Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:40

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

    Қазақстан Республикасы Үкіме­ті­нің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қау­лысына сәйкес елімізде ТМД елдері арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жү­йесі - "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлт­­тық орталығы" Акционерлік Қо­ға­мы құ­рылды. Оның құрамына Білім бе­ру жүйесінің басшы және ғылыми-пе­дагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 об­лыстық педагог қызметкерлердің бі­ліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді. Бұрын әрқайсысы өз бетінше жұмыс жүргізіп жатқан инс­титуттар бір жүйеге бірік­тірілді.

    Қазір бұрынғы 36 сағаттық білік­тілік арттыру курстары орнына 72, 80, 120, 160 сағаттық курстар өткізілуде. 2012 жылдан бастап деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстар, 2015 жылдан бастап "Өзін-өзі тану" пәні­нен 3 айлық деңгейлік курстарды өт­кізу қолға алынды. Деңгейлік курстардың бағдарламасы "Сындарлы оқыту теориясына" негізделген. Бұл теория­ның мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

     Біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімнің өз бо­йын­да төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

   * бағдарламаның негізгі идея­ларына сәйкес рефлексивті ойлау;

   * оқыту үдерісін жоспарлау;

  * жеті модуль тақырыптары бойынша ықпалдастырыл­ған сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру;

   * оқушыларды оқу үдерісіне тарту;

   * оқушыларды тиімді түр­де жүйелі бағалау;

   * өзінің оқыту үдерісі бо­йын­ша рефлексия жасай алуы.

  Деңгейлік бағдарламалардың соңында тыңдаушылар Педагогикалық өлшемдер орталығы мамандары өткізген біліктілік емтихандарында инс­титутта 5 жыл көлемінде оқыған 2155 тыңдаушының 2152-і оң нәтиже көрсетті. Сапалық көрсеткіш 99,9%. Бұл республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі.

  Біліктілік арттыру курстары ҚР Білім және ғылым министрлігі және "Өрлеу" БАҰО" АҚ Басқармасы бекіт­кен жоспарға сәйкес жүргі­зіледі. 2012 және 2017 жылдар аралығында институтта өткі­зілген біліктілік арттыру курс­тары жайлы мәліметті 1-кестеден көруге болады.

2012-2017 жылдар аралығында институтта курстан өткен тыңдаушылар жайлы мәлімет

1-кесте

Курстар

Облыс бойынша тыңдаушылар саны

Деңгейлік

2155

Қысқа мерзімді

12812

Жаңартылған мазмұндағы

5318

Өзін-өзі тану

154

Физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту (640 және 470 сағат)

54

Барлығы

20493

 

Институтта 2016 және 2017 жылдары біліктілік арттыру курсынан өткен тыңдаушылар саны

2-кесте

Курстар

Облыс бойынша тыңдаушылар саны

2016 жыл

2017 жыл

Деңгейлік

90

89

Қысқа мерзімді

611

803

Жаңартылған бағдарлама

2168

3125

Өзін-өзі тану

50

50

Барлығы

2919

4067

 

 БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІ

   2015 жылы білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар бойынша 25 тыңдаушы ғана курстан өтсе, 2016 жылы олардың саны 2168 мұғалімді құра­ды. 2168 мұғалімді қамтыған біліктілік арттыру курстары 28 наурыз және 12 тамыз аралығында аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында өткізілді. Курс соңында "Назарбаев зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйы­мы (ДББҰ) және Педагогикалық өлшемдер орталығы мамандары өткізген білік­тілік емтихандарын 2162 тыңдаушы ойдағыдай тапсырды. Сапалық көрсеткіш 99,72%. Бұл еліміздегі жоғары нәтижелердің бірі. 2017 жылы орта мектеп пәндері бойынша да 30 қаңтар мен 30 маусым аралығында жаңартылған білім мазмұны курстары өткізілді (3-кесте).

 

Жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен тыңдаушылар саны

3-кесте

Курстар

Облыс бойынша тыңдаушылар саны

Бастауыш білім беру

812

Қазақ тілі

373

Орыс тілі

301

Ағылшын тілі

174

География және жаратылыстану

94

Дүниежүзілік тарих

122

Қазақстан тарихы

148

Физика

84

Биология және жаратылыстану

104

Химия және жаратылыстану

49

Математика

283

Информатика

99

Дене шынықтыру

482

Барлығы

3125

   2017 жылғы курстардың ерекшелігі - 470 және 640 сағаттық жаратылыстану: физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерін ағылшын тілінде дәріс беруге дайындайтын курстардың өтуі. Бұл курстардың 1 айында Англиядан келген маман дәріс береді және тың­дау­шылар білімінің деңгейін Кембридж университеті бағалайды. Сонымен қатар, биыл­ғы жылғы жаңалықтардың бірі - физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған "Робототехника негіздері" тақырыбында 3 курс ұйымдастырылып, 80 тыңдау­шы қатыстырылады.

    Қыркүйек айының 11-нен бастап аралас оқу (Blended learning) режимінде 3 курс ұйымдастырылып, мектепке дейінгі білім беру (50 тыңдау­шы) және қосымша білім беру (35 тыңдаушы) ұйымдарының қызметкерлері білік­тіліктерін арттыратын болады. Осы орайда, барлық материалдар дайындалып, бағдарламасы және дәріске байланысты кон­­тенттер Оқыту сайтына орналастырылды.

