Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

     Қызылорда қалалық прокуратурасымен 2016 жылдың 3 айында орын алған кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарына талдау жүргізіліп, төмендегі мән-жайлар анықталды.
2016 жылы аталған санатта 6 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 120-бабымен-1, ҚР ҚК-нің 122-бабымен-2, ҚР ҚК-нің 124-бабымен-3 қылмыстық құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
     Жыныстық қол сұғылмаушылыққа, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, ашу, олар бойынша жазалар тағайындау және жазаны өтеу заңдылығының ахуалы, сондай-ақ олардың профилактикасы және алдын алу бойынша уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға және құқық қорғау, өзге уәкілетті органдардың өзара әрекет етуін жақсартуға бағытталған қосымша шаралар қабылдаудың қажеттілігін көрсетеді.
     Статистикалық мәліметтерге қарағанда, осы санаттағы қылмыстырды алдын алу мақсатында жүргізілетін профилактикалық шаралардың және өзге де уәкілетті органдардың өзара әрекет етуі тиісті деңгейде жүргізілмей, нәтижесінде он алты жасқа толмаған қыз балалардың жүктілікпен немесе босану деректерімен денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелу деректері және көріну жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау деректері орын алуда.
     Осыған байланысты, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу және болдырмау мақсатында тиісті профилактикалық шаралар белгіленіп, оларға көп көңіл бөлу қажет.
     Қазіргі уақытта осындай жұмыстар бүкіл әлемде жүргізіліп отыр. Бұл шаралар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара әрекеттесіп жұмыс жасауын, оңалту және бейімдеу бағдарламаларын, жазалау түріндегі қылмыстық шараларын қамтиды. Кәмелетке толмағандарға қарсы жынысық қылмыстардың алдын алу шараларын маскүнемдік пен нашақорлықтан сақтау жұмыстарымен бірлесе жүргізген жөн, себебі ата-анасы арақ пен есірткі қолданатын отбасында тәрбиеленген балалар жыныстық қатынастан қорғалмаған.
      Бұдан басқа, есірткі мен араққа тәуелділік секс-индустрияға еліктеуге қолайлы негіз болып табылады. Әлеуметтік жетімдік, бақылаудың жоқтығы, отбасындағы зорлық-зомбылық, міне, осы факторлар жыныстық қылмыстың көбеюіне үлкен септігін тигізіп отыр. Сондықтан жыныстық қылмыстың алдын алу шаралары - басқа сақтандыру жұмыстарының түрлерімен бірлесе атқарылып жасалған жөн.
Алдын алу шаралары мектеп қабырғасынан, ерте жастан бастау алу керек. Осындай жұмыстардың толық, әрі дұрыс орындалуына педагогтар, психологтар, ата-аналар, әлеуметтік қызметкерлер, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарының қатысуымен бірлесе отырып, келісілген түрде жүргізілуі қажет.
     Осыған байланысты, қалалық прокуратурамен ішкі істер органдары мен жергілікті атқару органдарының қатысуымен ведомствалық жедел мәжілістің 2 рет өтікізілуі қамтамасыз етіле отырып, жергілікті білім беру ұйымдарында аталған қылмыстарды алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері мен ата-аналарының қатысуымен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында 2 билборд ілініп жергілкіті арналарда күніне 3 рет профилактикалық сипатта бейне сюжеттің көрсетіліп, аталған мәселе қалалық прокуратураның басты назарында.

А.УМИРЗАКОВА,
Қызылорда қалалық прокуратурасының
бөлім прокуроры 2-сыныпты заңгер

 

      

     Қазірде негізгі мәселелердің бірі - оқыту үдері­сін­­де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәр­биелі­к, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәре­же­ге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез кел­ген саласында элект­ронды оқулықтарды пайдалану оқу­шылардың таным­дық белсенділіктерін артты­рып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалып­тас­­тыруға шығармашылықпен ең­бек етуіне жағдай жа­­сайды. Әлі де білім беру саласында тек мұға­лім­нің айтқандарын немесе оқулықты пайда­ла­ну қазір­гі заман талабын қанағаттандырмайды.

       Газетіміздің №1 санында "Сая¬хат" мөлтек ауданы Саяхат 1 көше¬сінің тұрғындарының атынан келіп түс¬кен ұжымдық арызын жариялай отырып, журналистік зерттеу жұмы¬сын жүргізген едік. Бұған дейін та¬лай айтылып келе жатса да, не се¬беп¬ті олардың өтініштері әлі күнге қа¬нағаттандырылмай келе жат¬қан¬ды¬ғын білу үшін тиісті меке¬ме¬лер¬мен байланысқа шықтық. Жер¬гі¬лік¬ті билік басында отырған жа¬уап¬ты мекемелердің басшыларына хат жолдап, нақты деректерге көз жет¬кіз¬¬гіміз келді. Газетіміздің №2 са¬нын¬да "Саяхат" мөлтек ауданына тас жол төсеуге қатысты жұмыстардың 2012 жылдан бері тек қағаз жүзінде атқарылып жатқандығы жөніндегі мақаланы жариялағанымыздан оқыр¬мандар хабардар болар.

Ұлт тәрбиелеуде келешек ұрпаққа үлгі-өне­ге­­сі­мен танылған, білім саласында өзіндік қол­таң­­­­басын қалдырған Сейтқасым Баяхметұлы Жүні­сов­тің есімі Сыр жұртына етене таныс. Ұс­таз­дық жолда талай жыл­ табан аудармастан еңбек еткен, бі­лім­­нің биік шыңына шыққан ұла­ғатты ұстаздың ұстанымы бөлек, парасат-па­йымы терең еді.

Шығармашылық жолында үзең­гілес, тұстас болған замандастары Сейт­қа­сым Баяхметұлын әлі күнге дейін еске алып, оның шәкірт тәрбиелеп, ел игілігі жолында ат­қарған жанкешті еңбегінен сыр ақтарып оты­рады. Міне, атпал азаматтың абыройын асқақ­та­тып, мерейін танытып отырған заман­дастары, шәкірттері, ардагер ұстаздар жұдырықтай жұ­мы­лып, азаматтың 80 жылдық мерейлі мере­кесін атап отыр. Өмірін ұстаздықпен байланыс­тырған Сейткасым Баяхметұлы абыройлы қыз­метке сатылап өсіп, өскелең ұрпаққа азамат­тықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Өнегелі ісі­мен танылған ұлағатты ұстаз басшы ретінде де талай байыпты бастамалар көтеріп, білім беру са­ласының алға қарай қарыштап дамуына үлес қос­қанын барша ел біледі. Елі ерін, ері елін сый­лаған халық мерейлі мерекеге орай Сейтқасым Баях­метұлының өткен ғұмырынан сыр шертетін та­нымдық іс-шаралар, түрлі деңгейдегі жарыс­тарды өткізуде. Осыған орай, қаңтар айының соң­ғы аптасында қалалық білім бөлімінің бас­шы­сы және кәсіп­одақ ұйымының бірлесуі­мен "Ізгіліктің нұрын сепкен ұлы тұлға" атты жалпы білім бе­ретін мектеп ұстаздары арасында кіші фут­бол­­дан жарыс ұйымдастырды. Шара­ның ашы­лу сал­танатына ғибрат иесі Сейт­қасым Баяхмет­­ұлы­­ның жары Ұлтай Балмаған­бетова, №212 мек­тептің ардагерлері Әлихан Меңлібаев, Тұр­ды­бек Тауманов, қалалық білім бөлімінің басшысы Асқар­бек Есжанов, қалалық кәсіп­одақ коми­те­тінің төрайымы Орынша Әлімбе­то­ва қаты­сып, ұстаз жайында терең ой толғап, сыр шер­тіп, ес­теліктерімен бөлісті.

Ұстаздардың басын қосқан турнир жиылған жұрттың көңілінен шықты, әрі тартысқа толы болды. Жеңіс жолында күш-жігерін сарп еткен командалар сайыс көркін қыздырып, нағыз бәсекелес командалардың ойынын көрсетті. Сейтқасым Баяхметұлы атындағы турнирдің қоры­тындысында "Үздік ойыншы" номи­на­ция­сымен №261 мектеп мұғалімі Жасұлан Төре­бе­ков, "Үздік шабуылшы" аталымын Бахытжан Дүйсе­баев, "Үздік қорғаушы" номинациясын №173 мектеп мұғалімі Нұрбек Смағұлов, "Үздік қақ­пашы" аталымын №235 мектеп мұғалімі Райхан Наукеев жеңіп алды. Сондай-ақ, "Үздік жат­тықтырушы" номинациясын №138 мектеп мұға­лімі Ерболат Усаев иемденді.

Жартылай фи­нал­ға шыққан 8 команда ішін­де ІV орынды №23 мек­теп-лицейі, ІІІ орын №235 орта мектебі, ІІ орын­ №176 мектебі, жүл­делі І орын №3 гим­назия ойыншыларына бұ­йыр­ды. Қалған коман­далар ынталандыру сый­лық­тарымен марапат­талды.

