Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:01

Үш тілді меңгеру – әлемдік кеңістікке бастар жол

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем­нің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Себебі, жаһандану және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып "…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және бас­­ты артықшылығы - көпұлттылық пен көптілділік" деп атап көр­сеткені белгілі. Президент жүк­теген тапсырмаларға сәйкес, Тіл­дерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы мен "Тіл­­дердің үштұғырлығы" мәдени бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарла­ма­сында, 2020 жылға қарай "... қазақстандықтар қазақ ті­лін, орыс тілін 95% және 25% - ағыл­шын тілін меңгеруі тиіс" делінген.

  Халықтың мәдениеті мен тілі жеке дара дамымайтыны белгілі. Қилы заманнан бері көршілес халықтар бір-бірімен араласып, сау­да-саттық жасап, үйлесімді тір­ші­лік атқарғанының арқасында бір халықтың мәдениеті мен тілі екін­ші елдің мәдениетіне үл­кен ықпал жасайтыны тарихтан белгілі жағдай. Осы тұрғыдан кел­генде өскелең ұрпаққа үш тіл­де білім берудің маңызы ерекше.

  Тағы да Елбасы сөзіне тоқталып өтсек артықтығы жоқ. "Қа­зақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негіз­гісі, бастысы маңызды бола бере­ді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бә­секеге қабілеттілігін шыңдай тү­сетін, экономикалық мүмкінші­лік­терімізді арттыратын бірден-бір тетігі.

   Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өт­пелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс іс­тесін, үштілділік біздің мемлеке­тіміздің болашағына жұмыс жасасын десек, онда үштілділікте ба­сым­дылық мемлекеттік тілге бері­л­уі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дам­уына қызмет ететін құрал ретін­де пайдаланылу керек.

  Қазір орыс тіліндегі ғылыми-техникалық категориялардың 99 пайызы ағылшын тілінен еніп жатыр десек қателеспейміз. Оған еш тосқауыл жоқ, керісінше, ағылшын тілінде жаңа термин пайда болса, онда ол сол күні орыс тіліне бейімделіп, ертесіне айналымға еніп жатады. Біз, өкінішке орай, осындай тәртіпті қалыптастырудың орнына, жасанды балама сөздер іздеп әлек болудамыз. Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеу­ге жарайтын бай тіл. Мәселе тіл­дің міндетін дұрыс түсініп, өз мін­де­тімізді атқаруда болып отыр. Ұлт­тың өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетін­дігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бү­гін де қазақ тілінің әлем тілдерінің еш­қайсысынан да кем түспейтін, бір­­неше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне де­йін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.

   Үш тілде білім берудің негізгі стра­тегиялық мақсаты-қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда:

   - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білу, ол азаматтардың үйлесімді бірлесуіне ықпал етеді;

    - орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылатын ресми тіл ретінде;

    - ағылшын тілін әлемдік эконо­ми­каға бірігу құралы ретінде үйрену.

    Білім процесінде барлық үш тіл (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай, үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тәсілдемесі белгі­лен­ді. Өткен оқу жылында №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мек­тебінде үш тілде білім берудің іс-ша­ралар жоспары бекітіліп, біршама жұмыстар атқарылды. Қыр­күйек айында ау­қымды жұмысты қамтыған "Тіл тұ­тастығы-ел тұтастығы" тақырыбында апталық іс-шара жүргі­зілді. Қазан айында "Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың ерекшелігінің нәтижелері" тақырыбында дөңгелек үстел, желтоқсан айында "Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі ар­қылы оқу­шы­лардың коммуникативтік білік­тілігін дамыту" тақырыбында ашық сабақтар, ақпан айында 8-9-сынып оқушылары арасында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында сайыс, сәуір айында 9-10-сынып оқушылары арасында "Үш тілді меңгеру - болашақ ұрпақты біріктіру кепілі" тақырыбында сайыстар өткізілді.

   Ұлтымызды ұлықтайтын, рухымызды биіктететін, дәстүрді дәріптететін ұрпақты білімді де білікті ету үшін үш тілде білім беруді жаңа леппен жалғастыра береміз.

Ләззат Өтепбергенқызы,

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқылды: 253 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C