Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 03:13

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – РУХАНИ ДАМУ КЕПІЛІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Зайырлы қоғам дегеніміз - қо­ғам­ды діннен бөлу нәти­же­сінде пайда болған қоғамдық қатынастар, діни нормалар не­гізінде емес, азаматтық негізде реттелетін мемлекеттік орган­дар­дың шешімдері, діни тұрғы­дан шығарылмайтын қоғамның сипаты. Зайырлы қоғамда әрбір адам ешқандай діни бағыттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Зайырлы қоғамда барлық діни конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер демалыс күні ретінде белгіленеді. Қазақ­стан қоғамы зайырлы қоғам бо­лып табылады. Себебі, Қазақ­-стан Республикасы Конститу­ция­сының 1-бабының, 1- тар­ма­ғында "Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемле­кет ретінде орнықтырады делін­ген". Конституциялық негіздегі "Зайырлы" ұғымы мемлекеттің барлық салаларында (рухани, әлеу­меттік, мәдени, діни), со­ның ішінде білім саласында да ашық, айқын саясатты ұстана­тын­дығымызды білдіреді. За­йыр­лы қоғам дегеніміз - ілгері­шіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам. Зайырлылық дін­сіздік емес, дін мен қоғамның жа­расымды бірлігі. Дінсіз мем­лекет жоқ, мемлекетсіз дін жоқ. Дін мен мемлекеттің түйісер же­рі - елдің тұтастығы, қоғамның ауыз­біршілігі және тұрақ­ты­лы­ғы. Қазақстан зайырлы мем­ле­кет. Дін заңмен қорғалады, дін нор­малары азаматтық заң нор­ма­ларына қайшы келмейді. Дін мен мемлекеттің арасы ажыра­тыл­ған. Қазақстан Республика­сы­ның орта білім беретін мек­теп­терінде "Зайырлылық және Дін­тану" пәні оқытылады. "Өр­леу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Қызылорда облысы педагогикалық қызметкерле­рі­нің біліктілігін арттыру инсти­ту­тында облыс аумағындағы мектептердің дінтану пәнінен дәріс оқитын мұғалімдеріне ар­нап "Зайырлылық және Дінтану" біліктілікті арттыру курстары жүр­гізілуде.

   Пәннің өзектілігі:

   Қазіргі Қазақстанның сая­са­ты әлемде бейбітшілік пен кон­фес­сиялық келісім, рухани пара­саттылық құндылықтардың жа­ңа жүйесін орнықтыруға бағыт­талған. Бұл поликонфессиялық, по­лиэтникалық жағдай қазақ қоға­мында өте өзекті тақырып. Діндер мазмұнындағы сан ға­сырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ға­сыр­лар бойы жинақтаған жасам­паз­дық тәжірибесін жастарға беру.

   Курс мақсаты: Діни ұғымдар­дың даму тарихы Қазақ мәдение­ті­нің дамуына және өркендеуіне едәуір әсерін тигізді. "Зайыр­лы­лық және Дінтану" бағдарлама­сы­ның басты мақсаты - жастар бо­йында жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбіт­ші­лік пен келісім үшін өзара түсі­ніс­тікке негізделген қоғам құруға бел­сенділік пен саналы атса­лысуға шақыру.

   Оқу курсының міндеттері:

   Елбасымыздың әлемде бей­біт­шілік пен конфессияаралық ро­лін айқындау;

* Негізгі діндер мен конфес­сия­лардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі таралуынан мағлұмат беру;

* Тыңдаушыларға діндердің дү­ниетанымдық және психо­ло­гиялық-педагогикалық негіздерін  көрсету;

* Тыңдаушыларға діни білімін арт­тыру арқылы олардың рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту;

* Ислам дінінің Қазақ тарихы мен мәдениетінің өркендеуіне ти­гізген әсерін ұғындыру; 

* Ой -өрісіне, сана- сезіміне за­ла­лы бар діни ағымдарды ажы­ратып, олардың таратылуына қар­сы тұру қабілеттерін жастар бо­йына сіңіру;

* Діни сипаттағы төзбеу­ші­лікке негізделген кез-келген сөз бен істі логикалық терең қарас­ты­рып, жүйелі талдай білу және түпкі теріс ниетін анықтау;

Курсты тыңдау барысында тыңдаушыларға қалыптасуы керек түсінік -пайымдар:

* Адамзаттың басқа  рухани са­лаларымен салыстырғанда діннің ерекшелігі;

* Діндердің пайда болуы және та­рихы;

* Діндердің рухани - этикалық қыр­лары;

* әлемдік діндердің қасиетті кітап­тарының пайда болуы және концептуальды мазмұны; 

* діни ілімдердің мазмұны, құ­ры­лымы, ерекшеліктері, сенім мәселелері;

* діндердегі ғибадат-құлшы­лық­тың мәні мен негізгі түрлері;

* Адам өмірінің мәнін діндер­дің әртүрлі тұрғыдан қарас­тыруы;

* Діни ұйымдардың негізгі түр­лері;

* Қазіргі әлемде діни дүние­та­нымның және діни мәселе­лер­дің алатын орны;

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушы мынадай мәселелерге сипат­тама бере алуы қажет:

- дін - әлеуметтік-мәдени құбылыс;

- негізгі әлемдік діндердің мәні және қағидалары;

- әлемдегі және еліміздегі діни ахуал;

- қазіргі Қазақстанның діни өмірінің ерекшеліктері;

     Заманымыздың заңғар жазу­шысы М.Әуезов атап өткен­дей: "Халықты халықпен, адам мен адамды теңдестіретін білім". Біздің алдымызда бүгінгі заман талабына сай зайырлы қазақстан­дық білім беру жүйесін таныту міндеті тұр. Қазіргі кезеңде Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделу үстінде. Мұғалімдер мен оқыту­шылардың біліктілігін арттыру жұмыстары жандандырылып жа­тыр. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі болып табылады. Еліміздің да­муы­на ықпал ететін күш білімге байланысты. Білім сапасы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған кезең - бұл жаңа дәуір, жаңа көз­қарасты жаңашылдықты талап ететін кезең. Сондықтан білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бәсекеге қабілетті, дамыған отыз елдің қатарына енуіміз үшін біз білімді, мәдениетті, өрке­ниеті дамыған ел болуымыз керек.

Б.Қожамберлиев,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы  Қызылорда облысы бойынша

ПҚБАИ кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор

Қызылорда қаласы

Оқылды: 380 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C