Өскелең ұрпаққа өрелі істің өрімін көрсетіп, болашаққа бағыт-бағдар беріп, ағартушылық са­ланың дамуына ден қойған ағалар рухы бү­гінде бізбен бірге жасап келеді. Осындай жомарт жүректі, тынбай ізденіс үстінде жүріп келе­шек­тің өркендеуіне үлесін қосқан ұста­зы­мызды мәң­гі есте қалдыру мақсатында игі іс-ша­ра­лар өзінің жалғасын таба береді деп сенеміз.

Мерекенің көркін қыздырған дүбірлі додада ұс­таздар қауымы Сейтқасым Жүні­сов секілді біртуар азаматты ардақтап, оны ке­­йінгі ұрпақ қадірлеу басты парыз екенін айтты.

Еңбегімен елдің құрметіне бөленген осын­дай арда азаматтарымыздың еңбегі келешек ұрпақтың жадында қалмақ.

Асылхан ДОСЫМОВ,

қалалық білім бөлімінің әдіскері

Менің атам Тұтқыш Аймағанбетов 1889 жылы Шымкент облысы, Созақ ауданы Тасты совхозында дүниеге келген. Соғыс жылдары кезінде ауылдың әкімі болған. Ал, әжем Ханшайым Мамекеева 1917 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1941-1945 жылдары әжем мен атам соғыстағы жауынгерлерге көмек ретінде азық-түлік, тон, етік, жүншұлық жіберген.

Нағашы атам туралы айтсам, Зейнолла Үмбетов (суреттегі кісі) 1910 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол кісі үлкен оқу орнын бітірген. 1941 жылы соғысқа кетіп, әскери бастық болған.Соғыстан аман-есен оралып, Шиелідегі Пушкин атындағы мектепте директор қызметін атқарған. Ал, нағашы әжем Бейбарагүл Ахметова 1922 жылы Аралда дүниеге келген. Менің нағашы әжемнің жасаған жақсылығы, жүншұлық, қолғап тоқып майданға жіберген. Әжемнің әкесі балықшы болған, соғыстың кезінде Лениннің өтінішімен Поволжье халқына 17 вагон балық жіберуге атсалысқан. Сол кезде әжем де күні-түні вагонға балық тиесуге көмектескен. Менің ата-әжелерім осындай үлгілі кісілер болған. Оларды мәңгі есте сақтап, мақтан етіп жүремін.

Гүлдана Аймағанбет,

№120 Жамбыл атындағы орта мектебінің 2 «б» сыныбы оқушысы

Жұма, 11 Наурыз 2016 09:16

КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Қазақ және орыс тілін білумен қатар, ағылшын тілін еркін меңгеру ғаламдық ақпараттар мен ин­но­ва­­циялардың ағынына ілесудің бірден-бір тетігі. Көптілділікті заман талабына сай дамыту мем­ле­кет­тік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табы­лады. Білім беру жүйесіндегі мығым мін­дет­тердің қатарына енген көптілділік мәселесі бо­ла­шақ­та бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың не­гізі ғана емес, сондай-ақ әлем мәдениетін танудың көпіріне айналмақ. "Білім-ғылым-инновация" үш­тігі билеген постиндустриялық әлемге бет бұрған за­манда елімізге үш тілді еркін меңгерген жастар қа­­жет. Ал, үштұғырлы тіл саясатын дамытудың әліпбиі бүгінде балабақшадан бастау алуда. Мұның бір дә­лелі жуырда "Жас-Нұр Шөмекей" бала­бақшасында өт­кен "Көптілді тұлғаны тәрбиелеу. Мемлекеттік, орыс және басқа тілдер. Зайцев кубиктері" тақы­ры­бындағы қалалық семинар.

 

Елбасы өзінің жолдауында келешек озық ойлы білімді ұр­пақ­тың қолында екендігіне тоқ­талып, білім саласының дамуына да ерек­ше ден қойды. Бұл еліміздің келе­шегі жас ұрпақтарды білім­мен, тәр­биемен сусындатып жүр­ген мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымына үл­кен міндетті жүк­тейді. Білім беру­ді дамыту тұжы­рым­дамасында мек­тептегі білім сапасын көтерудің басты құралы ретінде ұлттық бірың­ғай тестілеуді енгізгені мәлім. ҰБТ - шәкірттердің білімін таразы­лай­тын және оқу бағ­дарламасын қаншалықты игерген­дігін сара­лайтын сынақ.

 

Қазіргі ақпаратқа сү­йен­сек, дүниежүзінде 1-5 жас аралығындағы 41 мил­лион бала семіздік ауруына шалдыққан. Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Балалардың семіз­дігін жою комитеті жариялаған есептен белгілі болғандай, бұл мәселе қо­ғам­да өз мәнін жойған емес.

 

Қазірдің өзінде семіз­дікпен алысып жатқан ба­ла­лар саны өркениетті ел­дер­де 26 жыл бұрынғы көр­сет­кішке қарағанда екі есе­ге артқан. Нақтырақ айт­қан­да, 1990 жылы артық сал­мақтың зардабын тап­қан балалар саны 7,5 мил­лион болса, 2014 жылдың со­ңында 15,5 миллионға жет­кен. Комитеттің мәлім­де­уінше, артық салмақтың зар­дабын тартып жүрген ба­лалар өсе келе қант диа­бетіне немесе жүрек-қан­ та­мыр­лары ауруларына шал­ды­ғуы мүмкін. Сарапшы­лар­дың айтуына қарағанда, балалар мен жасөспірім­дер­дің семіздігі мәселесі бар­лық елдерде ауқымды қатерге айналып отыр. Есеп жүргіз­ген комиссия өкілдері семіз­діктің түрлі себептері бар екен­дігін айтады. Артық сал­мақ азық-түлік өндірісі, жар­нама, дене қимылы мәде­ние­тіне тікелей қатысты. Құрамында майы, тұзы және қанты көп, дайындалуы қа­ра­пайым әрі арзан азық-тү­ліктің кең насихатталуы жә­не дене қимылының аза­юы жас ұрпаққа қауіп төн­ді­ріп тұр. Бұл - тексеру жүр­гіз­ген сарапшылардың пікірі.

 

Ұялы телефон - ел игілігі, байла­ныс­­тың тиімділігі үшін ойлап та­был­ған. Ал, біз­дің қазекеңдер, жасы­ра­ты­ны жоқ, осы­нау алақанға сыйып ке­тетін қал­­та­фон­ды есін білмейтін жас ба­ла­лар­ға ермекке бе­ріп қояды. Оны ұста­ған бала алдымен ау­зына сала­ды, жа­лай­ды. Ал, оның іші-сыр­тын­да бала ден­саулығына зиян кел­ті­ретін заттар жетіп артылады.

 

Телефон, ең алдымен, байланыс, яғ­­ни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екені бел­гісіз, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефон­мен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта­фон­мен өткізеді. Мектеп оқу­шы­лары­ның көбі, оны сабақ үстінде пай­да­ланады: музыка тыңдайды, клип кө­реді, кейде сондағы әуенге еліктеп, ұй­қы­лы-ояу маужырап отырады. Ал, сергек отырғандарының өзі бір-біріне "хат" жазып, сабаққа тіпті көңіл бөл­мейді. Бұл әдет, өкінішке орай, үйге кел­ген соң да қайталана береді.

Жұма, 11 Наурыз 2016 05:48

ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ БІЛІМ БЕРУ

Алғашында балықты тек күнделікті тұрмыста азық ретінде тұтынған Арал өңірінің тұрғындары ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан оны кәсіп тү­ріне айналдырады. Балық шаруа­шы­­лығымен айналысқан кәсіп иелері ты­ным­сыз еңбектің арқасында жақсы нәти­желер көрсетіп, табысқа кенеле бас­тайды. Мұнан соң балық аулайтын және өңдейтін ірі шаруашылықтар іс­ке қосылып, шаруашылық жоғары қар­қын­да дами түседі.

        Осы кезеңдерде Арал өңіріндегі тағы бір жағымды жаңалық, 1927 жылы балық аулау артелі құрылып, жергі­лік­ті тұрғындардан балықшылар брига­дир­лерін, ау құралдарын септеп-тоқи­тын мамандар даярлай бастайды. Ке­йін­нен оқу орны тұтынушылардың сұра­нысын қанағаттандыру мақса­тында балықтарды қайықпен аулау үшін 1937 жылы "Юнга" мектебі бо­лып қайта құрылады және кіші қайық­тарға матрос, мотористерді оқытады.

         Қосымша қайық радистерін және бөшке жасау мамандарын оқыта бастаған білім ошағы 1943 жылы ФЗО мектебі аталады. Бұл тұста балық­тар­ды аулап, оны өңдеп, СССР-дың бас­қа қалаларына, облыстарға сатып және ішкі рыноктың сұранысына сәйкес жұ­мыс жасайды. 1955 жылы қолөнер учи­ли­щесі болып атауын өзгерткен білім мекемесі қайықтың матрос, моторис­терін даярлаумен қатар, ағаш, темір ұс­таларын да тәрбиелей бастайды. Ал, 1963 жылы Арал теңізінің жағала­уы­нан аса қашықтықтан балық аулау мақ­сатында №68 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгеріп, мұндай білім алушылар балық өсіру­ші, өңдеуші, кеме жүргізуші, кеме ме­ханигі, электромонтажшылар маман­дық­тарын игеріп, шыға бастайды.

         Уақыт жүйрік зымырап алға жыл­жып, оқу ошағында біршама өзгерістер орын алады. Арал теңізінің тарты­луы­на байланысты және білім сала­сын­дағы оңтайландыру кезеңінде учи­лище бұрынғы "кеме жүргізуші", "кеме механигі", "балық өсіруші", "балық өңдеуші" мамандықтарын дайын­дау­ды тоқтатады. 1984 жылы №4 орта кә­сіптік-техникалық училищесі атауын иеленіп, сол жылдардан бастап то­карь, электромонтажшы, тігінші, сле­сарь-жөндеуші, құрылысшы маман­дар­ды оқытады. Білім беру бағыты өз­гер­генімен, мақсаты сол қалпында қал­ған оқу орнының мұнан кейін де ата­уы бірнеше рет ауысады. 1996 жылы №4 кәсіптік-техникалық мектеп бо­лып өзгеріп, мектепте токарь, элек­тро­монтажшы, тігінші мамандықтары бо­йынша мамандар әзірленген. Ал, 1997 жылдан бастап №16 кәсіптік-техникалық мектеп болуына байла­ныс­ты мектеп қаланың өндіріс орын­да­рына, кәсіпорындарға токарь, тігінші, құрылысшы, электромонтажшы, газ­бен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша мамандар оқытты. Мұнан соң, 1998 жы­лы №16 кәсіптік мектебі болып өз­гер­ген уақыттан тігінші, токарь, сле­сарь-жөндеуші мамандарын даярласа, 2003 жылы №16 кәсіптік мектеп тігін­ші, слесарь-электрмонтажшы, электр­газ­бен пісіруші, теңіз өнімдері мен ба­лық­тарды өңдеуші мамандықтары бо­йынша жастарды оқытады.

        2002 жылы материалдық-тех­ни­ка­лық базаны түбегейлі жақсарту мақ­са­тында облыс  және аудан әкімшілігінің бастамасымен КМК "Арал вагон жөн­деу" зауытына қарасты "Сауда орталығы - Асхана" және "Электр цехы" ғима­рат­тары колледждің балансына беріледі. Ғи­маратқа күрделі жұмыстар жүргі­зі­ліп, 12 теориялық оқу кабинеті, 6 оқу ше­берханасы, 2 зертхана, спорт залы, кітап­хана, 80 орындық асхана, әдісте­ме­лік және тағы басқа қосымша бөл­мелер жасалынып шығады. Білім беру стандартына сай жабдықталып, оқу кабинеттері бар ғимарат пайдалануға бе­ріліп, ұжым оқу жылын жаңа ғима­ратта бастайды.

          Білім мекемесі 2012 жылы тамыз айының 7 жұлдызындағы Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдас­тыру туралы №527 қаулысымен "Арал ин­дустриалды-техникалық колледжі" болып қайта құрылды. Тарихы тереңге бойлаған колледж қазіргі таңда "Тігін­ші", "Электрогазбен дәнекерлеуші", "Ағаш ұстасы", "Токарь", "Құрылыс элек­трослесарі", "Балық өңдеуші", "ЭЕМ операторы" секілді маман иеле­рін оқытады.

       Ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақ бүгінде Нұралы Қалиұлы Әбі­шов­тың басшылығымен жаңа бағытта білім­нің көкжиегіне қанат­та­нып, бірле­сіп жұмыс жасап келеді.

        Білім беріп, маман даярлаумен қатар колледж ұжымы аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, оқу­шылар арасындағы құқық бұзушы­лық­тың, қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып оты­рады. Сондай-ақ, оқушылар мен ішкі істер бөлімі, прокуратура және сот қыз­меткерлері арасында кездесу өткізіліп, кешкі уақыттарда бірлескен рейд жүр­гі­зіліп тұрады. Шәкірт бойына мәде­ниет­тілік пен өнегелі қасиеттерді сіңі­руді мақсат еткен колледж оқытушы­ла­ры айына екі мәрте ата-аналармен жүз­десіп, жиналыс ұйымдастырады. Колледж абыройына нұқсан келтіретін қылықтардан аулақ болу мақсатында әр оқушыға қоғамдық тәрбиеші бекітіледі және уақытылы олардың есеп жұмыс­та­ры тыңдалып, кемшілікті жою жолдары да қарастырылып отыра­ды.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер