Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Көзқарас

Көзқарас (41)

Жұма, 14 Шілде 2017 12:21

Самопал заман

| Автор: 

    Әнеукүні шешесінің базардан әкелген кәм­пит, печеньелерін арнайы тексеруден өт­кізіп отырған үйдің кішкентайы: "Ой, мына­ла­рыңның бәрі самопал ғой. Несіне алған­сың?" - деп тәттілерді жаратпай тастады. Шын­дығында, қазіргі өмірімізде самопал дегеніңіз, Құдайға шүкір, жетіп артылады. Самопал кәмпит, самопал печенье, самопал аяқ киім, самопал көйлек, тағысын-тағылар, көп әйтеуір.         

   Әлгі кішкентайдың айтқанынан кейін само­палдар туралы өзім де ойға қалдым. Қазекең біліп айтады ғой, "ас - адамның арқауы" деп және  оған "адам көркі - шүбе­рек" дегенді де қосып қояды.

     Әуелгі әңгіме тамақ туралы болсыншы.

    Вермишель деп салғаның, ботқа болады, макарон деп алғаның сорпа болады. Сарымай деп маргарин береді, қою қаймақ деп су аралас сүт береді. Тәтті шоколады қатып қа­лады, ащы конфеті жабысып қалады. Шарап деп сусын сатады, арақ деп су сатады. Ашыт­қы дегені иісі шығып, су тартады, дәмді салат дегені ауызды қуырады. Тұздың йоды аз, ауырған жандар қылады наз. Ұн дегені су құйсаң, қойыртпақ болады, высший қайсы, первый қайсы айыра алмай, жүйкең тозады.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:55

Тәрбиенің бастауы - балабақша

| Автор: 

   Бала тәрбиесі - жа­уап­ты іс. Отбасының бала үшін маңызы ерекше. Жа­нұяда көрген жылылық баланың жақсы қасиет­терін, мінез-құлқын қа­лып­тастырады. Өскелең ұрпақты рухани-адамгер­шілік қасиеттерге тәрбие­леу - қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз - жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзат­тың мәңгілік тақырыбы.

   Қазіргі қоғамда баланы тәрбиелеу ісінде балабақ­шалардың атқарар міндеті зор. Себебі, баланың отба­сынан кейінгі алғашқы ортасы балабақша болмақ. Яғни, өзге балалармен тілдесу арқылы, тәрбиеші­лер­ден тәлім алу арқылы баланың қабілеті ашыла түседі. Екінші ұстаз әл-Фа­раби бабамыздың: "Адам­ға ең бірінші білім емес, тәр­бие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" деген сөзі бар. Демек, әрбір бала дұрыс тәрбие алуы керек. Осы орайда тәрбиешілердің атқарар жұмысы орасан болуы тиіс. Олар үнемі ізденісте болуы қажет. Мәселен, балабақшаға ке­летін балалар әр түрлі бо­лады. Бірі енді ғана был­дырлап сөйлеп жүрсе, бірі ашық мінезді, енді бірі тома­ға-тұйық, бірі көңілшек болады. Осындай алуан қы­лықты балалармен жұмыс істеу үшін тәрбиеші мықты психолог болуы керек.

Дүйсенбі, 10 Сәуір 2017 06:27

Білім мен білік ұштасса

| Автор: 

    Тәуелсіз жас мемлекетіміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мақсатында көптеген өткелдерден өтті. Бұл ретте елміздің білім саласы да үлкен реформаларды бастан өткерді. Білімнің сапасын көтеруге  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­тамасымен жаңа технологиялар енгізіліп, заманауи тәсілдер қолданылып, ауқымды жоспарлар іске асырылып жатыр. Тәуел­сіздіктің таңы атқан кезден-ақ Елбасы дамуымыздың діңгегі білім мен ғылым екендігін басып айтып, "Болашаққа - ке­мел біліммен" деген  қағидасын ұсынды. Соның аясында, қазақстандық білім беру бұрын-соңды көрмеген қарқынды ілге­рілеу кезеңіне аяқ басты. Елімізде жүз­деген мектеп пен балабақша бой көтерді, ұстаздарды қолдау мен ынталандыру шаралары да тұрақты өсіп келеді. Жоғары оқу орындарынның техникалық базасын жаңарту, ұстаздардың ғылыми ізденісіне қажетті гранттар бөлу, Назарбаев зияткер­лік мектептері, "Болашақ" бағдарламасы, "Назарбаев Университеті", мектепке дейінгі білім беруді 100 пайызға жеткізу міндеті, 12 жылдық орта білімге көшу, мектептердегі 3 ауысымды оқуды жою туралы шешімдер, білімдегі инновация­ларға көрсетілетін жан-жақты қолдау деп білеміз. Аталған өзгерістер Сыр өңірінде де жүзеге асып келеді.

   Қызылорда қаласындағы 85 жылдық тарихы бар қара шаңырақ Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гумани­тарлық колледжі де білім саласының қарқынды дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Колледж - нарық саласында бә­секеге қабілетті және жаңа формациялы педагогтар дайындауда. Бұл істе аталған оқу ордасының дәстүрі де бай, тәжірбиесі де жеткілікті. Білім алушыларды теория­мен ғана қаруландырмайды. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибені де мықты әрі таңдаулы базалардан өтулерін қамтамасыз етеді. Қызылорда қаласындағы білім мекемелерімен бірлесіп жоспар түзіп, қажетті меморандум жасап, келісім-шартқа тұрып, нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің сенімді серіктерінің бірі қаладағы  химия-биологиялық   бағыттағы "Назарбаев Зият­керлік мектебі". "Назарбаев Зияткер­лік мектебінің" мамандары алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың заманауи технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуде. Колледжде "Негізгі орта білім", "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі", "Матема­ти­ка мұғалімі", "Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі" секілді мамандықтар бойын­ша оқып жатқан студенттер "Байқау прак­тикасы" мен "Дипломалды" практи­ка түрлерінен жоғарыда аталған  мектепте  тәжірибе жинақтады. Ашық сабақтар өткізіп, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдасты­рып, мектепішілік мереке­лер­ді  өткізуге ат салысады. Ұстаздар студент­тер­дің ма­ман­дықтарына деген қызығу­шы­лық­тарын оятып, оларды өздігінен білім­дерін жетілдіруге, ізденуге жол ашқандай. Са­бақ­тарында қазіргі іс-тәжірибе мен өт­кеннің озық тәжірибелерін шебер пайда­ла­нып, оқушылармен біріге отырып сабақтар өткізеді. Студенттер алған білімдеріне білім қосып, тәжірибемен ұштастырып, жетілдіре түсті.

    Әз-Наурыз - жыл басы, табиғаттың жаңару, жаңғыру шағы. Күн мен түн теңеліп, адамдардың бойындағы өмірге, айналаға деген құлшынысы артады. Міне, Ұлыстың ұлы күні, оның ұрпаққа берер өлшеусіз өнегесі, тәрбие-тәлімі туралы оқырмандарымыз сыр тарқатады.

 Күләш ҚАЛАСОВА,

"Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері" төсбелгісінің иегері:

"ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП"

 Наурыз - жыл басы, ұлтымыздың ұлық мерекесі. Ата-бабаларымыз, ана-әже­леріміз ғасырлар бойы ұлттық мейрам деп ұлық санаған бұл мерекенің қазақ халқы үшін де орны бөлек.

   Менің арғы бабам Жәнке қазақ хал­қының тарихына аты алтын әріппен жа­зылған атақты Абылай ханның алты биінің бірі болған. Ол туралы Мәшһүр Жүсіптің тарихи еңбектерінде аз кездеспейді. Оның баласы Қатпа, немересі Бекетай да еліне елеулі, халқына қалаулы болған туымды тұлғалар. Әкем Бекшенің Қаласы да ел ішінде есімі ерекше құрметпен аталған адам болатын. Кезінде ол кісі айтыпты деген айшықты сөздер Арал-Қазалы өңі­рін­де жиі айтылушы еді. Қазір аға буын өкілдері арамызда саусақпен санарлықтай қалды. Айтайын дегенім, олардың тұсында әз-Наурыз мерекесі барынша ұлттық көрінісімен шынайы түрде көңіл түкпірінен орын алыпты. Өкпелескен, ренжіскен адамдар Ұлыстың ұлы күні төс қағыс­тырып, құшақ айқастырып, бір-бірінен кешірім сұрап, дастархан басында қатар жайғасады екен. Бұл сол уақыттарда үлкен үрдіс, ұрпаққа үлгі болған екен. Осы өнегелі іс әрқашан өз жалғасын таба берсе екен деймін.

Сейсенбі, 07 Наурыз 2017 11:52

Тәрбие басы – талбесік

| Автор: 

     Халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов "Ел боламын десең бесігіңді түзе" деп бекерден-бекер айтпаған болар. Себебі, адамға, оның ішінде қазаққа тән тәрбиенің бастауы, қайнар көзі сәби шыр етіп жарық дүниеге келген сәтінен басталады. Сонан бастап ненің жақсы, ненің жаман екені бала бойына сіңіріледі.

     Шынын айтайық, бала тәрбиесі талай-талай данышпандардың таңдау­лы тақырыбы болған және әлі күнге ол өзінің маңызын ешқандай жойған жоқ. Қайта уақытпен тайталасып, қандай қо­ғамның да "бас ауруы" болғаны жа­сырын емес. Кейде бейбастақ өскен оқу­шылардың өздеріне уақыт талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарына сабақ үстінде қол көтеруі, басқа да тәртіп­сіз­дік жасау фактілері жайлы естіп, көріп қаламыз. Сондайда ішің қан жылайды. Апыр-ай, біздің бірінші орынға мате­риал­дық игілікті қойғанда көрген күні­міз осы болды ма? Жаһандану жетегі үл­кенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге ға­сырлар бойы дағдыланған біздің қа­сиетті қазағымызды қайда алып бара­ды? Әлде жұмысбастылықты, бала тәр­биесіне уақыттың жоқтығын айтып, оның үстіне тұрмыстың ауырлығын алға тартқанда тапқан пайдамыз, кәне?!  

Бейсенбі, 02 Наурыз 2017 06:48

ОҚУШЫНЫ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕЙІК

| Автор: 

   "Қазіргі заманғы жас­тарға ақпараттық тех­но­ло­гиямен байланысты әлем­дік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет", - деп Елбасы атап көрсеткендей, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арт­тырудың бірден-бір жолы болып саналады.

    Егеменді елдің ертеңі - жас ұрпақтың оқу - білі­мі­нің тереңдігімен өлше­не­тіні баршамызға белгілі. "Мектептің тірегі де, тіреуі де - оқыта білетін мұғалім", - деп А.Байтұрсынов айт­қандай, қазіргі білім беру са­ласында оқытудың озық технологияларын мең­гермейінше, жас ұр­паққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.

  Қазіргі таңда білім са­ласында оның сапасын арттыру мақсатында, оқы­туды жаңа техноло­гия­лар­мен байытуға, оқыту­дың жаңа әдіс-тәсілдерін айқындауға және күтілетін нәтижеге бағыттап оқыту арқылы жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге назар аударылуда. Білімді, тәрбиелі, қабілетті оқушы - еліміздің баға жетпес байлығы. Алған білімін өмірде пайдалана алатын, заман талабына сай, жан-жақты шығармашыл, ізде­німпаз оқушы тәрбиелеу үшін және оқушының бар мүмкіндіктерін ашу үшін оқытудың жаңа түрін тә­жі­рибемізге қосуымыз қа­жет. Оқушы терең ойла­нып, өз сұрағына жауабын өзі табатындай, кездескен кедергінің түйінін өзі ше­шіп, өзі жол табатындай етіп тәрбиелеу үшін са­бақ­тың құрылымын өзгерту керек.

    "Инновация" термині ғылым­ға ХІХ ғасырда енді, ал екінші жартысында инновация әлеу­меттік өзгерістердің жалпы үр­діс­терінің сатысы ретінде қара­лып, оның негізгі элементтері "жаңашыл", "бағалаушылар" ре­тінде атап көрсетілді.

