Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

       Білімнің түбіне жету мүмкін емес. Әсілінде, өмірін білімге арнап, ағарту жолында жүрген жандар үнемі ізденіс үстінде болады. Бұл мамандықтың төресі саналатын ұстаздардың бойында жиі кездеседі. Газетіміздің өткен нөмірінде жыл сайын республика ұстаздары арасында өткізілетін ұлттық жылдың "Үздік педагог-2017" байқауында Қызылорда облысының үш ұстазы марапатталғанын мақтанышпен айтқан едік. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қолынан төсбелгі иеленгендер қатарында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сауле Альденова да бар. Ұстазбен тілдесу үшін қоңырау шалғанымызда оқыту курсында білім алып жатқанын айтып, бізді педагогтардың білімін арттыратын оқу орталығына шақырды. Педагогикада 23 жылға жуық тәжірибесі бар білікті ұстазбен жақынырақ танысып, белестер баспалдағынан қалай өткенін сұрап, сыр ақтардық.

   "Менің ұстаз болуыма анам ықпал етті. Себебі анам өзі ұстаз еді. Анамның ет жақындары да мұғалім болған. Ана сүтімен келгендіктен шығар, басқа маман иесі боламын деп ойлап көрмеп­пін. Әрі біздің бала кезімізде ұс­таздың беделі мен қоғамдағы ор­ны биік болатын",-деп сөзін бас­тай кетті Сауле Аманкелдіқызы.

  Қармақшы қыстағында дү­ние­ге келген ол 1990 жылы Қызылорда педагогикалық инс­ти­тутының филология факультетіне түсіп, оны үздік бітіріп шы­ғады. Білімін дәлелдеген Сау­ле университеттің жоғарғы шәкіртақысына қолы жетеді. Өткен күнді қайта парақтаған ұстаз бұл шәкіртақының салмағы зор екенін, мұғалім мамандығына деген құрмет өлшемін мақтанышпен жеткізді.

    - Білесіз бе, бұрындары мұға­лім престиж мамандықтар санатына жататын. Кеңес кезіндегі тәрбиеден болар, мұғалім болуды мұрат тұтып, армандаушы едік. Ұрпақ тәрбиесіне жауапты мұғалім болу бағым деп білемін. Менің әкем өзі қызметте жүріп, орыс тіліндегі ортада қиындықтарды бастан өткеріп, "балаларым тілдік ортаны ерте кезден меңгерсін" деп мені орыс сыны­бы­на жіберді. Әкем менің алыс­қа жетелейтін ақылшым, бағыт беретін, тура жол көрсететін қам­­қоршым. Сондықтан да ұстаз ретіндегі жемісті еңбегім мен марапаттарымды әкеме арнаймын,- деді ұстаз.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 10:58

Еркін елдегі ерекше Еуропа

Астанасы  -  Амстердам

Жерінің көлемі - 41 543 км2 (әлем бойынша 131 орын)

Халқының саны  - 17 061 415

Билік түрі - конституциялық монархия

Тілі - нидерланд, ағылшын, француз

Ірі қалалары - Амстердам, Роттердам, Гаага

 

    Көздің жауын алатын қызғалдақтар, сан түрлі ірімшік, салқын сыра. Бұл Еуропадағы еркін елдердің көшін бастайтын Нидерланд Король­дігінің басты байлығы. Тоқымдай жерді алып жатқан өркениетті елдің халқы Нидерланды патшалығын "Еуропаның ер­теңіне" балайды. Себебі алдағы 10-20 жылда кәрі құрлық елдерінің келешегі қандай болады деген сұраққа осы Ни­дер­ланды жауап бере ала­ды. "Алуан түрлі әлем" айдарының бұл жол­ғы сапары технологиясы төрге шыққан, өн­дірісі өркендеген, дамыған елдің бірі - Голлан­дияға ат басын бұрады.

