Menu

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Биылғы оқу жылы жаңалық­та­рымен, өзгешелігімен, тың серпін­мен басталмақ. Бүгінгі күні мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылардың дайындығы да баста­лып кетті. Тиісті мекемелер сайман­дарын сақадай сай етіп, мектептер де жаңа оқу жылына дайындықтарын жасауда. Себебі облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164500 оқушы білім ала­ды деп күтілуде. Оның ішінде, 1 сыныпқа 21600 оқушы бара­­ды деп жоспарлануда. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 2200 оқушы­ға артық.

Жаңа оқу жылына дайындықты облыс әкімдігінің аппа­раттық мәжі­лі­сінде облыстық білім бас­қарма­сы­ның басшысы Майра Мелде­бекова егжей-тегжейлі баян­дап берді.

Толығырақ ...

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Мұсылман күнтіз­бе­сінде жалпы қабылдан­ған Григориан күнтізбесі си­яқ­ты 356 күн емес, 354 күн бар. Себебі шығыс хро­но­ло­гиясы күн циклы­на емес, айға негізделіп жаса­лады. Осы айырма­шы­лық­қа байланысты мұсылман мереке күндері ағым­дағы күн­тізбеге қа­тыс­­­ты жылда ауысып тұра­ды.

Толығырақ ...

7000-НАН АСА БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛМЕК

 

  2019 жылдың 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жыл сайынғы өткізілетін "Мектепке жол" респу­бликалық акциясы жа­рия­ланды.

  "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жұмыстары көптеген мектептерде басталып кетті. Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар­ға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсетуге бағытталған.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ЫНТАСЫ ШҰРҚ ТЕСІК АЛАҢДАРҒА АЛАҢДАУЛЫ БОЛМАСА ЕКЕН!

Ғани Мұратбаев атындағы "Орталық стадион" күрделі жөндеу жұмысынан кейін спортшыларға пайдалануға берілді. Әттегенайы, жаңа алаңда доп тепкен жергілікті футбол командасы жарқырап көрініп, үш ойын бойы өз жанкүйерлерімен жеңісті тойлай алмады. "Қайсар" командасы Қазақстан прьемер лигасының 17-турын жаңа алаңда қарағандылық "Кеншілер" командасын қабылдады. 90 минут ойнаған қос команда тең нәтижеде тарқасып, тағы да жанкүйерлерге жеңіс сыйлай алмады. Сырт алаңда жеңісті жұлып әкететін "қайсарлықтар" өз алаңында ақтөбелік ойыншыларды қабылдап, 0-1 есебімен жол берді. "Орталық стадионда" өт­кен үшінші ойында Көкшетаудың "Оқжетпесін" қабылдаған командамыз тағы да  жеңі­лістің дәмін сезді. Есеп ­­0-1. ­Ойыншылар жанкүйерлерге "келесі ойында есемізді жібермейміз, жеңіс сыйлаймыз" деп сендіріп келеді. Жасыл алаңда ойын көрсетіп жүрген ойыншылардың құрамына көз салсақ, 25 пайызы өз қаламыз Қызылордадан болса, 25 пайызы - өзге өңірлердің ойыншылары. Ал, 50 пайызы - шет елден келген легионерлер. Осы тұрғыда салыстырмалы түрде қарағанда, Қазақстан біріншілігіндегі командалар ойыншыларының дені - Қазақстан азаматтығын алған өзге ұлт өкілдері мен шетелден келген легионерлер. Шет елден келген ойыншылардың көбі тек ақша үшін келгендерін жасырмайды. Қыруар ақша алатын легионерлер команданың намысы үшін қалай ойын өрнегін көрсетіп жүргені жанкүйерлердің көз алдында.

Толығырақ ...

"МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТЫ ҚОЛДАУ САПАСЫН АРТТЫРУ" СЕМИНАР КЕҢЕСТІ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

  Тәжірибеде жиі орын алатын кемшіліктерді, олардың болу себептері мен жою жолдарын тал­қылау және бүгінгі күні сотта мемлекеттік айыпты қолдау саласына қа­тыс­ты заңнамадағы өзгерістерді оқытып үйрету прокуратура органдарындағы жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың таптырмас құралы болып табылатыны сөз­сіз. ­Күнделікті қызмет барысында заңнамалармен жұмыс жасау, сот оты­рыс­тарына қатысу, арыз-ша­ғымдар бойынша іздену, заң актілеріне өзгеріс­терді іс барысында қолдану секілді жинақталған тәжірибені ортаға салып, бөлісіп, талқылап отыру нәтижелілікке апарады. Осы орайда биылғы 2019 жылды "Мемлекеттік айыптаушылар жылы" деп жариялануын негізге алған Қызылорда қаласы прокуратурасы семинар кеңес ұйымдастырды.

  "Достық үйі" ғимаратының мәжіліс залында өткен "Мемлекеттік айыпты қолдау сапасын арт­тыру" тақырыбындағы семинар кеңеске прокуратура органдарының ардагерлері, қалалық про­­­курорлар және жас мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырысқа Қызылорда облысы прокурорының мінде­тін атқарушы Т.Әлібаев модераторлық жасады. Модератор ә дегеннен кеңес жұмысын еркін пікір­талас тәртібінде өткізуді ұсынып, сот-тергеу тәжі­ри­бе­сіндегі жаңалықтар­ға тоқталды.

Толығырақ ...

ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН ГРАНТ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ

Апта басталысымен мектеп бітірген түлектердің жанары жанып, қуанышы артты. Себебі мемлекеттік грант берудің комиссия қорытындысы шығып, түлектер таңдаған мамандығына қарай тегін оқудың жолдамасын алды. Биыл 53785 грант орынға 64452 түлек таласты. Гранттардың басым бөлігі инженерлік өңдеу және құрылыс, ІТ технологиялар саласына бағытталды. Педагогика, жаратылыстану, өнер және гуманитарлық салалар, ауыл шаруашылығы саласының маманы болуды қалап, грантқа түсті. Дегенмен, «грант бітіп қалды, оқу орнына түсе алмай қалармыз» деп жекелеген оқу орындарын жағалап кеткен ата-аналар да аз емес. Әйтсе де, Президент Қ.Тоқаевтың көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға 5 мың гранты тағы бар. Жаңа әлеуметтік грант саясатын енгізген Президент басымдықты маңызды мамандықтарға бөлуді мақсат етіп қойды.

Сонымен, грант кімдерге беріледі? Қай аймақ қанша грант бөлінді? Рет-ретімен баяндалық.

Толығырақ ...

БАЛАЛАРДЫҢ ӘДЕБИЕТКЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ

Енді аз уақыттан соң еліміздегі  ау­қымды ұлттық жоба "Qazaq Epos" қоғамдық қорының "Тұлпар мініп, Ту алған" байқауы басталады. Бұл рухани шарада 6-10 сыныптың дарынды оқу­шылары халық ауыз әдебиетінің "Қобыланды батыр" жырының Марабай жырау жазған нұсқасын жатқа ай­тудан бақ сынасады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі шын жүйрікті анықтайтын байқауға аймақтың 3000 мыңға тарта өрені қатысады деп күтілуде. Осы орайда облыстағы "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қарлығаш Дауылбайқызымен рухани шараға дайындық барысы туралы әңгімелестік.

- Қарлығаш Дауылбайқызы, өзіңіз басқаратын "Дарын" орталығы еліміз­дегі ауқымды ұлттық жоба "Тұлпар мініп, Ту алған" байқауының аймақта өтуіне өз үлесін қосып отыр. Байқаудың берері не?

Толығырақ ...

ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өтетін аппараттық мәжілісте қалаға қарасты барлық мәселелер рет-ретімен күн тәртібіне көтеріліп отырылады. Талқыға салынған тақырып қаузалып қана қоймай, оның шешілу жолдары қарастырылып, әкім тиісті орындарға тапсырмалар жүктейді. Осы арқылы халық арасынан түскен арыз-шағымдар, елдегі күрмеуі қиын күрделі мәселелер өз шешімін тауып жатады.

Жақында өткен ашық отырыста әлеуметтік тақырыптар көтерілді. Кезекті жиында республика бойынша өзекті мәселеге айналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Қызыл­орда қаласы бойынша жай-жапсары қаралды. Одан соң, Қызылжарма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер мінберде талқыланды.

Толығырақ ...

ҰРПАҒЫҢЫЗ ЕСІМІМЕН ҰЯЛТЫП ЖҮРГЕН ЖОҚСЫЗ БА?

  Танымал әзіл-сықақшы Қайрат Әділгерей заманауи есіміне қарап, "Айлинге қалай ішек-қарын тазартасың?" деген еді бір әзілінде. Бұл әзілінен қазіргі кезде балаға есім қоюда салғырттық танытып жүргенімізді аңғаруға болады. Расында әзіл күлкілі бол­ғанымен, астарында зілі бар. Жаңа туған нәрестеге ежелден ерекше мейіріммен қарап, сәбиге жақсы есім қою қазақтың байырғы кезден келе жатқан дәстүрі. Сол дәстүрден қазіргі кезде теріс айналып жүрген жоқпыз ба? Ата-бабамыз жаңа туған бүлдіршінге есім қоярда неге арқа сүйеген? Сәбиді қазақ екенін білдіретін есімдер қолданыстан шығып бара жатқан жоқ па?

  "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген дана халық. Ұрпақ жалғайтын ер балаға қазақ аса мән беріп зор үмітпен қараған. Сол себепті халқымыз ұл бала дүниеге келгенде ат шаптырып, азан шақырып "ырымдап" есім қой­ған. Мысалға, "ұрпағым көбейсін, өмір жасы ұзақ болсын" деген оймен балаға Көбейсін, Жанұзақ, Жүзбай, Көпжасар, Жүзжасар, Өмірбек, Сексенбай, Ұзақбай деген есімдер берген. "Ел аман, жұрт бейбіт өмір сүрсін" деп, сәбилерді Еламан, Аман, Есен, Бейбіт, Бірлік, Ынтымақ деп атаған. Артынан ерген қарасын ел тізгінін берік ұстайтын хан, жерін, елін қорғайтын батыр болғанын көргісі келетін әр отбасы, жанұяда жаңа туған нәрестеге Айдархан, Батырхан, Батыржан, Батырбек, Айбатыр, Жанбатыр сынды есімдер қойып, жарияға жар салған. Ал, "нәрестеге көз тимесін, бәле-жәле аулақ, өмір жасы ұзақ болсын" деген мақсатпен түп мағынасы сиқысыз есімдерді қойған. Мысалы, Сасық, Қисық, Шоқпыт, Жаман, Қиқым деп атаған. Байырғы заманда бұл есімдерді ырымдап қойғанымен, қазіргі таңда бұлай мағынасы ерсі естілетін есімдерді мейлінше қоймаған абзал.

Толығырақ ...

ШАЙ - ҚАЗАҚТЫҢ "МОТОРЫ"

  Дала қапырық, үйдің іші өкпені қабатын ыстық, қысқасын айтқанда, "ауа жоқ". Жайдарлы жаздың осындай жағымсыз тұсы бар. Дәл осы мезетте қазақтар ғана ақ тер, көк тер болып, мойнына сүлгі іліп алып, қан сорпасы шығып шай ішіп отырады. "Терлеп-тепшіп шай ішпесем басым ауырады. Таңғы шай, түскі, бестің шайы, кешкі шайлар өз бабында болуы керек, келінжан" деп әжелер ұршық иіріп отырады ауылда. Тіпті той-томалақтарда, отырыстарда қадірлі қонақтарға самаурынмен түтінін бұрқыратып шай ұсыну дәстүрге айналған біздің елде. Оған қоса, қып-қызыл шайға ақ сүт қатып қызыл күрең түсті етіп алатынымыз тағы бар. Қант, тұз және құртпен ішіп, бабын біліп алғанбыз. Денені сергітіп, шөлді қандырып, бойға күш беретін бұл сусынның не сыры бар? Қалай пайда болды? Пайдасы мен зиянын... Шай ішпесе жұмысы жүрмей қалатын қазақтың "моторы" болған сусын дүние жүзіне қалай таралды? Шай ішіп отырып, осы мәселеге көз жүгіртіп көрдім.

  Шайдың шаршап шалдыққанда көңіл көтеріп, әсіресе, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатынын және денені сергітіп, рахатқа бөлейтінін білеміз. Шай шығыс халықтарына, соның ішінде Қытай мен Үндістанда бұдан мыңдаған жылдар бұрын белгілі болған екен. Олар алдымен өз бетімен шыққан жабайы шай жапырақтарын суға салып, бояуын шығарып, сан алуан ауруға ем үшін дәрі орнына пайдаланған. Бертін келе шай күнделікті ішетін сусынға айналып, оның бірнеше сорты егіліп шығарыла бастапты. Ал, XV ғасырда шай ішу Шығыс елінен Орта Азия халықтарына тарай бастаған. Шайдың арғы тегі Қытайдан шыққан дейді. Шай деген сөздің өзі Қытайдың "тцай-ие" деген сөзінен тараған көрінеді. Ал, "тцай-ие" қытайша "жас жапырақ" деген сөз екен. Шайдың және байхы деген сорты бар. Бұл да Қытайдың "байхоа" деген сөзі болса керек. Біздіңше ол "ақ кірпік" деген мағына береді. Шай жапырақтары күмістей жылтыраған ақ кірпіктей қылтанақтармен көмкерілген. Шай жапырақтарының түр-түрінің "байхы" аталатын себебі осы.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу

Байланыс мәліметі:

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62

Телефон: 8(7242)20-16-19

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.