     Қазақстан Республика­сы­ның білім сапасын жақсарту мен жаңғырту қажеттілігі білім беру жүйесіне еуропалық үздік білім дәстүрінен елеулі өзгерістер енгізуге алып келді. Қазіргі қо­ғамға өз мәдениетін құрметтей­тін, шет елдер мен халықтардың ғылыми жетістіктерінен хабар­дар, білікті, өз елінің шынайы патриоттары қажет. Осыған бай­ланысты, елімізде әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас арқылы білім беруді жаңғырту тұжырымдамасы қабылданды. Гуманистік идеалдарға назар аудара отырып, оқушылардың же­ке тұлға екенін ұстана оты­рып, мәдениетін дамыту және қамтамасыз ететіндей шығарма­шылық орта қалыптастыру көз­делініп отыр. Білім беру проце­сі­нің ең маңызды бөлігі - білім беру технологияларын жетілді­руге бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы өзара тұл­ғалық іс-әрекет. Бұл шет тілін үйренудегі ең маңызды құрал­дардың бірі ретінде қарастыры­лады.

    Қазіргі ақпаратты-техноло­гия­лық қоғамда білім адам өміріндегі ең маңызды құнды­лыққа айналғаны бәрімізге мәлім. Ғылым әлемінен хабардар болу үшін, ең алдымен сол жаңалықтар жариялайтын ав­тор­лар тілін, яғни шет тілін үй­рену қажет. Сондықтан, шет ті­лін үйренудің маңыздылығы ар­та түсіп, оның өзектілігі мен маз­мұны, мақсаттары оқыту дина­ми­касына серпінді әсер болды.

    Қазақстанда ең алғаш "ин­но­ва­ция" ұғымына қазақ тілінде анық­тама берген ғалым Неме­ре­бай Нұрахметов болатын. Ол "инновация, инновациялық үр­діс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалық­тарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықта­маны ұсы­­нады. Н.Нұрахметов "Ин­новация" білімнің маз­мұ­нын­да, әдістемеде, техноло­гия­да, оқу-тәрбие жұмысын ұйым­дас­­ты­руда, мектеп жүйесін бас­қа­руда көрініс табады деп қарас­тырып, өзінің жіктемесінде иннова­ция­ны, қайта жаңарту кеңістігін бір­неше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірі­мен байла­ныс­паған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байла­ныс­қан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

   Тұлғаның эмоциялық және шығармашылық жақтарын да­мытуға бағытталған білім беру қарқынын жаңғыртуда инно­вациялық технологияларға ғы­лыми жобалар, проблемалық оқы­­ту, деңгейлік саралау, сы­нақ жү­йесі, ойын арқылы оқыту, шетелдік мәдениетпен таныс­тыру, білім алушының өзіндік жұмыстары жатады.

   Осы мақсатта танымдық іс-әре­кеттер білім беру стандартта­рының жетекші компонент­те­рінің бірі болып табылады. Бұл дегеніміз баланың психикалық дамуының құрамдас бөліктерінің бірі таным екендігін айтады. Яғ­ни, оның интеллектуалдық қабі­леті, сын тұрғысынан және шы­ғар­машылық ойлауы, білім алудағы өзіндік әдістемесі мен бағыт-бағдары, қиялы, есте сақтау қабілеті, назар аударуы және рефлексиясы - барлығы таны­мы болып есептеледі.

   

    Мен 2013 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектеп­тері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 1-деңгейлік курстан өтіп жаңа бағдарлама бойынша білім алдым.

     Жалпы алғанда, жаңа бағдарлама өзіме ұнайды. (Тек, енді қорытынды білім бағалау (ҰБТ) жүйесі мен мектептердің материалдық-техникалық база­сын жаңа бағдарламаға сәйкестендіру қалып тұр). Сондықтан жаңа білім бағдарламасы туралы пікір айтуға толық моральдық құқым бар деп ойлаймын.

     Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі не­гізгі тұлға - мұғалім деген ұстанымды негізге ала оты­рып, жылдам өзгеріп жатқан заман талабына сай, мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, се­нім­ді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сан­дық технологияларда құзырлылық таныта алатын және өз білімдері мен дағдыларын күнделікті өмір­де де қолдана білетін оқушы қалыптастыруға даяр­лау екендігі белгілі.

    "Технологиялық, педагогикалық және мазмұн­дық білім арасындағы өзара байланысты іске асы­руға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады" (Мишра мен Кёлер) деген қағи­даны еске ала отырып, білім беру мен ғылымды да­мы­тудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдар­ла­масы туралы бірер сөз айтайын.

      Тек оны қарсылық деп емес, Кембридж техно­ло­гиясындағы 7 модульдің бірі "Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің" әсері деп түсініңіздер...

      Бүкілхалықтық талқылаудан өтпегені болмаса, жалпы алғанда бірер бабынан басқасы ізгі ниеттен туған болар деп ойлаймын...

      Дегенмен бағдарламаны іске асыруға кедергі болатын маңызды факторларға тоқтала кетейін.

   

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 04:16

КӘСІПТІК БІЛІМ - КАДР ҚАЖЕТТІЛІГІ

| Автор: 

    Биылдан бастап талапкерлер техникалық ма­мандықтар бойынша мемлекеттік және жекеменшік арнайы орта оқу орындарында тегін білім ала алады. Мақсат - теория мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби білікті маман дайындау. Сонымен бірге тегін кәсіп­тік-техникалық білім беру жүйесі мектеп бітіргеннен ке­йін оқуға түсе алмай қалғандардың бір маман­дық­ты игеріп шығуына мүмкіндік бермек. Мамандар "те­гін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу жо­ғары оқу орындарына тәжірибелі, өзінің болашақ ма­мандығынан хабары бар талапкерлерді қабыл­дауға көмектеседі" дейді. Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру қоғамда орта таптың үлесін арт­ты­руға жол ашады. Кез келген елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі орта тап екені белгілі. Техникалық және кәсіптік білімді да­мыту өнеркәсіппен қатар, аграрлық, медицина, құры­лыс, қызмет көрсету секторларының өрге басуына ықпал етеді.

   Отанымыздың индустриалды-инновациялы өнер­кәсібі мен өндіріс салалары заманауи озық тех­нологиялар жетістіктерінің негізінде жыл өткен са­йын жаңарып, жаңғырып, ел экономикасы қарқын­ды дамып келеді. Нарықтық экономиканың өр­кен­деуі еңбек нарығын білімді де білікті маман кадр­лар­мен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді. Ал, сол кә­сіби-техникалық мамандықтарды игерген жұмыс­шы, қызметші кадрларды дайындайтын мекеме - кәсіби-техникалық оқу орындары.

    Жастардың жоғары оқу орын­дарында білім алуға ұм­тылмай, кәсіптік салаға бет бұруы ел да­муы үшін ма­ңызы айрықша. Бүгінгі еңбек на­рығына кәсіптік білімі бар жұ­мыс­шы кадрларға, атап айтсақ, авто­кө­лік жөндеуші слесарь, құрылысшы, электрик, энер­гетик, механик, газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, бетоншы, ағаш ұс­тасы секілді мамандар тапшы. Сондықтан әлеу­мет­тік серіктес­тіктер маман даярлап, оқытуға ынта­лы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа техноло­гия­лармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар да­йындауға қол жет­кізілетін болады.

     

     Өткен оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес курстан өттім. Бір айға жуық уақытта аталған бағдарламаның қыр-сырына қанықтық. Жаңартыл­ған білім беру бағдарламасының соң­ғы күндеріне де келіп жеттік. Осы уақыт аралығында не білдім? Не үйрендім? Әрине, ауыз толтырып айтатындай жаңалықтар да жетерлік.

    "Жолға жүрсең қоржының да­йын болсын, жауға шапсаң қосының дайын болсын" деген қазақтың ұрпағымыз. Сол даналықты естен шығармай, жаңалыққа жаны құмар мұғалім қауымын дайындау өзекті мәселе. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тіл­дік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологияларын меңгердік. Бұл оқудың ерекшелігі:

    -Спиральді оқу бағдарламасы;

     -Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;

     -Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;

     -Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;

     Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқу­шы­ның төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымын жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында "Спираль әдісімен" орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

     Ол - білім алуды ұйымдастырушы. Балалардың білім алуына ақпараттық білім көзі жеткілікті. Олар: қоршаған ортасы, ата-анасы, бұқаралық ақпарат құралдары.

     Әдеби шығармаларды оқу ар­қылы оқушылар халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбекқорлығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсі­ніп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дауылпаз ақын М.Дулатов "Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда... Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман" деген екен.

   Критериалды бағалау тақырыбында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіме көп ықпалын тигізді. Критериалды бағалау туралы әлі де көп ізденуім қажет  екенін  ұқтым.

    Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің "Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса" деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.

 Меруерт БЕРДІҚОЖАЕВА,

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C