Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

        Еуропалық ынтымақтастық ұйымына мүше 65 мемлекеттің ішінде Қазақстанның білім көрсеткіші көңіл қуантпай отыр. Қазақстанның 15 жастағы оқушылары математикалық са­уаттылық деңгейі бойынша 1,5 жыл, оқу сауаттылығы жөнінен 2,5 жыл артта қалған. Бұл деген оқушылар қарапайым мәтіндерді түсінеді, фактілерді анықтайды, алайда мәтіннен анализ жасау, өзінше пікір айтудан қиналады деген сөз. Зерттеу халықаралық PISA, TIMSS сынақтары негізінде жасалған. Мұндай мәліметті ұстаздар басқосуында Астанадан келген «Назарбаев зият­­керлік мектебі» АҚ Білім беру бағдарламалар орталығының лингвистикалық пәндер бөлімінің басшысы Жанабай Абуов айтты.

   Мектептегі оқушылардың оқу са­уаттылығының төмендігін облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев көркем әдебиеттің оқылмай кетуімен байланыстырады. Бас педагогтың айтуынша, қазіргі әлеу­меттік желі оқушылардың әдебиетке деген құштарлығын төмендетіп, шы­ғар­ма жазу қабілетінен айырды. Бұл рет­те, мектеп мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға күш салуы керек. Міне, білім саласында та­ғы бір мәселенің бары белгілі болды.

    Талқыға түсер тақырып бұл емес. Қызылордалық ұстаздар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жарыққа шыққан оқулық авторларымен кездесуге мүмкіндік алды. Биылғы 2,5,7-сынып оқушыларының оқулықтарына қатысты қоғамда түрлі деңгейдегі пікірлер мен сын-ескертпелер айтылды. Осы олқылықтарды алдағы уақытта жібермес үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі республиканың барлық аймақтағы ұстаздарымен кездесу ұйымдастыруды дұрыс көріпті. Міне, елордадан келген оқулық авторларымен қызылордалық ұстаздар да жүздесті. Білім саласындағы өзекті мәселе оқулық жазу, жаңа форматтың артықшылығын түсіндіру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акаде­мия­сының орта білім институтының директоры Қайыржан Рахымжанов және «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ Білім беру бағдарламалар орталығының лингвистикалық пәндер бөлі­мінің басшысы Жанабай Абуов арнайы келді.

   Өткен жұмада Қы­зылорда қалалық мәс­ли­хатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұ­рақты комиссиясының отырысы өткен болатын. Талданған тақырыптар түн кезбелерінің ты­ным­сыз тіршіліктегі жасаған қылмыстары жөнінде бол­ды. Одан өзге, кәме­лет­тік жасқа толмай жа­тып,  былықтарға белше­сі­нен батқан балалардың бұзақылығы да жария етілді. Көрген көз шо­шыр­лық. Естіген құлақ­қа да түрпідей тиеді. Бе­сіктен белі шықпай жа­тып, түрмеден бір-ақ шық­­қан бозбалалардың он ай бойы жасаған қыл­мыстары шынымен жаға ұстатарлық.

    Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері және осы мәселеге қатысты мекеме басшылары мен мамандары, қалалық іш­кі істер басқармасы жер­гілікті полиция қызме­тінің Ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы мен инспекторлары ке­ліп, жасаған жұмыс­та­рын жайып салды. Қа­тысушылар алдымен қа­ланың орталық алаңында орналасқан стационарлы полиция бекетінің, қа­лалық ішкі істер басқар­масына қарасты "Ақсай" полиция бөлімінің жұ­мысымен танысты. Қала орталығында орын ала­тын олқылықтарға жол бермес үшін қылмыс са­нының төмендеуіне сеп боларлық полиция бекеті енді жүйелі жұ­мыс жа­сайтын бо­лады.

