Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:11

Бүлдіршін жанын түсінген

  Аралдағы ір­гелі оқу орында­ры­ның бірі - №64 орта мек­тепте оқу­шыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ізденіс танытып жүрген мұ­ғалімдер жетерлік. Со­ның бірі -бас­тауыш сы­ныптың І санатты мұға­лімі Бақтыгүл Қошабаева.

    Бақтыгүлдің тәжі­рибелі ұстаздығы ту­ралы қолымызға қа­лам алған сәтте кө­зімізге мектеп ди­ректоры А.Бө­лек­баевтың берген мінездемесі түсті. Онда "Бастауыш сыныптар мұғалімі Қошабаева Бақтыгүл 1987 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі отыз жыл. Осы жылда талай жетістікке жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Сонымен қатар, Бақтыгүл өз іс-тәжірибесін облыс және республика көлемінде таратып жүрген мұғалім.

   Оқушылары да мектепішілік, аудандық, республикалық ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық марафон­дарда жүлделі орындардан көрініп жүр" делінген ресми мінездеме жолдарын оқығанда ұлағатты ұстаз туралы жақсы пікір түйіп үлгердік.

  Бақтыгүлдің өзімен де тілдестік. Ибалы мұғалім жетістіктерін алдымызға жайып сал­ма­ға­нымен де, мұғалім портфолиясына көз жүгірт­кенімізде шәкірттерінің жетістіктері жайылып сала берді. Бәрін бірдей мақалада тізіп бере алмаспыз, дегенмен бір-жарын атап өтсек. 2015 жылы "Ғылым жолы" атты ғылыми олимпиа­дасында шәкірті Аян Махмудов ІІІ орын алса, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада математика пәні бойынша Мөлдір Медеубайқызы ІІ орын иеленіпті. Ал 2016 жылғы жетістіктері тіпті қомақты. 11 зерде конкурсының аудандық кезеңінде шәкірті І орын. Облыстық кезеңде де жеңімпаз атанса, респуб­ли­калық конкурсында грамотамен мара­патталыпты. Республикалық "Нұрлы болашақ" атты қашықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған бәсекеде А.Мах­мудов І орын алыпты. Облыстық мектеп оқу­шылары арасында экологиялық тақырыпта өткізілген "Қоршаған орта балалар көзімен" атты суретшілер байқауында М.Жол­дыбаев ІІ орын, "Пони" халықаралық байқауында Жаңалық Нұрымжан байқау жүлдегері атанып дипломмен марапатталыпты. Шәкірттер жетістігі ұстаз еңбегінің өтеуі.

         Ұстаз туралы айтқанда ең әуелі жауапкершілік жүгі таразы басына шығады. Білімге жарық шашып, ұрпаққа өнеге берер ұстаздардың ұлағатты ісі қашанда елеулі. Мәртебелі мамандықтың қадірін түсініп, ұлағатын сезініп жүрген ұстаздар жайлы қалай айт­сақ та жарасады. Білмекке бой алдырған оқушыларды білім бәйгесінде бабын келтіріп, ілім үйретуге күш-жігерін сарқа жұм­сайтын ұстаздар қауымының еңбегі адал, ісі құр­метті. Елеулі еңбектің ескерер кезі қашан да келеді. Жүгі батпандай қызметте нанын адалынан тауып жүрген мұғалімдер қауы­мының төл мерекесі де келіп жетті. Бала біліміне бағдаршам бола білген ұстаздардың мерейлі мерекесі ерекше сән-салтанатымен әспеттелді. Мұғалім мәртебесін көтеру, ұстаз беделін арттыру жолында ізгі қадам, құрмет өлшемі мұғалімдердің мерейін тасытатыны анық. Биыл төл мерекені тойлау ерте басталып кетті. Ұлағатты мамандық иелерінің мерекесінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев бірқатар ұстаздарды же­ке қабылдап, құрмет көрсетті. Білім саласының даму динамикасын даралап, айтары бар мұға­лім­дердің тілегіне құлақ ас­ты. Мұнан соң аймақ басшысы аймақ ұстаздарына арналған салтанатты жиында мұғалімдерді А.Тоқмағанбетов атындағы мәде­ниет үйінде жиды. Шараға облыс мектептерінің директорлары мен ұстаздары, сала ардагерлері мен жас ұстаздар шақырылды.

