Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 27 Қазан 2017 03:16

Шығармшылық - нәтижелі оқытудың негізгі

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қо­лында. Олардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.

  Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдісте­мелік шеберлігіне байланысты. Шеберлік ізденістен басталады. Іздену шығармашылықпен іске асырылады.

   "Шығармашылық" деген сөздің мәніне үңілсек, ол адам­ның мақсатты іске жету жолын­дағы талаптануы мен талпыны­сынан, жігері мен сабырынан, сұ­ранысы мен ізденісінен түзеліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялы­ның ерекше бітімінен көрінеді.

    Қоғамда "орындаушы" адам­нан гөрі "шығармашыл" адамға деген сұраныстың көп екендігі дәлелденіп отыр.

  Шығармашылық психоло­гия­лық еңбектерде еркін әрекет ретінде сипатталды, өйткені адам өз таңдауында еркін болуға тиісті. Шығармашылық әрекет, соны­мен қатар интиуцияның орын алып, қиялдың қанат қағуы, сезім­нің жоғарылауымен, үздік­сіз ізденіспен сипатталды.

  Ал бастауыш сыныптағы бала­лардың шығармашылығы - тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашы­лық кезеңдерін шартты түрде былай топтастырамыз:

1.   Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2.   Шығармашылық, екіұш­тылық, белгісіздік.

3.   Шешімнің жарқ етуі.

4.   Шығармашылық акт.

5.   Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

    Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезендерде жаңалықты сезіну, қарама-қай­шылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа де­ген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, таным­дық ой-қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады.

    Мұғалім шығармашылық әрекетте өзін көрсете отырып, әлеуметтік мәртебесін жоғарыла­тады. Ол педагогикалық шығар­ма­шылық арқылы алдымен өзі өзгеріп, содан соң ұстаздық әрекетке жаңашылдық әкеледі. Мұны оның өзінің құндылық бағдарының артуы және жалпы азаматтық құндылықтарға үлес қосуы деп қарастыруға болады.

    "Мен өз іс-тәжірибемде жас ұрпаққа білім беру жолында "Сын тұрғысынан, ойлау", "Дамыту оқыту", "Ойын арқылы оқыту", "Деңгейлік оқыту", "Электрондық оқыту", "Модульдік оқыту" әдіс­терін қолданамын. Баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенді­лі­гінң дамуына жол ашу баста­уыш және орта буында бағыттап бағдарламаса, жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашы­лық мүмкіндігі шектеліп, тоқы­рап қалады.

  Сондықтан өзімнің шығарма­шылық тақырыбымды "Әдебиет­тік оқу, көркем жазу сабақта­рын­да оқушылардың шығарма­шы­лық қабілетін дамыту" деп атау­дағы басты мақсатым - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, дүниеге өзіндік қөзқа­расының қалыптасуына жол ашу.

   Шығармашылыққа баулу­дың өзіндік іс-әрекетін ұйымдас­тырудың сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады: тақырып­ты мазмұнынан алуға болады; арнау­лы бір тақырыпта пікірталас тудыру; сөзжұмбақ құру, шешу; шығарма, шағын әңгіме құрау; әңгімені бөліктерге бөлу, ат қойғызу; қиялдау арқылы суре­тін салғызу, рөлге бөліп оқыту; кейіпкерге мінездеме беру; маз­мұндама түрлерін жазу; адасқан сөзді орнына қою; суретті кітапша жасату, жазбаша баяндау; ертегі, әңгіме құрату; шығармалар жаз­дыру; өлең құрау немесе аяқтау.

   Баланың танымын дамы­тып, тәрбиелей білуіміз шарт. Сол үшін әрбір ұстаз алдындағы балауса шәкірттерінің дүние­танымын бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, айналадағы өмір болмысына сай жан-жақты тәлім-тәрбие беруді көздейді. Меніңше, жас бүлдіршіндердің мектепке алғаш келген күннен бастап, біліммен қатар таным­ды­лық, қасиеттерін де дамыту, тәрбиелеуді қолға алу қажет. Себебі өзін қоршаған ортаны жете таныған бала, сабақты да терең меңгереді.

   Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүм­кін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасы­рынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болады, ал мұға­лім осы әрекетке бағыттауда, оқытуды ұйымдастыруда жетек­ші рөл атқарады.

   Оқушылардың шығарма­шылық дербестігін, ізденімпаз­дығын қалыптастыруда, сы­нып­тан тыс, жеке ұжымдық жұ­­­мыстар ұйымдастыруда шы­ғармашылық ой, пәндік апта­лықтар мен ғылыми шығарма­шылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факуль­та­тивтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқу­шы­лардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қа­жет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен шығар­машылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыс­тар, көркемөнер және техника­лық көрмелер, түрлі шығарма­шылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Гүлмира СУХАНОВА,

М.Горький атындағы

№16 мектеп-лицейдің

бастауыш сынып мұғалімі

Оқылды: 229 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C