   Одан соң ҚІІБ-да өт­кен жиналысқа қаты­сып, күн тәртібіне шы­ға­рылған "Жасөспірімдер арасында құқық бұзу­шы­лықты болдырмау және алдын алу бағы­тын­да атқарылып жатқан жұ­мыстар туралы" мәсе­ле бойынша жауапты тұлғалардың хабарла­масы тыңдалып, талқы­ланды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 10 айында қала көлемінде кәмелетке толмаған­дар­мен жасалған қыл­мыс­тар - 4,7 пайызға (43/41) төмендегені мә­лім бол­ды. Десе де атал­ған ­са­наттағы 41 қыл­мыс­тың барлығы дерлігі бір ғана Қызылорда кала­сында орын алып отыр­ғаны алаңдатуда. Айта кеткен жөн, кә­ме­летке толмаған­дармен орын алған 41 қылмыс 40 жас­өспіріммен жа­сал­са, оның 10-ы оқу­шы, 11-і - колледж сту­денті, 19-ы - жұмыс­сыз жас­тар.

          "Лондон мен Глазго қалалары арасында жиі қатынаймын. Студент үшін ғана емес, көп адамға ең қолжетімді көлік құ­ралы - автобус. Бірде мынадай кө­ріністің куәсі болдым. Билет алып үлгермеген бір жолаушы жүргізушімен сол жерде келісіп, қолма-қол есеп айы­рысқы­сы келді. Бірақ келісе алмады. Жүргізуші ақшасын қабылдамады. Кассаға бар немесе онлайн билет ал деп, кері қайтарды. Сөйтіп, автобус жүргізушісі бос орындар бола тұра сондай әрекетке барды. Артық тиын-тебен қалтасын те­сіп бара ма, пара емес жай рахметін біл­діріп жатқаны ғой деп ойлар еді біз­дікілер".

    Бұл Ұлыбританияда білімін жетілдіріп жүрген азаматтың жазбасы. Көзбен көріп, көкейге түйген ойы. Мұны нелік­тен мақалаға өзек етіп алды дерсіздер. Ойға салып қарасақ, бәрі де ұсақ-түйектен басталады. Алайда, біз сол ұсақ-түйекке кейде мән бере бермейміз, атүсті қараған дүние ұлағая келе үлкен мәселеге айналады, тіпті елдік деңгейдегі проб­лемаға ұласады. Мұның жарқын мысалы - жемқорлық. Алыс-беріс, барыс-келіс, қызметтік мансаптағы заңнан тыс әрекеттер, арам ақшаға араны ашылып, мемлекет мүлкіне қол салу бү­гінде адамдарды нәсіліне, жасына, ұлтына бөліп тұрған жоқ. Бәрінің де себепшісі - сол құны қымбат көк қағаздар. Қыр­уар қаржыға тәбеті ашылып, кез келген мә­селеге көз қыса қараудың арты сы­бай­лас жемқорлыққа алып келді. Бү­гінде сыбайлас жемқорлықтың емін тапқа­н ел жоқ. Әйтсе де, әр елдің өз заңы түрлі шешімдер қабылдауды қажет етеді.

   Бізде қалай? Қазақстан ширек ғасыр ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің басқы алғышарттарын жасады. Уақыт өте келе, жемқорлыққа қалқан болар шаралардың механизмін өз­герту көзделді. Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан кәрі құрлық елдері секілді жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді емес, оны алдын алуды бірінші сатыға көтерді. Дәл осы алдын алудың тиімді тетігінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, әсілі адамдардың жемқорлыққа деген қарсы ұстанымын қалыптастыру, "жемқорлыққа - жол жоқ" деуге жеткізу. Мұндай қадамдардың нәтижелілігі бір-екі жылда емес, 10, тіпті 20 жыл ішінде өзінің тиімділігін танытса, қолға алынған жұмыстың текке кетпегені. Мұны мамандар да мойындап отыр. Себебі сыбайлас атанған адамдардың атын әшкерелеп, оның қылмысын ашық түрде халыққа жеткізу арқылы адам санасына ой салу, сол арқылы жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру уақыт қуып, жылдар санап отырғанды қажет етпейді.

   Әрбір халық уақыт шең­бе­рінде рухани жаңғырып, жа­ңарып отырады. Ал рухани жаң­ғыру мен жаңаруда білім­нің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақ­тай отырып, заман көші­нен қалмауға, ілесуге, жаңа­лық­қа ұмтылуымыз қажет. Жаңа заманда бірнеше тілді білген адам оқ бойы озық бола­тыны сөзсіз. Мұхтар Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген сөзі үнемі жаны­мызда болуы тиіс.

   Білім беру жүйесінің ал­дын­да үлкен міндеттер тұр. Бұл саладағы жаңғырту оқы­ту­дың осы заманғы әдістемелері мен технологияларын енгі­зуді, педагогтар құрамының са­пасын, соның ішінде білік­тілікті дәлелдеудің тәуелсіз жүйесі арқылы арттыруды, жастардың білімге қолжетім­ділігін кеңейтуді көздейді.

    Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрларды даяр­лаудың түбегейлі жаңа моделі енгізіліп, педагогтар құрамы­ның сапасын арттыру, мұға­лім­дер корпусын жаңа зият­керлік қайнарына айналдыру міндеті күн тәртібінен түскен емес. Оны жүзеге асыруда мұ­ғалім шығармашылығы мен құ­зыреттілігінің мәні зор де­сек, оның мақсатты түрде кә­сіптік деңгейінің үздіксіз да­муына жағдай жасау, қолдау көр­сету - оқу орнындағы әдіс­те­мелік қызметтің мін­деті.

   Колледждегі әдістемелік қызметтің мақсаты - колледж инженер-педагогтарының кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқу үдерісіне оқытудың жаңа инновациялық технология­ла­рын енгізу. Ал, негізгі міндет­тері инженер педагог­тарға оқу­шыларды оқыту мен тәрбие­леу­дің және дамытудың қағида­лары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру; ин­женер педагогтарды педагоги­калық бағыттағы шы­ғар­машы­лық ізденіске тарту; озық педа­го­гикалық іс-тәжі­рибелерді облыс көлемінде тарату.

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 06:06

АЙГӨЛЕК КІМГЕ КЕРЕК?

       Балалық шаққа саяхат жасап отырсаңыз, ойыңызға оралатын ең бірінші ойын, ол - Айгөлек. Ұлттық спорттың бұл түрі жасөспірімдердің есінде жақсы сақталған. Ересектер ескіден сыр шерткенде сөз еткені болмаса, ойын баласының ең сүйікті спорты атанған "Айгөлекті" көпшілік ескере бермейді. Сіз онда ақын да, батыр да, батыл да болып, ширақтық пен шеберлікті шыңдайтын додалы аламанның жауынгерін­дей күй кешесіз. Бірақ, осы күндері бұл ойынды ұмытып бара жатқанымыз жасырын емес. "Білмесеңіз біліп жүріңіз" деп, ойын туралы ақпар беріп өткенді жөн көрдік. Кезінде дүркіреп аты шыққан ойынның айдыны таязданғаны көп көңілге алаң. Оған себеп ұлттық ойынды түгелдей біріктіріп, насихаттайтын жүйенің жоқтығында. Осы тұста "Тамырын білмегеннің жапырағы солғын болады" деген шығыс даналығының дұрыс айтылғанына шүбәсіз сенесің.

    Есіңізде болса, ауыл топырағына табаны күйіп жүріп ойнайтын ойынға есі кірген барлық балалар жиналатын. Тізесі жараланса, үстіне құм сеуіп жүре беретін ауыл баласы айгөлектің қызығына тоймай, кеш қарайғанын да аңғармай қалатын-ды. Ойынның да сол кезде шырайы кіреді. Оған қоса бір-біріне деген бауырмалдыққа, бірлік пен татулыққа, жанашырлыққа үйретер ойынның тәлі­мін кейінгі буын енді ғана түсінгендей. "Шір­кін, ұлттық ойындарымыз құндылықтарға толы екен ғой" деп аңсайды үлкендер. Онысы рас. Ұлан-ғайыр атырапта, далалы өлкеде ойналған кез-келген ойын ересекке рух, жас жеткіншектерге жігер беретіні сөзсіз.

   Айгөлек - ең танымал ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойынды ойнаушылар екі топқа бөлі­неді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары қатаң ескеріледі. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10-15 адымдай жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тас­тап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра жөнеледі. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жі­гітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Немесе жасыруға ыңғайлы бір бұйым. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан "Сен қай қолдағы тасты қалайсың?"-деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: "Оң қолдағы тасты қалаймын",- дейді, екін­шісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойынды бастайды. Бұл жеребе арқылы ойынды кім бастайтынын анықтау өзге де ұлттық ойындарда жиі қолданылатын әдіс.

