Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 04:23

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың санасы сәуле болар мазмұнды шығармалар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, әлемге Абай арқылы танылған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Замана суретшісі, ұлы ойшыл Мұхтар Омарханұлының терең тол­ғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Рухани жаң­ғыруға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс.

   Қазақ халқының әдеби-мәдени тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің алатын орны ерекше. М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы жазушы. Сондықтан болар, Зейнолла Қабдоловтың "Толстойды оқымай орысты, Бальзакты оқымай французды, Әуезовті оқымай қазақты біл­дім деу сондай қиын" деп айтуы бекер емес. Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен оның шығармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық.

    Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Бөрілі ауы­лында туған. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесін көрген. Атасының ықпалымен алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына нақышына келтіре жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.

   1908 жылы Хазірет медресесінде оқып, одан орыс мекте­бінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп "Дауыл" атты алғаш­қы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясында оқып жүр­генде Шәкәрім Құдайбердіұлының "Жолсыз жаза" дастаны негізінде "Еңлік-Кебек" пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахналайды. "Еңлік-Кебек" Мұхтар Әуезовтің трагедия жанрында жазған тұңғыш шығармасы.

   М.Әуезовтің алғашқы көр­кем шығармасы "Қорғансыздың күні" әңгімесі 1921 жылы "Қызыл Қазақстан" журналының №3-4 сандарында "Арғын" деген бүр­кен­шік атпен жарыққа шыққан. Жазушы осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қи­налған кезін баяндап берген. Шы­ғарманың атауымен бір жылдан кейін, 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шығады.

   Шығармашылық сапары қазан төңкерісімен тұстас келген суреткер жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазылған "Қорғансыздың күні" әңігімесінен "Абай жолы" роман-эпопеясына, "Еңлік-Кебек" трагедиясынан "Қарақыпшық Қобыландыға", отызыншы жылдардағы әңгімесі - "Білекке білектен" "Өскен өркен" романына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан КСРО халықтары әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалистік сипат мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне дейін ұзақ та жемісті жол кешті.

   М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы - қазақ әдебиеті­нің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогрес­шіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс кеңес жазушысы К.Федин: "Ұлт туралы толық та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... М.Әуезов өзінің "Абайымен" ме­нің қазақ халқы туралы түсі­ні­гімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен дала­ның жұпар ауасын жұтып, қа­зақ боп кеткен тәріздімін..." - деп жазды. Француз жазушысы Л.Арагонның: "Эпикалық Абай романы" XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі" деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ лебізі еді.

   "Абай жолы" - қазақтың көр­кем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қы­рынан энциклопедиялық дең­гейде жан-жақты ашып көр­сетті. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын "Абай" (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын "Абай жолы" (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын "Абай жолында" қазақ қоғамының ал­уан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этно­графиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дау­ға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәні­мен бірге ұлттық әдебиет пен мә­дениетті, ана тілін өркендетудегі рө­лі зор болды. Алғашқы екі к­і­тап­­тан тұратын "Абай" романы үшін жазушыға КСРО Мемле­кет­тік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық "Абай жолы" роман-эпопеясы жарық көргеннен ке­йін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дү­ние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық "Әлем әдебиеті кітапханасы" топтамасында екі том болып басылды.

   Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойлары өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөлген. Ж.Аймауытовпен бірге шыға­рыс­­қан "Абай" журналының 1918 жылы 11-санында жарияланған "Оқу ісі" атты мақаласында қа­раң­ғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдік­ке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін айтады. 1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан "Қазақ шаруа жастар мектебіне арнал­ған программа және түсінік хаттар" деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арнал­ған "Суретті әдебиет туралы" атты бөлімін М.Әуезов, Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған.

   М.Әуезовтің әдебиеттегі дәстүрі, халықтың сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін зор құрмет тұтудың, отаншылдық, азаматтық биік мұраттың, ана тілін ардақтау мен талғамдылықтың, өзге халықтардың рухани жетістігінен үйрене білу­дің, әдебиеттің тағылымдық, тәрбиелік, көркемдік орнын түсінудің сара дәстүрі.

   Бүкіл саналы өмірі мен дарын, қайратын туған халқына, Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған, қазақ әдебиетін асыл шығармаларымен байытқан аса көрнекті жазушы, ға­лым, қоғам қайраткері М.Әуезов есімі ұрпақтан ұрпаққа жетіп, еш ұмытылмақ емес.

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қазақтың қос арысы, қос данасы

Қалайша бас имессің оған, сірә,- деп, Мағжан Жұмабаев жазғандай, қазақтың мақтанышына айналған Мұхтар Әуе­зов­тің шығармашылық мұрасы ұлт мүддесі мен болашағы үшін қызмет ете бермек.

Кенжеш Оралова,

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық

колледжінің мұғалімі

Оқылды: 248 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C