  Аталған бағдарламалар негізінде оқушылар қоғамда өмір сүруге; алған білімдерін өмірде қолдана алуға (функционалдық сауаттылық);  әр­түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс жасауға, идеялар мен көз­қарастарды бөлісуге; өз бетінше әрекет етіп, шешім қабылдауға; азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға; сыни тұрғыдан ойлай алуға; ғылыми-зерттеушілік және жобалау жұмыстарын кешенді бағдарламалар негізінде жүр­гізе алуға үйренеді және дағдыланады.

   Курс барысында мұғалімдер өз педагогикалық шеберліктерін шыңдайды, тәжірибелеріне сараптау жасауды, тиімді оқытуды жоспарлауды үйренеді. Білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсатын және мазмұнын түсі­неді, пән бойынша белсенді оқу стратегияларын оқу бағдарламасына сәйкес жүргізуді меңгереді. Қалалық және барлық аудандық білім бөлімдерімен институт арасындағы жасал­ған меморандумдарға сәйкес институт оқытушылары жыл бойы облыс мектептері ұстаздарымен курсішілік, курсаралық және курстан кейінгі қолдау жұмыстарын тұрақты түр­де жүргізуде. Қы­зылорда облысы мұғалімдерімен курс­ара­лық кезеңде жасалынған жұмыс түрлері және оның ау­қымын 4-кестеден көруге болады. 

Қызылорда облысы бойынша 2012-2017 жылдар аралығында сертификатталған

мұғалімдер туралы мәліметтер

4-кесте

 

Сертифи-катталған мұғалімдер

Меморандум аясында өткізілген іс-шаралар

Желілік қауым-дастық саны

семинар

конферен-ция

дөңге-лек үстел

коучинг

шеберлік сынып

ашық сабақ көрсеткен мұғалімдер

592 (100%)

54

17

46

78

67

227

29

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстан кейінгі байланыс

Іс-шараларға қатысу

 

Озық тәжірибелерді жариялау

    кеңес

берулер

сабаққа талдау жасау

халықара-лық

респуб--ликалық

облыс-тық

халық- аралық

республикалық

облыс-тық

514

274

24

51

132

17

64

167

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

   Бірлесіп жасалынған жұ­мыстардың нәтижесін облыс оқушыларының әр түрлі деңгейдегі Ғылыми жобалар мен Олимпиадаларға (мектепіші­лік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық) қатысу санының артуынан, Ғылыми Жобалар мен Олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлері санының көбеюінен, ҰБТ нәтижелерінің артуынан, ұстаз­дар­дың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының сапасының өсуінен, облыс ұстаздары ішінде жоғары санатты мұғалімдер үлесінің артуынан көруге болады. Инс­титут пен облыс және қала мұғалімдері арасында бірлесе жүргізілген жұмыстардың оң нәтижесінің бір көрсет­кі­ші­нің мысалы ретінде облыс мек­тептеріндегі жоғары санатты ұстаздар үлесінің өсуін алуға болады (5-кесте).

Облыс мұғалімдерінің сапалық көрсеткіші

5-кесте

Жылдар

Жалпы

мұғалім саны

Жоғарғы

санат

І

санат

2013

18012

                648/3,6%

6664  /37%

2016

19828

1324/6,7%

7164  /36%

   Қызылорда облысында жо­ғары санатты ұстаздардың үлесі республикадағы ең тө­менгі көрсеткіш болып саналады. 2013 жылы бұл көрсет­кіш 3,6%-ды құрайтын. Біз­дің алдымыздағы Маңғыстау облысында жоғары санатты мұғалімдер үлесі 2013 жылдың өзінде 12% болатын. Қа­зір облысымыздағы бұл көр­сеткіш 6,7%-ға көтерілген.

   Институт осы жасалын­ған жұмыстар арқылы Ұлт­тық жоспардың 76-қадамындағы "ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді ке­зең-кезеңімен енгізуі, функ­ционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептерді оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйе­сін құру" және 79-қада­мында­ғы "Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен кө­шу. Басты мақсаты - даярла­на­тын кадр­лардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру" мін­деттерін абыроймен атқаруда.

  Елдің экономикалық жә­не ғылыми-техникалық дам­уы, бәсекеге қабілеттілігі, ұлт болашағы, адам капиталының деңгейі мен мемлекеттің қауіпсіздігі сол елдің білім беру жүйесінің дамуы мен білім сапасына тікелей бай­ланысты, ұстаздың білімі мен білігіне байланысты. Ұс­таздың қоғамдағы орны жайлы кезінде қазақтың ақиық ақы­­ны Мағжан Жұмабаев "Ал­­­ты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұға­лімдікі"- деген еді.

   "Жұмыла көтерген жүк же­ңіл", - дейді дана халқымыз. Ендеше, тұғыры биік тә­уелсіз Отанымыздың дамып, әлемдік өркениеттің төрі­нен өзіне лайықты орнын ойып алуы жолында жұмыла еңбек етейік.

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша

 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының директоры

Оқылды: 848 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 11:03

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C