүйелі бағалау;

   * өзінің оқыту үдерісі бо­йын­ша рефлексия жасай алуы.

  Деңгейлік бағдарламалардың соңында тыңдаушылар Педагогикалық өлшемдер орталығы мамандары өткізген біліктілік емтихандарында инс­титутта 5 жыл көлемінде оқыған 2155 тыңдаушының 2152-і оң нәтиже көрсетті. Сапалық көрсеткіш 99,9%. Бұл республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі.

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 10:03

Жаңа технология – заман талабы

| Автор: 

       Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие ісін тиімді жүргізуіне, оқушымен тікелей қарым-қаты­нас жасауына өзіндік ықпалын тигізері даусыз. Қа­зіргі ақпараттық технологияның өркендеп келе жатқан заманында оқушыны бір нәрсеге қызықты­ру­дың өзі сөзсіз қиынға соғады. Осы мақсатта мұғалімге жаңа технологиялар көмегін тигізеді.

    Жаңа технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша, шығармашы­лықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл орайда технологияны жүзеге асырушының өзіндік идеясы, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді. Сонымен қатар, оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштар­лығы негізгі рөл атқарады.

   Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиялар пайдалануға еніп, көптеген нәтижелер беруде. "Ұжым­дық оқыту әдісі", "Дамыта оқыту технологиясы", "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы"  - мектеп прак­тикасына кең тараған тәсілдер.

  "Дамыта оқыту" деп баланың білім алуға деген әрекетін ұйымдастыра отырып оқытуды атайды. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекше жағдай - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда жай бағыт-бағдар беруші ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі ұйытқысы. Дамыта оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытады. Ойлауға дағдыландыратын сабақтарды біз дамыта оқыту деп білеміз.

   Аталмыш жүйеде мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сыйластыққа, достыққа негізделеді. Бұл технологияда жақсы оқушы, жаман оқушы деп бөліп жармайды. Нашар оқитын оқушы да өзінің шамасы жеткенше шығармашылықпен айналыса алады. Сон­дықтан бұл жерде мұғалімнің оқушыға деген ыстық ықы­ласы ерекше болуы міндетті. Соған сәйкес оқушы­ның да өзіне сенімі артып, алға ұмтылады деп есеп­телінеді.

   Мектепте ән сабағының мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жылдарымда уақытша сынып жетек­шілік қызметін атқардым. 8-сыныптың жетекшісі 1 айлық оқуға кетуіне байланысты тәртібі қиын оқушылары бар сыныпқа уақытша жетекші болған едім. 30-ға жуық оқушысы бар сыныпта сабақтан жиі қалатын 2-3 оқушыны қатарға қостым. Жасы­ратыны жоқ, сабаққа себепсіз келмей қалған оқу­шының үйіне барып, ұйқысынан тұрғызып алып келіп, партаға отырғызып қойған күндер де кез­десті. Мұнан кейін оқушылар сабақтан қалмайтын болды. Тіпті оқушыларым "мектепте оқып жүріп, алғаш рет сынып оқушылары түгел отырмыз" деп қуанған сәттерінің куәсі болдым.

    Сол жылдары мектеп директоры болған Г.Сағидатова 4 сыныпты бітірген оқушыларды білім деңгейіне қарай жақсы, орташа және нашар оқитындарды 3-ке бөлді. Солардың ішінде ең нашар оқитын, тәртібінде қиындығы бар бала­лар­дан құралған сыныптың жетекшілігін маған сеніп тапсырды. Сабақ үлгерімі төмен, сабақтан көп қалатын оқушылармен жұмыс жасау өте қиын болды. Сабақтан қалып қойған оқушылардың үйі­не шаршамай барып, алып келіп ылғи жүгірумен жүрдім. Мұғалімдерден сұранбай, рұқсатсыз қой кезекке шыққан баланы қой кезектен, сабақтан қашып, егін алқабына кеткен оқушының соңынан трак­тормен қуып барып сабаққа қатыстырдым. Оқушылардың себепсіз сабаққа қатыспай қалуына мүмкіндік бермедім. Оларға қол көтермедім, қатты ұрыспадым. Тіпті ата-анасын ертіп келіп, сабаққа қатысуын ұйымдастырдым. Нашар оқитын оқушы­ның жанына жақсы оқитын оқушыны отырғыздым. Сабақтары түзеліп келе жатқанын байқаған сәтте, сынып ішінде жұптық жарыстар өткізіп отырдым. Осылай сыныпта бір тоқсанда 1 оқушыны, екінші тоқсанда 2 оқушыны екпінділер қатарына шығардым. Сабақтан 5-тік баға алған оқушыны күнделікті басқа сыныптастарының алдында мақтап отыратынмын.

