Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Көзқарас

Көзқарас (41)

    Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы сабақтан тыс уа­қытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады. Сынып­тан тыс тәрбие жұмысына барлық оқу­шылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагоги­калық бөлімдер қатынасады. Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, әлеу­меттік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамы­ған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.

      Енді бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.

    Танымдық іс-әрекет. Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқу­шылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне же­теді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұ­мат­тар алады. Өз еркімен түрлі ұжым­дық-танымдық іс-әрекеттерге қатына­сып, оқушылар іс барысындағы тәуелді­лікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекше­ліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтыр­май­тын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жастағы балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8-10 жаста­ғылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көруге болады. Бұған қосым­ша бұл жастағы балалар сұрағынан олар­дың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге бола­ды. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.

     Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қана­ғат­­тандырылып қана қоймайды. Оқу­шы­лардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күр­де­лірек сұрақтарға көшетіндей етіп құ­рылады.

       Еңбектік іс-әрекет. Мектептің баста­уыш сыныптарының өзінде оқушы­лар­дың олардың түсінуіне мүмкін маман­дық­тармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қара­па­йым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, бала­бақ­шаға, үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.

    Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжі­рибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс-әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқу­шының істі орындауға даярлық дәре­же­сін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таң­дап алады. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады. Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды, гербарийлерді құрас­ты­рады, еңбек сабағы үшін табиғи мате­риал жинастырады, т.б. Қамқорға алын­ған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора-жай­лар­ды көгалдандыруға қатынасады. Еңбек­тік іс-әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.

     Ойын. Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетін­дік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әре­кет түрлерінің міндетті элементі. Ойын­ның алып күшін кезінде Ян Амос Коменс­кий атап көрсеткеніндей, ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н.К.Крупская аса зейін қойып қарады. Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек. Себебі, тек ұжым­дық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы, басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.

    Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олар­дың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәрті­бін басқаратынында, батыл, жігерлі жә­не орнықты бола алатындай ойын ұйым­дастырылса, ойын өмір мектебі, өз құр­дас­тарының ұжымына еңбек және қа­рым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.

     Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш-қуатын шынықтыруға бағытта­ла­ды. Қазіргі мектептің негізгі міндет­те­рінің бірі - денсаулығы зор жас ұрпақты тәр­биелеу. Бастауыш мектепте оқушы­лардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.

     Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Батауыш мектеп жасын­дағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери-спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың  басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушы­лары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мек­теп­те таза ауада спорттық ойындар өткі­зі­леді. Оқушылар бастауыш сынып мұ­ға­ліміне спорттық іс-әрекеттерді ұйым­дастыруға көмектеседі.

     Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек. 1-2 сынып­тарда кітап оқу, кино және диафильм­дер көру, кітап және кинофильм үзін­ділерін сахнаға дайындау, 3-4 сынып­тарда табиғатқа, өндіріске экскур­сия­лар, модельдеу, мектеп компьюте­р­ле­рі­мен, құрылыс материалдарымен, ме­талмен жұмыс, викториналарға, кон­курс­тарға қатынасу. Осылардың бары­сында оқушының қылығы мен пікірін­дегі жаңа құрылымды есепке ала оты­рып, мұғалім балалардың ерекше­ліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олар­дың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым-қатынасын реттеуге болады.

     Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл - мұғалімдікі. Ол ата-аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін бірік­ті­реді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кез­де оқушылар ұйымдарының іс-әре­ке­тімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқу­шы­лардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптас­ты­руға, жасам­паздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.

   

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016 12:19

Білімді ұрпақ балабақшадан

| Автор: 

    Бүгінгі бүлдіршін ертеңгі елдің келешегі екені баршамызға белгілі. Ал, осы балғындардың алғашқы тәрбие ор­тасы өзінің отбасы болса, мұнан кейінгі орында оның білім алатын ордасы тұрады. Білімнің алғашқы баспалдағын қалап, баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруде бүгінгі күні балабақшаның қосатын үлесі зор. Яғни, ел ертеңін еңселі қалыптастыруға мектепке дейінгі меке­меге жүктелетін жа­уапкершілік жүгі жо­ғары. Талап бал­ғын­дарды тек тәрбиелі етіп шығару ғана емес, сонымен қатар ба­ла бойына алғаш­қы әріптерді тануға, са­нап үйренуге және де үш тілге сөйлей білуге үйрету міндеттел­ген. Осы тура­сын­да Елбасы Н.Ә.Назар­баев: "Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланыс­ты",- деп айтып көрсеткен болатын.

    Көрнекті педагог К.Д.Ушинский өзі­нің тәрбиеге қатысты керемет қанатты сөзінде былай деген екен: "...Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен ауыстыртыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие". Мұнан біз балаға тәрбие беру жолында тәрбиешінің атқаратын рөлінің жоғары екендігін, білімді балғынды, бәсекеге қабілетті ұрпақтарды жан-жақты әрі ізденісі мол мұғалімдер мен тәрбиешілер тәрбиелеп шығаратындығын ұға аламыз.

    Иә, расымен де қазіргі таңдағы техно­ло­гиялардың қарыштап даму кезеңіне қарап отырып, заман талабына сай жастарды да тәрбиелеу қажет екені түсі­нікті. Осы себептенде келешек тұлғаны қалыптастыру жолында мектепке дейінгі мекемелер жаңа стандарттар бойынша білім беруде. Баланы даму әлеміне енгізуде, оның денсаулығын сақтап, нығайтуға, олардың жан-жақты дамуына тәрбиешілер жауапты еңбек етіп келеді. Себебі Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне аяқ басқан кезеңінде болашақ білімді әрі патриотты ұрпақты тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі мекемелерге үлкен жауапкешілік міндеттеді.

