Menu

ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

Өткен жексенбіде облыстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті маман, мемлекеттік қызметкер, шебер ұй­ым­дастырушы Әлия Әсембекқызының өмірден озғанына 10 жыл толуына байланысты Евразия спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында футзал ойыны­нан жарыс өтті. Еске алу­ға арналған турнирді Қызылорда қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Турнирдің ашылу сал­танатында сөз ал­ған қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Әлия Ибраеваның өмірінен жарқын естеліктер айтып, турнирге қа­ты­сушы­ларға сәттілік тіледі. "Уақы­т шіркін жүйрік қой... Қандай жауапты қызмет атқарса да, абырой биігінен көріне білген әріптесіміз Әлияның өмірден өткеніне тура он жыл. Бүгінгі турнирді «Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық" деп атадық. Расында да, Әлия әріптесіміз шолпан жұлдыздай жарқыраған жан еді. Соңында өш­пес із қалдырды. Бүгінде Қызылорда облысының қоғамдық өмірінде оның өшпейтін қолтаңбасы сайрап тұр. Ондай іскер жанды ұмы­ту мүмкін емес. Жылдар өтсе де жүрегімізде есімі мен жар­қы­н бейнесі мәңгі­лікке сақтала береді» , - деді М.Әбенов.

Әлия Әсембекқызы Қор­қыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсететін 1998 жылы үз­дік бітіргеннен соң еңбек жолын Қызылорда қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде маман болып бастап, мемлекеттік қызметте облыс әкімі апаратының орынбасары лауа­зымына дей­ін жеткен. Қызметіне адал болған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу

Байланыс мәліметі:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62

Телефон: 8(7242)20-16-19

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.