Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:48

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(2 дауыс)

   Албырт жүректі, алмас мінезді, сөйлесе сөздің шешені, бастаса көптің көсеміндей тұлғалы азамат Аманғос Көшекбайұлы Есмұрзаев туралы жазу мен үшін әрі оңай, әрі қиын десем де болады. Оңай дейтінім 30 жыл бойы, яғни қарасирақ бала кезімізден бірге өсіп, бірге ойнап, бірге ержетіп, иықтаса жүріп қатар қызмет етіп, тойлы-думанды шақты, қиын да қиғылықты уақыттарды бірге өткіздік. 40 жасында жер қойнауына мезгілсіз кеткенге дейін жан жүрегіміз мұңдас та сырлас болды. Тонның ішкі бауындай араласып, оны жете білдім десем болады. Қиын дейтін себебім, мінез-болмысы бөлек, жаратылысы ерек, жан әлемі, көкірек күйі құйынды дауылдай демде өзгеріп, оттай жанып, мұздай суып тұратын дара тұлғаның күллі ішкі сырын ешқашан танып, біліп болмайтындай сезінесің кей-кейде.

   Тұлғалы азаматтар қалай десек те текті жерден шыға­ды. Аманғос Ақтөбе облы­сын­дағы Шалқар ауданы, Қарашоқат теміржол беке­тінде Көшекбай қарт пен Набат ананың отбасында дү­ниеге келді. Өмірді көп көр­ген, көп білген, сөйлер сөзі де бар Көшекбай қарттың бала­лары да өзіне тартып, шеті­нен талапшыл, арманшыл бо­лып өсті. Аманғостың аға­лары Қуантай, Амантай жоға­ры білімді заңгерлер еді. Маңғыстау, Ақтөбе облыс­тарында прокуратура, сот саласында облыстық деңгей­дегі қызметтер атқарды. Інісі Амангелді де Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, кәсіп­пен айналысады. Аманғос та әкесіне тартып, үнемі алға ұмтылып, жетістіктерге жету­ге талпынып жүріп Шымкент денешынықтыру технику­мын, кейін Алматы дене шы­нықтыру және туризм акаде­миясын бітірген.

   Әуелгі еңбек жолын 1978 жылы айтулы өндіріс - Арал кеме зауытында кеме құрас­ты­рушының көмекшісі бо­лып бастаған. Кейін оқу оры­нын бітірген соң аудандық спорт комитетінде, онан соң №64 орыс орталау мекте­бінде мамандығы бойынша мұғалім болып орналасты. Күндіз-түні тыным дегенді білмейтін, үнемі ізденісте жүретін жас маман педагог ретінде өзін көрсете білді. Жаңа бастамалардың ұйыт­қысы болды. Мектепте сала­уат­ты өмір салтын қалып­тастыру жолында орасан зор еңбек етті. Дайындаған шә­кірт­тері сол кездегі ең бір бұқаралық спорттық сайыс "Көңілді старттар" жары­сында аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердің жеңімпазы атанып, айды ас­панға бір-ақ шығарды. Жас­тайынан спортты жанына серік еткен Аманғос белгілі бокс мамандары Әзілхан Ізбайыров, Жалдыбай Нұрпе­йі­совтен үлгі алып, олардан алған тәлім-тәрбиесін кейін­гі жас спортшылардың бойы­на сіңіре білді. Өзі бірнеше республикалық, одақтық жа­рыстарда мерейі үстем бо­лып, спорт шеберлігіне кан­дидат нормасын орындаса, бапкер ретінде тәрбиелеген жас былғары қолғап шебер­лері көптеген байрақты бәсе­келерде топ жарды. Спорт ше­берлері атанды.

   80-жылдардың аяғында КСРО-ның мызғымастай кө­рінген тас қамалына сызат түсіп, темір қорғанының ірге тасының босаңси бастаған шақтарында жер-жерде демо­кратиялық жаңарудың лебі соғып, азаттықтың төбесі көрінгендей бір сәттер туа бастаған. Арал теңізінің жо­йы­лып, тартыла бастауына байланысты экологиялық қозғалыстар туған жерім деген перзенттерді шынымен де төсегінде тыныш жатқыз­бады. Жас аралдықтар "Там­шы" атты экологиялық қозға­лыс құрды. Қоғам белсендісі ретінде Аманғос осы ұйым­ның жұмысына араласты. Ха­лыққа есімі мәшһүр бола бастаған жас жігіт халық депу­таттары Арал қалалық кеңе­сінің депутаттығына да сай­лан­ды. Ел үшін, халық үшін аянбай қызмет етудің алғаш­қы баспалдақтарынан өтті.

   №64 мектептің ұжымы 1991 жылы Аманғосты сол кездегі алғашқы демокра­тиялық бастамалардың үлгісі­мен бірауыздан мектеп ди­рек­торы етіп сайлады. Жас та болса білікті, білімді дирек­тор мектептің білім сапасы­ның, саналы тәрбиенің көте­рілуіне ғана көңіл бөлмей, білім ұясының материалдық жағынан да жақсаруына ты­ным­сыз әрекет етті. Орысша білім беретін мектепте алғаш­қы қазақ сыныптарын ашты. Оқушыларға тарлық ете бастаған оқу ғимараттарының кеңеюі үшін басын тауға да, тасқа да соға жүріп бастауыш сыныптарға арналған бөлек ғимаратқа қол жеткізді.

   1991 жылдың желтоқса­нында еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған, арман қылған азаттықтың таңы атты. Әрбір қазақстандық азамат мемлекетіміздің бұғанасы бекіп, шаңырағының шайқал­май іргелі ел болуына қызмет етуге тиіс болатын уақыт келді. Елбасымыздың сара саясатын, елдіктің жолын көрсеткен бағыт-бағдарын жүзеге асыру үшін қандай қиындықтар бол­са да жеңуге деген ұмтылыс жалынды жүректердің түкпі­рінде қоздап жатқан.

    Демократиялық жаңару кезеңінде елімізде елеулі, ха­лықтық деңгейде қызмет ат­қарған қозғалыстардың бірі "Азат" еді. Әр салада жұмыс істейтін білікті де білімді, жігерлі жастар осы қозғалыс­тың құрамына кіріп, респуб­ликамызда азаматтық қоғам­ның қалыптасуына бір кісідей жұмылып, орасан зор істер атқарды. "Азат" қозға­лысы­ның аймағымыздағы көшбас­шыларының бірі болған Аманғос өтпелі кезеңде сан­сырап қалған жұрттың мұңын мұңдауда өзінің батылдығын, әділдігін, шыншылдығын өт­кір тілді шешендігін танытты. Халқының арқасүйер нар тұл­ғасына айналды. Серке ұлына сенім білдірген жұртшылық осы жылдары оны бірінші сайланған облыстық мәслихат депутаттығына ұсынды.

   1994 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасы Жо­ғары кеңесіне облыс, аудан­дық мәслихат депутаттығына сайлаулар өткізілгені мәлім. Осы бүкілхалықтық сайлауда облыстық мәслихатқа сайлан­ған 35 депутаттың біреуі Арал­дың семсер сөзді саңлағы Аманғос еді. Тағдыр да кейде әділеттілікті қалайды. Соның бір көрінісі болар Аманғостың маңдайына облыстық мәсли­хаттың №001 депутаттық ман­датқа ие болу мәртебесі жазыл­ған екен. Атақ-абыройға онша қызығып, дес бере бермейтін Аманғос осы мандатын мақта­ныш етіп айтып жүргені есім­де. Ол тек бірінші мандаттың формалды иесі болып қана қойған жоқ, халыққа деген қызметті әрқашан бірінші болып атқаруға тырысатын. Педагогикалық қызметінде де, спорттық бәсекелерде де №1 болу оның еншісінде болатын. Осы жылдары Кеңес өкіме­тінде ортақ қазынаға жиналған қордың ауданымыздың барлық азаматтарына теңдей бөлінуі тиіс деген қағиданы ұстанған ол осы мақсатқа түн ұйқысын төрт бөліп құлшына кірісті. Жеке­ленген объектілер халық тара­пынан қатаң қадағалануы, әр­бір аудан азаматтарының жеке баспанасы болуы, еліміздің Ата Заңының бұрмаланбауы, экологиялық жеңілдіктердің аудан халқына заңды бөлінуі, аудан тұрғындарын әлеумет­тік тұрғыдан қорғаудың заң­ды­лық­тарын қарастыру, қо­ғам­ның аз қамтылған мүше­леріне әлеуметтік көмек көр­сету сияқ­ты көкейтесті мә­селелерде депу­тат Аманғос әрқашан табандылық көрсе­тетін. Жо­ғар­ғы органдардан жергілікті жерге қаржы бө­ліну үшін үлкен есіктерді ба­тылдықпен аша білді. Орта­лықтағы қай­раткер ағалары­мыздың наза­рын Арал проб­лемасына, оның қасірет шек­кен халқына аудартты. Осы­лайша 1997 жылы өмірден өткенше депу­тат болып ел-жұртқа қызмет етудің айны­мас үлгісін көр­сетіп үлгерді.

   Қоғамның өткеніне тарих әділ таразы. Сол кезеңдегі "Азат" қозғалысының елдің қоғамдық өміріндегі тарихи орнына кейінгі шыққан "Қа­зақстан тарихы" кітабында оң баға берген. Демек, осы баға Аманғос Көшекбайұлы сияқ­ты жүздеген демократиялық тұлғалардың еселі де қажыр­лы еңбегінің арқасында деп білсек болады.

 Аманғос ақын ретінде де көпшілікке мәлім. Әр жыл­дары жергілікті газеттерде жүрегінен шыққан жырлары жарияланып тұрған. Қайтыс болған соң "Айсыз түнгі ақ жұлдыз" атты кітабы жарық көрді. "Өртеніп шабыт оттың алауына, Жетсем деп талпы­намын қалауыма. Мен өлсем де артымда жырым қалар, Айналып жүрегімнің қалауы­на" деп жырлағандай, оның өлеңдері қайраткер азамат­тың асыл мұратын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отыр. Жер­гілікті сазгерлер Г.Да­уыл­баева, Д.Көзмағамбетов, Д.Омаров, С.Тілеповтер жаз­ған әндердің мәтіндері ре­тінде тыңдаушылардың көңі­лінен шығуда. Ал "Ақиқат­тың аңтаңгері", "Мұраты асқақ мұзбалақ" кітаптары Аманғос Есмұрзаевтың аза­маттық, адамгершілік, қай­рат­керлік келбетін сомдап берген. "Жақсының аты өшпейді" деген осы болар.

Ерғали АБДУЛЛА,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Оқылды: 344 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C