Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 09:55

Баланы жөнге салатын - ұстаз

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Тәрбиенің ең мол қоры - мектепте. Жаңа оқу жы­лы да таяп қалды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы қолға алынып жатыр. Бұл бағдарлама заман талабына сай келешек ұр­пақтың сұранысын қанағаттандырады. Елбасының кезінде "Бұл заман бі­лекке емес, білімге сене­тін заман" деп айтқаны бар еді. "Күшті екенмін" деп, әркімге күш көрсететін дәуір кетті. Жастарымыздың барынша білімді бол-ғанын қалаймыз. Ел қуатты болуы үшін ең алдымен ғылым мен білім керек. Об­лысымыздағы барлық мектептерде жұппен, топпен жұмыс жасау әдісі жүр­гізілуде. Коммуникативтік қарым-қатынас жүр­­гізу үшін, шығарма­шы­лықпен жұмыс жасау үшін жаңа оқу әдіс-тә­сілдері қолданылып жатыр. Мысалы кол­ледж­дердің өзінде информатика пәндерін тә­жі­рибе ретінде ағыл­шын тілінде оқы­­туда. Үш тіл­ділік саясаты өз ретімен орын табуда. Бұл дегенің біздің жас­тар өр­кениетке, жаңа технология саласында көзі ашық, кө­­кірегі ояу азамат ретінде тәр­биеленіп жатыр деген сөз.

   Ал, менің 40 жылдық ұстаздық ғұмырымда қиын балалар, тәрбиеге көнбеген балалар аса көп кезіге қойған жоқ. Баланы жөнге салатын - ұстаз. Бәрі мұға-лімдерге байланысты. Оқу­шымен қарым-қатынас жақ­сы болса, оның тәрті­біне назар салынып отырса, ол неге  нашар бала бо­л­уы керек? Мұғалім оқу­шы­­ның әр ісіне бақылау жасап, жоғын жоқтап, мұ­ңын мұң­даса, тәрбиеде ұс­таз жеңіске жетер еді.

   Отбасылық тәрбиенің жөні бір басқа. Мен алты аға­йынды болып өстім. Әкеміз анамызға бір қол кө­теріп немесе бізге айқайлап сөйлеген кезі болмаған. Бірақ, біз ата-анамыздың қас-қабағынан-ақ олардың көңіл-күйін  ұғып қоя­тынбыз. Әкеміз іссапардан үйге оралғанда міндетті түрде кітап әкеліп беретін. "Мейлі кешке оқы, мейлі күндіз оқы, тек қана үздік оқы" деп, әкеміз арнайылап қолтаңба жазып беретін. Сондықтан болар отбасымызбен кітапқа құмар болдық. Сол арқылы жаңашылдыққа ұмтылдық. Телеарналардан соңғы жаңалықтарды қаратып, газет-журналдарды оқытып жү­ре­тін. Мұның барлығы әкем­нің қанымызға сіңдір­ген ілімге деген ынтықты­ғы, оның бізге берген тәр­биесі десек жалған емес.

  Бала тәрбиесін бір ізге салатын - білім. Көкірегінде ілімі жоқ бала бұзақы бола береді. Мәдениетті, қоғамды, көп тілді түсініп, ұғына білген ұрпақ ұтқыр болмақ.

  Көше кезбелері, баланың бұзақысы, тәрбиеге көн­бейтіндер, девиантты балалардың біздің өңірде бар екені рас. Алайда, оған бірыңғай мектеп ұжымын кінәлей беру қате пікір. Бұл ара­да ата-ана жауапкерші­лігі көрінеді. Отбасыдағы үл­кендер балаларының немен айналысып жүргеніне, кімдермен араласатынына қадағалау жүргізіп отыруы қажет. Мектепте сынып же­текшісі белсенділік танытса, ата-анасы да баласы үшін барын салып, бала тәрбиесіне мұқият қараса, қай бала көше кезсін?! Кей­бір кәмелеттік жасқа толмаған балалар түнгі он бірден кейін ойын-сауық орталықтарында асыр салып жүргенін көргенде "ата-анасы қайда қарап отыр екен?" деген ой келеді маған. Әрбір жас сол бос уақытын ғылымға арнаса, біздің ұлт үздік болар еді.

   Ал, мен балаларымды өз бейімдеріне қарай тәрбиелегенді құп көремін. Үйір­мелердің түр-түріне тапсырып, спортқа икемі барын спортқа бердім. Өнер саласынан да құралақан қал­ған жоқ. Білімді болып өсті. Бі­лімді бала бәріне үлгі болмай ма? Тек баланың дарынына қарай әрекет етіп, бе­йіміне қарай баулу маңызды.

   Бала да жас бұтақ секіл­ді. Қайда бұрсаң, солай иі­ліп өседі. Айналасындағылар қолдау көрсетіп тұрғанда кез келген бала мына өмірдің бір кірпіші болып қаланары хақ.

 Аягөз Тоқмағамбетова,

ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының

білім беру ісінің үздігі

Оқылды: 334 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C