    Мерекелік көңіл-күйдің жылы лебі салтанат сарайына кірген сәт­тен бастап сезілді. Жүздерінен қуаныш ескен оқу­шылар мерекеге шақырылған ұстаздарға алқызыл гүл ұсынып, ерекше құрметпен күтіп алды. Облыс ұстаздарының басын қосқан мерекелік шара аймақ басшысының құттықтауымен ұласты. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы білім саласына ерекше екпін түсіріп, Сыр білімінің даму жолында ұстаздар еңбегін атап өтті. Білімдегі басты белестің бірін мақтанышпен жет­кізді.

     - Мектеп - жас ұрпақтың нәр алатын бастауы болса, мұғалім тәуелсіздік­ке тірек болар сол бастаудың басты тұл­ғасы. Бүгінгідей зымыраған уақыт кө­ші­не ілесу кез келген ортада бәсекеге қа­­білетті болу, білім мен ғылым жетіс­тік­­терін меңгермей мүмкін емес. Рухани өресі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін азамат тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Сыр ұстаздарының қа­жырлы еңбегі арқылы білім саласы оң нәтижелер көрсетіп келеді.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:09

ҰЛТТЫҚ ГУМАНИЗМ МҰРАГЕРІ

       Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың сана­сы сәуле болар мазмұнды шы­ғар­малар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, айдай әлемге Абай арқылы та­ныл­ған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Бірінші қазақ драматургі, аударманың алыбы, замана суреткері Мұхтар Омар­ханұлының терең толғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Әдебиет майданындағы елеулі еңбегі, ұлт мұраты жолындағы қызме­тін жас ұрпақ жадына жаңғырту мерейлі мереке кезінде де жалғасын тапты.

    Көп болып бірігіп, жұрт болып жұмылып жүрген рухани жаң­ғырудың бір жолы - қа­заққа еңбегі сіңген ақын-жазушыларды ұлықтау. Ұлылардың көшін бастаған Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы Қазақстанның әр қиы­рында өз сән-салтанатымен ата­лып өтілуде. Қазақты қазақ ет­кен жазушының мол мұрасын өткенге насихаттау мақсатында Сыр елінің ұстаздары да қалыс қалмады. Рухани жаң­ғы­руға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс. Бұл ізгілікті жұмысты М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі ұстаздары алғаш болып бастады. Қызылорда об­лыс­тық білім басқармасы мен қалалық "Нұр Отан" партиясы қол­дау білдірген шарада "М.Әуезов қазақтың рухани мәдение­тінің көрнекті тұлғасы" тақырыбына арқау болды.

   М.Әуезовтің мұралары мен жазған шығармалары, дерек ретінде сақталған қолжазбалары ар­найы кітап көрмесі ретінде қойылды. Рухани мұраларды ұр­пақ жадына жаңғыртуды мұрат еткен қалалық кітапханалар жү­йесі тағылымды шараға үлес қо­сып, Әуезов әлемінен сыр шертті.

    Колледж қабырғасында өткен шара 7 бөлімнен тұрды. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұ­ра­сын өз баяндамасына арқау ет­кен колледж оқытушысы Кенжеш Оралова студенттерге жазушының әр жылдары жа­зылғ­ан, бүгінде классикалық шы­ғармаларға арналған туындылардың тақырыбы мен мән-маңызын баяндамасына өзек етіп алыпты. "Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен Мұхтар Әуезовтің шы­ғармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық. Болашақта қаламгердің шығармашылық мұрасы ұлт мүддесі мен болашағы үшін қызмет ете бермек",- деп, К.Шәрібекқызы баяндамасын қорытындылады.

        Медицина мамандарының әрбір күні қауырт. Ем алуға келген тұрғын­дардың тілін тауып, қажетті ем жасап, дұрыс диагноз қою сала маман­да­ры­ның күнделікті жұмысы. Қоғам та­рапынан жиі сынға ілігетін дәрі­гер­лердің кәсіби қызметіне бір сәт үңі­луге мүмкіндік алдық. Медициналық қызметтің ішкі әлеміне ену үшін ар­найы пресс-турға барып қайттық. Өңір­­лік коммуникациялар қызметі өңір журналистеріне арнап Сыр хал­қына медициналық көмек көрсететін облыстық медицина орталығының қызметімен таныстырды. Өнегелі та­рихы, өз алдына тәжірибесі бар орта­лық 63 мамандық бойынша қызмет жасайды. Жылма-жыл салалық дең­гейде қызмет аясын кеңейтіп келе жат­­қан орталықта 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс жасайды.

   Көпсалалы орталықта медици­на­лық көмектің барлық түрін көрсе­теді. Мамандардың жұмысы уақыт­пен өлшенбейді. Себебі орта есеп­пен күніге 200 науқас келеді, әртүрлі деңгейдегі 40-50 ота, уақытпен санас­пайтын жедел түрдегі 15 ота жасалы­нады екен. Демек, дәрігерлерді апта­сына кемінде 180-200 ота күтіп тұр де­ген сөз. Жылына 15 мыңнан астам қы­­зылордалық ем алып шығады. Қа­зіргі бағыт сырттан ем алуға мәжбүр нау­қастарды орталықта емдеудің тетігін табу.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:03

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҰРПАТЫ

   Ұлт байлығын сақтаудың ай­қын жолы - рухани мұраларымызды түгендеу, түгендеп қана қоймай, сол асыл мұраларды ұрпақ жа­дында қайта жаңғырту. Дәл осы ұлт мұраты алдындағы міндетті Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында халыққа ой-тамызық болар ойлар жазды. Көптің көкейіндегісін дөп басқан мақалаға қатысты тарихшы ретінде өз көзқарасымды біл­діргенді жөн санадым.

  Қазір жер-әлем біздің көз алдымызда өзгеруде. Күн санап өз­геріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Мұны алыс-жақын елдердің тәжі­рибесінен анық көруге болады. Өзгеру үшін ең әуелі өзімізден бас­тап, уақыт ағымына сай иық те­ңес­тіріп, дүрмекке ілесу қажет. Елбасы жаңғырған қоғамның тамыры рухани коды арқылы қа­лып­тасатынын қаперге салады.

   - Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәс­түрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды,-деп атап өтеді Н.Назарбаев.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 09:56

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕЙІ

   Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты мін­деттердің бірі - бала тәрбиесі еке­ні аян. Ал, осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасы мен кісі­лік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу - барша педагогтар қауымының төл міндеті. Яғни, осындай білімді оқушылар мен білікті ұстаздардың ортақ үйі, ол, әрине, білімнің қасиетті қара шаңырағы саналатын - мектеп.

    Осынау бір үлкен ұжым мүшелерінің басын бі­ріктіріп, өз жүмысын жогары деңгейде атқарып отыр­ған директорлар арамызда баршылық. Соның бірі де бірегейі №64 орта мектептің директоры Амангелді Бөлекбаев. Ол 1977 жылы Қызылорда қаласындагы Н.В.Гоголь атындагы пединституттың физика-математика факультетін бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын ауыл мектебінен бастады. Ұстаздық өмір жолында 1977-1994 жылдары аралығында №58, №13 орта мектептерінде физика пәнінің мұғалімі, №2 мектеп-интернатта тәрбиеші, мұғалім, мектеп-интернат директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыройлы атқара білді. Сондай-ақ, I санатты физика пәнінің мұғалімі 1994-1997 жылдары №92 негізгі мектебінің директоры болды.

    40 жылға жуық уақыт бойы білім саласында  қызмет жасап келе жатқан білікті басшы, баршаға өзінің талабы жоғары  білімді ұйымдастырушы екенін көрсете білді. Мәселен, ол №220 орта мектептің директоры болып тұрған тұста ұжым мүшелері жетістіктерге жетіп, оқушылар білім биігінен көріне білді. Яғни, 2004-2005 оқу жылында ауданымыз бойынша білім ордасының Айсәуле Әбіл­даева есімді оқушысы "Алтын белгі" иеленіп, үстаз мерейін үстем етті. Сондай-ақ, 17 оқушы гранттық негізде жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бірнеше оқушылары аудандық, облыстық, пәндік олимпиадаларда жүлдегер атанып, осындай жемісті жетістіктері үшін жыл қорытындысы бойынша мектеп "Аудан мектептерінің кешбасшысы" атанып, арнайы дипломмен марапатталды.

    А.Бөлекбаев №220 орта мектепте басшылық жасаған кезде 3 оқушы "Алтын белгі" иеленіп, мек­тептің материалдық-техникалық базасы нығайды. Еңбегі еленіп, облыстық білім басқармасының "Құрмет" грамотасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. Жуырда ұстаздың еңбегі тагы да бағаланып, "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі берілді.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 09:54

Жас ұстаздар жасампаздық жолында

   Кез келген мекеме еңбек өтілі ұзақ, көп­теген жерде жұмыс жасап жүрген бі-лікті маманды өзіне қызметкер ретінде қа­былдағысы келеді. Жас маманның жұ­мыс табуда ақсайтын тұсы да осы. Тап­қанның өзінде де мектеп ішіндегі жү­йе мен білім беру үрдісін жас маман бірден игеріп кете қоймайды. Жол сіл­тей­­тін, жөн көрсетіп, бағыт беретін көр­гені көп, көргендіктен де, көрегендіктен де сөз сөйлейтін ұстаздар бірен-саран. Білгенін үйретуге ерініп, керек кеңесті көрсетуге келіспей кежегесі кері тар­татындар да жоқ емес. Алайда, балаға бі­лім беруге немқұрайлы қарамайтын мек­теп ұжымдары өз білген тағылымдарын кейінгіге үйретіп бағуға тырысады.

    Осы ой тұрғысынан келгенде өзге­лер­ге үлгі боларлықтай іс жасап жүрген мектептер де жетерлік. Солардың бірі Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясы. Аталмыш мектепте Гүлжайна Есенбаеваның игі іске ұйытқы болуымен "Келешекке нық қадаммен" атты дөң­гелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің діттеген дүниесі жас мамандардың дүниетанымын кеңейтіп, мұға­лім мамандығының қыр-сырын бүге-ші­гесіне дейін таныстырып беру. Сонымен қатар жеткен жетістіктер талқыланып, оған жету жолындағы жұмыстар жү­­йелі түрде өзгелерге үлгі боларлықтай ай­тылып өтілді. Ұлағатты ұстаздар жиналған айтулы шара мектеп әлуетінің ал­дағы уақытта ілгері қадам басуы үшін, же­тістікке жетуде жас мамандардың үлес салмағы басым болуы мақсатында қолға алынған.

    "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұс­таздардың қолында" деп, Елбасы сөзін басшылыққа алып басталған шара ұстаздарға рухани демеу әрі көмек десек те болады. Ұстаздар мерекесіне тұспа-тұс ке­ліп, ұлағатты ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандар өз қабілеттерінің биіктен бой көрсеткенін қалайды. Сондықтан да сапалы білім беріп, саналы өскіндерің игілігіне қалтқысыз қызмет етпек.

      Сыр бойы - қазақылықты бо­йы­на сіңірген, салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­пын сақтап, ұлттық болмысын ұлықтап, өнері мен өнегесін жас өреңге үлгі ретінде ұсынып келе жат­қан өңірдің бірі. Мұның сыры қа­сиетті қара қобыздың үнін тамсана тыңдап, Тұрмағанбет жыраудың жы­рын жаттап, нар тұлғалы Нартайдың әндерін естіп өскен халық жадының мықтылығында болса керек. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы өткеніне құрметпен, келе­ше­гі­не сеніммен қарайтыны рас. Осы тұста ел жанашырларының қол­да­уы­мен көптеген іс-шаралар ұйымдас­ты­рылып келе жатқаны белгілі. Со­ның бірі Қызылорда облысының үш жылда бір рет өткізілетін "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты халық­ара­лық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі.

   "Қорқыт ата кітабы" әлемге мәш­һүр жазба ескерткіш болса, Қорқыт - түркі тектес халықтарға танымал тұлға. Бүгінде Қорқыт есімін әлем на­зарына ұсыну, таныту - біздің міндет. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған фестивальде алыс-жақын шетел­дерден, яғни Әзірбайжан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Англия, Ресей Феде­ра­ция­сы (Татарстан, Башқұртстан), Түр­кия Республикасы, Қытай Халық Республикасы және еліміздің көр­некті ғалымдары мен өнертану­шы­лары бас қосты. Ата-бабамыздан мұра болып қалған өнер мен мәде­ние­тімізді ұрпақтың санасына сіңіру, болашақ­тың бағыт-бағдарына айнал­ды­ру, түркі тілдес халықтардың музы­ка­лық өнерін дәріптеу, өзара мәдени қа­рым-қатынасты нығайту. - фес­тивальдің басты мақсаты. Екі күнге со­зылған шара барысында әуелі Қы­зылорда облыстық Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық драма театрында өнер көрсеткен меймандар ертеңіне Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды ескерткіш-ке­ше­ніне келіп, "Салт-дәстүрі сақ­талған Сыр елі" атты этноауыл көрі­нісінің куәсі болды. Қазақ халқының саф алтындай сақтап келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қонақтарға таныстырылды. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап кемеліне келген нағыз азамат боламын дегенге дейін орындалар салтты салиқалы Сыр жұрт­шылығы сахналаса, сөзден мар­жан терген жан­дар жыраулық, ақын­дық өнерін көр­сете білді.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 06:46

Ғасырлық тарихи бар білім ұясы

    Мектеп, ұстаз - қасиетті де қастерлі сөз. Барша адамның жүрегінен жылы орын алады. Сапалы білім, са­налы тәрбие арқылы жан-жақты да­мыған тұлғаны тәрбиелеп, еліміз­дің ертеңгі болашағын қалыптастырады. Ал ауыл мектебі бұл сол өңір­дің рухани, мәдени ордасы. Жүз жыл­дық тарихы бар №21 Қамыстыбас орта мектебінің алтын әріптермен жазылған шежіресі осы ауылдың жүз жылдық тарихы десек болады. Қамыстыбас ауылынан шыққан қаншама тұлғалы қайраткерлері еліміз танитын жандарға айналса, олардың бәрі осы мектептің әр жыл­дардағы түлектері.

   Іргетасы 1917 жылы қаланған мек­­теп алғашқыда орыс-қазақ мек­­теп-интернаты болып ашылып, онда Орынбор-Ташкент теміржол бойында жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің балалары оқыған. 1938 жылы жетіжылдық мектепке айналған білім ұясы 1954 жылдан бастап орта мектеп болды. Алғашқы мұғалімдер Қ.Төртімбаев, Ж.Ақсатбаев, И.Зыков, Б.Проватровтар еді. Сонан бастау алған ұстаздардың бір­неше легі теміржол бойындағы ауыл балаларының сапалы білім алуы мақ­сатында тер төкті. Олардың арасында елімізге танымал тұлғалар, жа­зушылар мен қоғам қайраткерлері жетерлік. Олар - мемлекет қайраткері Шақпақ Артықбаев, қоғам қайраткері Қарасай Шоқанов, филология ғылымдарының кандидаты Батырхан Дәрімбетов, атақты ақын Шөмішбай Сариев.

   Ел тәуелсіздігін алып, өз алды­мыз­ға мемлекет болғалы мектебі­міз­дің материалдық-техникалық базасы жақсарды. Оқу кабинеттері заман талабына сай қайта жабдықталып, мұғалімдердің шығармашылықпен ай­налысуына, білім сапасын жақсартуға барлық мүмкіндік­тер туып отыр. Мәселен, оқу-тәрбие саласындағы заман талабына сай технология түр­лерін қолданып, өзде­рінің озық тәжірибесін жариялап жүрген мұғалімдеріміз көп-ақ. Олар үнемі ком­пью­терлік кабинеттерде мултиме­дия­лық жүйе арқылы интерактивті тақталармен жұмыс жасап, осы технологиялар арқылы жоспарға сай са­палы білім беріп отырады.

   Қыркүйек айының 11-13-і аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың шығарма­шылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін да­мыту мақсатында XVIII республикалық Абай оқулары өткізілді. Байқауда елі­міздің әр өңірінен 90-ға жуық оқушы бақ сынады.

   Расында, бала санасында әдебиетке деген құш­тар­лық­ты бүгіннен бастап қалыптастыру керек. Оның үсті­не, өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлының мұраларына қызықтыру, поэзияға баулу кезек күттіретін мәселе емес. Мұны облыстың әр ауданынан келген үміткерлер де жете түсінсе керек, олар бойындағы барлық өнерлерін ортаға салып, қазыларға өздерінің осал еместігін дәлелдеуге ты­рысты. Байқауға қатысушыларға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультетінің деканы, филология ғылым­да­рының докторы, профессор Айбар Қабекенұлы Қады­ров төрелік етті. Байқауды ашқан басқарма басшысы Талғат Шәкенұлы: "Абай әлемі бізді жеті түнде адас­тыр­мас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұ­рысын сараптай аламыз. Өз халқын өсіп, өркендесін дей­тін әр азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ас­­сын деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін жан жүре­гі­мен түйсінген азаматтар қатары жыл сайын Абай оқу­ла­рына қатысқан саналы ұрпақпен толығып келеді" деген пікір білдірді.

   Абай оқулары төрт бөлім бойынша сарапқа салынды. Айтар болсақ, оқушылар "Өлең-сөздің патшасы, сөз сара­сы" атауымен Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқыса, "Көңілім әнді ұғады" аталыммен Абай әндері мен күй­лерін орындады. Ал, "Жүйріктен жүйрік озар жа­рысқанда" атты жас дарындар байқауы бойынша оқу­шы­лар өз шығармаларымен сынға түссе, "Ұлылар әлемі" бай­қауында оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазды.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер