Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 06:30

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҚЫЛАУ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Әрбір халық уақыт шең­бе­рінде рухани жаңғырып, жа­ңарып отырады. Ал рухани жаң­ғыру мен жаңаруда білім­нің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақ­тай отырып, заман көші­нен қалмауға, ілесуге, жаңа­лық­қа ұмтылуымыз қажет. Жаңа заманда бірнеше тілді білген адам оқ бойы озық бола­тыны сөзсіз. Мұхтар Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген сөзі үнемі жаны­мызда болуы тиіс.

   Білім беру жүйесінің ал­дын­да үлкен міндеттер тұр. Бұл саладағы жаңғырту оқы­ту­дың осы заманғы әдістемелері мен технологияларын енгі­зуді, педагогтар құрамының са­пасын, соның ішінде білік­тілікті дәлелдеудің тәуелсіз жүйесі арқылы арттыруды, жастардың білімге қолжетім­ділігін кеңейтуді көздейді.

    Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрларды даяр­лаудың түбегейлі жаңа моделі енгізіліп, педагогтар құрамы­ның сапасын арттыру, мұға­лім­дер корпусын жаңа зият­керлік қайнарына айналдыру міндеті күн тәртібінен түскен емес. Оны жүзеге асыруда мұ­ғалім шығармашылығы мен құ­зыреттілігінің мәні зор де­сек, оның мақсатты түрде кә­сіптік деңгейінің үздіксіз да­муына жағдай жасау, қолдау көр­сету - оқу орнындағы әдіс­те­мелік қызметтің мін­деті.

   Колледждегі әдістемелік қызметтің мақсаты - колледж инженер-педагогтарының кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқу үдерісіне оқытудың жаңа инновациялық технология­ла­рын енгізу. Ал, негізгі міндет­тері инженер педагог­тарға оқу­шыларды оқыту мен тәрбие­леу­дің және дамытудың қағида­лары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру; ин­женер педагогтарды педагоги­калық бағыттағы шы­ғар­машы­лық ізденіске тарту; озық педа­го­гикалық іс-тәжі­рибелерді облыс көлемінде тарату.

  Әдістемелік қызметтің ор­та­лығы әдістемелік кабинет бо­лып табылады. Оның мінде­тіне оқытушыларға сабаққа да­йын­далу барысына, сыныптан тыс іс-шараларға тәжірибелік көмек көрсету, сапалы маман дайын­дау барысында туындаған мәсе­лелерді шешуге және де оқы­тушыларға тәжірибелік өсуіне көмектесу.

   Әдістемелік қызметтің озық тәжірибелері мен жаңа идея­ларды дамытудың маңызы зор. Бұл бағытта колледжімізде жү­йе­лі жұмыстар жүргізіліп келеді. Колледждегі әдістемелік жұ­мыс­ты басқару, оның міндет­те­рі, мазмұны және ұйымдық не­гізін педагогикалық ұжым түгел­дей нақты ұғыну қажет.

   Қазіргі таңда біздің әдісте­мелік жұмысты ұйымдастыру 7 ба­ғытта жүзеге асырылады. Кол­ледж "Білім беру үрдісін ақпа­рат­тандыру арқылы білім алу­шы­лардың білім сапасын кө­теру, педагогтардың ғылыми-шы­­ғармашылық ізденістерін же­тілдіру" тақырыбында жұмыс жасайды. Педагог қызмет­кердің кәсіби біліктілігіне 3 блогты мониторинг жүргізуге болады: әдістемелік, нәтижелілік, же­тіл­діру. Әрбір блогтың өзіндік бағалау критерийлері болады.

   Педагогтардың қазіргі за­ман­ғы оқыту үрдісіндегі жаңа­лықтар мен өзгерістермен таны­сып отыруы - сапалы білім беру­дің кепілі. Сондықтан да оқы­тушыларымыздың білік­тілігін жетілдіру курстарынан мерзі­міне сәйкес өтіп отыруы кол­ледж­дегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы.

    Колледж педагогтары соңғы үш жылда түрлі іс-шараларға үзбей қатысып келеді. Мәселен, 2016-2017 оқу жылында респуб­ликалық 8, облыстық 37 семи­нар, конференциялар мен бай­қаулар өткізілген.

   Колледж базасында "Кәсіп­тік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты" атты VІ облыстық еңбек форумы, "На­рықтық экономика жағда­йында ауыл шаруашылығы саласы үшін техникалық және кәсіптік білімді маман даярлау­дың кей­бір мәселелері" тақыры­бындағы облыстық семинар-кеңесі, "Үз­дік механизатор" және Үздік тас қалаушы" облыс­тық байқаула­рының өткізілуі колледжіміздің әлеуетінің қан­шалықты көте­рі­ліп келе жат­қандығының айқын көрінісі.

   Колледж облысымыздағы "e-learning" электронды оқыту жүйесі енгізілген бірден-бір оқу орны. Басты мақсаты - білім беру са­па­сын және басқару тиім­ділігін арт­тыру үшін оқу про­цесін автомат­тандыру, педагог­тар мен оқушы­ларды ең жақсы білім беру ресурс­тарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

   Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін 2017 жылдан бастап "Бар­шаға арналған тегін кәсіптік-техни­ка­лық білім" жобасы жү­зеге асы­рылуда. Бұл біздің сала­мыз үшін өте маңызды жоба. Колледж ұстаздары жаңартыл­ған білім беру мазмұны жағ­дайында білім жетіл­діру курс­тарынан өтіп, білімдерін шың­дауда. Жұмыстық оқу бағдар­ла­маларын әзірлеп, арнайы пән­дер бойынша оқу-әдістемелік құралдар құрастыруда. Ұстазда­рымыздың баулыған шәкірттері республикалық, облыстық "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық чемпионаты мен "Өз кәсібінің үздігі" облыстық байқаулары­ның жеңімпазы атануда. Ұстаз­да­рымыз түрлі кәсіби байқау­ларға қатысып, жүлделі орын­дар­дан көрінуде. Бұл да кол­ледж ұстаздарының рухани жаң­ғыру қоғам дамуының басты қа­ғи­дасы екенін сезінуінің кепілі.

   Мониторинг жүйесінің нә­ти­жесінде атқарылған жұмыс­тар­дың қорытындысы туралы нақты ақ­парат алуымызға мүм­кіндік туады. Педагогтың кәсіби қызметіне мониторингтік зерт­теу жүргізу мен оның рейтин­гісін шығару нәтиже­сінде мы­надай мақсаттарға қол жеткі­земіз: әрбір педагогтың өз білі­мін үздіксіз жетілдіріп отыруы, педа­гогикалық тәжірибесін шың­дау, ақпараттық ресурс­тар­ды кеңі­нен пайдалану, заманауи білім тех­нологияларын пайда­ла­ну. Сондықтан да педагог­тардың оқу-тәрбие үрдісіндегі әрекетін жан-жақты зерделеуде мониторинг жүйесінің орны ерекше. Оқу-тәрбие үрдісін ұйым­дастыру сапа­сының ар­туында бұл жүйе педа­гогтардың  шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырады.

Шәрбану БАЕКЕЕВА,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің әдіскері

Оқылды: 227 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C