 Ақжарқын БУКЕЕВА,

"Жұбаныш-А" балабақшасының тәрбиешісі

Жаңақорған ауданы

   Жас ұрпақ тәрбиесіне мектепке де­йінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адам­гершілік қасиеттері мен эстетикалық тал­ғамның қалыптасуына жағ­дай жа­сайды.  Мектеп жасына де­йінг­і бала­ларды тәр­биелеу мақсатты қо­ғам талабы­нан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, бі­лімді, моральдық бей­несі жоғары шығар­ма­шылық еңбекке бе­йім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

   Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұл­­ғасын дамытуда және оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

    -    Баланың ішкі белсенділігін  да­мы­­туға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау.

    -    Әр бала да оның жеке дара қа­сиет­­­тері мен қабілеттерін ашып, олар­дың өмір сүруге қажетті салаларға орны­ғуына мүмкіндік көрсету.

    -    Әр баланың тұлғасына деген құр­мет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ете­тін қарым-қатынасты орнату.

   -    Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдіс­тер­ге бағдар жасау.

    Мұндай педагогикалық технология­ның жан-жақты тараған түрінің бірі "Тәй-тәй" технологисы. Бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп олар­ды халықтық тағылым нәрімен су­сындатып, танымдық жұмыстарды жү­йелі түрде жүргізу баршаға ортақ міндет. Осы бағытта "Тәй-тәй" технология­сы­ның негізін қалаушы Мария Монтес­со­ри . Монтессори педагогиканың негізі ар­найы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. Мария Ман­тоссори "Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?" деген сұрақ қойып, оның қа­­жеттілігі өзіне қызмет етуге, өзін-өзі да­мы­туға деген ұмтылыс болып табы­ла­­тынын өзі ашқан мектептерде дәлел­деп берген. Сондықтан баланы өмірге бе­­йімдеу дамытушы ортада жүзеге асады.

    Дамытушылық орта дегеніміз - ба­ла­ның қызығушылығын туғызатын ал­уан түрлі, тартымды материалдар ашық қол жетімділікте болатын, тәр­бие­ші жа­саған зат - кеңістік ортасы, он­дағы бала­ларды оқыту және тәрбиелеу жағ­дайы әрбір балаға өзінің жеке қарқын­мен дамуына мүмкіндік береді. Техно­ло­гияның негізі мақсаты әр ба­ла­ның же­ке қабылдауы мен даму ке­зең­дерін ес­кере отырып білім беру.  Тәй-тәй" тех­но­ло­гиясы 7 орталықпен жұмыс жа­сай­ды. Аталған орталық арқылы стан­дарт­қа сай 5 білім беру саласын қамтуға бо­лады.

    1.Әдебиет орталығы.

    2.Өнер орталығы.

    3.Желілі-рольді орталығы.

    4.Құм мен су орталығы.

    5.Құрылыс орталығы.

    6.Үстел-үсті орталығы.

    7.Ғылым орталықтары.

    Әдебиет орталығында жасына ла­йықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп, оқылған шығарма мазмұ­нын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу, жұм­бақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе бі­лу­ге баулып, адамгершілік сапалар игертіледі. Мазмұнды суреттер арқылы жү­йелі сөй­лем құрап, сөйлеуге үйре­ті­леді.

    Құм мен су орталығында сезім қа­бі­лет­­тері дамуды, кеңістік және көлемдік өл­шеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі.

    Ғылым орталығында баланың таби­ғат­қа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қа­рым-қатынасын қалыптастыру мақ­саты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тә­жі­ри­бе жүргізу бақылау жұмыстары арқы­лы артады.

    Желілі-рольді орталығында желілі-роль­­дермен танысуға мүмкіндік беріліп әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қа­ты­­нас ептіліктері  ойын үстінде дами­ды.

   Құрылыс орталығында математи­калық ұғымдар мен пішіндерді ұғынуға, ауызша есеппен, есептер шығаруға, кубиктер арқылы түрлі пішіндер, макеттер құрас­ты­руға үйренеді.

    Өнер орталығында балалардың қа­был­дауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін, дамытуға дербестігімен жауа­п­кер­шілігін қалыптастыру, ұсақ қол ма­торикасын естеліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

   Үстел үсті орталығы ұсынылған үлгі бо­йынша жекелеген заттардан топ құ­рауға, топты және затты ажырата білуге үй­рету қарапайым математикалық құ­рас­тыру ұғымдарын меңгерту.

  "Тәй-тәй" технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызады. Балаларда өздерінің мүмкін­дік­тері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелен­ді­руді жүзеге асырады. Қызықты әрі икемделген жұмыс түрін жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыс­ты­руы не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топ­тар­да өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқы­ту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына әсер етеді. Орталықтарда сабақ­тарды өткізу арқылы біздерде балаға же­ке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі жалпы топпен жұмыс жасаған кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын то­бында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын се­зіне отырып, өзін әр қырынан көр­се­туге тырысады. Осы технологияның не­гі­зінде ата-анамен де бірлескен жұ­мыс­тарды жүргізуге болады.

    -    қызықты отбасылық кештер

   -    бірлескен саяхаттар

   -    отбасының топқа келуі

   -    сауалнама, анкеталар

   -    отбасына арналған псих­о­ло­гия­лық кеңестер.

   "Тәй-тәй" техно­ло­гия­сы бойынша жұ­мыс атқару кезінде педагогтар тек тәрбиеленушілерді жақсы танып қоймай, өздерінің қабілеттері ашылады. Топтардың, ұжымдағы педагогтардың эмоционалды жағдайы жақсарады. Ата-аналар балабақшадағы іс-шаралардың белсенді қатысуына арналады.