   Сыныпта оқушыларымның тазалығына қатты мән беретінмін. Тіпті шаштарын өзім алып берген оқушыларым да болды. Өмір болғаннан кейін түрлі тағдырлар, түрлі отбасылар болады ғой. Анасы жоқ, әкесі баласының өміріне қызы­ғушылық таныт­пайтын оқушымның киімі мен оқу құралдарын түгел­деп беретінмін. Ал, оқу үлгерімі нашар, отба­сында қадағалайтын адам жоқ оқушыларымды са­бақ­тан соң алып қалып, үй тапсырмасын орын­да­уына жәрдемдесіп жүрдім.

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 09:55

Баланы жөнге салатын - ұстаз

| Автор: 

   Тәрбиенің ең мол қоры - мектепте. Жаңа оқу жы­лы да таяп қалды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы қолға алынып жатыр. Бұл бағдарлама заман талабына сай келешек ұр­пақтың сұранысын қанағаттандырады. Елбасының кезінде "Бұл заман бі­лекке емес, білімге сене­тін заман" деп айтқаны бар еді. "Күшті екенмін" деп, әркімге күш көрсететін дәуір кетті. Жастарымыздың барынша білімді бол-ғанын қалаймыз. Ел қуатты болуы үшін ең алдымен ғылым мен білім керек. Об­лысымыздағы барлық мектептерде жұппен, топпен жұмыс жасау әдісі жүр­гізілуде. Коммуникативтік қарым-қатынас жүр­­гізу үшін, шығарма­шы­лықпен жұмыс жасау үшін жаңа оқу әдіс-тә­сілдері қолданылып жатыр. Мысалы кол­ледж­дердің өзінде информатика пәндерін тә­жі­рибе ретінде ағыл­шын тілінде оқы­­туда. Үш тіл­ділік саясаты өз ретімен орын табуда. Бұл дегенің біздің жас­тар өр­кениетке, жаңа технология саласында көзі ашық, кө­­кірегі ояу азамат ретінде тәр­биеленіп жатыр деген сөз.

   Ал, менің 40 жылдық ұстаздық ғұмырымда қиын балалар, тәрбиеге көнбеген балалар аса көп кезіге қойған жоқ. Баланы жөнге салатын - ұстаз. Бәрі мұға-лімдерге байланысты. Оқу­шымен қарым-қатынас жақ­сы болса, оның тәрті­біне назар салынып отырса, ол неге  нашар бала бо­л­уы керек? Мұғалім оқу­шы­­ның әр ісіне бақылау жасап, жоғын жоқтап, мұ­ңын мұң­даса, тәрбиеде ұс­таз жеңіске жетер еді.

   Отбасылық тәрбиенің жөні бір басқа. Мен алты аға­йынды болып өстім. Әкеміз анамызға бір қол кө­теріп немесе бізге айқайлап сөйлеген кезі болмаған. Бірақ, біз ата-анамыздың қас-қабағынан-ақ олардың көңіл-күйін  ұғып қоя­тынбыз. Әкеміз іссапардан үйге оралғанда міндетті түрде кітап әкеліп беретін. "Мейлі кешке оқы, мейлі күндіз оқы, тек қана үздік оқы" деп, әкеміз арнайылап қолтаңба жазып беретін. Сондықтан болар отбасымызбен кітапқа құмар болдық. Сол арқылы жаңашылдыққа ұмтылдық. Телеарналардан соңғы жаңалықтарды қаратып, газет-журналдарды оқытып жү­ре­тін. Мұның барлығы әкем­нің қанымызға сіңдір­ген ілімге деген ынтықты­ғы, оның бізге берген тәр­биесі десек жалған емес.

Page 1 of 3

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер