Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   Елбасы қазақстан­дық­тардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді та­нып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. Сон­дай-ақ, "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қал­майды. Үш тілдің бірін­шісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" дегенді де нақты айтқан болатын. Дегенмен, үштұ­ғырлы тілдің мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Осы жерде нақтырақ тоқталып кетейік. Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пай­даланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ену тілі.

    Үштұғырлы тілдің, шын мәнінде, мемлекеттік тілге зияны жоқ, үштұғырлы тіл өмірлік қажетті­ліктен туындаған идея. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін арттырады. Еуропада да көп тілді мең­герушілік жалпыға ортақ норма болып саналады.

   Елбасы Н.Назарбаев: "Әр тіл - адамзаттың бай­лығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік арена­ға шығаратын жол",- деп мәлімдеме жасады. Себебі, ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бә­секеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдақ. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Осы орайда айта кетейін, "Үштұғырлы тіл" идеясының үшінші құ­рамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін меңгеру дегенді ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деп түсіну керек. Осындай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қа­зақ, орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола білу - бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі боларына сенімдімін.

Шынар ЕРКУЖАЕВА,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің

ағылшын тілі пәні оқытушысы

   Жылдың басында "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары "Жыл таңдауы" болып танылғаны белгілі. Содан бас­тап елдің біртуар азаматы жайында жер-жерлерде ес­ке алулар өтіп жатты. Сол тағылымды шараның жалғасы ретінде Алаш ардақтысы - Сұлтанмахмұттың өлмес мұ­раларын дәріптеу, насихаттау мақсатында А.Бай­тұрсы­нов атындағы №211 орта мектепте "Сұлтанмахмұт мұ­ра­сы: тарихы мен тағлымы" атты 9-10 сынып оқушылары арасындағы қалалық конференция ұйымдастырылды.

   Конференция әуелеген әсем әнмен ашылып, №211 мектептің өлеңсүйер оқырмандары ақынның "Шәкірт ойы" өлеңін нақышына келтіріп жеткізді. Ақынның шоқтығы биік туындыларының бірі - "Қамар сұлу" романы өнер­паз оқушылардың қойылымында сахналанып, кө­рермен жүрегіне жол таба білді. Қалалық білім бөлімінің басшылығымен ұйымдастырылған конференцияға қала мектептері бойынша 22 оқушы қатысты. Барлығы дерлік өнерлі жасөспірімдер.

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 10:25

Жаңа бағдарлама – жаңа стандарт

         Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы "Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек" деген болатын. Сон­дықтан да, білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы - ұстазға байланыс­ты. Ал, ұстаз қызметі, оқушы білімі білім беру мазмұнында айқындалған.

   Білім беру тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуына баса назар аударылған. Осы бағытты ескере отырып, биылғы оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының стандартына да бірқатар өзгерістер енгі­зіл­ген. Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейін­гі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы кө­леміне қойылатын талаптар айқындалған.

   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асы­руда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты айқын. Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктері­не, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарын, "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы­адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.

     Дүниенің төрт бұрышында шағын ғана арал атанған, ұланғайыр жерді алып жатпаса да, өркениет жолына із қалдырған Ирландия бүгінде көпті өзіне еліте алатын мемлекетке айналды. Туристерге кең құшағын ашқан ел тұрақты даму жолын аса бір жарнамалай бермейтін Еуропадағы ерекше елдің бірі. "Алуан түрлі әлем" айдары ескі қалашықтарымен, бай тарихымен танымал Ирландияға аялдайды.

   Ирландия - 800 жыл ағылшындардың үстем­дігін көріп келген ел. Тек ХХ ғасырдан бастап ел тәуелсіздікке қолы жетеді. Отар елдің ойындағысынан шыға алмаған Ирландия екі бөлікке бөлініп кетеді. Елдің солтүстік бөлігі Ұлы­британия қарамағына кі­реді. Себебі халықтың көп бөлігі солтүстікті британ би­лігінің қол астында болғанын қалады.

     Ирландия жұрты әлі күнге дейін мұсылман хал­қының жақсылығын ұмыт­­пайды. Өткен ғасырда елде аштық жайлап, күн көруге мүмкін болмай, елден береке кеткен кезде Осман империясының би­лігі көмек қолын созып, дағ­­дарысты еңсеруге мүм­кіндік береді. Бұл ел тарихында ойып жазылатын детальдің бірі ретінде ирландиялықтардың санасында сақталады. Қазақтың "аштықта жеген құй­қа­ның дәмін, тоқтықта ұмытпа" деген тәмсілін ир­лан­диялықтар жақсы түсі­неді. Елдегі таршылықтың белгісін бейнелейтін, алақан жайған әйел мүсіндері көшелер бойында көрініс береді. Қазір бұл елге мұ­сылмандар да тұрақтай бас­­тады. Тіл үйренуге ниет­теніп келген мұсылман жас­­­тары мұнда қалыпты әрі қауіпсіз тіршіліктің барына көзі жеткен соң қо­ныс аударуды құп көреді.

