Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 10:36

Білім басқармасында жаңа басшы

 Дүйсенбі күні Қызылорда облысы-ның білім басқармасының басшысы лауазымына Майра Мелдебекова  Тұрғанбайқызы тағайындалды.

   Майра Мелдебекова 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Физика және информатика пәндерінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

   Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназия-сының мұғалімі болып бастаған.

    2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары.

   2017 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

       Жаңа басшы білім саласына соны серпін алып келеді деп сенім білдіреміз.

"Ұстаз-ақпарат"

 

            Күні кеше барлық мектептерде жалпы­ұлт­тық ата-аналар жина­лы­сы өтті. Халықаралық отбасы күнінде ұйым­дас­ты­рыл­­ған ата-аналар бас­қо­суы "Білімді ұлт - са­па­лы оқыту мен от­басы құн­дылығы" тақы­рыбын қамтыды. Жина­лыста  "Рухани жаңғы­ру" бағ­дар­ламасын мек­тепте іске асыру, 11-сынып оқу­шыларын қоры­тын­ды аттес­тат­тау, оқу жы­лы­ның қо­рытынды­ла­ры, оқушы­лар­дың білім сапасы жан-жақты талқы­ланды.

    Сондай-ақ, мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қыз­­меті мен оқу процесін циф­рландыру жайы ортаға салынды. Бар­лық мектеп­терде бірдей уақытта ұйым­дас­тырыл­ған жиында ата-аналар көкейде жүр­ген сұрақ­тарына жауап алды.

     Елбасының 2017 жылы 10 қыркүйегіндегі тапсырмасына сәйкес республикада "Бей­ресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және тиісін­ше міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары" бекітілген еді. Аталған жоспарда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кірісін есепке алу, салық төлеу және зейнетақымен қамтамасыздандыру, сондай-ақ әлеуметтік және медици­на­лық сақтандыру жүйелеріне қатысу мәселелері негізге алынған. Осыған байланысты А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйым­дастыруымен "Ашық есік" күні өткі­зілді. Аталған іс-шарада "Мін­детті әлеумет­тік медициналық сақтандыру" жүйесін қа­ладағы кәсіпкерлерге және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға түсін­діру жұмыстары жүргізілді. Ашық есік күніне облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Ж.Абдусаметов, "Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов, Қызылорда облысы бойынша "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының есепшісі А.Есенбаева, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қа­былдау және өңдеу орталығының бас маманы Д.Кемадуллаева және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Аяпбергенов қатысты.

            Қазір білім саласы транс­формация кезеңін бастан кешіріп жатыр. Әсі­ресе, жоғары оқу орны­ның сапасын көтеру, бә­се­келестікке жауап беру сынды жаһандық талап­тар таптаурын ұстаным­дар­ды бұзуда. Ірі эконо­ми­калық форумдарда мінбе­лерден айтылып жүрген тақырыптың бірі осы жо­ғары оқу орны, яғни маман даярлаудың сапасын көте­ру. Бұл ретте қазірдің өзін­де қолға алынып жатқан академиялық еркіндік бе­ру, қаржылық дербестік алып беру, ректорларды сайлаудың қоғамдық теті­гін енгізу сынды қадамдар нарық талабына дер кезін­де жауап беруді меңзейді. Себебі осы кезге дейін уни­­верситеттердің білім сапасына қатысты сын да, ұсыныс та аз айтылма­ды. Ал, әлем елдері осыдан 20 жыл бұрын бұл пробле­ма­мен бетпе-бет келіп, ма­ман даярлаудың кәсіби жолын дамытудың жолын тапқандай. Ол әрине, корпоративтік универси­теттер құру.

     Жә, "корпоративтік уни­­­верситет деген не?", "Оның біз көріп жүрген университеттен айырма­шы­лығы қандай?", "Қа­зақс­танда мұндай үлгі бар ма?" деген сауалдар оқыр­ман көкейінде қалып     қо­юы мүмкін. Осы себепті де аптадағы "Тілші түйіні" ай­да­рында осы мәселеге екпін түсірдік.

     Сонымен, корпора­тив­тік университет деген әлем­дік нарықта өз орнын қалыптастырған алпауыт компанияның жанынан құрылған университет. Қа­рапайым тілмен қайыр­ғанда, маманның кәсіби әлеуетін, білім деңгейін арт­­тыру. Төрт жылдан ке­йін­гі тоқтап қалған білімін өндіріспен ұштастыра оты­рып оқыту. Бейресми де­рек­терге сүйенсек, әлемде кор­поративтік универси­тет­тердің ұзын-саны 2 мың­­­ға жуықтапты. Демек, шетел қаржыгерлері корпо­ративтік университтердің қажет екенін уақыт өткен сайын сезініп келеді.

    Рухани жаңғыру дегеніміз не? Оны өскелең ұрпақ санасына қа­лай жеткіземіз? Міне, осы сұрақтар №187 М.Шоқай атындағы ор­та мектеп кітапханасында "Кі­тап­хана - рухани жаңғыру жолында" атты семинарда айтылды. Семинарды мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты     А.Мұсабаева ашып, шараның маңыздылығын сөз етті.

     Семинардың мақсаты - ақыл-ой қазынасының мекеніне айнал­ған кітапханада рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күн­мен сабақтастыра отырып ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Рухани жаң­ғыру арқылы әлем мойындар ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті байланыстыра отырып, мектеп кітапханасы ру­хани жаңғыруға қатысты ұстанымдарды қолдап, ұлттың кемелденуіне, дамуына бар күшін салады.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласы тәуелсіз елі­міз үшін жаһандану дәуіріндегі ру­ха­ни өрісіміздің жаңа бастауы бол­мақ. Рухани жаңғырумен қа­тар "Туған жер" бағдарламасының да берері, маңыздылығы арта түс­ті. Олай дейтініміз, кең байтақ, ұлаң-ғайыр, қойнауын табиғи байлықтарға толтырған жеріміздің әр өңірінің сайы мен қыры, тауы мен тасы, даласы мен қаласы те­рең мағыналы сыр шертеді. Елі­міз­дің болашағын тізгіндер бүгінгі жас ұрпақ бұлардан хабардар бол­уы тиіс әрі міндетті. Себебі, тари­хы­мыздың тамырына терең бойлай алған ұрпақ отанымызға адал, елімізге талмай еңбек ететін, жауапкершілікті жете түсінетін аза­мат болып өсетіні белгілі. Ал, бұл ретте жастарымыздың бәсекеге қа­білетті білім алуына жағдай жасап, олардың санасына туған елі мен туған жеріне деген ерекше се­зімдерін, айрықша ілтипаттарын оятып, дәріптеу арқылы ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

      Өткен ғасыр - қазақ асыл­дарының ғұ­мыр кешкен дәуірі. Бұқара бодандықтың бұғауында болса да, жарыққа қарай жол сіл­теген кемеңгерлердің өмір сүрген ке­зеңі. Сондай салиқалы азаматтардың арасында Сәден Нұртайұлы да бар. Ол қиын-қыс­тау заманда ислам дінін имен­­бей зерт­теп, қазақ тарихын тайсалмай түгендеген тағылымды тұлғалардың бірі.

   Зерделі зерттеуші, ұлағатты ұстаз, тағылымды тарихшы Сәден Нұртайұлы "Көктөбе" колхозында 1930 жылы 15 қарашада дүниеге келеді. Орта мектепті 1948 жылы бітірген соң Қызылордадағы бұрын­ғы Н.Гоголь атындағы педагогикалық инс­титутқа оқуға түсіп, 1955 жылы тарих факультетін тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын Чкалов атындағы мектепте ұстаздық қыз­меттен бастап, Қармақшы ауданы "Ақ­жар" ауы­лын­дағы №28, "Жаңақала" кеңшарындағы №185 және Жосалы кентіндегі №183 Ү.Томанов атындағы орта мек­тептерде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, мектеп директоры лауазымына де­йін жоғарылайды. Сол жолда тынбай із­денген С.Нұртайұлы білім саласында ерен еңбегімен ел есінде қала білді.

    Қармақшылық қайраткердің қайсар істерін ұғыну үшін өткен ғасырға шегініс жасасақ. Бір ғана мысал. №28 Ақжар орта мектебінде пән кабинеттерін құру жә­не жабдықтауда сол кездегі мектеп директоры Сәден Нұртайұлының еңбе­гі ерекше еді. Өзі басшылық жасаған мектептегі тарих, биология және алғаш­қы әскери дайындық кабинеттерінің жабдықталуы үз­дік деп танылып, марапат­қа қол жеткізген. Сол тұста та­рих кабинеті асарлардан қа­зып алынған заттармен толыққан. Биология кабинетінен жергілікті өсім­дік­тер мен аң-құстар туралы мәліметтер орын алып, өз өзгешелігімен көптің ықы­ласына бөлене білген.

             Кітап - ақылына ақы сұрамайтын рухани мұра. Қазіргі кезде заманның жаңа өң алуына байланысты түрлі форматтағы жинақтар жиі басылып шығарылуда. Ғылым мен білім, адам өмірінен ойып тұрып орын алған барлық ілімдер кітаптан табылады. Жоқ ізде­гендер, ғылым қуғандар, өнер жолын­да­ғылар асыл мұраны жандарына серік етіп, қасиет тұтқан. Тіпті дін өкілдерінің өз киелі кітаптары, жақұт жинақтары бар. Құдайдан келген құдірет деп бағам­дайтын олар, өз дінінің басты кітапта­рына салғырт қарамайды. Оны өз басы­нан биік ұстап, қастерлеп қарайды. Де­ген­мен де, бүгінгі қоғамның басты дерті кітап оқымау емес, кітапқа құрметпен қарамау болып отыр. Шынында мағ­лұ­маты мол ақпарат алу қазіргі қоғамға қиын емес. Ал, білім дейтін алтын қазы­наны осы күнге дейін тоздырмай сақтап келген кітаптардың қадірсізденуіне кімді кінәлау керек екенін де білмейміз.

    Шымбайға батып, намысты шым­шылайтын да осы "кітаптың ке­рексіз құралдай қоғам өмірінен ысы­рылып қала ма?" деген қауіп. Осы тұста, өткенге шегініс жасап, том-том кітаптардың қалай пайда бол­ға­ны жөнінде тарих жинақтарына көз жүгіртіп өтейік. 105 жылы, яғни біз­дің заманымыздың ІІ ғасырында қа­рапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапқан. Одан соң, ескі шүберектен жасалған Самар­қан­ның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болады. Кейін, ХІІІ ғасырда қағаз жа­сау өнері Шығыстан Батысқа қа­рай ығысып, баспа кітап өнерінің ту­уы кітаптың дамуына кең жол аша түскен. Алғашқы ағаш баспа қалы­бы ХІ ғасырда пайда болады. Осын­дай даму сатыларынан соң 1045 жы­лы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Адамзат баласының жаңашылдыққа құмар­лы­ғының нәтижесінде жазу өнері, кітап шығару мен газет басу үрдісі дү­ниеге келген. Бұл бүкіл адам баласы үшін өте жоғары жетістік еді.

          Білім тағына отырған 14-ші министр Ерлан Сағадиевтің білім және ғылым министрі атан­ғанына да екі жыл уақыт өте шығыпты. Жаңар­тылған білім беру мазмұны мен жоғары оқу орында­рына академиялық ер­кіндік беруді көздеп кел­ген министр екі жылда түрлі реформаларды енгіз­ді. Жаңа мазмұндағы білім жүйесіне қоғам көңілі алаң болғанын жасырып жаба алмаймыз, сонысы­мен де сыналды. Бірақ, ширек ғасыр ішінде бас педагог атанған білімнің экс-министрлері секілді емес, Ерлан Кенжеғал­и­ұлы Елбасы қабылда­уында жоғары бағаға ие болды. Атқарған жұмысы мен тәжірибесі оң бағалан­ды. Ақордадан шабытта­нып шыққан министр бірнеше күннен кейін ел алдында есеп беріп, екі жылда атқарған жұмысы­мен бөлісті. Екі сағатқа созылған екі жылдың есе­бінде нендей мәселе көте­рілді, нендей өзгерістер орын алды? Рет-ретімен тізбектегенді жөн көрдік.

   Ең әуелі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы жылдар­дағы білім қарқынының арт­қанын еске салып, екі сүйінші хабарды жеткізуге асықты. Әуелгісі, Қазақ­с­тан Экономи­калық ын­ты­мақтастық және даму ұйымының білім және ғылым саласы бойынша мүшелігіне өтті. Ал, екін­шісі, еліміз бәсекеге қабі­леттіліктің жаһандық ин­дек­сінде бастауыш білім­мен қамту көрсеткіші бо­йынша әлемде 4-орынға шыққан.

   Мектепке дейінгі тәр­бие мен білім. Цифрлан­дыру талабына жұмыс жасап жатқан министрлік әрбір ата-анаға қолайлы жағдай жасап отырмыз дейді. Бала­­бақшалардың кезегін көру, бір мектептен екінші мектепке көшіруге қажетті құжаттарды сандық фор­матқа ауыстыру жұмысын толық іске асырған. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2020 жыл­дан бастап 0-сынып оқу­шы­лары жаңа латын әліп­биіндегі оқулықтармен білім алатынын ескертті. Сағадиев бұл қайта-қайта оқулық басып шығар­маудың жолы, сондықтан да қаржылық тұрғыда тиім­ді дейді. Алайда, қоғам бел­сенділері мен филологтар латын әліпбиінің емле-ережесі жазылмай жатып, оқулық әзірлеуге қарсы. Дегенмен, министр арнайы комиссия құрамы жасақ­талғанын әрі оқулықтарға қаралған қаржының дайын екенін қаперге салды. Қа­лай десек те, мектеп парта­сына енді отыратын бала­лар латын әліпбиімен сауат ашпақ.

    Осы уақытқа дейін Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты ауыл, кент әкім­дерінің жыл бойы атқарған жұмысы, мемлекеттік бағдарламаларды орындау дең­гейі мен ауылдағы басты проблемалардың басын ашып алуда ауыл әкім­дерінің есебін тыңдап, кемшілігін әкім аппараты жиынында қозғап келген еді. Міне, сол ауыл халқының өмірін жақсартамын деп сайланған әкімдердің сынға ілігіп, қызмет барысындағы кемшіліктері аз айтылып жүрген жоқ. Бейсенбіде бас қосқан қаладағы атқарушы билік өкіл­дері қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жүргізілетін кезекті жиында Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Жасұлан Шынтасовтың есебін тыңдауға жиылды. Мәжілісте қаралған тек бұл тақырып ғана емес. Алдымен оты­рыс­та Нұрлыбек Нәлібаев мамыр айының мерекелік күндерін атап өтуге дайындық барысын пысықтау үшін қалалық мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мира Қазбекованың баяндамасын тыңдады.

    Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспарының мазмұнын жіпке тізген Мира Жомартқызы қос мерекеде 20-ға жуық мерекелік шаралардың ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Қы­зылордалықтар Отан қор­ғаушылар күнінде Астанадан берілетін әскери парад көрсетілімін тікелей онлайн режимде көре алады. Сонымен бірге бұл күні патриоттық бағыттағы мәдени-көп­шілік шаралар мерекенің лебін сезіндірмек. Бөлім басшысы Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай аталып өтілетін әртүрлі сипаттағы шаралардың ерекшеліктеріне де тоқтала кетті. Жыл сайын өтетін "Жасампаз жасақ" жобасының биыл да жалғасын табатынын назарға салды. Баса айта кетерлігі, мерекеде жақында ашылған өнер арбатында караоке сайысы қала тұрғындарының көңілін көтеруге бағытталмақ.

Бейсенбі, 10 Мамыр 2018 04:29

БІЛІМ ҚЫРАНДАРЫ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

          Қазір білім алуда шекара жоқ. Қиырдан келіп, құрлық ас­қан қазақ жастары әлемнің маңдайалды мемлекеттеріне барып, ой жарыстырып, білімін сынап жүр. Халықаралық масштабтағы білім додадаларында мойнына алтын тағып, елдің мерейін тасытып жүрген қазақ жастары жетерлік. Оның ішінде Сыр дарындарының  білім жарысындағы үлесі салмақты. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық білім жарыстарында топ жарып, аймақ атын шығарған Қызылорда тү­лектері жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Жақында осы білім байқауында жүлдегер атанған бір­ топ оқушыларды Қызылорда қала­сының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеке қабылдап, құрмет көрсетті.

   Биылғы жылы қаламыздың дарынды оқушылары Ресей мемлекетінде және Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық олимпиадаларға, ғылыми байқауларға, республикалық пәндік олимпиа­даға қатысып қайтқан-ды. Нәти­жесі көз қуантады. 21 оқушы жүлделі орындарды иеле­ніп қайтты. Соның ішінде республикалық пәндік олимпиадаға қаладан 16 дарынды оқушы қатысып, жүздеген қатысушының ішінен 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, барлығы 8 жүлде Қызылорда қаласының еншісіне тиді. Оның ішінде, №3 мектеп-лицейдің оқушылары 2 алтын, 3 қола медаль, №2 "Мұрагер" мектебінен 1 күміс медаль, №4, 5 мектеп оқушылары 2 қола медаль иеленген. Енді міне, марапат мінберіне шыққан мектеп оқушылары қала әкімінің ыстық ықыласына бөленіп, құрметін сезінді.

   Салтанатты жиынға олим-пиа­да жеңімпаздары ғана емес, білім жарысына баптаған ұстаздары да шақыртылды. Кездесу кешінде қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы аймақ атын шығарып, білім дәрежесін биіктеткен жеңімпаздарға білімнің таусылмайтын кең екендігін, уақыт ағысындағы талап-тілектерге дайын болу қажеттігін қаперге салды.

    - Қазір жаңалығы желмен жарысып, ой өрісі ғарышпен таласқан заңғар заманның бірегей талабы білім жолындағы тынымсыз талпыныс пен үздіксіз ізде­ніс екені анық. Санаулы күн­дерден кейін мектеп қабырғасында соңғы қоңырау соғылып, үлкен білім сынағына жолдама аласыздар. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарымыздың, аялап өсірген ата-аналарымыздың үмітін ақтап, тал бесіктен алған тәрбие мен терең білімнің арқасында тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктету жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.

    Байқаудан олжалы оралған №3 мектеп-лицей оқушысы Алмас Аппазов білім саласына қолдау білдірген барша жанға, білім сынына баптаған ұстаздарына алғыс білдірді.

Page 1 of 77
онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C