   Нидерланд немесе Голландия - Еуропаның батыс бөлігінде орын тепкен, Бельгия, Германия елдерімен шектесіп жатқан шағын ғана мемлекет. Өмір сүру деңгейі өзге елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары Голландияның табысын арт­тырып отырған қызғалдақ гүлдері деседі. Алқы­зыл гүлдерді арнайы алдырып, сыртқы экспорт­қа шығаратын голландтықтардың гүлдерден түсетін табысы халықтың экономикалық қуа­тын арттырады. Жылына 2 миллиардтан астам қызғалдақ түйнектерін өзге елдерге саудалайды. Негізі Нидерланд эскпортқа өнім өндіруден алдына жан салмайды. Тіпті жылына әрбір адам 74 литр сыра ішеді деген деректер кездеседі. Сондай-ақ, еуропалықтар кофе іш­кенді қатты қалайды. Мұнда жылына әрбір тұрғын 140 литр кофе іше­ді екен.

   Нидерланд тарихы тым әріде. Алғашында б.з.б. 1-мыңжылдықтың екінші жартысында кельт тайпалары қоныс теуіп, мекендеген. Ел аумағындағы жердің біраз бөлігі римдіктердің қол астына өтеді. Осы кезеңде Нидерландтың оңтүстік бөлігін франктер, солтүстігін фриздер, шығысын сакстер басып алады. Кейіннен ұсақ бөліктерге бөлініп барып, 16 ғасырда Бельгия, Люксембург, Франция, Испанияның құрамына өтіп кетеді. Алайда ел ішін­­дегі революциялардың ықпалынан, испан үс­темдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар құрылады. Тек 1813 жылға дейін Нидерланд жерін басып алып, араға екі жыл салып Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі құрылады. Уақыт ағымымен жылжыған кезең бү­гін бар дүниені жоққа шы­ғарады. Екінші дү­ние­жүзілік соғыс кезінде Нидерланд халқын немістер басып алады. 1989 жылдан бастап билік хрис­тиан-демократиялық партия мен Еңбек пар­тиясынан құрылған коалициялық үкімет қо­лына көшеді.

       Сыр ұстаздарының биік белесі аймақтың білім саласының дамуын даралайды. Төл мерекеде марапат төрінен көрінген ұс­таздарды оқырманға кеңірек таныстыру мақсатында арнайы тоқталуды жөн көрдік. Бұл жолы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж мұғалімі Индира Жақсылыққызымен әңгіме өрбіттік. Газеттің келесі санында марапатталған мұғалімдерге же­ке-жеке тоқталатын боламыз.

    Ұстаздар әулетінде дүниеге кел­ген Индира Жақсылыққызының ұстаздық жолда жүргеніне биыл 25 жыл. Ата-ана ықпалымен ұстаздық ұлы жолды мұрат ет­кен ол мұғалім болатынын ер­те сезінген. "Ұрпақ тәрбиесі ұла­ғат­ты ұстаз арқылы қалыптасады" деген тәмсілді ертеден бой­ға сіңірген Индира Шамшатовамен кездескенде ұстазға тән салмақтылық пен ұстанымды байқа­дық. Ол бізген әңгімесінде тә­лім-тәрбие көрген отбасындағы тәлімін сөз етіп, үйдегі әр­бір баланың сурет салуға бейімі болғанын ашып айтты. Сол себептен де, оны бейнелеу өнеріне деген құ­­марлық, шығармашылыққа жақындық ерте кезден жақын тартқан.