     Дүниенің төрт бұрышында шағын ғана арал атанған, ұланғайыр жерді алып жатпаса да, өркениет жолына із қалдырған Ирландия бүгінде көпті өзіне еліте алатын мемлекетке айналды. Туристерге кең құшағын ашқан ел тұрақты даму жолын аса бір жарнамалай бермейтін Еуропадағы ерекше елдің бірі. "Алуан түрлі әлем" айдары ескі қалашықтарымен, бай тарихымен танымал Ирландияға аялдайды.

   Ирландия - 800 жыл ағылшындардың үстем­дігін көріп келген ел. Тек ХХ ғасырдан бастап ел тәуелсіздікке қолы жетеді. Отар елдің ойындағысынан шыға алмаған Ирландия екі бөлікке бөлініп кетеді. Елдің солтүстік бөлігі Ұлы­британия қарамағына кі­реді. Себебі халықтың көп бөлігі солтүстікті британ би­лігінің қол астында болғанын қалады.

     Ирландия жұрты әлі күнге дейін мұсылман хал­қының жақсылығын ұмыт­­пайды. Өткен ғасырда елде аштық жайлап, күн көруге мүмкін болмай, елден береке кеткен кезде Осман империясының би­лігі көмек қолын созып, дағ­­дарысты еңсеруге мүм­кіндік береді. Бұл ел тарихында ойып жазылатын детальдің бірі ретінде ирландиялықтардың санасында сақталады. Қазақтың "аштықта жеген құй­қа­ның дәмін, тоқтықта ұмытпа" деген тәмсілін ир­лан­диялықтар жақсы түсі­неді. Елдегі таршылықтың белгісін бейнелейтін, алақан жайған әйел мүсіндері көшелер бойында көрініс береді. Қазір бұл елге мұ­сылмандар да тұрақтай бас­­тады. Тіл үйренуге ниет­теніп келген мұсылман жас­­­тары мұнда қалыпты әрі қауіпсіз тіршіліктің барына көзі жеткен соң қо­ныс аударуды құп көреді.

          Ұстаздық қызметтің жүгін көтеріп жүргендердің дені - әйелдер. Ер азаматтардың бұл мамандыққа беттемей кетуі қоғам ішінде үлкен мәселеге айналды. Алайда, бұл педагогикада ер азаматтар түбегейлі жоқ дегенді білдірмейді. Ұстаздықты мұрат еткен, өз маңдай тер еңбегімен биікке жеткен ер мұғалімдердің қатары көп емес. Соның бірі жақында "Жылдың үздік ұстазы" атанған қызылордалық ұстаз - Сағатбек Қарапаев. Расында, музыка пәні мұғалімдері арасында білімдегі жоғары марапатқа қолы жеткен Сағатбек Жұмабекұлының көптің алдын орап шығуы тегін емес. Ұстаздықты ту еткен Сағатбек Қарапаевтың шыққан шыңы, жеткен биігін білу үшін үздік ұстазды әңгімеге тарттық. Екеуара сұхбаттан байқағанымыз, мұғалім мамандығына жанын берген, ісінен береке тапқан бақытты жанның өмірде де, еңбекте де жолы ашық.