М.РАХМЕТ,

№8 "Тілашар" балабақшасының тәрбиешісі

Қазалы ауданы,

Басықара ауылы

   Бүгінгі таңда еңбек нары­ғын­­да жоғары білікті мамандар тап­шылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйым­дастыру және жүйедегі мә­селелер, яғни жас маманның бо­йынан табылуға тиісті тәжіри­бе­лік дағды, білім мен тәжірибені та­лап ететін нақты өндірістік жағ­дайлардан теориялық білім берудің алшақтауы.

   Дуалдық жүйе бойынша оқы­ту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскер­лік­терді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби да­муына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің - білім, ғылым, өнді­ріс­тің - өзара байланысын, өзара әсе­рін, өзара кірігуін қамтама­сыз ету арқылы кәсіптік білім бе­ру жүйесінің сапасын артты­ра­­­тындығы сөзсіз.

  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустрия­лық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсе­ке­ге қабілетті маман даярлау олар­­­дың әлеуметтік, кәсіптік, өзін­­дік жұмыс жасай алу қабі­лет­терін дамытумен белгіленеді.  Мем­­ле­кетімізде біліктілікті арт­ты­ру мен қайта даярлаудың оқу орта­­лық­тарын өндірістік кәсіп­орын­дар жанынан құруды және олар­дың ЖОО-лар мен колледж­дер­дің мамандар даярлауына қа­ты­суын көздейтін дуалды білім бе­ру жүйесінің жол картасын бе­кіту туралы ҚР Үкіметінің 2014 жыл­ғы 15-қазандағы №1093 қау­лы­сы дәлел бола алады.

     Осыған сәйкес Қызылорда об­­лы­сы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқу орын­дарына дуалды оқытуды енгізу мақсатында Қызылорда облысының білім басқарма­сы­ның 2014 жылғы №146 бұйры­ғы­мен тәжірибелік алаңдар құ­рылды, эксперементке 8 кол­ледж 15 мамандық бойынша қам­тылды. Олар: М.Мәметова атындағы Қызылорда гумани­тар­лық колледжі, Қызылорда индус­тралды-техникалық кол­лед­жі, Қызылорда құрылыс жә­не бизнес колледжі, Қазалы кө­лік-техникалық колледжі, Қа­залы аграрлы-техникалық кол­леджі, Шие­лі индустралды-аг­рарлы кол­­леджі, "Болашақ" кол­леджі, "Жас өркен" колледжі.

     Осы аталған колледждердің барлығы дуалды оқытудың не­гізгі 60%-дан жоғары өндірісте (практикалық) оқыту, 40%-дан төмен теориялық (оқу орнын­да) оқыту қағидасы ұстана оты­рып, әлеуметтік серіктес жұмыс беруші мекемелердің білікті ма­мандарының қатысуымен жұ­мыс оқу жоспарларын да­йын­дап, оларды бірнеше рет об­лыс кө­лемінде өткізілген семи­нар­ларда, дөңгелек үстелдерде са­рап­тап, саралап облыстық кә­­сіп­­керлер палатасының келі­сі­мі­­мен бекітіп, сол жоспар бо­йын­ша 2015 жылдан бастап эксперименті ре­жимде жұмыс жасауға дайын жә­­­­не жұмыс беруші мекеме­лер­дің база­ла­рын­да дуалды оқы­ту­ға қажетті іс-шаралар жүргі­зі­лу­де.

     Еңбек нарығы шарт­тары­ның өзгеруін ескере отырып, бі­лікті мамандар дайындау жү­йе­сін құрудағы әлеуметтік серік­тес­тіктердің құрылымын бел­сенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы ар­қы­лы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу процесінде ал­ған теориялық білімдерін тәжі­ри­беде пайдалану дағды­ла­рын тереңдетеді, өндіріс­тік жағ­дай­да шешім қабылдау іс­керлігі қалып­тасады.

     Ынтымақтастық мына ба­­ғыт­тар бойынша жүзеге асыры­лады:

     1.Кәсіпорынның материал­дық-техникалық базасын қол­дану арқылы оқушылардың тә­жі­рибелік оқуын ұйым­дас­тыру (құ­ралдар мен жаб­дық­­тар­­ды қолдану мүмкіндігі бері­леді).

      2.Жұмысқа орна­ласу мен өнді­рістік тәжірибеден өтуге үш­жақ­ты келісім шарттар жасау.

      3.Өндірістік тәжірибе бо­йын­ша жұмыс бағдарлама­ла­рын бір­лесе әзірлеу.

      4.Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.

   5.Оқу бітірушілердің қоры­тынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кә­сіп­­орын өкілдері мемлекеттік бі­лік­тілік комиссиясына бас­шы­лық етеді, диплом жобалары­ның жетекшілері болып табы­лады.

    6.Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру.

   Колледж түлектерін дайын­дау­да білімді тәуелсіз бағалау са­пасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер бел­сенді түрде қатысып отырады.

    Жұмыс беруші мекеме өкіл­дері жыл сайын колледж біті­ру­шілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, білік­ті­лік, білімділік деңгейлерін са­рап­қа салады, бағалайды.

     Жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері:

    1.Дайындық кезеңі. Білім беру мекемелері мен кәсіпорын­да­рының әрекет ету бағдарлама­ла­ры мен жоспарларын біріктіру жағдайларында дуалды білім беру жүйесін әзірлеу және енгізу:

    - нормативтік - құқықтық ба­за­ны дайындау;

    - оқу құжаттамасын (оқу жос­­­­­парлары, бағдарламалары) әзірлеу және бейімдеу;

   - штаттық нормативтер, та­рификациялау механизмі, оқу кестесін әзірлеу;

  - ғылыми-әдістемелік, кадр­лық, техникалық, жобаны ақпа­рат­тық қамтамасыз ету меха­низм­дерін анықтау және әзірлеу.

   2.Енгізу кезеңі. Халықпен жә­не әлеуметтік серіктестермен ақ­параттық - түсіндірме жұмыс­та­рын жүргізу. Дуалды білім бе­руді жүзеге асыратын мекеме­лер­ді ресурстық қамтамасыз ету, эксперименталдық модульдерді жүзеге асыру.

    - кәсіби - бағдар қызметі;

   - оқу - теориялық қызметі;

   - кәсіби-практикалық қыз­мет.

    3.Қорытынды кезең

    - дуалды оқыту жүйесін ен­гізу бо­йынша жұмыстар нәтиже­лерін талдау және жалпылау;

    - оқыту үрдісінің нәтижелі­лі­гін бақылау және талдау бойын­ша аттестациялық қызмет.

    Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қыз­­мет саласы мен құзыреттілі­гі­­не мыналарды жатқызуға бо­лады:

    - оқу мекемесінің норматив­тік-құқықтық, кадрлық, мате­риал­­дық-техникалық базасына талдау жасау;

   - әлеуметтік тапсырысты мең­­­геру және оқу мекемесінің қыз­метін еңбек нарығының сұ­раныстарына қайта бағдарлау;

      - маркетингтік зерттеулер нә­ти­­желері бойынша дуалды білім беру жүйесінің даму перс­пек­тиваларын игеру;

   - мамандар дайындауда жұ­мыс беруші - кәсіпорындар­мен құ­­қықтық, қаржылық, оқу-әдіс­те­мелік мәселелер бойынша ке­лі­­сім-шарт міндеттемелерін жа­сау;

    - басқару механизмдерін бе­йім­­деу және оқу-практикалық са­бақтар мен өндірістік прак­ти­каны жүзеге асыру бойынша бірі­гіп жоспарлау.

    Дуалдық жүйе бойынша оқы­ту білім алушылардың кәсіби бі­лік­­тер мен дағдыларды, іскер­лік­­терді тікелей жұмыс орнында мең­­геріп, жан-жақты кәсіби да­му­ына мүмкіндік беріп, түрлі жү­йе­­лердің - білім, ғылым, өнді­ріс­тің - өзара байланысын, өзара әсе­­­рін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жү­­йесінің сапасын арттыратын­д­ығы сөзсіз.

    2016 жылдың қыркүйек айы­нан бастап дуалды оқыту әді­сі­мен тағы 10 колледж 10 ма­ман­дық бо­йынша жұмыс­тарын бас­та­­ды. Олар: М.Ықсанов атын­да­ғы Қы­зылорда политехни­ка­лық кол­леджі, Жаңақорған аг­рар­лы-техникалық коллед­жі,Сырдария аграрлы-техника­лық колледжі, Жа­­лағаш аграр­лы-техникалық кол­­леджі, Қар­мақ­шы аграрлы-тех­никалық кол­леджі, Қызылор­да инженер­лі-техникалық кол­леджі, "Ұла­ғат" колледжі, Қа­­­зақ ­гу­­­­­манитарлы заң және тех­ни­ка­лық колледжі, Қызылор­да көп­са­лалы гума­ни­тарлы-тех­ни­ка­лық кол­лед­жі , "Жас өркен" кол­леджі.

    Ал 2016 жылдың 1-қыркү­йе­гі­нен бастап дуалды оқыту бо­йынша эксперименттік режимде жұмыс жасау үшін тағы 13 кол­ледж 32 мамандық (40 біліктілік) бойынша енгізілді, олар: Арал ин­дустриялды-техникалық кол­лед­жі 7 мамандық бойынша, Арал көпсалалы  колледжі  4 ма­ман­дық бойынша, Қазалы аграр­лы-техникалық колледжі  1 ма­ман­дық, С.А.Джиенкулов атын­дағы Байқоңыр колледжі 1 ма­ман­дық, Абылай хан колледжі 4 мамандық бойынша, Қызыл­орда гумани­тар­лық-экономика­лық колледжі  3 мамандық, Сыр­да­рия аграрлы-техникалық кол­лед­жі 1 ма­ман­дық, Шиелі индус­триалды-аграр­лық коллед­жі 1 мамандық, Қы­зыл­орда политех­ни­калық ­кол­­лед­жі  1 мамандық, Қа­залы көлік-техникалық кол­лед­жі 4 мамандық бойынша, Жа­лағаш индустриалды-аграрлық кол­леджі  2 мамандық, И.Әбді­кә­рімов атындағы аграрлы-тех­ни­калық колледжі 1 мамандық, Жа­ңақоған аграрлы-техникалық колледжі 2 мамандық бойынша жұмыс жүргізеді.

    Колледждер әлеу­мет­тік серік­тес мекемелер білікті жас ма­ман­дар даярлау мақсатында жұмыс­тарын бастады. 2020 жылға дейін барлық тех­никалық және кә­сіп­тік білім беру ұйымдары дуалды оқыту әді­сіне түгел көшпек.

Б.ДҮРМАНОВ,

Білім басқармасы, облыстық оқу орталығының

кәсіптік білім бөлім меңгерушісі

   Биыл ел егемен­дігінің 25 жыл­ды­ғы­на қа­дам бастық. Тә­уел­сіздіктің ақ таңы ат­қан жыл­дар­дан бү­гінге де­йін еліміз көп­те­ген жетістік­тер­ге қол жет­кіз­ді. Әлем­нің алпауыт мемле­кет­­те­рімен тере­зесі тең, бәсекеге қа­бі­летті жас мемлеке­ті­міз­дің тә­уелсіздік жыл­­­дарына де­йін­гі та­рихы тереңнен сыр шер­те­ді. Елі­міздің ұлт болып қалып­тасу, мем­лекет ретінде да­муының та­ри­хи жо­лында талай тұлғалар өл­шеусіз ең­бек сіңір­ді. Тәуел­сіз­ді­гіміздің тамырлы тари­хымен же­тік таныс болу ке­йінгі ұр­пақ­тың, жа­ңа буынның міндеті. Осы орай­да атқарыл­ған ұлы іс­тер­дің ке­ше­гісі мен бүгінін жас тол­қынға на­си­хат­тап, жаң­­ғыр­ту жо­лында мә­де­ниет сала­сы­ның қо­сып келе жат­­қан үлесі зор. Тә­уелсіздіктің 25 жыл­дығы қарсаңында өнер­дің қазанында қай­нап жүрген сала мамандарының өзін­дік айтар ойы бар. Со­­лардың ой-пікір­лерін на­зар­ла­рыңызға ұсы­нып отырмыз.

 

Ғайния ДАУЫЛБАЕВА,

әнші, сазгер:

"ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ТАРТУЫМ БАР"

    Тәуелсіздігіміздің бізге оңай­лықпен келмегенін бар­лы­ғымыз жақсы білеміз. Оған осыдан 30 жыл бұрын алаңға шы­­ғып, ұрандаған аға-әп­ке­леріміздің, оның арғысы ұлан байтақ жерімізге көз тіккен жауынан қасық қандары қал­ғанша шайқасып, қорғаған ата-бабалары­мыз­дың ұлы арман­дары жеткізді. Біздер, міне, осын­дай ерлік­тердің куәсі бол­ған қазақ же­рінің бү­гінгі бейбіт тұрғын­дарымыз.

  1991 жылы тәуелсіз­дігі­міз­ді алып, Елбасымызды сайла­дық. Қазақстан деген жас мемлекет болып қалып­тас­тық. Әрине, тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дарда көпшілік­тің көке­йінде "ертеңгі күн қа­лай болады екен?" деген са­уа­лы болды. Сол кешегі күннің сұрағына біз бү­гін жарқын болашақтың жа­уабын алып отырмыз.

   Егемендігімізге қол жет­кіз­ген 25 жылдың ішінде қай сала­ның болсын гүл­деніп, өр­кен­деп жат­қа­нына көз жет­кі­зіп ке­леміз. Осы уақыт аралы­ғын­да әдебиетіміз бен мәде­ние­тіміз жоғарғы деңгейден көрінді. Өнер адамы ретінде мен өз салам­ның бұрын қан­дай болға­нын, қазір қа­лай өзгер­ге­нін көз­бен көріп келемін. Мә­де­ниет саласында Тәуел­сіз­дігі­міз­дің 25 жылы ішінде Қызыл­орда көп­те­ген жетіс­тік­тер­ге қол жеткізді.

  Батырларымыздың батыл қадамымен, ел ағаларының ерен еңбегімен қол жеткізген тәуел­сіз­дігіміздің арқасында біз мә­дениет саласында өз қолтаң­ба­мызды қалдырып, еге­менді­гі­міз­ді жырлауға мүм­кіндік ал­дық. Егеменді еліміз биыл екін­ші мүшеліне аяқ басып, мерейлі белесті ба­ғындырып отыр. Бұл дегеніміз шығармашыл әрбір тұлғаның шабытына қанат біті­ріп, ерекше туындылардың дү­ниеге келуіне бірден бір себеп.

  Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дығына орай менің де тартуым бар. Сұлушаш Сұлта­но­ваның сө­зіне жазылған қы­зылордалық әншілердің орын­дауында "Ме­нің Қазақста­ным" атты әніме бейнебаян тү­сіруді жоспарлап отырмын. Бұйыртса мерекенің үлкен то­йына дейін түсірілім жұ­мыс­та­рын бітіріп, көпшілік на­за­ры­на ұсынсам деймін. Мұ­нан бө­лек, шығарма­шы­лық қор­­жы­нымда туған жер та­қы­ры­бында жазылған "Қазақ елі жа­сасын", "Қазақстаным", "Ме­­нің елім - егемен", "Отан­ның жас өр­кені" атты әндерім бар. Атал­мыш туындыларымды бү­гінгі кү­­ні жергілікті әншілер, мектеп оқушылары мен ба­ла­бақ­шадағы кішкентай бүл­діршіндер орын­дап жүр.

    Мәдениетіміздің мәрте­бе­сін биіктеткен, ұлттық өнері­міз­дің ұлы тізбегін жалғас­тыр­ған, кейінгі ұрпаққа аманат бо­лып қалатын Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

 Қайрат ЖӘЛІМБЕТОВ,

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің директоры, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері:

"25 ЖЫЛ ІШІНДЕ МӘДЕНИЕТ  ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ"

   Әр елдің, әр ұлттың, әр ғасыр­дың өзіне тән ерекшелігі мен ұлттық құндылығы болады. Тарих беттеріне зер салар бол­сақ, қазақ халқының басынан түрлі қилы кезеңдердің өткенін байқаймыз. Қойнауына сыр бүккен Сыр елінің де топырағы құтқа толы. Талай сүлейлердің жырына қанық даламыз, олар­дан бізге мұра етіп қалған ру­хани құндылығымыз, мәдени қазынамыз әлі де бүгінгі ұр­пақпен жасасып келеді.

    Ғасырлар тоғысындағы Қа­зақстан биыл тәуелсіздіктің ал­ғашқы ширегіне келіп жетті. Ке­ңес үкіметі ыдырап, өз алды­на дара мемлекет болып құрыл­ған еліміз шекарасын шегелеп, дамудың дара жолына түсті. Әлем картасының бе­тінде "Қазақстан" деген жас мемлекет қалыптасты.

    Елбасымыз алыс-жақын шет елдерге шығып, өзге елдер­мен байланыс орнатты. Қа­зақс­тан әлемге ұлттық құнды­лық­тарымызбен, өнерімізбен және де мәдениетімізбен таны­ла бастады. Қазақстанның тә­уел­­сіздігін әлем мойындады. Осының барлығы Елбасының да­му жолындағы сарабдал сая­са­ты­ның нәтижесінде деп білеміз.

   Қазіргі таңда ұлттық өнері­міз жанданып, мәдениетіміз жаңаша қалыптасты. Қызыл­орда қаласында да осы еге­мендіктің 25 жылы ішінде мә­дениет өз деңгейінде кө­теріліп келеді. Соның нәти­же­сінде халықтың да талғамы жаңа бағытқа өзгерді. Мәде­ние­ті­міз­ді жаңа бағытта дамытып, көпшіліктің көңілінен шығуға жергілікті биліктің көрсетіп жатқан көмегі зор.

   Биыл мерейлі күнге ар­найы шаралардың жос­пар­лары әзірленіп, тәуелсіздікке тама­ша тартулар жасалып жа­тыр. Соның ішінде С.Май­қанова атындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына атқарылған ауқымды істерді ауыз толтырып айта аламын. Жұмылған жұды­рықтай болып атқарылып жат­қан жұмыстар көпшілік көңі­лінен шығуда.

   Дархан даланың байлығын кейінгі ұрпағы үшін қорғаған бабаларымыздың, рухани байлығы жолында көппен күрескен Алаш ардақ­тыла­рының, желтоқсанның ызға­рында ұлты үшін алаңға шық­қан жалынды жастардың еңбе­гімен қол жеткізген Тәуелсіз­дігіміздің 25 жылдығы бар­шамызға құтты болсын!

 Пікірлерді жинаған

Майра Болатова

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2016 06:43

Тамақтану әліппесі

| Автор: 

   "Ас-адамның арқауы" дегендей, адам тағамды пайдалану арқылы өзінің тәулігіне жұмсайтын энергия мөлшеріне қуат алады. Адамға тәулігіне қанша мөлшерде тағам қажет? Бұл сұраққа тамақтану теориясы жауап береді. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе артық салмақ қосып семіреді де, нәтижесінде әр түрлі ауруларға ұшырайды. Сондықтан деніңіз сау болсын десеңіз, тамақтану режимін қатаң сақтағаныңыз жөн.

    Тамақтану мәдениеті деген ұғым­­ға нелер кіреді? Оған ене­тін­дердің саны өте көп және олардың бастылары және екінші, үшінші дә­режедегілері болмайды, өйткені бә­рінің маңызы бірдей. Тамақтану мәдениеті дегеніміз - бірқалыпты тамақтану, тағамдардың әртүрлі болуы, қай кезде және қандай мөл­­шерде ішіп-жей білу де мәде­ниет­тілік. Демек, саулық үшін ішіп-жеу мөлшерден тыс тамақ­та­­ну деген сөз емес. "Ас тұрған жер­де ауру тұрмайды" демекші, тамақ­ты аз ішіп, үнемі аш жүруге бол­май­­ды. Мұның да қауіпті зардап­та­­ры бар. Тамақтанудың ақылға қо­­нымды жай-жапсары болуға тиіс.

    Кез келген азықтың адамға пай­дасы мен зияны оны жеудің мөлшеріне тікелей байланысты. Семіру, гастрит, колит, ас қорыту органдарының басқа да дерттері­нен емделуге диета үлен роль ат­қарады. Өкінішке орай, кейбір сырқат адамдар оған немқұрайлы қарайды, тек ауруханаға түскенде ғана диета сақтайды.

    Кейбіреулер өздері ойлап тапқан диеталармен әуестенеді. Өкінішке орай, диеталар негізсіз­ден негізсіз халық арасына тарап кет­кен. Қайсыбір ұшқалақ адам­дар қолдан жасалған шалағай дие­та­ларды өз асқазандарына сынап көреді. Олай етуге болмайды. "Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек".

   Қазіргі өздеріңізге ұсынылатын диета түрлерінің мақсаты қара­па­йым - әрбір адамның күнделікті ас мәзірінің денсаулыққа пайдалы не зиянды жақтарын және үйде та­мақ­тануды ұйымдастырудың шы­найы негіздері жайында мәлімет беру.

 

    Қазақ даласын ен жайлаған қазақ халқы үшін теміржолдың, "отарбаның" келуі елдің даму тарихына оң өзгерістер әкелгені тарихтан белгілі. Ең ірі заттардың жылжытуын жеңілдету үшін бұрынғы египеттіктер мен римдіктер тастан жасалған өзіндік рельстерді қолданған. Ғасырлар бойы рельстерді жасау үшін материалдар іріктелген және жылжу тәсілдері ойлап табылған, бірақ тасы­малдау қысқа қашықтыққа шектелген.

   Аттардың күшін механикалық күшке ауыстыру конструкторларды ерте кезден-ақ ойландырған. Мұны алғашқы болып 1770 жылы француз инженері Николья Кюньо іске асырды. Ол бу қозғалтқышы орналасқан үш дөңгелекті арба жасап шығарды. Бірақ машинаны басқару өте ауыр болғандықтан, сынау кезінде қабырғаға соғылып тоқтады.

    Рельс бойында қозғалатын бу арбасын алғашқы болып жасаған ағылшынның талантты инженері Ричард Тревитик. Ол ХVІІІ ғасырдың аяғында бірнеше бу машиналарын жасап көрді, бірақ 1802 жылы ғана жоспарын іске асыра алды. Ол өзінің бу машинасын тек 1804 жылы патенттеді. Сондықтан нақты бу машиналарының жарыққа шыққан уақыты 1804 жылы белгіленді. Тревитиктің бу машинасының дөңгелегі тісті етіп жасалып, ағаш рельстерде қозғала алды. Ол рельспен дөңгелек арасындағы ілінісу күшін арттыруды осы­лай ғана жасауға болады деп есептеді. Тревитик жолды шеңбер етіп жасап, бу машинасын халыққа қызық көрсету мақсатында пайдаланды. Сондықтан оның машинасына "Жылдам болсаң, жетіп көр" ойынының құралы ретінде қарады.

      Түркістан-Сібір темір жолы - Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы қарлығашы болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО-да бұрын соң­ды болмаған индустриаландыру жоспары жүзеге асырылды. Ресейде патша билігінің орнына келген большевиктік партиясы артта қалған аграрлық КСРО-ның Европа және АҚШ сияқты дамыған елдерімен бәсекеге түсе алуын қамтамасыз ету үшін, ел шаруашылығын индустриаландыруды қолға алды. Осы жоспар бойынша Қазақстандағы ең ірі жобарлардың бірі Түркістан-Сібір темір жолын салу көзделді.

    Тепловоздың шығу тарихы 1924 жылы Санкт-Петербор заводтарында құрастырылып шыққан Яков Гаккелдің жобасы бойынша жасалған, алғашында "Г" әрпімен белгіленіп, кейіннен "Щука" деген атқа ие болған Щэл 1 электрлік тартымдағы тепловоз болды. Бұдан кейін Михаил Ломоносовтың жобасымен тепловоз жасалған болатын. Құрылысының күрделігі мен жасалу шығындарының көптігіне байланысты сериялы түрде шығарылған жоқ болатын.

    Харьков зауытымен тепловоздың бірнеше сериясы жобалап жасалды, бірақ ерекше орын алатын екі секциялы (2х2000 л.с.) ТЭ3 және ТЭ10 типті тепло­воздар. 1956 жылы ақпан айында КПСС-тың ХХ съезді 1956-1960 жылдары ССРО халық шаруашылығын дамытудың алтыншы бесжылдық жоспары бойынша нұсқау орнатты. 1956 жылдан бастап сол нұсқаулар бойынша паровоз жасау тоқтатылып электровоз және тепловоз жасау өндірісі дами бастады. Сол уақытта Харьковта ТЭ3 тепловоз шығаруын меңгерді. Одан басқа 1956 жылдан бастап ол Коломенск және Ворошилов тепловоз жасаушы зауыттарымен шығарылды.

     Ертедегі римдіктер айтқандай, "Жол - бұл өмір". Сол сияқты теміржолды жәй ғана механикалық тасымалдағыш деп қана емес, көптеген инженер­лер мен конструкторлардың күн-түн демей еткен еңбектерінің жемісі деп қарау керек. Бұл дегеніміз еркін қозғалысты жүзеге асыратын ең қажетті, ең тиімді әдіс. Кейбір мамандар мемлекеттің экономикалық әлеуеттілігі теміржолдың көптігінен деп есептейді. Бұл жәй ғана рельстер мен көптеген шпалдар емес, өндірістік-экономикалық жүйенің бірігіп, күрделі инфраструктураны құрауы.

    Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі теміржолдар салумен қатар Локомотив паркіміздің дұрыс жұмыс жасауын, жүк және жолаушы тасымалындағы ескірген локомотивтердің тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет­тілігі тұрды. Елбасымыздың көрегенділігінің арқасында, бұл жұмыстарда өз реттілігін тапты.

     1997 жылы бұрынғы Алматы және Батыс Қазақстан темір жолдары басшылығының шешіміне сәйкес, америкалық "Дженерал электрик" (GE) фир­масының 7FDL - 12 түріндегі дизель-генераторларының құрылғысымен 2ТЭ10 М тепловоздарын үлгілендіру шешімі қабылданды.

    GE фирмасының зауытында техникалық құжаттама жасалып, жинақтамаға кіретін барлық көмекші жабдықтармен жаңа дизель-генераторы орнатылды. Үлгілендірілген тепловозға 2ТЭ10 МК индексі берілді.

    2009 жыл. "ТЭ33А" локомотиві. "Дженерал электрик" өндірісіндегі жаңа буынның "ТЭ33А" локомотиві қазіргі таңда АҚШ-тың патенттерімен қорғалған үздік техникалық шешімдер мен жаңа прогрессивті технологиялардың жиынтығынан жасалған. Бұл техника сонысымен де сенімді. Ал, Ресейде шығарылатын тепловоздар бұрынғыдай екі секциялы. "ТЭ33А" тепловозы бір ғана секциядан тұрады. Бұл локомотив сапасы жағынан да, жүк тарту қуаты жағынан да ресейлік тепловоздардан артық болмаса, кем түспейді.

   "Эволюшн" тепловозы ең алғаш елімізде 2009 жылы 7 желтоқсанда Астана қаласында жүргізілді. Содан бері "Эволюшн" сериялы қуатты әрі тиімді, өте үнемді тепловоздар алып, Отанымыздың түкпір-түкпіріне тартылған шежірелі темір жолдарында тоқтаусыз жүйткуде.

Марзия ЖАКИПОВА,

жоғары санатты арнайы пән оқытушысы

Қазалы ауданы

  Биологиялық білім - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологияны оқу - биосфераны қорғау, адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.

   Қазіргі таңда биология жаратылыстану ғылымдарының көшбасшысына айналып келеді. Тек қана бізде емес, көпшілік мемлекеттер биологиялық білімге қатты көңіл бөлуде. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр. Себебі, биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейтесті мәселелердің бірі - қоғам мен таби­ғат арақатынасындағы проблемалар. Бұл жағдайда Америка не ұтты?

     - Оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастырды;

    - Тіршіліктің пайда болуы, дамуы және заңдары негізінде берік, моральді, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпақ тәрбиеледі;

    - Ең бастысы биологиялық сауатты ұрпақ өсіп келе жатыр.

Бала үшін ата-ана­сы­ның үйі - ең алғашқы, бас­ты және ештеңеге айыр­­бастамайтын өмір мектебі. Дәл осы отбасы тұл­ғаның дамуына ше­шу­ші ықпал етеді, адамдық са­парларының іргетасын қа­лайды. Ал, іргетас мық­ты болу үшін отбасы жай­лы болу керек.  А.С.Мака­рен­ко өзінің "Ата-аналарға ар­налған кі­та­бында" бы­лай дейді: "Сіз­дің өз мінез-құлқыңыз-ең ше­шуші зат. Баламен сөй­лес­кенде не­ме­се бір­нәр­сеге үйрет­кен­де не жұм­са­ған­да балаға тәрбие бердім деп ойла­ма­ңыз. Сіз оны өміріңіздің әр сәтінде, тіпті үйде болма­ған­да да тәр­бие­лейсіз. Сіздің киім киі­сіңіз, дос­та­ры­ңызға және дұш­­пан­да­ры­ңызбен қа­рым-қаты­на­сы­ңыз, қалай күле­ті­ніңіз, га­зет оқиты­ны­ңыз, өзге де істеріңіз бала үшін ма­ңыз­ды. Дау­сы­ңыздың аздаған ғана өз­герісін бала көреді не сезеді, ойы­ңыз­дың бар­лық бұрылыстары көзге көрін­бей­тін жіп­тер­мен оған же­теді, ал оны сез­бейсіз. Ал, егер сіз үйде дөрекі не мақ­таншақ бол­са­ңыз, сіз оны нашар тәр­бие­леудесіз жә­не сіздің лайықсыз мінез-құл­қы­ңыз ең қайғылы салдарға алып келеді!".

Отбасылық өмірге қа­жетті сапаларды тәрбиелеу көзге көрінбей жүзеге аса­ды, бірақ қарым-қатынас психологиясының аса ық­пал­ды аумағы ретінде, оның ақаулары сал­да­ры­нан балаларда мінез-құ­лық ауытқулары бай­қа­ла­ды. Бала үшін ата-ана кім? Біріншіден, эмоция­лық жылулық пен қолдау кө­зі. Екіншіден, билік, жақсы­лық­тарды үлес­ті­ре­тін жо­ға­ры инстанция. Үшін­ші­ден, еліктеудің үл­гі­сі мен мы­салы. Төртін­ші­ден, дос және кеңесші. Ба­ланың кез келген жа­сын­дағы ата-анасымен өза­ра қа­рым-қатына­сын­да осы төрт қызмет болу керек.

 Отбасындағы психо­ло­­гия­лық ах­уал, тату­лық пен ты­­ныш­тық, жай­дары қа­бақ, кең пе­йілі оның бар­лық мү­ше­лерінің ыры­сы, ойға ал­ған істерін өрге басып, мақ­сатта­ры­ның жү­­­зеге ас­уы­ның ке­пілі. Ал, отба­сында ұрыс жан­жалды көп көр­ген бала­лар бір-бі­ріне ме­йі­рімділігі жоқ, қа­тыгез ұр­­пақ бо­лып қа­лып­та­сады.

Ұр­пақ­­қа ұлт­тық тәр­бие­ні қазы­налы атала­ры­мыз бен данагөй әже­ле­рі­міздің тәлімі арқылы бере ала­­мыз. Ата-әже инс­ти­туты қажет.

Ұлт тәлімінің тамыры­нан ажырап бара жат­қа­ны­мыздың бір себебі - Сыр елдің мәдениеті мен дәс­тү­рін енгізгенімізде. Батыс­тық мәдениеттің жүгенсіз насихаты ұрпақ­тан-ұр­пақ­қа жалғасып келе жат­қан ұлт­тық тәр­биенің ру­­хани-өне­­гелік не­гізіне, от­ба­сы­лық қаты­настарға кері әсе­­рін ти­гізуде. Ұлт жа­нашырлары жаңақай­ла­рын жұрт болып жұмыла көтерсек, ұлттық тәрбиеге қадам басамыз.

Памир БАУБЕКОВ,

№180 мектеп мұғалімі

Жаңақорған ауданы

Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, білім беруді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру керек. Себе­бі, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық техноло­гия­лармен қаруланған кәсіптік және техникалық білімі бар кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі техни­ка­­лық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жол­­дарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағ­дай­­ларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білім­ді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағат­тар­дың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау бағытында білім беру саласында жүйелі жұмыстар жасалып келеді.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті ма­ман­дар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағ­дайдың негізгі себебі - білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету - бұл жетіс­тік­ке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас ма­ман­дардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даяр­лау қажеттілігі туындайды.

Техникалық және қызмет көрсететін кадрларды оқы­ту елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлаудың негізін қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне бай­ла­нысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадр­ларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр.

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін енгізу келесі мәселелерді шешу арқылы келесідей мүмкіндіктерге қол жеткіземіз.

1.Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2.Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингентінің жоғарылауы;

3.Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қа­рай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағ­дар­ламаларын әзірлеу;

4.Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социа­лизация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейім­дейтін біліктіліктің дамуы;

5.Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қа­жетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, еңбек нары­ғын­да сұраныс деңгейінің жоға­ры­луы;

6.Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7.Бітірушілерді жұмысқа орналастыру, жұмыссыз­дық­тың қысқаруы;

8.Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9.Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілетті­лі­гін жоғарылату.

Бұл мақсатқа жетуде өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағ­дылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашыл­дық­қа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқыту­шы­лар мен оқу өндірістік шеберлері даярлау маңызды.

Әйгерім НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Құрылыс және бизнес колледжінің өндіріс шебері 

Page 3 of 3

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C