Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Бейсенбі, 16 Тамыз 2018 06:23

ҚҰРБАН АЙТ - ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ

     

     Мәртебесі мәрт, бәсі биік діни мереке болып саналатын Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы. Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күніне сәйкес келіп отыр. Сонымен қатар, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Арапа - қажылар Арафа жотасында тәңірге сыйынатын күн. Қажылыққа бармаған жамағат үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахаб (жағымды) амал болып са­на­лады. "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат, яғни кешірім болады" делінген. Бұл күні жағдайы бар, әрі жолаушы емес мұсыл­манға құрбандық шалу - уәжіп, мұсыл­ман­дық міндет. Құрбан араб тілінен аударғанда "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Біле жүрейік, Құрбан айттың алғашқы үш күнінде шалынатын мал "ұдһия" деп ата­лады. Жалпы құрбандық шалудың мәні­сінің кеңдігін ұғыну үшін дінді жетік түсініп, құлшылықтың не үшін жаса­латынын жақсы білген дұрыс.

    "Құрбандыққа қандай мал шалуға болады?" деген сауал осы күні жиі айты­ла­ды. Кез келген мал құрбандыққа жарай қоймайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді түліктер жарамды. Аталған құрбандыққа шалуға болатын малдардың ұрғашылары да құрбандыққа жарамды. Құрбандыққа шалатын қой мен ешкі ең кемі бір жастағы болуы қажет. Алайда, ал­ты айлық қозы, бір жасар қой секілді ірі қоңды болса, құрбандыққа жарай береді. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толған бо­луы қажет. Содан соң, сиыр екі жасқа, тү­йе бес жасқа толғанда ғана құрбан­дық­қа шалуға болатынын имамдар тілге тиек етеді.

Бейсенбі, 09 Тамыз 2018 09:39

ӘКІМ ГРАНТЫН КІМДЕР АЛАДЫ?

    Жастарды қолдау тек бір топ жасты біріктіріп, оларға мораль оқу емес. Талапты да талантты, айдарынан жел ес­кен жастардың лайықты білім алып, сауатты маман бо­лып қалыптасуы биліктің жастарға деген оң көзқарасы ар­қылы дамиды. 5 жылдан бері біліміне сенімді, оқуда озат жастарға арнап аймақ әкімі Қ.Көшербаев­тың білім гранттары бөлініп келеді. Әлеуметтік жағынан әл­сіз не толық емес отбасынан шыққан дарынды жастарға демеу болған әкім грантымен осы уақытқа дейін бірнеше қы­зылордалық білім алып, қазірде алды оқуды аяқтап, ма­ман атанып, ел экономикасының дамуына қызмет етуде.

    Қызылорда об­лыстық жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, білім гран­ты халықтың осал топ­тарынан шық­қан балаларға беріледі. Демек, жетім бала­лар, мүгедек балалар, ата-ана­сының қамқорлы­ғын­сыз қал­ған, ата-ана­сының екеуі де зейнеткер немесе ата-ана­сының біреуі немесе екеуі де мүгедек, көп балалы, аз қамтылған, асы­рау­­шы­сынан айырылған сту­денттерге тағайын­далады.  

 

   Тамыз басталса бала оқытып отырған ата-анада тыным болмайды. Мектепті аяқтап, маман болуға ниеттеніп отырған түлектер мемлекеттік гранттың нәтижесіне көз салады. Ал, мемлекеттік гранттан қағылғандары жекеленген оқу орындарының тиімділігі мен шарттарын іздеп, таңдау жасайды.

    Осы аптада барлық қазақстандық түлектердің бірін білім бәсекесінің нәтижесі қуантты, бірін мұңайтты. Мемлекеттік грантқа үміт артқандар тізімнен өзін көріп, төбелері көкке жетіп жатса, ендігі бірінің көңілі құлазыды. Межелі баллға ұпайы жетпеген талапкерлердің таңдауы ақылы оқуға ауысты. Дегенмен, талап үдесінен шығу бәріне бірдей сенімділік бере бермейтіні рас. Сонымен, биыл қанша грант бөлінді? Жастардың таңдауы қай бағытқа, қай қалаға бұрылды?

     Статистикамен санамалайтын болсақ, былтырғы жылдарға қарағанда биыл грант саны едәуір артқан. Оған се­беп те жоқ емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 бастамасының бірін жастардың тегін білім алуына арнауы келешектің экономикасына капитал құйғаны деп білу керек. Соның нәтижесінде Үкімет 20 мың грант бөліп, оның 11 мыңы техникалық бағытқа, 5 мыңы еңбек нарығына қажетті мамандықтар, 3 мыңы магистрлерді даярлауға, 1 мыңы PhD докторларды оқы­ту­ға жұмсалмақ. Жалпы бес бастамадан бөлек, осы жылғы мемлекеттік гранттың жалпы саны 53594-ке жеткен. Жауапты мамандардың сөзіне сен­сек, аталған гранттардың 5944-і күндізгі оқытудың 1-курсына, 2650-і ЖОО дайындық бөлімдеріне қабылдауға бөлінген.

Бейсенбі, 09 Тамыз 2018 06:47

АРАҚТЫҢ ХАЛАЛЫ ЖОҚ, ЗАЛАЛЫ КӨП

   

   Спирттік ішімдіктерге салыну­шы­лық маскүнемділікке алып келеді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзу­мен қатар қылмысқа да итерме­ле­уі мүмкін. Жаңақорғандағы оқу­шы қыз­дың өлімі де осы ішімдікпен бай­ланысып жатқанын жұрт жақсы біледі. Араққұмар адамның отбасы, бала-шағасының берекесі кетіп, қа­дірі қашады. Ішкілікке бойы үйрен­ген адамда тоқтау болмайды. Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сыл­тау тауып ішуді көздейді, өзінде бол­маса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, кез келген бөтелке­лестерімен бірлесіп те іше береді. Барған сайын "сау" жүруі азаяды.

   Мастықтың әсерінен ауруға шал­дыққан адамға уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді. Спиртті ішімдікке са­лыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жанұясына жәрдем көрсетуі міндеттелмеген. Сондықтан осы кеселдің кесапаты жайында толыққанды зерттеу жа­сап көрдік. Өйткені мамандық тал­ға­майтын, адам іріктемейтін бұл за­уал барлық ортада қылаң беруі ық­ти­мал. Оның ішінде өнер адамдары да бар.

   

   Жаздың жарқын күндерімен қоштасатын сәт те жақындап келеді. Бұл жаңа оқу жылының басталуын аңғартады. Содан болар, тамылжыған тамыз айы ата-ана қауымы үшін тынымсыз тіршіліктің нағыз қайнаған шағына айналған. Баланы мектепке даярлау, оқу құрал-жабдықтарын түгендеу, мектеп формасының сапасына мән беріп, соңғы үлгідегі киімді бауыр еті баласына алып беру - бүгінгі ата-ананың басты міндеті. Ал, мектепке асыққан балалардың бар ойы талғамындағы киімді таңдап, өзіне ұнаған заттарды алу. Әрине, мұның барлығы қаржы мәсе­лесі­не келіп тірелетіні анық. Жалпы, бір оқушыны мектепке әзірлеу үшін қанша қаражат қажет? Көпшілікті толғандыр­ған мәселенің мәнісін білу үшін әрі сауалымызға тұщымды жауап алу мақсатында базарға бас сұққан едік.

   Сыр халқының басым бөлігін "Ескі базардың" ішінен табуға болады. Базарға ентелеп ене бастағаннан қызу сауданың қарқынын байқайсың. Ығы-жығы жүрген адамнан көз сүрінеді. Бір байқағаным жалғыз жүрген жанды сирек кездестіреді екенсің, соның басым бөлігін бала жетектеген ана-ата құрап отыр. Қайтсін енді, осының бәрі оқу маусымына әзірленудің әлегі емес пе? Қай сауда орнына барсам да, абыр-сабыр күйдегі саудагер мен таңдау жасап тұрған тұрғынды көз көреді. Әрине, бұлай болмаса несі базар? Менде өз миссиямды орындауға кірісіп, базарды шарлап, тауар бағамын барлап қайттым. Сонымен, бастауыш сыныпқа баратын оқушыны мектепке даярлау қанша тұрады? Мектеп формасының сапасы сын көтереді ме? Бағаға сапа қаншалықты сай?

Г.НЫСАНОВА, Қызылорда облыстық наркология орталығының бас дәрігері:

   - Көпшілікті "мас күйінде тіркелген адамдардың статистикалық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда қандай деңгейде?" деген сауал мазалайтыны рас. 2018 жыдың 6 айында облыс бойынша араққұмарлықпен есепте тұрған науқастардың саны 5228-ге жеткен. Бұл былтыр 5370 болған. Яғни, былтырғы жылдың 6 айымен салыс­тырғанда 142-ге азайған. Жыл басынан наркологиялық есептегі науқастардың көшіп кетуіне сәйкес, сотталуына, қай­тыс болғандар, көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын­дар, диспансерлік есепке ауыстырылғандар, диагнозының өзгеруімен және басқа себептермен диагноздарының анықталуына байланысты көрсеткіштер төмендеген.

   Айта кету керек, емдеу шараларында нәтиже де баршы­лық. 2018 жылдың 6 айында облыстық наркология орта­лы­ғынан маскүнемдік бойынша 688 науқас ем алып шық­ты. Ал, 2017 жыдың 6 айында 871 науқас емделген болатын. Маскүнемдер саны әр алты ай сайын төмендеп келеді.

   Дегенмен де, жастар арасындағы ішімдік ішіп, ауру болатындар көп. Оның арасында әйел азаматтар да жоқ емес. Облыс бойынша 2018 жылдың 6 айында 14-29 жас аралығындағы маскүнемдікпен есепте тұрғандар саны 358 ерді құраса, оның 13-і әйелдер. Қазір емделушілер мен тіркелгендердің барлығы есепке алынып, бақыланып отырады. Адамдар ауырып ем іздегенше, ішімдіктен аулақ болып, ауырмайтын жол іздегендері абзал.

МӘРИЯМ, "Ардана" дүкенінің сатушысы:

     - Күніне нақты қанша рөмке са­та­ты­ным есімде жоқ. Бірақ, ішімдік сату­дан жақсы табыс түсіп отыр. Оның ішінде сыра мол сатылады. Ал, арақты ег­­де тартқан кісілер көп алады. Жас­өс­пірімдердің де сыра сұрап келетін кездері жиі кездеседі. Оларға біз ішім­дік босата алмаймыз. Заңға қайшы. Әсі­ресе, түнгі мезгілінде арақ-шарап көп­­­теп өте бастайды. Сосын той-то­ма­лақтар көбейген кезде де сауданың та­мы­рына қан жүгіреді. Ақшасы аз, бө­тел­келеп ала алмайтын адамдар ста­кан­­ға құйдырып та ішіп кетеді. Жал­пы араққа деген қала тұрғында­ры­ның ара­сында сұраныс бар. Баға қанша­лық­ты шарықтап жатса да, сыра, арақ­ты сатып алатындар азайған емес. Сол себепті ме екен, "адамдар арақтан тү­бе­гей­лі бас тартады" дегенге сенбеймін.

ҚАСЫМ, көше кезбесі:

     - Менің басқа ермегім жоқ. Осындай халге душар болуымның басты себебі арақтың кесірі. Несін жасырайын, күніне жұрттан қайыр сұрап алып, оны азын-аулақ тамағыма жаратамын. Қалғанын арақ сатып алуға жұм­сай­мын. Жаздың жылы күнінде қаланың көшелерінде өзіміз секілді адам­дармен бірге ішуді әдетке айналдыр­ғанбыз. Емделуге де барғанмын. Негізі апарған. Қайда апарғанын нақты білмеймін. Бірақ, ол жақтан қайыр болмады. Адамның жағдайы дұрысталмайынша ішуді де доғар­майды. Мен басымнан өткен соң ғана айтып отырмын. Арақ біздің қайғымызды жеңілдетуге, уа­йымды ұмытуға көмектеседі. Сон­дықтан ішімдікті тастағым келмейді.

    ТҮЙІН. Жер бетінде түр-түрлі тағдыр бар. Бірі тойып, енді бірі тоңып секіреді. Ішімдік тойдың сәні болса, басқа жандарға өмірінің мәніне айналған. Десе де, арақ ешкімге опа бермесі хақ. Дін мен дәрігерлер ішімдікке шектеу қойған. Тек заң ғана сатылымға қарсы қауқар таныта алмай отыр.

Айдар САЙЛАУОВ

   Алда - жаңа оқу жылы. Білім күнін та­ғатсыздана күтіп жүрген балалар мектеп формасы мен оқу-құралдарының жаңадан жабдықталғанын қалайды. Мұның барлығын алу үшін халықтың басым бөлігі қайнап жатқан көк базарға табан тірейтіні анық. Базар дегеніміз жай сөз ғана. Мұнда да бағаның аспандап тұрғанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Бір ба­ланы мектепке дайындау үшін ең тө­менгі бағамен есептегенде 30 мың теңге ша­масында қаржы кетеді, ал бірнеше ба­ланың қажеттілігін қамтамасыз етуді мақсат етсең, 100 мың теңгеден аса қара­жат­тың қалтаңыздан шығатыны анық. Иә, біз айтып отырған бұл санға бірі ауыз басып, шошына қараса, енді бірі еш уа­йымсыз жүретіні белгілі.

Бейсенбі, 09 Тамыз 2018 06:07

САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

   

    Қазір әр саланың даму динамикасын айқындайтын қомақты бағдарламалық құжаттар бар. Межеленген міндеттерге сай жоспарлы жұмыстар тізілген бағдарлама елдегі салалардың келешектегі даму перспективасын айқындап, мүмкін болатын істердің жобасын жасайды. Күні бүгінге дейін ел ішінде айтылып жүрген білім саласын реформалау, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін орта мектептерге тарату, жаңартыл­ған білім беру мазмұнына көшу сынды мәселелердің барлығы Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан бастау алады. 3 жылды қамтитын салмақты құжатта нысаналы мақсаттарға жетудің жоспары айқын жазылған. Басты мақсат - экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту.

    Бағдарламаның екі жылын арт­қа тастадық. Білім саласының мамандары мектепке дейінгі тәрбие­ні толық енгізу, орта білімнің сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік білім алушыларға жағдай жасау, бәсекеге қабілеттілікті арт­тыру, білім мен ғылымды және инновацияларды интеграциялау сынды маңызды міндеттерді орын­дауға кірісті. Осы уақытқа дейін жаңашылдықпен еніп жатқан түрлі бастамаларға деген көз­қарас өзгерді, педагогтардың бі­лім деңгейі артып, бәсекелестікке жол ашылды. Демек, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нә­тижелі орындалып жатқаны көз­ге көрінеді. Қазір әрбір аймақтың білім басқармалары бағдарламада айқындалған міндеттерді орындауда тәжірибелерімен бөлісуде. Жаңашылдықты уақыт талабымен үндестірген Сыр педагогтарының толайым табыстары білім саласын дамуға жетеліп отыр. Атқарылған іс пен бағдарлама барысын бағамдау үшін Қызылорда облыстық білім бас­қармасының мамандарын сөзге тарттық.

   

    Дін дегенде дүйім елдің есіне бірден соғыспен таң атырған ислам елдері, жат ағымның же­те­гіндегі жастар түсетіні рас. Әуелден адалдық пен татулықты ту еткен, береке мен бірлікті насихаттайтын діндердің атын бүркеншік етіп, қой терісін жамылған қасқырлар ел арасына іріткі салуды мақсат еткен. Тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бері ислам дінінің көрмегені жоқ шығар. Кеңестік кезеңнен құтылып, еркіндікте "ешкімнен сескенбей намаз оқимыз" деп үміттенген халық арамза адамдар мен дүмше молдалар­ға еріп, сан соғып қалғаны жасырын емес. Жол көрсетіп, жөн сілтейтін діни сауаты жоғары адамдардың болмауы салдарынан қазақ жастарының шетел асып кеткені де көпті бір алаңдатып тастап еді. Одан қалды халық арасында да жат ағымның мұз үстіндегі қызыл судай тез жайылып кетуі билікті бей-жай қалдырмады. Бұл нақты әрі тез саяси шешімдер қабылдауға ықпал етті. Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен барлық діндердің құқық таразысын тең ұстап, ұлт­аралық татулық діңгегін нық бекітіп қалуға күш жұмсады. Өте кірпияз, қылдан жіңішке дін сала­сы қылыштың жүзінде тұрған қысылтаяң кезде жа­рыққа қарай жол бастайтын тың ойлар қа­жеттілігі айқын сезілді. Содан бастап Қазақстанда дін орталықта­ры құрылып, аталған саладағы кикілжіңдерді, ол­қылықтар мен түйткілді мәселелерді ретке келтіретін арнайы мамандар даярлана бас­тады.

  Кез келген сұраққа нақты жауап беру жан-жақ­ты зерттеуді қажет етеді. Бұл ретте дін мәселелерін зерттеу орталықтарының алар орны ерекше. Соның ішінде "Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу ор­талығы" КММ-нің негізгі мақсатына үңіліп көрдік. Сол арқылы қазіргі таңдағы өзекті деген дін мәселесінде тиісті сауалдарға жауап іздедік. Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов сөзімізге тұздық ретінде пікір білдірді.

 

    Қай істің болмасын ебін тауып, еңбек етіп, тәуекелге бару кім көрінгеннің қолынан келе беретін шаруа емес. Десе де, шаруасын ширатып, бизнес алаңын кеңейтіп, халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер бар. Бұрындары кәсіп бастауда қағазбастылықты алға тартып, құжат толтыруда әуре-сарсаңға түсетін бизнес өкілдері мұндай бюрократтық мәселелердің азайғанына сеніп отыр. Мұнан басқа бизнеске қолдау беретін мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп, тиімді тетіктерін кәсібінің дамуына пайдаланып, кәсіп көзін ашқан жандар аз емес. Мұның бәрі аймақта шағын орта бизнестің аясын кеңейтіп, жаппай кәсіпкерліктің қанат жаюына жол ашады.

   Алдымен, аймақта атқа­рыл­ған істі бағамдайық. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру жөнінде облыстық кәсіп­кер­лік және туризм басқармасының бизнесті дамыту және қол­дау бөлімінің басшысы Мәуе Сейдалиева қаржыландыру мәселесіне екпін бергенін айтты.

    2018 жылы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 1319,238 млн. теңге бөлінген. Аталған қаржыны компоненттер бойынша бөлер болсақ, субсидиялауға - 1000,238 млн. теңге, кепілдендіруге - 119 млн. теңге, мемлекеттік грантқа - 200 млн. теңге қаражат бөлінген. 

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C