    Сағатбек Қарапаев 1960 жылы жұмысшы отбасында дүниеге келген. Отбасында көрген тәлімі мен тәрбиесі шығар, бала кезден қарапайымдылық қағидатын ұстанған ол мансап қуып, мәртебе іздеп бас қатырған емес. 1977 жылы Қызыл­ор­да қаласының В.И.Ленин атындағы №144 қазақ орта мектебін үздік бітірген оның ұстаздыққа қы­зығушылығы бала кезден оянған. Сынып жетекшісіне деген еліктеу­шіліктен туған дүние, үй ішіндегі әп­кесінің ұстаздық жолды таңдауы Сағатбек Жұмабекұлын ұстаз болуға құлшындырады. Ән құдіретін бойына сыйғызған ұстаз шығармашылықты жаны қалайды. Музыкаға деген ынтызарлық оқушы кезден бастап бой бергендіктен домбыра мен баян үніне елітіп, музыка пәнінен беретін ұстаздарының ізінен қалмай үйреніп алады. Өнерге деген ұмтылыс, білуге деген талпынысын байқаған ұстаздары аспап меңгертіп, музыка әлеміне қа­наттандырады. Міне, оқушы кезден ән әлемінде қор жиған Сағатбек Қарапаев 1981 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка фа­куль­теті­не түсіп, сол жылы Қызылорда қа­ла­сындағы С.Әлжі­ков атындағы №144 мектепте мұға­лім болады. Мұғалімдік қызметте жү­ріп, тәжі­рибе жинап, білімін шыңдай жүріп, 1983-1988 жылдары Н.В.Гоголь атындағы пединститутында өз мамандығы бойынша әдіскер болып жұмыс істеді. Жас ұс­таздың жігері мен талпынысы оны білім саласындағы жауапты қызметтерге жете­лей­ді. Айталық, 1989 жылы Қазақ ССР халыққа білім беру минист­р­лі­гінің тапсырысы бойынша музыка бағдарламасын жасауға қатысады. Өткенді еске алып отырған ұстаз мұғалім мамандығының машақаты мен мерейі қатар жүретінін тілге тиек етті.

    - Қазақ "аздың берекесін берсін" дейді. Мәселе, айлық жалақыда емес. Мамандығына адал болып, өзінді көрсете білсең еңбегін ақталады. Әрине, қазіргі ұстаздарда бәрі бар. Бұрындары сабаққа қажетті көрнекі құралдарды дайындау үшін түнгі төртке дейін отырып, әр күнгі сабағымыздың қызықты өтуіне тер төгетінбіз. Күн-түн демей, ой еңбегіміз бен шығармашылығымызды сарқа жұмсағандықтан болар, еңбегіміз еленіп, марапатталып жатырмыз,-дейді ұстаз.

   Сағатбек Жұмабекұлы еңбек ете жүріп, өзін байқаулар арқылы шың­дайды. 1990 жылы "Жас мұға­лім - 1990" сайысында бас жүлдені жеңіп алып, Германияға жолдама алады. Алайда, отбасындағы жағдайға орай Германияға жолы түспейді. Музыка пәнін дамытудың жолын қарап, ізденісте жүріп, түрлі тәжірибелерді бойынан өткізеді. Музыкалық аспаптар домбыра, жетіген, баян мен пианиноны меңгерген ұстаз кейде 45 минуттың қалай өтіп кеткенін білмей қалады екен. Сезімге беріліп, ән әлемінің ішіне енген оның әдіс-тәсілдері де оқушыны қызықтыра алады. Педагогикадағы еңбегі ескеріліп, 1991 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" төсбелгісімен марапатталады. Араға бір жыл салып, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында іс-тәжірибесін облыс көлеміне таратты. Ән демекші, "Табиғат анамыз" атты ең алғашқы тырнақалды туындысы жарыққа шығады. Ахат Жанаевтың қаламынан туған ән мәтіні ұстаздың әуенімен жарасым тауып, жаңа балалар әнін дүниеге әкеледі. Мұнан кейін де, Сағатбек Жұмабекұлы бірнеше әндер жазып, тіпті әуен сарынына келіп тұрған саз мәтіндерін өзі жазады. Бүгінде 20-дан аса әндердің авторы атанып отыр. Шабытынан туған шығармалары мектеп оқулықтарына еніп, республикаға есімі таныла бастайды. Бұл еңбегі де ескерусіз қалмады. 1994 жылы облыстық білім басқармасы "Жоғары санатты мұғалім" біліктілігін берді. Ал, 1996 жылы жоғары оқу орындарының республикалық байқауында Төралқа жұмысына қатысып, Білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" марапатына қолы жетеді.

Жұма, 27 Қазан 2017 03:38

Ұстаздар құрмет құшағында

          Білім қашанда құндылық көзі. Беталысы күнде өзгерген заманда адамзат дамуының темірқазығы бола білетін білімнің бүгінде даму арнасы бөлек. Білімнің биігіне жетіп, шыңына шығу тәжірибе мен ізденіс арқылы қалыптасады. Жаңа формациялар мен білім саласындағы трансформация әлсіздің ысырылып, білімдінің орын тауып қалатынын дәлелдеп отыр. Бұл бала біліміне жауапты ұстаздардың бәсекеге шынайы дайындықпен келуіне, ізденіс пен шығармашылықты қатар алып жүруіне жол нұсқайды. Білімдегі талаптың биігіне шығып жүрген ұстаздар аз емес.

   Білім аламанына шәкірт қосып, халықаралық, республикалық, облыс­тық байқауларда топ жарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып жүр. Республикалық "Үздік ұстаз", "Миллионер мұғалім" атақтары мен түрлі байқаулар ұстаз талпынысын арттырып, шабытына шабыт қосады. Жалпы биылғы жыл Сыр біліміне олжа салар жетістіктер аз болмады. Білім байқауларында дараланып, аймақ имид­жін асқақтатқан ұстаздар мен оқушылар өз білімдерін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді. Соның бір айқын көрінісі "Үздік ұстаз - 2017" республикалық байқауында Қызылордадан үш бірдей ұстаздың топ жарып шығуы. Мұнан бөлек, түрлі форматтағы байқаулар мен білім гранттарына қолы жеткен ұстаздар жетерлік. Өткен аптада өз саласында жетістікке жеткен ұстаздар Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде басқосты. Нақтысын айтқанда, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов сала үздіктерін марапаттады.

     "Білім. Ұстаз. Болашақ" тақырыбын арқау еткен салтанатты жиын білім беру саласындағы толайым жетістіктер мен озық тәжірибесі бар ұстаздар, сол ұстаздардан қанат қаққан оқушылар жетістігін көтермелеуді мақсат тұтады.

   Қызылорда қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлесе өткізген ұстаздарды ұлықтауға арналған салтанатты жиынында білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов ұстаздарға көрсетілетін құрметтің жоғары екенін айтып, сала үздіктерін марапаттады. Алдымен, бөлім басшысы үздік педагогтар мен үздік білім ұйымы, білім грантын жеңіп алған мектептерді марапаттады.

   Қазақстанда көмекке мұқтаж, жәрдемақы арқылы жан бағып отырған отбасылар аз емес. Көпбалалы отбасылардың күнкөрісіне қажетті берілетін жәрдемақы алатын отбасылар үшін әлеуметтік көмектің берері мол. Газетіміздің өткен санында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы айтқан едік. Жыл аяқталуға екі айдай уақыт қалды. Биылғы жылы қанша отбасы әлеуметтік көмек алды? Тұрғын үй көмегіне қолы жеткендердің саны қанша? Осы сұрақтардың жауабын Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан сұрап білдік.

    Жалпы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары нәтижесін сарапқа салатын болсақ, басқарма маманы Ләззат Әлжікованың мәліметіне сү­йенсек, облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азамат­тар­ға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арнал­ған жәрдемақы төленген. Тарқатып айтар бол­сақ, биыл мемлекеттік атаулы әлеумет­тік көмек көрсетуге нақ­тыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Тиісінше, 538 адамға, яғни 129 отбасыға әлеуметтік көмек берілген. Мамандар кө­мек алатын адамдардың қатары азайып бара жатқанын алға тартады. Мәселен, атаулы көмек алушылар 257 адамға азайған.

   Бүгінде кез келген адамды тұрғын үй жа­йы алаңдатады. Бұл рет­те тоқсанына берілетін тұрғын үй көме­гінің берері мол. Осы жылы бюджеттен тұр­ғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралыпты. Аталған қаржыға 7517 отбасына 290,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тө­ленген.

   Мектеп жасындағы балаларға берілетін жәр­демақы төлемдері де тұрақты беріледі. Мәселен, биыл 18 жасқа де­йін­гі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы 17196 отбасыға, яғни 55973 балаға беріліп отыр. Әлбетте, бала күтімімен отырған аналарға бұл көмектің аз да болса күнкөруге ық­палы бар. Мұнан бөлек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі негізінде берілетін көмектің де түрі бар. 9 ай ішінде жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9591 адамға 677,3 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленген.

   Жыл сайын кәсіптік саланың бүгіні мен өткені таразыланып, жетістіктері сараланатын "Еңбек форумы" ұйымдастырылады. Биыл кәсіптік сала мамандары мен колледждің оқытушыларының басын қосатын жиын "Абылай хан" атындағы колледжде өтпек. Форум жұмысының алдында кәсіптік саланың даму көкжиегі мен келешегі, тәжірибесі баяндалған қаладағы М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі директоры Бақыт Кенбаевтың материалын ұсынып отырмыз. Ал, форум туралы толыққанды материал газеттің келесі санында жарық көрмек.

   Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі, ел эконо­мика­сының бәсекеге қабілет­тілік деңгейінің артуы өнер­кәсіптің иннова­ция­лық даму тиімділігімен  ұштасады. Бұл өз кезегін­де озық білім мен жаңа технологияларды өмірге әкелетін ғылыммен және өндіріспен жүйелі бай­ланыстағы жоғары техни­калық білім саласын жаң­ғыртуға байланысты.

   Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлеуеті білім беру қызметінің сапасымен ғана емес, еңбек адамын қалып­тас­тыруға бағытталған "Білім - ғылым инновация" инте­грациясының дамуы­мен де айқындалады.

   Заманына сай зерделі ой өрісі жоғары аза­мат­тарды қалыптастыру мем­лекеттің аса маңызды стра­те­гиясы болып отыр. Қазіргі кезеңде еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда яғни білім берудің мазмұны жаңа­рып, жаңа көзқарас, жа­ңаша қарым-қатынас қа­лыптасуда. Бүгінгі күні білімді де білікті, іскер де белсенді адамдардың қата­рын көбейту басты міндет болмақ.

   Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күнгі өзекті мәсе­лелердің бірі - кәсіби ма­ман даярлау. Маманға қойы­латын негізгі талап­тар - құзіреттілік пен мобильділік.

  Еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбие мен қатар жан-жақтылық яғ­ни басқа салалардан хабар­дар бола білудің өзі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған тағы бір міндет - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетіл­діріп отыру және қазіргі заманғы иннова­циялық технологияларды меңгеру.

  Техникалық және кәсіптік білім беру жүйе­сіндегі жаңашылдықтың бірі -дуальды оқыту жүйе­сінің енгізілуі. Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұш­тастыра оқыту техноло­гиясы. Оқу орны басқару құрылымының өкілдерін бас­қарып, 2014 жыл мау­сы­мның 1-12 аралығында, аталған жоба аясында Германия мемлекетінде болып халықаралық бі­лік­тілік арттыру курсына қатыстым.

       Сыр өңірінде ұстаздардың біліктілігін арттыратын және оқу-әдістемелік көмек беріп, кәсіби шеберлігін шыңдау бағытында құрылған Білім жетілдіру институтының тарихы терең, толайым тәжірибесі бар.

  КазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1944 жылғы 15 ақпандағы №200 қарары мен Қазақстан халық ағарту комиссариатының 1944 жылғы 27 қазандағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңес атқару комитетінің 1944 жылғы 22 қарашадағы №540 шешімімен "Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" болып құрылды. Алғашқы директоры болып Д.Тұрсынов тағайындалды.

   Институтта бастауыш мектеп, орта мектеп каби­неттері ашылып, жалпы штат 12 педагог болғанын бү­гінде мұрағат құжаттары дәлелдеп отыр. 

  Институт 1928 жылы салынған Қазақ №3-ші ғимаратқа (қазіргі Қорқыт ата көшесі) орналасты. Осы жылы облыс ұстаздарының І педагогикалық конференциясы 100 делегаттың қатысуымен өткізілді.

   1950-1951 оқу жылында бастауыш сынып және 5-10 сыныптардағы математика, физика пәнде­рі­нің мұғалімдерін оқытатын курс­тар ұйымдастырылды.

   1963-1964 оқу жылында институт негізінен педагогикалық озат тә­жірибені мектеп практикасына енгізуден, оқу-тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолданудан Ростов, Воронеж, Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибелері облыс мектептеріне таратылды.

   1984 жылы "Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру" туралы мектеп реформасы қолға алынды. Аталған ре­формада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық, сегіз жылдық мек­теп орта, 9 жылдық, 10 жылдық қайтадан орта білім беретін 11 жылдық болып өзгертілді. Осыған орай институт қызметкерлері табысты еңбектер атқарған.

  1991-1992 оқу жылынан бастап институт ұжымы халықтық педа­го­гиканың негізгі принциптерін оқу-тәрбие жұмысына кеңінен енгізуді зерттеп, қолдану жүйелі түрде басталды.

   2000 жылы - институттың қызметінің кеңеюіне байланысты об­лыс­тық білім басқармасына қа­райтын мұғалімдер білімін жетілдіру инс­титуты облыс әкімшілігіне өтіп, "Облыс әкімінің кадрлар білік­тілігін арттыру және қайта даярлау институты" болып қайта құрылды. Педагогтердің білімін арттырып келген институт көпсалалы білім жетіл­діру орнына айналды.

    1944 - 2012 жылдар аралығына де­йін облыс бойынша біліктілік арттырудан 80000 астам мұғалім курс­тан өткен.

    Қазақстан Республикасы Үкі­ме­тінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес біліктілік арттырудың жаңа жүйесі - "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы" Акционерлік Қоғамы құрылды. Оның құрамына Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арт­тыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер