Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 10:03

Жаңа технология – заман талабы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

       Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие ісін тиімді жүргізуіне, оқушымен тікелей қарым-қаты­нас жасауына өзіндік ықпалын тигізері даусыз. Қа­зіргі ақпараттық технологияның өркендеп келе жатқан заманында оқушыны бір нәрсеге қызықты­ру­дың өзі сөзсіз қиынға соғады. Осы мақсатта мұғалімге жаңа технологиялар көмегін тигізеді.

    Жаңа технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша, шығармашы­лықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл орайда технологияны жүзеге асырушының өзіндік идеясы, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді. Сонымен қатар, оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштар­лығы негізгі рөл атқарады.

   Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиялар пайдалануға еніп, көптеген нәтижелер беруде. "Ұжым­дық оқыту әдісі", "Дамыта оқыту технологиясы", "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы"  - мектеп прак­тикасына кең тараған тәсілдер.

  "Дамыта оқыту" деп баланың білім алуға деген әрекетін ұйымдастыра отырып оқытуды атайды. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекше жағдай - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда жай бағыт-бағдар беруші ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі ұйытқысы. Дамыта оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытады. Ойлауға дағдыландыратын сабақтарды біз дамыта оқыту деп білеміз.

   Аталмыш жүйеде мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сыйластыққа, достыққа негізделеді. Бұл технологияда жақсы оқушы, жаман оқушы деп бөліп жармайды. Нашар оқитын оқушы да өзінің шамасы жеткенше шығармашылықпен айналыса алады. Сон­дықтан бұл жерде мұғалімнің оқушыға деген ыстық ықы­ласы ерекше болуы міндетті. Соған сәйкес оқушы­ның да өзіне сенімі артып, алға ұмтылады деп есеп­телінеді.

   Ұстаз бүгінге емес, болашаққа қызмет істейді. Білім - ұлттың ақыл-ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы күш. Жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты - дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. Осы орайда мұғалім мен оқушыға көмекке келетін тағы бір техно­логия - модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда бола бастады. Осы технология бағытында көптеген педагог-ғалымдар ізденіс жұмыс­тарын жүргізіп жатыр. Марал Жанпейісованың жүйе­леген модулі: берілген материалдарды біріктіріп, бір тақырыпқа бірнеше рет қайта оралу негізінде 3 дең­гей­дегі тапсырма арқылы жеке тұлғаны жан-жақты дамы­ту ерекшеліктерін қамтыған. Шығармашылық жұ­мыстардағы басты мақсат - модульдік оқыту техно­логиясы негізінде оқушылардың ізденімпаздығын, дамытушылық іс-әрекетін арттыру.

  Әрбір ұстаз - өз Отанын шексіз сүйетін, адамгер-шілігі мол, парасатты, мәдениетті ұрпақ дайындауға міндетті. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқу-шының жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өзімнің екі жылға жуық мұғалімдік қызметімде ұстазым Тамара Маден­қы­зы Артықованың үйреткен оқу жүйесіндегі техно­ло­гияларын қолданып, оқушыларыма бағыт-бағдар бе­ріп, білім нәрімен сусындатып, білгенімді үйретудемін. Білім беру барысында осы технологиялардың ішінде жаныма жақын болғаны - сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

   Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше мәнге ие. Бұл технология оқушылардың тілін, ойын, еркін сойлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге, құрметтей білуге үйретеді. Жаңа технологияны пайдаланған кезде оқушылардың пәнге қызығушы­лы­ғын, болжау қабілетін арттыруға, жаңалықты тез қабыл­дауға, өз бетінше шығармашылықпен айна­лысуға бейімделгенін байқадым.

   Ұстаз - жарқын болашаққа жол ашатын кілт, оқушының айнасы. Әрбір ұстаз заман талабына сай жаңа технологияны меңгеріп, сол технологияны өз мақсатына пайдалана білсе, оқушының да болашағы жарқын, кемелді болмақ. Нәтижеге бағытталған бүгінгі заман талабы қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену - әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Асылгүл МҰРАТБАЕВА,

№14 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Оқылды: 309 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C