Menu

"АҚМЕШІТ- АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" АШЫҚ КЕҢСЕ ФОРМАТЫНА КӨШІРІЛДІ

  Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Сыбайлас жем­қорлықтан ада өңірлер" жобалары аясында Елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керектігін айтқан болатын. Осыған орай, Сыр өңірінде де "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңселері ашылып, халыққа одан әрі жақын болып, тығыз байланысқа түсу еді.

  Осы ретте айта кетейік, әр айдың соңғы бейсенбісінде қала әкімі Құқықтық кеңес беру орталығында азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау жүргізеді. Қала әкімінің аталған орталыққа азаматтарды қабылдайтын жұмыс кабинеті енді "Ақмешіт - адалдық алаңы" ашық кеңсе форматына көшірілді. Жоба аясында "Қызыл­орда - адалдық алаңы" облыста бірінші болып жұмысын бастаған фронт офис. Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған "Қызылорда - адалдық алаңы" фронт-офисі тұрғындарды заңсыз сыйлық пен пара бермеуге үйретеді.

Толығырақ ...

БАЛАБАҚША БАРША ТҰРҒЫНДЫ БАҚЫТҚА БӨЛЕМЕК

  Баланың белі қа­тайған сәттен әр­бір ата-ана баласының балабақшада тәрбиеленуін армандайды. Ата-ананың арманы жақсы ортада, жақсы тәрбиешісі бар балабақша болса дейді. Осыған орай, Қы­зыл­орда қаласына қа­рас­ты Ақсуат ауыл­дық округінде жаңа балабақша пайдалануға берілмек. Ескі ғимаратқа қайта қалпына келтіруге 65,9 млн. теңге бөліп, жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізген. Балабақшаның бүгінгі күні 98 пайыз жөндеу жұмыстары аяқталған.

  Балабақшаның құрылысымен арнайылап танысуға барған Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алда болатын барлық жоспарларымен танысып, біраз тапсырмаларды жауапты қызметкерлерге жүктеді. "Алдағы уақытта балабақшаның қызметкерлері үшін жұмыссыздыққа тіркеліп тұрған азамат пен азаматшаларды тең дәрежеде жұмыспен қамтылуын қатаң қадағалағандарыңыз жөн. Әрбір отбасынан, яғни әр шаңырақтан 1 адамнан жұмысқа тартып, ауылдағы барлық адамның  жұмыспен қамтылғаны дұрыс болады",- деп қала әкімі ұсынысын  айтты.

Толығырақ ...

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНҒА 11 ЖАТАҚХАНА САЛЫНБАҚ

  "Жақында "Қаржы орталығы" АҚ мен Кәсіпкерлер палатасы бірлескен кездесу өткізді. Шараға кәсіпкерлермен бірге өңірдегі оқу орындарының басшылары және өзге де сала басшылары қатысты. Кездесудің мақсаты - студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы бизнес өкілдерін ақпараттандыру",- дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлер студенттік жатақхана салғаны үшін мемлекеттен қолдау ала алады. Бұл шаралардың барлы¬ғын үйлестіріп отыру үшін "Қаржы орталығы" АҚ негізгі оператор болып айқындалған. 

  - Студенттік жатақхана салуға ниетті инвесторларға мемлекет тарапынан ұтымды ұсыныс беріліп отыр. Белгіленген механизмге сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда - 122 айлық есептік көр¬сет¬кіш (308050 теңге), ғима¬ратты жатақхана етіп қайта жабдықтаған жағдайда 47 айлық есеп¬тік көрсеткіш (118675 теңге) төленетін болады. Жатақхана салған,  ғимаратын қайта жабдықтаған инвесторға мемлекеттік тапсырыс 8 жылға дейін төленетін болады,- дейді "Қаржы орталығы" АҚ-ның менеджері Алпамыс Сатыбалдин. 

Толығырақ ...

"STATUS IOVE" ПОЭЗИЯ КЕШІ

  Поэзия - жүрек қылын шертіп, жан солқылын сездіретін киелі өнер. Мұны бүкіл жыр сүйер қауым мойындайды. Оның үстіне Қызылорда қаласы "жырдың елі" деген жақұтты атақ алған. Сол себепті ме екен, қара құрым ел әр кезде өлең-сөзге құлағын түрік ұстап, жыр десе жанын беруге даяр тұрады. 

  Осыны ескерген Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала тұрғындарына ерекше сый ұсынды. Өлең оқып, іште жатқан сырларын көркемдеп, кестелі жырға айналдырып, сыртқа шығаруға мүмкіндік сыйлады. 

Толығырақ ...

МЕЙІРІМДІ ҰСТАЗ

  "Ұстазы жақсының ұс¬та¬мы жақсы" деген сөз жү¬рек түкпірі мен ой елегінен бір сәт тысқары қалған емес. Менің түсінігімде, бір ба¬сы¬на бірнеше адамның тағ¬дырын міндет етіп ала¬тын, қилы-қилы мінездер¬ді бір арнаға тоғыстыра-тын, тоғыз жолдың тора¬бын¬да¬ғы жан. Өмірге аяқ басар жолымда тың идея¬ла¬ры¬ның көркемдігімен ой¬ым¬да жүрген мейірімді ұстазым - Шыныгүл Аба¬това. Жаһандану заманын¬да үдеріске ілесіп, үнемі ізденіс жолындағы тағды¬рын ұстаздық жолға арна¬ған әрбір азамат пен аза¬мат¬ша білім нәрімен бола¬шақ заманының тізгінін ұстар өкілетті өркениет қалыптастырушы болып табылатын шәкірттеріне тағдырының соңына дейін тірек боларлық адами құн¬ды¬лықтарды сіңіре білуі керек. Жылдар өтсе де, ұс¬таз жүрегінде алуан түрлі оқу¬шының мінезі қалады екен. Саған жасаған еңбегі мен төккен терінің арқа¬сын¬да, арманыңмен арпа¬лы¬¬¬су¬ға күш-жігерің де жа¬сы¬¬майды.

  "Адамның адам¬гер¬ші¬лі¬гі¬ жақсы ұстазынан болады" демекші, қашан көрсең па¬й¬ым-парасатын, білгені мен түйгенін, үздіксіз ізденісін орасан зор еңбе¬гінен аңға¬ра¬сың. Шыныгүл апайдың бойында оқушы¬ларды өзіне иіріп әкететін күштің бары хақ.

Толығырақ ...

ДІНАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

  Қазіргі уақытта маңызды мәселелердің бірі - қоғамдағы діннің ролі. Өйткені елімізде дінаралық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымы. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің әрбір азаматының ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Конституцияның 22-бабының 2-тармағына сәйкес ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру мемлекет алдындағы жалпы және азаматтық құқықтар мен міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Елімізде тіркеуден өткен 18 конфессияның өздерінің құлшылықтары мен рәсімдерін еш кедергісіз орындауы, олардың өзара татулықта болуы мемлекет саясатының жемісі. 

  Алайда, қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар еліміздегі ар-ождан бостандығы құқығын өздеріне арқау етіп алып халық арасында лаң шығарып жүр. Діни ағымдардың елді рухани құндылығын дамыту емес, керісінше ұлттық және қоғам құндылықтарын теріске шығара отырып, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қарсы екенін көруге болады. Олар мемлекетті мойындаймыз, басшыға бағынамыз дегенімен ұстанымында ондай түсінік жоқ. Өздерінің жолын ақиқат сан¬ап, қалғанын адасушылық деп білу еліміздегі дін¬аралық татулығымызға сызат түсіреді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың да басты мақсаттарының бірі сол - елдің ішінде тыныштықты бұзу. 

Толығырақ ...

МЕЖЕ БЕЛГІЛЕНІП, МАҚСАТ АЙҚЫНДАЛДЫ

  Сәрсенбіде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезектен тыс XXІV конференциясы өтті. 

  Конференцияның жұмысына "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова, қалалық Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы партияның депутаттық фракция мүшелері, қалалық атқару органдарының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының тө¬рағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыс¬ты.

Толығырақ ...

АР-ҰЯТ МӘСЕЛЕСІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНАН БАСТАЛУЫ ТИІС

Сарша тамызға да аяқ бастық. Бұл ай басқа айлардан өзгерек. Ата-аналар үшін. Еңбек демалысының бір бөлігін баласына алып қойған олар базар бағамын барлап, мектеп формасына көз жүгіртіп жүреді. Не дегенмен жаңа оқу жылы жақындап келе жатыр ғой. Дәптер мен қалам, оның қаптары, өшіргіш пен мың түрлі ұсақ-түйек. Мұның бәріне  бір ай уақыт кетіп қалады. Әрине, олпы-солпы емес, нағыз сапалы дүние іздеген ата-аналар баласына ең үздік мектеп құралдарын іздері белгілі. Оның жөні бір басқа. Ал, мектеп формасының жыры тіпті бөлек. Биыл Қызылорда облысында 21600 оқушы бірінші сыныпқа барады екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Осынша оқушы бар жерде түрлі талғам болары ақиқат. Әрбір оқушы өз бітім-болмысына сай, дене тұрқына лайық киім кигісі келеді. Әйткенмен де талап басқа, тәртіп қатал. Қазіргі таңда ешкім өз қалаған стилінде киініп, ашық-шашық формамен мектеп табалдырығын аттауына болмайды. Сондықтан баласының абыройын ойлаған ата-аналар сауда орталықтарында шарқ ұрып, баланың да, мектеп ұстаздарының да көңілінен шығатын киім іздейді.

  Солайы сол. Десек те таяқтың екінші ұшы бар. Республикада мектеп формасы 2003 жылдан бастап енгiзiлген. Соңғы жылдары мектеп формасын ен­гiзг­ен мектептер саны бiршама артып келеді. Ата-аналар мен ұстаздар қауымының басым бөлiгi мектеп формасын қолдайды. Айта кету керек, 2016-2017 оқу жылында білім беру жаңа мемлекеттік стандарт бойынша жүргізіліп, міндетті мектеп формасы енгізілді. Яғни, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен басқа да ерекшеленуді болдырмау мақсатында мектеп формасын енгізу талабы қойылған болатын. Бұл талап бойынша, мектеп формасы зайырлық сипатта, классикалық үлгіде, бірыңғай түсті болуы керек. Үш түстен артық және тым ашық түстердің болмауы қажет. "Бұл реформалаудан көз ашпаған білім беру саласындағы соңғы жылдары қабылданған дұрыс шешімдердің бірі болды" деп есептейді көпшілік. Әйтпесе, кейбір оқушылар қымбат киініп, қолы қысқалар қарапа­йымдылықты қанағат тұтқан кездер де өтті. Алайда біркелкі мектеп формасының бағасын жер-жерде жүз құбылтып, шама-шарқынша бизнеске айналдырған пысықайлар көбейіп кеткен-ді. Тіпті, кейбір мектептер "бармақ басты, көз қыстымен" өз­де­рінің жеке тігін шеберханалары мен сауда нүктелерін бел­гі­леп­, бірыңғай бастаманы жеке мүд­де үшін пайдаланғаны туралы қау­есет өрттей лаулап, белді сайт­тар әшкерелеп те жазған еді. Бірақ, биыл мұндай олқылықтар орын алмаса деп тілейді ата-аналар. Дегенмен сауда мақсаты ұту еке­нін қарапайым, қалтасы жұқа ха­лық әуелден мойындап қойған.

Толығырақ ...

ШЕКТЕН ШЫҒУДЫҢ ШЕГІ

  "Тренд пе, әлде індет пе?", "Хайып қыламыз деп тайып құламайық", "Ойын түбі - от, челлен¬дж түбі - сот", тізе берсеңіз мұндай тақырыптар көп. Төртінші билік әлеуметтік желідегі осы бір "Вирус¬ты" жер-жебіріне жетіп сынап та, мінеп те жатыр. Қымсынатын ешкім жоқ. "Челлендж" деп шектен шығып, әсіресе жастар жағы ойына келгенін жасауда. "Әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа" жоқ дей алмаспыз. Әйткенмен, желіде жүрген осы бір үрдіске көз сүзіп шыққан кез келген көнекөздер жаға ұстары хақ. 

  Әуелі "Челлендж" деген не?" сұраққа жауап ізделік. Челлендж (Challenge) ағылшын тілінен аудар¬ғанда біреуге үндеу тастау, белгілі бір іс-әрекетке шақыру дегенді білдіреді. Әдетте виртуалды челлендждер бір адам жасаған іс-әрекетін видеоға түсіріп, көп халықтың назары шоғырланған платформаларға жүктеуі немесе бейнежазба соңынан өз достарын сол әрекетті қайталауға шақыруы арқылы іске асырылады. 

Толығырақ ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАРАПЫНАН ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ КӨБЕЙГЕН

  Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің әрбір ісі халықтың көпшіліктің ұдайы назарында. Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін білікті де білімді, адал қызмет атқаратын, моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары, халыққа сапалы қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілерді қажет етеді. Олар өздерінің іс-әрекеттерімен көпке үлгі болуы тиіс және бұл үдеден шығып жатқандары аз емес. Дегенмен заң нормаларын бұзып, әдептен озып қоғамның сын садағына ілініп жатқандары да бар. 

  Мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Әдеп кодексі қабылданып, аймақтарда Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасай бастады. 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу

Байланыс мәліметі:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62

Телефон: 8(7242)20-16-19

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.