Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Шілде 2017 13:47

Шетел мерекесіне басың айналмасын!

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Қазақтың той десе қаны қызып, жаны кіретіні бесенеден белгілі. Себеп болса болды, ауылда еркегі шапанын жамыла салып, әйелі қойнына тауарын қыстырып алып, думанның бел ортасында жүретіні тағы бар. Қазақтың өмірге келгенінің өзі қуаныш, ал қуаныш қазақ үшін міндетті түрде той болып аталып өтіледі. Іңгәлап өмір есігін ашқаннан атқа мінер жасқа дейін бір ер баланың басында бірнеше салт-жоралғылар тойланып, аталып өтіледі. Қуантарлығы сол, "Бесік той", "Шілдехана", "Сүндет той", "Тоқымқағар" сынды дәстүрлердің барлығы дерлік тәрбиелік мәні бар мерекелер. Өзіндік қазақы нақыштағы үйлесімділігімен сан ғасырлар бойы сақталып, саф алтындай құн­дылығын еш жоғалтқан емес. Енді бұл үрдіске кереғар Қазақстанға жаңадан келіп жатқан жағымсыз мей­рамдар да бар. Соның көш басында тұрған ең сорақы мереке - Хэллоуин.

   Қазақстанда бейресми мереке ретінде 31 қазанда тіркелген Хэл­лоуиннің сергелдеңі күзгі бұлт­тай сейілмей тұр. Қызыл­ор­далық жастар, оның ішінде қала тұр­ғындарының көпшілігі көше ортасына шығып, бет ауыздарын бояп, жағымсыз кейіпкердің ролін сомдап жүреді. Үлкендер мыналарды "Түлен түрткен бе? " деп үрке қарайды. Бұл сондай жын-перілерді ұлықтайтын ме­реке. Өз қотырымыздың жара­сын емдей алмай жатқанда шет елдің шіріндісін азық қылу қазаққа қай жағынан қарасаңыз да қауіпті. Шайтанды дәріптейді дегенімнің дәлелі ретінде атал­мыш мерекенің тарихына үңіліп көрсек.

     Хэллоуинді тойлап жүрген жастардың өзі бұл мерекенің тарихына қанық болуы мүмкін. Сондықтан тұрпайы киініп, тұрпатын қорқынышты көрсету­ден ләззат ала алса, олар үшін зор қуаныш және сонысына мәз-мейрам. Негізі бұл мерекенің та­рихы мынадай: христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сон­дай-ақ, Францияның аума­ғында "Кельт" атты жұрт өмір сүрген екен. Олардың түсінігінде күн қыс мезгілінде өлілердің пат­шасы Самхэйннің тұтқынында болатын көрінеді. Осыған орай тура 31 қазан күні кельттар өзде­рінің Самхэйн атты мейрам­дарын тойлаған. Кельттар дегені­міз пұтқа табынушылар. Олар мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сеніп, солардың бейне­сіне енген. 31 қазан ескі ағылшын тілінде "All Hallows" (барлық әулиелер кеші) деп аталған. Кейін жай ғана "Хэллоуин" ата­лып кетеді де, сол кезден бері қарай арнайы мереке ретінде тойланып келеді.

  Көпшіліктің көкейінде жүр­ген сауалдардың бірі хэллоуин мерекесінде асқабақтардың неге көп мөлшерде қолданылатыны. Мереке тойлаушылардың сөзіне сенсек, асқабақ ішіне шам жағу дәстүрін ирландық Джек атты ұста ойлап табады. Ол туралы аңызда, Джек шам жағылған асқабақтар арқылы шайтанды екі рет алдап, одан құтылып кеткен. Әрі күнәлары көпті­гінен жәннатқа бара алмаса да, осы шамды ұстап, ақырза­манға дейін Джек мырза жер бетін кезіп жүреді де­ген жалған сенім қа­лыптасқан. Бұл аңыз­ға илану әркімнің өз еркінде, тек мерекеге көрік беретін асқа­бақтарды қорқыныш­ты бейнеге келтіріп кесу - олардың ең басты дәс­түр­лері.

  Ал, дін өкілдері болса, бұл мерекенің тойлануына түбегейлі қарсы. Оған дәлелдемелер де кел­тіріп берген: Хэллоуин - мұсыл­ман­дардың емес, пұтқа табыну­шы­лардың әруақтарды шақы­ратын мерекесі. Мұсыл­мандар өлгендеріне құрмет көрсетеді, соңынан жаман сөз айтпайды, Құран оқиды. Бұл мереке болса, өлі аруақтарды қорлап, оларды шақырып, мазаққа айналды­рады. Дінімізде ақыл-есі бүтін адамдардың өзін "жындыдай" ұстауы дұрыс емес. Хэллоуин болса, жын-шайтандардың, мыстандардың мерекесі іспетті. Сансыз асқабақ пен костюм­дер­ге, бояуларға ақша жұмсау да - ысырап­шылдық. Бұл мерекеден мұсыл­мандар тұр­мақ, "дінімізге қай­шы келеді" деп көптеген хрис­тиандар да бас тартқан. Бұл фактілердің барлығы мұсылман­дар­ды аталмыш мерекеден аулақ болуға шақырып тұр.

   Елдің діңгегі жастардың мық­ты болуына байланысты. Ал, сол жастар перінің бетпер­десін киіп алып, ұлт мереке­сінен баз кешіп басқаның пұш­пағын илеп жүр­гені қынжыл­тады. Кейінгі буын деп сенім артып жүрген аға буын хэлло­уинді тойлағандарын көріп, жастардан жиіркеніп кетпесіне кім кепіл. ХХІ ғасырдың жаңа буыны ақпарат айдынында ше­тел­ге еліктеп, киім киісі, жүріс-тұ­рысы, әні мен мерекесіне дейін бойларына сіңіріп жүрген жастар руханиятты жаңғыртады дегенге сену қиын.

    Бұл бір ғана хэллоуинның жайы. Біз шошынып, замандас­та­рымыздың қылығына қын­жыла қарап отырған мереке бұл ғана емес. Үнді сериалдарына еліктеп, секеңдеп отты айналып жүгірген­дерді де көзіміз көріп жүр. Той­ларын үнді стилінде жасап, қазақтың онсыз да ұмытылып бара жатқан дәс­түріне су себушілер тым көбейіп кеткені алаңдатады. Бұған басты себеп көк сандықтан көрсетіліп жатқан түрік, кәріс, үнді сериал­дары болса керек. "Телеарна - халық­тың айнасы" дейтін болсақ, тиісінше адамдар сол арнадан көргендерін жасауда. Маңда­йы­на қына жағып, ұзын қызыл ора­мал­ды беліне орай салып, үндіс бола қоятын қазақтың қыздарына тым еліктегіш болмау­ды үйрететін ілім ол - әже тәрбиесі. Тәрбиенің әр отбасыдан алынаты­нын ескер­сек, ата-ана жауапкер­шілігі балаға ұлт­тық намысты үйретуден бастал­са, еліміз руха­ният деген сөзді ұялмай айтар еді. Ол күнге жету үшін қоғамды тәр­биелейтін теле­ар­налардағы бағ­дарламалар сапа­лы, салмақты күйінде халыққа ұсы­нылу керек. Онсыз да көрінгенге еліктеп бара жатқан елімізге бұл ауыр соққы. Қысқасы, жығылғанға жұдырық болмақ. Сол үшін кең етек жайып бара жатқан жөн-жосықсыз мере­келердің тамырына балта шаппаса болмайды!

    Ол ол ма, ел ішінде кең көлемде тойланып жүрген тағы бір қазақ үшін ұнамсыз мереке бар. Ол - Валентин күні. Қызылды-жасылды гүлдерін құшаққа алып, алып ұшып жүретін ғашықтардың мере­кесі. 15 сәуір "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мерекесі деп жүрміз. Алайда, күнтізбеде бірінші келіп жететін Валентин күнін тойлау тыйылмай тұр. Мұсылмандыққа жат мерекеге жастардың не үшін құнығып ал­ғаны беймәлім.

   Деректерге сүйенсек, "Әулие Валентин күнін" Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеп жүр. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД-ға келген кезі тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан дін­дар­­ларының аңыздарында үш Вален­тин туралы айтылады. Бірін­шісі - Рим императоры Юлий Клавдий­дің сарбаздардың үйле­нуіне ты­йым салған заңын бұзып, некелес­кені үшін өлім жазасына бұйырыл­ған адам. Ал, осы оқи­ғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен "Әулие Валентин" күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентин­нің дін қызметкері екендігі, христиан­дарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болға­ны, оның жазаға тартылып, басы­ның шабылғандығы айты­лады. Ал, енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Хрис­тиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін "Әу­лие" деп жариялан­ғандығы аңыз ретінде ғана осы күнге жетіп отыр.

   Өзге діннің, өзге мәдениеттің мерекесіне бас сұғудың керексіз екенін жастар түсінсе дейміз. Әйтпегенде "Валентин күніне пә­лен ақша кетеді" деп дабыл қағу тоқ­тамақ емес. Қозыдай Баянын іздегеннің махаббаты баянды, Мәжнүндей Ләйлісін аңсағандар ажарлы, Төлегендей Жібегіне асық­қандар түбінде бақытты бо­ларын ұқса, шет елдің шоқынған әулиесінің өлген күнін тойлаудың еш керегі болмас еді.

   Сыртқы бейнесі әдемі көрі­нетін мерекелердің шынтуай­тына келгенде, тарихы осылай. Тәуел­сіздікке қол жеткізген тұста тағы нендей нәубеттің алдан шыға ке­летінін уақыт көрсетер, тек осы күнге дейін жетелеп келген ұлттық рухымыз қайдағы бір мерекелердің кесірінен әлсіреп кетпесе болғаны. Қазақ жастары намысшыл болса, алар асуы әлі алда.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 376 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 21 Шілде 2017 14:02

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C