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 04:30

ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

      Келер жылы қала орталығындағы қара шаңырақ Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияға 100 жыл, яғни бір ғасыр толмақшы. "Екі дүниең абат, қос тойың қабат келсін" деп дана халқымыз айтқандай, бұл айтулы мерекеміз Қызылорда қаласының 200 жылдығымен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балап отырмыз. Осыған орай мектебімізде түрлі іс-шаралар атқарылуда.

   Білім ордасы мектеп болса, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім. Осы мақсатта Д.Абдраймов басқарып отырған Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гим­назиясында оқушылар арасында мектепішілік "Идеялар жәрмеңкесі" инновациялық көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған көрме жұмыстарында 62 оқушы бақ сынап, топтық және жеке оқушылар өз инновациялық жобаларын көрсетті.

   Бүгінгі таңда заманның талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі. Оқушылардың инновациялық жоба қорғаудағы негізгі мақсаттары айқындалып, олардың туындыларынан болашаққа деген талпыныстары ерекше екендігі байқалды. Аталған шараға демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Ақмарал Жетібайқызы оқушыларға жүлде қорын таға­йындады. Көрмеде үздік деп танылған жобаларға арнайы орындар мен сыйақылар берілді.

   Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың санасы сәуле болар мазмұнды шығармалар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, әлемге Абай арқылы танылған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Замана суретшісі, ұлы ойшыл Мұхтар Омарханұлының терең тол­ғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Рухани жаң­ғыруға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс.

   Қазақ халқының әдеби-мәдени тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің алатын орны ерекше. М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы жазушы. Сондықтан болар, Зейнолла Қабдоловтың "Толстойды оқымай орысты, Бальзакты оқымай французды, Әуезовті оқымай қазақты біл­дім деу сондай қиын" деп айтуы бекер емес. Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен оның шығармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық.

    Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Бөрілі ауы­лында туған. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесін көрген. Атасының ықпалымен алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына нақышына келтіре жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 04:07

ӨРКЕНИЕТ БЕСІГІ

        Су үстіне үй тұрғызып, сән әлеміне әр берген, әлем асына айналған пицца мен макаронның отаны саналатын әлемде жалғыз ел бар. Өркениет бесігіне баланған Еуропаның үшінші экономикасы Италия қашанда жер-жаһандағы халықты өзіне баурап тұратын қасиетке ие елдердің бірі. "Барлық жолдар Римге бастайды" деген тәмсілдің де бұл елге қаратыла айтылғаны көп нәрсені аңғартады. Жүз жыл бұрынғы бұл тіркесті қазір Франция халқы еншілеп алып, "Барлық жолдар Парижге тартып тұрады" деуі Италияның данқын асырып, мақтауын келістіріп тұр. "Алуан түрлі әлем" айдары музыканттар шоғырланған Италияға аялдайды.

    Италия - Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде орна­лас­қан мемлекет. Елдің тарихын тереңнен тамыр тартпай-ақ қоялық. Италия ежелгі дәуірден бері келе жатқан байырғы тарихы бар мемлекет. Өз дәуірінде бірде құлдырап, бірде өркендеген итальялықтар ХХ ғасырда үштік одақ құрамына енгенімен, бірнеше елдерді басып алып, әмірін жүргізеді. Франция, Грекия, Югославиямен болған соғыстар, қырғи-қабақ қақтығыстарды бастан өткерген. 1945 жылы сәуір айында жалпыхалықтық көтері­ліс­тен кейін ел толығымен азат етіледі. Араға бір жыл салып, 1946 жылы елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланады. Тарихты қаза берсек, айтар әңгіме көп. Қысқаша тарих осылай өрбиді.

          Қазақта өлместің күні деген сөз бар. Дәл осы әрі тарт та, бері тарт дегенді елімізде Үкімет бекітетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарап айтса болар. Билік «бір адамға 24459 теңгеге бір ай ішінде өмір сүруге же­теді» дегенді меңзейді. Бұл қаражат күн­де­лікті азық-түлік пен тұ­тыну та­уар­ла­рына жетіп артылады. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Кәсіподақтар федерациясы «ең төменгі күн­көріс көлемі заман та­лабына сай емес, яғни тө­лем бүгінгі нарық бағала­ры­мен сәйкес емес» дейді. Жұ­мысшылар ара­сында қа­зіргі ең төменгі күн­­кө­рістің деңгейіне қатысты сауалнама нәтижесі осын­дай қоры­тындыға алып келіп отыр. Сауална­масыз-ақ, ойланып қараса­ңыз, азық-түліктің шарық­тап кетуі, базар бағамының тұрақсыздығы 24459 теңгені бір айға жеткізбей тұр.

    Ең төменгі күнкөріс кө­лемі турасында осыған дейін де айтылып келеді. Елбасы келер жылдан бас­тап осы күнкөріс көлемін қайта қа­рауды ұсынған болатын. Енді міне, жақын­да елор­дада журналистерге бри­финг берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ке­лер жылдан ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 %-ға жоғар­ылай­тынын ай­тып, елді қуантып тас­тады.

   Мынаны ескеру ке­рек, ең төменгі күн­көріс көлемі ретінде бекітілген қаржының 60 пайызы азық-түлікке, қалғаны тағамдық емес тауар­ларға бағытталуы керек. Мамандар бұл өлшемді есептеуге өзгеріс енгізу, яғни тағамдық емес та­уарлар үлесін 45%-ға де­йін ұлғайтуды ұсынып отыр. Демек, келер жыл­дан бастап бұл ара­сал­мақ 55% және 45% құ­рай­тын болады. Тиі­сін­ше, ең төменгі күн­көріс көлемі 28284 теңге құ­рамақ. Төлемнің артуы Қазақстандағы 3 мил­лион тұрғынның әлеу­меттік төлемдер мөлшері өсуіне алып келмек.

    Дін мәселесі - ең өзекті де өткір тақырыптардың бірі. Бұл жайында қате яки артық пікір де, ой да айтуға болмайды. Себебі даудың, талас-тартыстың, сан түрлі сұрақтың ортасында қалған ислам діні қыл көпірдің үстінде тұрғанмен пара-пар күйде. Мін­сіз діннің тонын теріс айналдырып, жалған ақпарат таратып жүргендердің әсерінен ислам діні әлемде жағымсыз көрініске тап болуда. Бірақ, битке өкпелеп, тонын отқа жақпайтын қазақ елі мұнымен күрес шара­ла­рын жүргізіп бағуда. Алайда, дәс­түрлі емес дін өкілдерінің ең бірінші әрі тиімді қаруы ол - әлеуметтік желі болғандықтан, онымен күрес шаралары ауқымдылықты қажет етеді.

    Әлеуметтік желінің әуре-сарсаңы үдей түскені көпке үрей туғызып келеді. Рухани дертке айналған айтулы мәселе жаһандану дәуірінде тұтас бір ұлттың бұрынын бұрмалап жіберуге дейін қауқарлы еді. Желінің жетер биігі де, құрығы да біз ойлағаннан әлд­еқайда ұзынырақ. Оның ішіндегі қулық-сұмдықтарға да құрық бойламайтын болып барады. Ақпарат айдынында бірі малтып, бірі құлаш сермей, бірі түрлі иірімдерге ілесе алмай, тұңғиықта тұншығып жатқандар жетіп артылады. Бәрі дерлік виртуалды әлемнің арғы жағында орын алып жатқан олқылықтар. Мамандардың назына құлақ түрсек, бұл кесапаттың жолын кесу мүмкін емес. Керісінше, күн өткен сайын араны ашылып, құрбандықтары мен қолданушылары артып келеді. Игі істердің басы-қасынан табылатындар интернет атты әлемді әлдері келгенше жақсылыққа пайдалануға тырысып бағады. Дегенмен де ата-аналар қапы қалмас үшін ұрпағының қай әлеуметтік желімен әуре болып отырғанын қадағалауда ұстағаны абзал. Cебебі сансыз секталар өз діттегенін ғаламтор арқылы іске асыратын көрінеді.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер