Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 09:58

ҰСТАЗ «ҚИЫН БАЛАНЫ» ДА ЖАҚСЫ КӨРУІ КЕРЕК

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Мектепте ән сабағының мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жылдарымда уақытша сынып жетек­шілік қызметін атқардым. 8-сыныптың жетекшісі 1 айлық оқуға кетуіне байланысты тәртібі қиын оқушылары бар сыныпқа уақытша жетекші болған едім. 30-ға жуық оқушысы бар сыныпта сабақтан жиі қалатын 2-3 оқушыны қатарға қостым. Жасы­ратыны жоқ, сабаққа себепсіз келмей қалған оқу­шының үйіне барып, ұйқысынан тұрғызып алып келіп, партаға отырғызып қойған күндер де кез­десті. Мұнан кейін оқушылар сабақтан қалмайтын болды. Тіпті оқушыларым "мектепте оқып жүріп, алғаш рет сынып оқушылары түгел отырмыз" деп қуанған сәттерінің куәсі болдым.

    Сол жылдары мектеп директоры болған Г.Сағидатова 4 сыныпты бітірген оқушыларды білім деңгейіне қарай жақсы, орташа және нашар оқитындарды 3-ке бөлді. Солардың ішінде ең нашар оқитын, тәртібінде қиындығы бар бала­лар­дан құралған сыныптың жетекшілігін маған сеніп тапсырды. Сабақ үлгерімі төмен, сабақтан көп қалатын оқушылармен жұмыс жасау өте қиын болды. Сабақтан қалып қойған оқушылардың үйі­не шаршамай барып, алып келіп ылғи жүгірумен жүрдім. Мұғалімдерден сұранбай, рұқсатсыз қой кезекке шыққан баланы қой кезектен, сабақтан қашып, егін алқабына кеткен оқушының соңынан трак­тормен қуып барып сабаққа қатыстырдым. Оқушылардың себепсіз сабаққа қатыспай қалуына мүмкіндік бермедім. Оларға қол көтермедім, қатты ұрыспадым. Тіпті ата-анасын ертіп келіп, сабаққа қатысуын ұйымдастырдым. Нашар оқитын оқушы­ның жанына жақсы оқитын оқушыны отырғыздым. Сабақтары түзеліп келе жатқанын байқаған сәтте, сынып ішінде жұптық жарыстар өткізіп отырдым. Осылай сыныпта бір тоқсанда 1 оқушыны, екінші тоқсанда 2 оқушыны екпінділер қатарына шығардым. Сабақтан 5-тік баға алған оқушыны күнделікті басқа сыныптастарының алдында мақтап отыратынмын.

   Сыныпта оқушыларымның тазалығына қатты мән беретінмін. Тіпті шаштарын өзім алып берген оқушыларым да болды. Өмір болғаннан кейін түрлі тағдырлар, түрлі отбасылар болады ғой. Анасы жоқ, әкесі баласының өміріне қызы­ғушылық таныт­пайтын оқушымның киімі мен оқу құралдарын түгел­деп беретінмін. Ал, оқу үлгерімі нашар, отба­сында қадағалайтын адам жоқ оқушыларымды са­бақ­тан соң алып қалып, үй тапсырмасын орын­да­уына жәрдемдесіп жүрдім.

   Мен оқушыларымды қатты жақсы көретінмін. Бастарынан сипап, жылы сөзіммен мейірімімді ая­майтынмын. Оқушыларыммен осылай жұмыс жа­сау мені шыңдады.

    Осыдан кейін 2001 жылдың қаңтар айында мек­теп директоры маған оқушылар ұйымын жүргізуді тапсырды. Мән беріп қарасам, ұйымда барлығы мектептің бетке ұстар белсенділері, сабақты жақсы оқитын үздік оқушылар екен. Ал, мен оқушылар ұйымына нашар оқитын, сабақтан көп қашатын және қалатын оқушыларды тартуды жөн көрдім. Бұл ойымды мектеп директорына жеткізгенімде ал­ғашқы кезде қарсылық білдірді. Кейін мені қай­та шақырып, қиын балалармен жұмыс жасау жос­парымды сұрады. Ұйымға қиын оқушыларды тар­ту­дағы бар мақсатым оларды ортаға бейімдеп, шы­ғармашылықтарын зерттеу, қолдау көрсету бо­латын.

   Директор тарапынан рұқсат берілген бойда 31 тәрбиесі қиын оқушыны ұйымға тартып, ұйым мү­шелерін жаңаладым. Оқушылардың басын қосып, ұйымның жаңа жұмыс жоспарын құрдым. Әрине, көптеген қиындықтар болды. Ал, ұйымның жетек­шісі етіп, көп бұзықтық жасайтын сотқар баланы тағайындадым. Мұндай жауапкершілікті мойнына алғысы келмеген ол бастапқыда ұйымға бір кіріп, бір шығып жүрді. Мен оған мән бермедім. Бала­лардың барлығынан өздерін не қызықтыратынын сұрап, мұнан соң апталық кесте жасап шықтым. Футбол, волейбол, ән, би, күрес секілді өздерінің жақсы көретін үйірмелерін кестеге ендірдік.

   Сөйтіп кесте бойынша жарыстар өткізіп ойнап жүрдік. Оқушылар өздеріне назар аударылғаннан кейін ортаға бейімделіп бір ұжым болды. Ұйым оты­рысын өздері жүргізе бастады. Осылайша 3 айдан кейін ауданға қызмет ауыстырып кетіп қалдым. Балалар мен кеткен соң тарап кетіпті. Сол нәрсе көпке дейін жанымды ауыртты.

  Сөйтіп қаншама оқушының сауабына қалдым. Қазір сол балалар көшеде көрген кезде "Сіздің арқаңызда" деп ризашылықтарын айтып жатады. Ұстазға одан артық бақыт бар ма?!

Қаншагүл МҰСТАФАЕВА,

Жалағаш ауданы

 

Оқылды: 215 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C