Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Сәрсенбі, 06 Маусым 2018 12:39

БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС МАУСЫМ БАСТАДЫ

   

    Балаларға қуаныш сый­лаған мереке қарсаң­ында өңірлердегі тынығу лагерлері салтанатты түрде ашылып, өз жұмыстарын жүйелі жүргізуді бастап кетті. Қалалық білім бөлімі мамандарының бізге берген мәліметтері бойынша, оқу жылын 1-10 - сынып аралығындағы 52835 оқу­шы бітірсе, оның 48777-і жазғы кезеңде демалыспен қамтылады. Барлық 54 мектепте күндізгі тынығу лагерьлері жұмыс жа­сап, оның ішінде 11 мек­­теп жанында толық күн­­дізгі жатын орындары бар лагерьлер ұйымдастырылады деген еді. Енді жос­парға сәйкес маусым айының алғашқы күнінен бас­тап балалар жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін лагерьлерге аттанды. Осы күні қаламыздағы "Сырдария" жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты болып, балдыр­ғандардың бақытты шағы басталуына куә болдық. Ауқымды шараға шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев келіп, Халық­ара­лық балаларды қорғау күні мерекесімен барлық тынығушыларды құттықтады.

   "Бұл өмірдің базары да, ажары да біздің балаларымыз. Баланы ұрпақ жал­ға­сына балаған халқымыз, бала - көңілдің гүлі, көздің нұры. Ана - үйдің берекесі, бала - үйдің мерекесі деп бағалайды. Бүгінде мемлекет басшысының кемеңгер саясатының арқасында ұлтымыздың болашағы ба­­лаларымыздың білім алып, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасал­ған. Жадыраған жаздың ал­ғашқы күнінде тойланатын бұл мереке елімізде жыл сайын үлкен дайындықпен, ерекше көңіл-күй­мен аталып өтеді. Расында бала бақытын бағына балаған ата-ана үшін мерекенің маңызы да, ма­ғы­насы да терең. Барым ба­лам үшін деген ұстаныммен көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің бала шағын баянды ету, перзентіміздің ертеңі үшін еңбектену барша адамзат­қа ортақ парасатты парыз деп білеміз" - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

   

   "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта операторы компанияның 25 жылдық мерейтойына орай "Kazpost-тан сыйлықтар жылы" атты ұтыс ұйымдастырды. Аталған шара облыстағы зейнетақы мен жәрдемақы алушылар арасында өтті. Облыс бойынша 40 мыңға жуық зейнеткер мен жәр­дем­­ақы алушыға арнайы "Қазпошта" тарапынан алдын ала номерлер берілген болатын. Сол номер арқылы тұтынушылар 50 мың мен 200 мың теңгеге дейінгі аралықта тұр­мыс­тық техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтып алды. Барлығында бір үміт, жеңіске жетіп ұтысты иелену. Нәтижесінде, Қазалының тұрғыны басты сыйлық 200 мың теңгенің иегері атанды. Ал, Жаңақорған ауданының тұрғыны 100 мың теңгеге ие болды. Сонымен қатар, Қазалы және Шиелі ау­дандарының "Қазпошта" клиенті 50 мың теңгенің иесі атанды. Лоторея ойыны қызықты әрі әділ өтті. Ұтыстың шынайы болуын қадағалаған компания тәуелсіз сарапшыларды құрған, олар ұқыптылықпен ойын барысында өз міндеттерін атқарды.

   Қызылорда қалалық аппаратында апта сайын жиналыс. Себебі атқарылатын, айтылатын, жасалынатын шаруалар жетерлік. Оның бәріне қадағалау жасап отыру да бір жұмыс. Әр аптада істелінген іс пен тындырылған шаруа да үнсіз жабылып қалмай, есебі тыңдалады. Мәселелер де көтеріледі.

   Қала әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте екі мәселе қозғалды. Біріншісі Қарауылтөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған шаралар, екінші қаузалған мәселе жаз маусымында тұрғындардың суға шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың алдын алу.

Қарауылтөбеде қарқынды істер бар

    Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е.Рахматуллаев өз баяндамасын оқу барысында биікке қарай, өсу жолына, даму бағытына түскен ауылы жайлы жағымды жаңалықтарымен қуанта білді. Қала әкі­мі­нен алғыс та естіп, өзге ауыл­дарға қарағанда ілгерілік бар екенін сөзбен емес, іспен көрсетті.

   Ауылдың жалпы ахуалы жақ­сы. Статистикалық есеп­тік көрсеткіш бойынша ауылда 2141 адам тұрады. Өткен жылдармен салыстырғанда ха­лық санында 2 пайыздық өсім тіркелген екен. Жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жыл басынан бері 29 нәресте дүниеге келген.

    Ауылдың білімінде де бір­ша­ма өсу бар. Ауылдық округте орналасқан №179 орта мектепте 385 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында мектеп бітіретін 13 түлектің 9-ы ұлт­тық бірыңғай тестке қатысады, 1 оқушы "Алтын белгіге" үміт­кер. Ал, мектеп жанындағы шағын орталықта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бі­лім­ге құштар жастардың бос уа­қытын тиімді ұйымдастыру, оларды өнерге баулу мақсатында ауылдық клуб жанынан құрылған, құрамында 62 өнерпазы бар 5 үйірме тұрақты жұ­мыс жасайды.

   Бірлігі мен тірлігі жарас­қан ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауылдық округ орталығында 200 орындық типтік жобада салынған ме­шіт орналасқан. Мешіт жама­ға­тының ұйымдастыруымен. 2018 жылдың сәуір айында ді­ни экстремисттік, террористік және кері ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында округ жастарының қатысуымен орталық мешіт имамдарымен кездесулер өткізіліп тұ­рады. Шара барысында Қазақстандағы дін саясаты, дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қо­ғам­ның дамуына келтіретін зияны туралы түсіндірме шаралары ауылда тұрақты өткі­зі­летін көрінеді. Бұл діни сауаттылығы жоғары балалар тәр­биелеуде өзінің оң әсерін тигізері сөзсіз.

   "Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп оты­руды сұраймын. Қазір қоғамда да осы мәселе талқы­ла­нып жатыр. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып беру­леріңізді сұраймын", - деді премьер-министр денсау­лық-сақтау министрі Елжан Біртановқа.

   Министрдің баяндамасынан кейін премьер-министр Б.Сағынтаев халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қа­жеттігін айтты. "Бұл мәселе бәрімізді алаңдатып отыр. Әлеу­меттік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Штаб жұмысы көпшілік алдында көрсетілуі керек. Барлық бо­лып жат­қан жағдай халыққа түсіндірілуі қажет. Түсіндірме жұ­мыстарын белсендірек жүргізу керек. Вакцинациялау мәсе­лесіне де жеткілікті назар аударылып жатыр. Маған кәсіп­орын директорлары, олардың қызметкерлері вакци­на­циялаудың қажеттілігі жайлы айтып жатыр. Мұның бар­лығы жеткілікті түсіндіріліп жатқан жоқ",- деді премьер-министр. Сондай-ақ, Үкімет басшысы әкім­дер­ден өз өңірлеріндегі жағдайды бақылауға алуды сұрады. Еске сала кетейік, осыған дейін Парламент Сенатының тө­рағасы Қ.Тоқаев та елдегі менингитке қатысты жағ­дайға пікір білдірген болатын. "Менингит ин­фекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазған Twitter  парақшасында.

         Ұлттық тестілеуде тек бала ға­на емес, мектеп директорлары сына­ла­ды. Себебі түсінікті. Оқушы­лары сы­нақтан тым төмен ұпай жинаса, сол мектеп басшылығы білім жиналы­сында сынға ұшырайды. Бұл ұстаз­дар­ды да қинайды. Жасырып жабатыны жоқ, осы кезге дейін ұлттық тесті­леу­ге қатысатын барлық мектептер арасында өзара рейтинг жүретін. "Алтын белгі", "Үздік аттестат" иеге­рі атанған үміткерлердің де се­німді ақтап шығуы да мектеп дирек­торларын уайымға салып қоятын. Бірақ, өткен жылдан бері "Алтын белгі" иегеріне айрықша басымдық жоқ. Сондықтан оқушы да, ұстаз да, мектеп директорлары да бұл жауаптылықтан құтылды. Әйткен­мен, ұстаздар межелі балл жинай ал­майтын оқушылардан қауіптенеді. Оқу­шылары пәндерден тым төмен ұпай жинаған мұғалімдер мектеп ди­ректоры алдында өзін кінәлі сезіне­тін­дей күй кешеді. Ал, директорлар жергі­лік­ті басқарма алдында нәтиже үшін төмен қарайтыны рас. Қалай десек те, жыл сайынғы сынақ алдындағы жағ­дай бұл. Десе де, жақында өткен Үкіметтің селекторлық жиынында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұдан былай ұлттық тесті­леу­дегі нәтижелер үшін мектеп дирек­­­торлары жазаланбайды деп мәлім­депті.

     Бас педагогтың мәлі­метін алға тартсақ, осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген мектеп бітірушілер саны 102442-ге жетіп отыр. Бұл түлектердің 70 пайызын құрайды. Оның 75 пайы­зы қазақ тілінде, 25 пайы­зы орыс тілінде сынақ тапсырмақ. Министрдің есебінше, былтырғы жыл­ға қарағанда биыл тестілеуге ниет білдірген оқушылар саны 10 мыңға артқан.

   Биыл Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясына - 100 жыл. Білімде іргетасы қаланған білім ошағы ғасырға жуық тарихында талай шәкірт түлетіп, атпал азаматтарды қанаттандырып шығарды. Ұрпақ тәрбиесі мен білім жолын таразы басына тең ұстайтын білім ордасы әр жылдарда толайым жетістіктер мен биік белестерді бағындырып келеді. Енді міне, өткен аптада тағы да түлектер  легі алтын ұя мектептерімен қош айтысып, соңғы қоңырауды сыңғырлата соқты.

   11 жыл алтын ұяда білім алған түлектер ұстаздарының тәлімі мен тәрбиесі арқылы қанат қағып, жаңа өмірге қадам басады. Ата-аналарының үкілі үмітін ақтаймын деп бі­лім жолына түскен шәкірттердің ар­ман асуы биік, мақсаттары айқын. Білім ордасының мерейлі сәтінде түлектерге ақжолтай тілегін арнай кел­ген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Денсаулық сақтау саласының үздігі Тұрғанбай Маханов соңғы қоңырау салтанатында оқу­шыларға сәттілік тіледі.

    - Қазір білім санмен емес, сапамен өлшенетін уақытқа айналды. Бұл орайда қала мектептерінің мате­риалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру, жаңа технологияларды ендіру бағытында ауқымды жұмыстар жасалуда.  Жасалған қолдаулар мен ұс­таздар қауымының тынымсыз еңбектерінің арқасында былтырғы оқу жылында 1 мың 739 мектеп біті­руші түлектің ішінен 581 түлегіміз мем­лекеттік грант иегері атанып, 107 түлегіміз "Алтын белгі", 102 түле­гіміз "Үздік аттестат" иегерлері атанды. Бұл жетістікке қол жеткізуде ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінің және болашақтың кілті - білімді азаматтардың қолында еке­нін жете түсінген қала түлектерінің де үлесі зор,-деді қала әкімі.

Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 08:21

Мақсат – ауыл мектебін қолдау

    

   Қолында қаржысы бар кәсіпкерлердің ішінде ұрпақ білімі мен ел болашағына алаңдайтындары аз емес. Бірақ көп біріксе, қамал бұзылады. Ауыл мектебіне қолдау білдіретін жанашыр азаматтарды Елбасы да көпке қарата айтқан-ды. Жолдауында да ауыл мектебі мен қала мектептерінің арасын­да­ғы ара-қашықтықты жою мәселесін міндеттеді. Шалғай жатқан ауылдарға барып, жаңа білім жүйесінің маңызы мен мақсатын түсіндіруді қолға алған Назарбаев зияткерлік мектептері "Қолдайық ауыл мектебін!" атты акция ұйымдастырды. Қызыл­ордадағы зияткерлік мектеп басшылығы Сырдария ауданындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы мектепке көмек қолын созды.

   Игі шарада Зияткерлік мектептерінің оқушыла­ры мен мұғалімдері жинаған 6875 дана көркем жә­не ғылыми-танымдық әдебиет, оқушылар өсір­ген 2000 түп гүл, ДББҰ орталықтары (ОБО, ПШО, ПӨО) жасаған 860 дана мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар табыс етілген. Сон­дай-ақ, Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары жасаған 3D принтерді мектеп оқушыларына апарды.

   Халықаралық балаларды қор­ғау күніне орай жыл сайын 25 ма­мыр мен 15 маусым аралығын­да "Нұрлы болашақ" бүкілқазақс­тан­дық акция­сының шеңберінде түр­лі іс-шаралар жүзеге асады. Биыл да "Бала еңбегін пайдалану­ға қарсы 12 күн" атты ұлт­тық ақ­па­раттық науқан басталуда. Бұл жө­нінде кеше облыс әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өтті.

   Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құра­лай Ерташова осы бағыт бойынша жү­зеге асқан іс-шаралар жөнінде әңгі­ме­леді. "Жұлдызай" республи­калық шығармашылық фести­ва­лінің қоры­тын­дысы бойынша 16 мүм­кіндігі шек­теулі бала Астана қаласына жолдама ал­ған. Науқан аясында балалардың жаз­ғы дема­лысын тиімді өткізу үшін тиі­­сінше жағдай жасалуда. 1 маусым кү­ні облыстағы барлық демалыс ла­герь­лері жұмысын бастап, оқушы­лардың тынығуына жол ашпақ.

    Жаз мезгілі балалардың дема­лып, тынығуына мүмкіндік берері сөзсіз. Бірақ, кей жағдайда балалық шақтың қызықты күндерін қарба­лас жұмысқа айырбастайтын жет­кін­шектер де аз емес. Бүгінгі күні жасөспірімдердің еңбекке ерте бастан араласуы және заң­сыз түрде жұмыс жасап жүрген ба­лалар саны көп. Кәмелетке толмаған­дардың құқықтарын сақталуын қам­та­масыз ету, алдын алу шаралардың маңыздылығы туралы Қызылорда облы­сының ішкі істер департамен­тінің жергілікті полиция қызметі, юве­налдық полиция бөлімшесінің бас­қар­ма басшысы Ғалымжан Нағыметов баян­дады. "12094 кәме­летке толма­ған­дардың заңды өкі­летсіз жүргендігін және 5 кәмелетке толмағандар ойын-сауық кешенін­де заңды өкілетсіз жүргендігін анық­тадық. Сондай-ақ, рейд жүргі­зу барысында 4 ойын-сауық кеше­нінің екеуі кафе-бар, қалған екеуі ком­пьютерлік клуб иелеріне де тиіс­ті шаралар қолданылды",- деді ол.  

Ж.Қалиева

   Қазақ ауылына қарап, азаматын таныған. "Алтын бесік" деп қастерлеген, қадірлеген. Ынтымағы мен ырысы, татулығы мен бірлігі жарасқан ауылдар баршылық. Десе де, нарықтың халықтың алқымынан алып тұрған кезде ауылдықтардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы шарт. Түтіні түзу ұшып, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда қаласына қарасты бір­неше ауыл бар. Солардың бірі - Қызылжарма ауылы.

    Қала әкімі алдыңғы аптада Ақжарма ауылының ахуалына шолу жасаған еді. Кезек Қызылжармаға да келіп жетті. Әкім аппаратында бөлім басшыларының алдында есеп берген Қы­зыл­жарма ауылдық округінің әкімі Нұрболат Балтабайұлы Ибраев 2018 жылдың І тоқсанында атқарған және алдағы мін­деттері туралы баяндамасымен таныстырып өтті.

   Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік екені даусыз. Сол себеп­ті ме екен, ауыл көлемі бойынша атқарылып жатқан шаралар қыруар. Сандарды сөйлетсек, Қызылжарма ауылында халықтың саны 7405 адамға жеткен, яғ­ни 1667 отбасын құрап отыр. Соның ішінде халықтың 56       па­йы­зы экономикалық белсенді деп танылған. Ал, жыл басында жұмыссыз жүрген 22 азамат жұ­мыспен қамту орталығына тір­ке­ліп, олар 100% ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған.

Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 07:59

Ащы естелік және мәңгі жара

   31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған "Ащы естелік және мәңгі жара" тақырыбында шығарма жазу сайысында М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің мұғалімі Кенжеш Оралованың жетекшілі­гімен осы оқу орнының 2-курс студенті Федор Гусельников шығарманы қазақ тілінде жазып, І орын иеленген болатын. Біз төменде осы туындыны жария етіп отырмыз.

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

    Сыр топырағында да "Арай" құмы бау­райында, Бірқазан төңірегінде репрессия құрбандары атылған жерлер табыл­ған. Қызылорда қаласының әкімі Бақберген Досмамбетов "Арай" құмы басында Аза мемориалдық кешенін салдырған-ды. Әр жыл сайын қала халқы осы жерде қаралы жиын өткізіп келеді.

    Міне, содан бері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келе жатқанына биыл - 21 жыл. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие.

    Қазақта "жұт жеті ағайынды, айыр ағашпен сегіз" деген сөз бар. Қайран қазағым, мұны айтқанда нені меңзеді екен? Мүмкін, қазақ даласында сонау "Ақтабан шұбырындыдан" бермен қарай ата-бабаларымыздың басынан өткергенінің өзі тайға таңба басқандай, бірінен-бірі асып түскен ашаршылық, соғыстар, қуғын-сүргін, басқыншылық пен тарыдай шашылудың бір-біріне жалғасатынын көрегендікпен айтып кеткен болар.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C