Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 28 Қараша 2017 10:33

Сырдың сырбаз Сұлтаны

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

         Алты алаштың анасы атанған Сыр бойының бір бөлшегі саналатын кие­лі Қармақшы өңірінің жүз жүй­ріктің отаны атануы тегін емес. Осы жүз жүйріктің ізін басып, Қызылорда облысының киноландыру жүйе­сі, мәдениет саласы мен өне­рінің өр­кен­деуіне елеулі үлес қосқан абзал аза­мат, білікті басшы, мәдениет қызметкерлерінің ақылшы-ұстазы, Сыр сүлейлері мұраларының жанашыр насихатшысы, асыл ағамыз Сұлтан Сармолдин еді.

     2017 жылдың 17 қарашасы күні Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында Қызылорда облысының мәдениет, архив­тер және құжаттама басқармасы мен Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығар­ма­шылығын дамыту және мәдени-про­дюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: ру­ха­ни жаңғыру" атты мақаласы ая­сында С.Сармолдиннің өмірі мен шы­ғар­машылығына арналған "Сырдың сырбаз Сұлтаны" атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шара барысында елге аға болған жанның тұлғасы жастарға үлгі, кейінге естелік болсын деген мақ­сатта "Сырдың сырбаз Сұлтаны" атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде Қар­мақшы ауданы әкімі­нің орынбасары Сәмитов Мәжит Сәмитұлы, Қар­мақшы ауданы әкімі­нің кеңесшісі Дастанбек Нәзікбаев, Қармақшы аудандық мәслихаттың хатшысы Марат Наятұлы, "Жаңажол" жауапкер­ші­лігі шектеулі серік­тесті­гінің бас агрономы, аудандық мәслихаттың депутаты Төлеу Ералиев, мәдениет ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісі­нің иегері Шекер Орын­бае­ва және аға­мыздың жары Тасболатова Күміс Исламқызы естеліктерімен бөлі­сіп, кітаптың көрермендерге жол тартуы­на өз лебіздерін білдірді. Сонымен қа­тар жергілікті ақын Достық Тілеу­бер­геновтің сөзіне жазылған аға­мызға арналған арнауды жырау Әділбек Сүлей­менов орындаса, жас әнші Ержан Алпысбаевтын орын­да­уында Сұлтан Сармолдиннің сөзіне жазылған жер­гі­лікті композитор Базарбай Жүсіпбаевтың "Сағыныш" әні көпшілік көңілі­нен шығып, орындаушылар жиналған қа­уым ризашылығына бөленді. Тарихы мол ізгілікті шараның өтуіне қаржы­лай көмек көрсеткен Қармақшы ауданы әкімдігі мен "Жаңажол" жауапкер­ші­­лігі шектеулі серіктес­тігі және Сұлтан ағамыздың отбасы бол­ды.   

   Шара әрі қарай Қармақшы ауданының алыс-жақын елді мекендерінен кел­ген 14 жастың қатысуымен аудандық жас ақындар мүшәйрасына жалғас­ты. Қазылар алқасының құрамында бол­­ған Қармақшы ауданы әкімінің ке­ңес­шісі, қазылар алқасының төрағасы Дастанбек Нәзікбаев, ақын, қазылар ал­қасының мүшесі Достық Тілеубергенов және облыстық халық шығарма­шы­­лығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгеру­ші­сі, қазылар алқасының мүшесі Зина Кен­жетаева қатысушы барлық ақындардың өнерін сарапқа салып, нәтижесінде бас жүлдені Қармақшы ауылынан Орынбек Құндыбеков, жүлделі І орынды Дүр Оңғар ауылынан Мақсат Перизат, ІІ орынды Көмекбаев ауылынан Нұрай Өркенбекқызы, ІІІ орынды Ақтө­бе ауылынан Нұржаухар Өмірсерікова иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     Жыл басынан бері  қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет мекемелерін қол­дау мен дамытудың біртұтас жобасын жасау, клуб мекемелерінің қазіргі за­ман талабына сай жабдықталуы мен безендірілуін дамыту, мәдениет мекемелерінің әлеуметтік қуатын арттыру, клуб мекемелеріндегі белсенді шығармашылықпен айналысатын қызметкерлерді тауып, оларды дәріптеу мен мадақтау мақсатында Сұлтан Сармолдин атындағы жүлде үшін "Үздік клуб-2017" облыстық байқауы өткізілген бо­­латын. Осы байқаудың аудандық, об­­лыстық іріктеу кезеңдерінен 10 ауылдық мәдениет үйі мен клубтары дараланып шығып, бас жүлдеге Жалағаш ауданынан Аққұм ауылдық клубы, І орынға Шиелі ауданынан Арман кенттік мәдениет Үйі, ІІ орынға Қармақшы ауданынан Ақай ауылдық клуб үйі, ІІІ орынға Сырдария ауданынан Шір­кейлі ауылдық мәдениет үйі мен Шиелі ауданынан Бәйгеқұм ауылдық клубтары лайықты деп танылып, арна­йы диплом және бағалы сыйлықтармен, Арал ауданының Қамыстыбас ауыл­­дық клубы, Қазалы ауданының Қожабақы ауылдық мәдениет үйі, Жаңақорған ауданының Бесарық бекеті клубы мен Бесарық ауылдық клуб үйлері, Қызылорда қаласының Ақсуат мәдениет үйі алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Өлместің отын өмірге қалдырған, өнерді жандырған, ақынжанды, мәдениет саласының алдаспаны Сұлтан аға Сармолдиннің  ғибратты өмір жолдарын жас ұрпаққа жан-жақты насихаттайтын осындай игі шаралар көп болсын дей келе, Сыр өңірінің  өшпес өнерін насихаттауға ерекше еңбек сі­ңірген ҚР мәдениет қайраткері Сұл­тан Сармолдин рухына мәңгілік тағзым етеміз.

Райкүл Сәрсембаева,

облыстық халық шығармашылығын дамыту және

мәдени-продюсерлік орталығының "Әдістемелік-ұйымдастыру" бөлімінің маманы

Оқылды: 330 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C