  Талай додаларда бақ сынап, жүлдегер атанған, халықаралық жарыстарға шәкірт баптап, додаға қосқан. Байқаулардағы белестер туралы кейінірек тоқталамыз. Алдымен, ұстаздың өмір жо­лынан сыр шертсек. Қара­­пайым­дылық қағидатымен жү­ретін ол Ақтөбе қаласында дү­ние­ге келіп, сонда білім алған. 1990 жы­лы Ақтөбе педагогикалық  институтының "Бейнелеу өне­рі және сызу" мамандығына түсіп, сәтті аяқтайды. Қызу ең­бекке ерте араласқан жас мұғалім еңбек жолындағы алғашқы қадамын Ақтөбедегі №32 қазақ гим­назия­сынан бастайды. Мұнда 5 жыл қызмет атқарып, жұмыс бабына байланысты Қызылордаға ат басын бұрады. Сыр еліндегі ір­­гелі оқу орны Мәншүк Мәметова атын­дағы Қызылорда гуманитарлық қызметіне шақыру алып, ұстаздық қызметіне кі­рі­седі. Колледж қабырғасында жү­ріп өзін шығармашылық тұрғыда көрсетіп, шәкірт тәрбиелеп, ор­­таға сіңісіп кеткен Индира Шамшатова колледж директоры қызметінде болған Әлима Жа­қып­қызының қамқорлығын ерек­­ше сезінгенін айтып, ағынан жарылды. 

           Әрбір мехнатты еңбектің қашанда қайтымы болады. Әсі­ресе, білім көзіне сәуле беретін ұстаздар еңбегі қай кезде де лайықты бағалануы керек. Ұстаздық жолдың жауапкершілігін сезініп, абыройын асқақтатып жүрген мұғалімдердің еңбегі ескерусіз қалмайды. Бұл жолы да солай болды. Төл мереке, ұстаздар мерекесінен кейін, Сыр елінің ұстаздары жағымды жаңалықтың куәсі болды. Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын "Үздік педагог" байқауында үш бірдей қызылордалық ұстаз марапат төрінен көрініп, «Жылдың үздік ұстазы» атағын жеңіп алды. Білім саласының биігіне шығып, ұрпақ болашағына бағыт беретін мұғалімдердің еңбегі ескерілген байқауда республика мектептері мен колледж ұстаздары арасынан Қызылорда облысы бойынша М.Мәметова атындағы Қы­зылорда гуманитарлық коллед­жінің сәндік-қолданбалы өнер, сурет, бейнелеу өнері оқыту әдіс­темесі пәндерінің оқытушысы Индира Шамшатова, Қ.Мұха­меджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сауле Әлденова және С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сағатбек Қарапаев үздіктердің үздігі атанды. Астана төрінде өткен марапаттау салтанатында үздік деп та­ныл­ған  Сыр ұстаздары Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қолынан арнайы төс­белгі мен 2 миллион теңгенің сертификатын иемденді.

        Қала мен ауыл арасында әлі де алшақ­тық­тың бары рас. "Тіршілігі қыз-қыз қайнаған ауыл өмірін бүгінгі ұрпақ жете түсіне білмейді" деген сын да қала балаларына жиі айтылады. Мұн­дайда алашордашылардың "қала дегенің, да­лаға шашырай қонған қазақты бір жерге әкеп, үйіп қою. Олай етсең, дала қаңырап қалмай ма?" деген алаңдаушылығы ойға оралады. Әйтсе де, тіршілік көзі жанданып тұрған қала өміріне аяқ басу - уақыт талабы. Қалай болғанда да, ауыл еңбек адамын шыңдайды, қала дүрмектен қалмаудың жолын үйретеді. Білімнен бас алмайтын бүгінгі оқушыларды қысқа мерзімде ауыл өміріне аттандыру Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бар үрдіс. "Екі апта ауылда" деп аталатын әлеуметтік жоба зияткерлік мектеп­тегі 7-11 сынып оқушыларын жазғы демалы­сын тиімді өткізуге себеп. Оқушыларды топ бо­лып біріктіріп, жақын маңдағы ауылдарға апа­рып, қазақы тіршіліктің қайнарымен таныс­тыруды мақсат еткен жоба оқушылардың да, ата-аналардың да оң бағасын алып үлгерді.

   Зияткерлік мектеп мұғалімдері "Екі апта ауылда" әлеуметтік тәжірибесі білім алушы­лар­дың ауыл өмірінің ауырлығы мен қиындығын түсінуге, еңбек етуге, бой сергітіп, ауыл тір­шілігімен танысуға мүмкіндік береді дейді.

 

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:16

Бензин бағасы неге тұрақсыз?

    Жанар-жағар май құны жолда жүргендердің жағасын ұстатқалы қашан?! Жанар-жағармай бағасының өсуі себепті қоғамдық көлікте жүру құны көтеріліп кетті, салмақ халықтың қалтасына түсті. Сатылап бағасы өсіп жатқан жанар-жағармай құнына бақылау, тексеру жүргізілген. Әт­те­генайы сол, әлі нәтиже жоқ.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын корғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Аи-92/93 маркалы бензинді бөлшек сау­дада өткізуші нарық субъектілеріне, яғни "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС-терімен бірге "TS Оңтүстік жанар май" ЖШС-теріне қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:49

БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРМАҚ

        Білім шаңырағының табалдырығын аттап, жоғары оқу орнына студент болу көптің басына қона бермейтін бақ. Білім теңізіндегі кемемен келелі істерге ба­ғыт алатын шәкірттер өз болашақтарынан зор үміт күтеді. Білім алушылар мамандықтың қыр-сырына қа­нық болып, өмірі үшін керек тәлімді іргелі оқу ор­ны­нан алып қалуға тырысып бағады. Биылғы студент атағын еншілеген оқушылардың қуаныштарында шек жоқ.

   Мерекелік көңіл күй барлық оқу орындарында үлкен деңгейде аталып өтеді. Жақында "Болашақ" университетінің колледжінде естен ұмытылмайтын салтанатты іс-шара өткізілді. "Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары" цикл­дік комиссиясының ұйымдастыруымен өткен "Студенттер қатарына қабылдау" іс-шарасы көптеген шә­кірттерге жаңа серпін бергендей. Себебі жаңа қабылданған бірінші курс студенттері осы оқу орны ар­қы­лы жетістікке жетіп, білім шыңынан көрінетініне се­німді.

   "Студенттер қатарына қабылдау" мерекелік іс-ша­расына "Болашақ" университетінің ректоры Өмірбек Үмбетов, "Жастарды қолдау орталығының" ди­ректоры Ж.Алдабергенов  қатысты. "Болашақ" колледжінің директоры Қ.Қыпшақбаев сөз сөйлеп, білім алушылардың  алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі.

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:42

ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ...

Серігім менің өмірлік

Тағдырдың көрдім небірін,

"Қоласын" да, "темірін".

Өксігімді басатын,

Өлең  - менің өмірім...

 

Өлең - менің бар мұңым,

Өлең - менің тағдырым.

Құс қиялмен қосылып,

Білдірмейтін барлығын.

 

Жаныма өлең жұбаныш,

Әкелер демде қуаныш.

Қайғыны кейде сезінем,

Кеткендей ұзап тым алыс.

 

Құс та тастап кетпейді,

Сапарлас болған серігін.

Өлеңге өзге жетпейді,

Өмірлік өлең серігім...

 

Алғашқы сезім

Алғашқы сезім - ақ сезім,

Балауса нағыз нәзік гүл.

Санадан өшпес пәк сезім,

Қағылған мәңгі қазық бұл.

 

        "Отан үшін күресім, елге ти­гізген үлесім" деп білетін белдесудің хас шеберлері Қазақстанда жыл сайын анықталады. Жауырыны жерге тимеген, күрзідей салмақты сайып­қырандарға нағыз саңлақ атау­лар беріліп, абыройларын ас­қақтатады. Не дегенмен де ел на­мысын қорғайтын ер халық үшін қаһарман болып қала беретіні хақ.

    Сом денелі, иықты, жауырынды жампоздардың жандарына серік қылған қазақ күресінде бірнеше теңеулік атаулар бар. Шеберліктеріне қарай "Сыр сұңқары", "Түйе балуан", "Қазақстан барысы" деп абырой еншілеген, атақтары жер жа­ратын балуандар да жетер­лік. Бұл жаңа қоғамда жаңа леп алып келе жатқан ұлттық ойынның жүйеленген көрінісі. Бірізділікке түскен ойын шарт­тары мен қыруар бәс тігілетін ойынға шетел балуандары да көз тігіп отыр. Құлан қай жерде қансыраса, қарға да сол тө­беден бой көрсететіні секілді, бас бәйгесі қомақты болғалы бері ұлттық спортты ауыздарынан тастамайтындар көбейді. "Ұлт болашағы - ұлттық спорт" деп теңгесін аямайтын мемлекетке мұндай құрбандық керек те шығар. Бірақ, бір күні де­меу­шілік тоқтаған кезде ұлт­тық ойынның маңайына топтас­қандар онан ат тондарын ала қашпаса игі.

    Бүгінді жете білу үшін өт­кенге көз жүгіртіп тұрған да жөн. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бе­йім­делгендіктен, күнделікті іс-қимылдарының бәрі дерлік күреске толы. Тарихқа көз жү­гіртсек, көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дә­­уірінде садақ атудан, ат үс­тінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы ар­хе­ологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түр­кі­лердің қонысын қазып, обаны ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Та­бақ­шалардың бетінде екі адам бір-бірімен қойын-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғұндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің тым тереңде екенінің айғағы.

   Бұл Еуропа! Еркіндіктің лебі ескен, мәдениет пен стильдің өзіндік аурасы сабақтасқан кәрі құрлық елдері көпке осындай атрибуттарымен белгілі. Өркениетке ертерек мойын созған дәл осы Еуропаның қақпасы Бельгиядан бастау алады. Себебі ел аузында Бельгия Еуропаның алтын қақпасы аталып кеткен. Бір кездері дамыған елдің көшін бастап, дүйім жұртқа өзіндік мәдениетімен танылған шағын елдің шартарапта алатын орны ерек. "Алуан түрлі әлем" айдары Еуропа елдеріне із басады. Алғашқы аялдама - Бельгия.

   Бельгия Корольдігі - Батыс Еуропада орын тепкен, оңтүстігінде Франция, шығысында Алмания және Люксембург, солтүстігінде Нидерланд, батыста Солтүстік теңізбен шектесетін кішігірім ел. Еуропа елдерінің маңызды мәселелерін шешетін, түйін шығаратын ЕуроОдақ пен НАТО-ның мүшесі.

   Бельгия жерінде екі ұлттың валлондар мен фламандардың мәде­ние­ті қабысқан. Сол себептен де бұл елде көптілді, алуан түрлі көзқарастарды айқын аңғаруға болады. Тарихы да өз алдына бір тақырып. Сонда да, қысқа қайыра кетейік, Бельгияда ерте кезден белг тайпалары өмір сүрген деседі. Кейіннен сол тайпаларды Рим империясы басып алып, жаңадан провинция құрады. Бельгия жеріне көз тіккен герман тайпалары көшіп келіп, орнығады. Осылайша, Бельгия бірнеше уақытқа дейін Франк мемлекетінің құрамында болып, тек 16 ғасырда ғана Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен бірігіп Солтүстік Францияның бір бөлігі саналып, Нидерланд атауына ие болады. Бертін келе, Бельгия испандардың қол астына өтіп, испан билігінің ықпалымен жүреді. Әйтсе де, бұл көпке ұзамайды. Елде өнеркәсіптің тамырына қан жүгіріп, елдің біраз бөлігі Нидерланд корольдігіне бірігеді. Ел ішіндегі соғыстардан кейін 1831 жылы Бельгия басыбайлы отарлық санадан айырылып, тәуелсіздігін алады.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер