Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   Кәсіпкерлік салаға бет бұрған жандардың еңбегіне қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 30-қаң­тарынан бастап облыста кәсіп­керлікке қызмет көр­сету ор­талығы құрылды. Бүгінде аудандар мен Байқоңыр қаласында да филиалдары ашылып, жұмыс жасап жатыр. Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының мамандары ресми мекемелерге техникалық шар­ттарды алу­ға көмектеседі. Бұл жө­нінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы өңірлік коммуникациялар орталығында 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарына есеп беру барысында баяндады. Кәсіби техникалық шарттарға қол жеткізу үшін табан тоздырып, құжат әзір­леп жүретін кәсіп­керлер ен­ді қажетті құжаттарын атал­мыш орталыққа өткізіп, 5 күн мерзім ішінде қол жеткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, орталық Ұлт­тық кә­сіпкерлік палата жә­не Үкі­мет басшылығы тарапынан оң пікірге ие болып үлгерген. Сонымен қатар басқарма басшысының айт­у­ынша, өңірге Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Сол­түстік Қазақстан, Атырау облыстарынан осы кә­сіпкерлікке қызмет көр­сету орталығынан тәжірибе алмасу мақсатында өкілдері келуде. Бү­гінгі күнге дейін орталық арқылы 934 қызмет көрсетіліп үлгерген, оның 771-і кеңесшілік қызмет болса, 163 кәсіпкерге рұқ­сат­нама құ­жаттары алып берілген.

   Кәсіпкерлік арқылы туризм саласының даму деңге­йіне байланысты қойған сұ­рағымызға басқарма басшысы туризмді дамыту үшін алдымен қолайлы климаттық жағдайдың және инфрақұ­ры­лым қажет екендігін тілге тиек етті. Биыл ЕХРО халық­аралық мамандандырылған көрмесі аясында этноауыл жобасы жүзеге асып жатқандығын және осы арқылы облысқа келуші туристердің са­ны 32,4%-ға өскендігін айтады. Мұнан өзге, Батыс Еуропа-Батыс Қытай бойындағы сервистік кешендердің бір жағынан кәсіпкерлік субъек­ті­сін құраса, бір жағынан туризм объектісі болып табылатындығын айтты.

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:48

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

   Албырт жүректі, алмас мінезді, сөйлесе сөздің шешені, бастаса көптің көсеміндей тұлғалы азамат Аманғос Көшекбайұлы Есмұрзаев туралы жазу мен үшін әрі оңай, әрі қиын десем де болады. Оңай дейтінім 30 жыл бойы, яғни қарасирақ бала кезімізден бірге өсіп, бірге ойнап, бірге ержетіп, иықтаса жүріп қатар қызмет етіп, тойлы-думанды шақты, қиын да қиғылықты уақыттарды бірге өткіздік. 40 жасында жер қойнауына мезгілсіз кеткенге дейін жан жүрегіміз мұңдас та сырлас болды. Тонның ішкі бауындай араласып, оны жете білдім десем болады. Қиын дейтін себебім, мінез-болмысы бөлек, жаратылысы ерек, жан әлемі, көкірек күйі құйынды дауылдай демде өзгеріп, оттай жанып, мұздай суып тұратын дара тұлғаның күллі ішкі сырын ешқашан танып, біліп болмайтындай сезінесің кей-кейде.

   Тұлғалы азаматтар қалай десек те текті жерден шыға­ды. Аманғос Ақтөбе облы­сын­дағы Шалқар ауданы, Қарашоқат теміржол беке­тінде Көшекбай қарт пен Набат ананың отбасында дү­ниеге келді. Өмірді көп көр­ген, көп білген, сөйлер сөзі де бар Көшекбай қарттың бала­лары да өзіне тартып, шеті­нен талапшыл, арманшыл бо­лып өсті. Аманғостың аға­лары Қуантай, Амантай жоға­ры білімді заңгерлер еді. Маңғыстау, Ақтөбе облыс­тарында прокуратура, сот саласында облыстық деңгей­дегі қызметтер атқарды. Інісі Амангелді де Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, кәсіп­пен айналысады. Аманғос та әкесіне тартып, үнемі алға ұмтылып, жетістіктерге жету­ге талпынып жүріп Шымкент денешынықтыру технику­мын, кейін Алматы дене шы­нықтыру және туризм акаде­миясын бітірген.

   Әуелгі еңбек жолын 1978 жылы айтулы өндіріс - Арал кеме зауытында кеме құрас­ты­рушының көмекшісі бо­лып бастаған. Кейін оқу оры­нын бітірген соң аудандық спорт комитетінде, онан соң №64 орыс орталау мекте­бінде мамандығы бойынша мұғалім болып орналасты. Күндіз-түні тыным дегенді білмейтін, үнемі ізденісте жүретін жас маман педагог ретінде өзін көрсете білді. Жаңа бастамалардың ұйыт­қысы болды. Мектепте сала­уат­ты өмір салтын қалып­тастыру жолында орасан зор еңбек етті. Дайындаған шә­кірт­тері сол кездегі ең бір бұқаралық спорттық сайыс "Көңілді старттар" жары­сында аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердің жеңімпазы атанып, айды ас­панға бір-ақ шығарды. Жас­тайынан спортты жанына серік еткен Аманғос белгілі бокс мамандары Әзілхан Ізбайыров, Жалдыбай Нұрпе­йі­совтен үлгі алып, олардан алған тәлім-тәрбиесін кейін­гі жас спортшылардың бойы­на сіңіре білді. Өзі бірнеше республикалық, одақтық жа­рыстарда мерейі үстем бо­лып, спорт шеберлігіне кан­дидат нормасын орындаса, бапкер ретінде тәрбиелеген жас былғары қолғап шебер­лері көптеген байрақты бәсе­келерде топ жарды. Спорт ше­берлері атанды.

   Психолог мамандар ата-аналар балаларының кішкене кезінен бастап қолынан жетектеп, олардың бір-біріне жақын жандар екенін сезіндіріп жүргені дұрыс деп санайды. Себебі, есейгеннен соң бала өзі де ата-анаға қол созуын қояды және ата-анасынан сезінгенін кейін кері қайтарады екен. Егер отбасында сенімділік атмосферасы қалыптасқан болса, есейе келе бала да қоршаған ортасына сеніммен қарайтын болады. Егер ата-ана баланың дегеніне құлақ тосып, оған әрдайым кө­мек қолын созуға дайын тұрса, онда бала да мейірімді және өз отбасы мүшелері мен айналасына жәрдемдесуге дайын жүреді. Адамның көңіл-күйі ауа райы секілді құбылмалы екені рас. Кей сәтте баланың айтар ойына аса мән бермей ата-аналар елемеуі немесе ашумен оның бетін қайтарып тастауы мүмкін. Мұндай сәтте баласының жанына қандай жара қалдыр­ғанын түсінбейді де.

   Сонымен ата-ана баласын қалай өкпелетіп алады?

   Түсінбестік. Сіз жай ғана өзіңіздің де бір кездері бала болғаныңызды ұмытып кетесіз. Солайша балаңыздың айтқан мәселесі түкке тұрғысыз екеніне сенім­дісіз. Оның әр ісіне "Мен сенің орныңда болғанымда ғой" дегенді жиі айтасыз. Алайда, баланың өз әлемінде қамқорлықты сезінуі, сіздің ересектер арасындағы мәселелерден де маңызды екенін түсін­бейсіз.

    Қолдаудың жоқтығы. Қандай да бір жағдай болмасын, бала ата-анасына сенім арта алатынын, әрқашан олардың қолдауына ие бола алатынын сезіне білуі керек. Ата-ана тарапынан қолдау көрмейтінін түсінген бойда, баланың мінезі тұйықталып кетуі мүмкін. Ал, іштен тынудың соңы ата-ана үшін де, бала үшін де күтпеген үлкен мәселеге айналып кетуі ғажап емес.

    Халық арасында көптен бері айтылып, құлаққа әбден сіңісті болған бір әңгіме бар, ол - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, соған қарсы іс-қимыл. Елдегі басты проблеманың біріне айналған сыбайлас жемқорлықты жоя алмаймыз, бірақ тиісті дәрежеде шара көру мәселесін ұсынған жөн сияқты.

   Рас, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою керек, қолға түскендерді қылмыстық жазаға тарту керек, бұл жөнінде халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, баспасөз беттерінде түрлі мақалалар жа­рия­­ланып, теледидардан күнде­лік­ті пара берушілер мен пара алу­шыларды құқық қорғау ор­гандарының қолға түсіргендерін, ақша жасырған қойын-қонышын, үй-жайын тінтуді көрсетуден, осы қолға түскен лауазым иеле­рін соттау жайлы жағдайларды ха­лыққа жариялауда ешбір кем­шілік жоқ сияқты көрінеді. Бірақ бәрібір, сол Абай атамыз айтқан сол жартас, әлі мызғитын емес, қайта құдды пара алу мен пара бе­ру­ден, мемлекеттің мүлкін, қар­жы­­сын жымқырып жеуден, та­лан-таражға салудан жарысып, содан кім көп жейді, көп асаған түрмедегі орындарынан айры­лып қалмай бейне бір соған асы­ғып жатқандай жарыса қармап қалу­да. Неге осындай болып ал­дық? Мұндай жағдайда не істеуі­міз керек, айтқанға түсінбесек, заң­­нан қорықпасақ, айта берген­нен дәмі де, үрейі де кетіп бара жат­қан сияқты.

   Тоналып жатқан ел өзіміздікі, соларға күндіз-түні тоналып жат­қан мемлекет те өзіміздікі, әбден теріс әрекетке үйретіп, тонап, то­на­лып жатқан болашақ, өсер ұр­пақ өзіміздікі, сонда біз не істеп жатырмыз, бізге не жетпейді? Ар намыс па, өте қатал бас шабатын заң ба, әлде патриоттық елім дей­­­тін сана ма?

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:28

ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ЖАҚҰТЫ

Астанасы - Доха

Жерінің көлемі - 11400 км2

Халқының саны - 2 415 588

Тұрғындары - катарлық арабтар, пәкістандықтар,

үнділер мен ирандықтар

Билік түрі - абсолютті монархия 

 Ақша бірлігі - Катар риалы

 

   Әр елдің бағына біткен тарихы, өзіне тиесілі мұрасы болады. Туырлықтай жерді жау қолына бермес үшін, ішкі тәуелсіздігін сақтап қалу жолында әр ұлт өзінше тер төгеді. Жер шарында алпауыт мекенді алып жатқан мемлекеттердің бел астына шоғырланса да, ұлтарақтай жердің өзінде өркениет орнатып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттер аз емес. Соның бірі - Батыс Азиядағы Катар мемлекеті. Мұнай мен газ арқылы байлыққа белшеден батып отыр­ған ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің көшін бастайды. Ал, маржан жақұты тіптен бөлек әңгіме. "Алуан түрлі әлем" айдары үш жағынан су қоршап жатқан тоқымдай жерде жұмақ орнатып, жұмыр жердің жақұтына баланған Катар еліне аялдайды.

   Катар - Парсы шығанағындағы шағын ғана мұсылман мемлекеті. Сауд-Арабиясы, Ирак, Иран, Біріккен Араб Әмірліктерімен шектесіп жатыр. Әлем картасын ашып қарасаңыз, Оңтүстік-батыс Азияда­ғы елдердің ішінен Катарды табу қиын. Себебі 1989 жылға дейін елдің шекарасы шетелдіктерге жабық болды. Катар халқы тарихқа бай ел емес. Мұнда халықтың қашан қоныстанғаны туралы мардымды мәліметтер жоқ. Туристердің түртіп алар тарих таппай, ізденіп жүретіні де осыдан. Ел-жұрттан тараған деректерді алға тартсақ, Катар тарихы 17-18 ғасырлардан бас­тау алады. Десе де, Катар түбегін адамдар біздің заманымыздан бұрын 2-3-мыңжылдықта қоныстана бастаған деген ақпараттар кездеседі. Алғашында елді ирандықтар, кейіннен арабтар жаулап алып, Араб ха­лифаты құрамына енгізеді. Кейінгі жылдары араб халифаты ыдырап, елдің аумағы түгелімен карматтар мемлекетінде болады. Мұнан кейін ұлтарақтай жерге Бахрейн әмірлігі өз әмірін жүргізеді. Осы жылдар ішінде Катарға португалдар, Осман сұлтандығы үстемдігін құрады. Арада уа­қыттар өтіп, түрлі саяси жағдайлармен ка­тар­лықтарды ағылшындар басып, жеке Британия протектариатына айналдырады. Ел аумағынан мұнай қоры табылып, Катар өз алдына дербес мемлекет болудың жо­­лын іздестіріп, халық көтерілістерін ұйым­дастырып, билік басында отырғандар қызметтен кетіп, ұлттық қозғалыстар күшейе түсті. Тәуелсіздік тарихына дейін Катар небір қиыншылықтар мен өзгеріс­терді өн бойынан өткізді. Тек 1971 жылы ға­на Катар өз қолы аузына жетіп, тәуелсіз ел атанады. Аяғын еркін созып, тірлік ете бастайды.

   Дүниеге адамның ізін жалғар жаңа ұрпақ келгенде тәрбиенің онымен қатар жүретін егіз ұғым екені белгілі. Түзу тәрбиені бала бойына тал бесіктен сіңіреді деп жатады дана халық. Тіпті тәрбие туралы ата-бабадан беріге дейін жеткен түрлі жөн-жоралғылардың тізімін естігенде болашақта бұзық­тық жасайтын бала болмайтындай көрінеді. Сонда жаман бала қай­дан шығады?

   Қолдағы деректерге көз салса­ңыз, қорқынышыңыз ұлғая түседі. Облыстық прокуратура берген мәліметке сүйенсек, 2017 жыл­дың І жарты жылдығында Қызыл­орда облысы бойынша кәмелетке тол­маған 68 жасөспірім қылмыс жасаған. Басқаша айтқанда, өңі­рімізде екі-үш күннің ішінде мек­теп жасындағы бала ірілі-ұсақты қылмысқа барып отырған. Оның ішінде Қызылорда қаласында кәме­летке толмағандармен жа­сал­ған қылмыстар саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 100 пайызға өсіп кеткен. Кәмелетке толмағандармен топтасып жасал­ған қылмыстар саны 133.3 пайыз­ға көтеріліп кеткен. Арасында қыз балалардың бары ойландыра түседі. Бұл сандарды тарқатып, кейін толығырақ тоқталатын боламыз. Алдымен қиын немесе "жаман бала" қайдан шығаты­ны­на көз жіберейік. Әлбетте, біз қы­зына кесте ұстатып, ұлына қамшы өргізген кешегінің көрінісін емес, қоғамның бүгінгі бет-бейнесін сөз етпекпіз. Тек қазақ емес, тұтас қазақстандық ата-ана қазіргі қоғамға қандай ұрпақ әкеліп, оларды қалай тәрбиелеп жатқандығына жауап іздейміз.

  Тіршілік жалғасып, дүние кезегін жалғайтын жаңа буын күн санап артқан сайын елімізде мем­лекет тарапынан тәрбие саласына аса жауапкершілікпен ден қо­йылуда. Тіпті балабақшалар мен мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап күшейді. Алайда бұл бала үшін бар жауапкершілік тек білім мекемелерінің мойнына арты­лады дегенді білдірмейді.

   Таяқтың екі ұшы бар деген секілді, қазіргі өскелең жастар­дың бірінші тобында жақсы нәти­желерге қол жеткізіп, елдің абы­ройын әлем алдында асқақтатып жүргендері бары қуантады. Ал, екінші топта бұзақылық жасап, өмірдегі өз орнын таба алмай ерте жастан жолынан адасып жатқан жастардың бары қапаландырады. Ел үшін қауіптісі қайсысы? Әри­не, екінші топтағы буын. Мұны көз көріп, құлақ естіп жүргені жасырын емес.

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:06

Министр мәселені қалай шешпек?

   

    Білім саласы тағы да сынға ілікті. Өт­кен аптада ата-аналар мен оқу­шы­лардың көптен күтіп жүрген білім гранттарына ие болған талап­кер­лердің тізімі жарияланды. Білі­міне сенген түлектердің тағатсыз­да­на күтіп жүрген тізімнен өз есімдерін таба алмауы, ұпайы жоғары бола тұра грант иегері атана алмаған та­лап­керлер комиссия шешіміне ке­ліспей қарсылық білдірген еді. Қоғам көзқарасын өзгерткен тақы­рып әлеуметтік желіде де қызу тал­қыланып, әркім әртүрлі пікір біл­дірді. Басты себебі ата-аналар мен түлектер бюджеттен бөлінген білім гранттары әділетсіз тағайындалған деп есептейді. Халықтың ашық тал­қысына түскен білімдегі мәсе­леге билік қарап қалмады. Ең әуелі түсінбеушіліктің себебін түсіндіруге асыққан ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәселені былайша түсін­дірді. Жауапты толықтай бергенді дұрыс көрдік.

   "Кез келген ата-ана мен талап­кер білім грантынан үмітті екені тү­сі­нікті. Биыл министрлік бакалав­риат бойынша грант саны 6 мыңға артты. Дегенмен, таңдау барысында ескеретін жайт - әр түрлі мамандық бойынша бөлінген гранттар саны да біркелкі деңгейде емес. Нәтиже­сінде әр мамандық бойынша білім грантын алу үшін белгілі бір дең­гейде балл жинау қажет. Мамандық таңдау талапкерлер мен олардың ата-аналарының таңдауы болады. Көбіне заң, қаржы ісі сынды таны­мал,  сондай-ақ, грант саны аз бөлін­ген мамандықтарға сұраныс түседі. Оған қоса, талапкерлер нақты бір ЖОО таңдайды. Сондықтан грант алу үшін ҰБТ ұпайлары әртүрлі мамандықтар мен ЖОО-ына қарай өзгешеленеді. Бұған қоса ата-аналар ауыл квоталары мен жеңілдіктерді пайдаланатын басқа да катего­риядағы адамдардың бар екенін де ескеруі тиіс. Ондай талапкер ҰБТ-дан алған ұпай санының төмен бол­ға­нына қарамастан грант иегері атанады.

   Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның грантта­рының бөлінуіне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімі гранттарының бөлінуіне жағдай жасады. Алдағы 2 апта ішінде әкімдіктермен осы бағытта жұмыс жасалады. Бірде-бір талапкер назар­дан тыс қалмайды".

   Білім жолына түскен "Алтын белгі" иегерлерінің гранттан қағылуы түлектердің ішкі қарсылығын туғызды. Себебі грант бөлінісі тек бір рет берілетіндіктен алаңдаушылық­тың басым болатыны белгілі. Әлеу­меттік желілерде "бұл білім саласындағы былық, мұны министр­лік реттеп, талапкерлердің ұпайла­рын қайта қарау керек" деген сарын­да ұсыныстар болды. Білім саласын салыстырмалы түрде талдап жүрген Нұрмұхаммед Байғараев фейсбук­тегі парақшасында "гранттар бөлісін­дегі жағдай министрдің қаншалықты жұмыс жасайтынын анықтап берді" деген сипатта жазба қалдырған.

   - Министр Ерлан Сағадиев пай­далы өзгерістер әкеледі деген біраз үмітім болған. Себебі қазақ баласы мектептен түлеп ұшқанда, қазақ жә­не ағылшын тілін еркін меңгеруі ке­рек деген ойдамын. Бірақ соңғы ҰБТ талаптары мен грант үлестірудегі қабылданған шешімдер - бәріне су сеп­кендей болды.

   Қай салаға бас сұқсаңыз қағазбастылық алдыннан шығады. Бір жа­пы­рақ анықтама үшін ұзын-сонар кезек күтетін тұрғындардың қатары әлі сиреген жоқ. Электронды формат­қа ауыс­қанмен әлі де жүйеге кі­ріп қажетті құжаттарын алу­да қиындықтармен бет­пе-бет келетіндер аз емес. Жүйенің техникалық талаптарының ауырлығы ма халықтың электронды форматқа үйренуі бірден байқалмайды. Бұл елдің барлығы электронды үкі­мет жұмысына көңілі толмайды деген сөз емес. Жүйенің тетігін білгендер қажет­ті­сін алып, жұмыстарын рет­теп келеді. Әйткенмен толыққанды халықтың практика жүзіндегі қиындықтары азаяр емес. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектің көптігі жү­йенің қолжетімділігінде болмай тұр. Жақында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі дәл осы мәселені алға тартып, жү­йені оңтайландырудың жолын ұсынатындығын жеткізді.

   Журналистерге "Аза­мат­тарға арналған үкі­мет" мемлекеттік кор­пора­циясы жұмысын таныстыру барысында Дәурен Абаев халықтың шыдамын тауысқан мәселе ақпараттық жүйелердің жолға қойылмағандығынан деп түсін­дірді.

   - Халыққа қызмет көр­­сету орталықтарында ылғи кезек көп болады. Оған мемлекеттік корпорациялар да, орталықта­ғы қызметкерлер де кі­нәлі емес. Бар ахуал ақпараттық жүйелерде.  Әр ақ­параттық жүйе мемлекеттік органдарға тиесі­лі. Әр жыл сайын әр ор­ган өз жүйесін жүр­гізеді. Осы жыл ішінде жүйе, жал­пы алғанда, 35 сағат­қа тоқтап қалған. Егер ақ­параттық жүйе 5 ми­нут­қа болсын тоқтап қал­са кезек жиналған үс­тіне жинала береді. Осыдан келеді де мемлекеттік корпора­ция­лар кінәлі болады. Ақпараттық жүйелерді ылғи жаңартып отыру керек. Жылдың соңына қа­рай базалық ақпараттық жүйелерді жаңартуды жоспарлап отырмыз, - деді министр.

   Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем­нің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Себебі, жаһандану және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып "…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және бас­­ты артықшылығы - көпұлттылық пен көптілділік" деп атап көр­сеткені белгілі. Президент жүк­теген тапсырмаларға сәйкес, Тіл­дерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы мен "Тіл­­дердің үштұғырлығы" мәдени бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарла­ма­сында, 2020 жылға қарай "... қазақстандықтар қазақ ті­лін, орыс тілін 95% және 25% - ағыл­шын тілін меңгеруі тиіс" делінген.

  Халықтың мәдениеті мен тілі жеке дара дамымайтыны белгілі. Қилы заманнан бері көршілес халықтар бір-бірімен араласып, сау­да-саттық жасап, үйлесімді тір­ші­лік атқарғанының арқасында бір халықтың мәдениеті мен тілі екін­ші елдің мәдениетіне үл­кен ықпал жасайтыны тарихтан белгілі жағдай. Осы тұрғыдан кел­генде өскелең ұрпаққа үш тіл­де білім берудің маңызы ерекше.

   Қазақ қазақ болып жаралғалы қай заман. Сонан бері ұлы даланың ұлтарақтай жері мен сүттей ұйы­ған санаулы ұлтын жан-жақтағы сұғанақ көз­дерден сақтап қалу ата-бабалардың абзал борышы са­налыпты. Сонан да шығар бесіктен белі шықпай жатып ұрпақтарын әскери шеберлікке бау­лып­ты. Мысалы, найзаласу, қылыштасу, атқа мі­ну, жамбы ату, теңге ілу ойындары жаңағы әскери шеберлікке баулудың алғашқы шарттары болатын.

    Ежелгі римдіктердің екіталай жерде жеңіске жетуінің бар құпиясы сол спорттық ойындарды әскери жоғары дәрежелі шеберлікке ұштастыра білуінде жатса керек. Жанып тұрған оттан, ағып жатқан асау өзеннен жасқанбай өтуге жастай машықтанған олар туралы дүниежүзілік тарих пен әдебиетте аңыздар әлбетте жетіп артылады.

   Бұны бұл жерде біз неге айтып отырмыз. Себебі, қадым кезеңнен бастап қазақ қазіргі түсі­нікпен айтқанда ұлттық спорт дегенде ішкен асын жерге қоятын болыпты. Тіпті кешегі келмеске кеткен кеңестік қоғамның тұсында да бәсеңдемеген спорттың сан түрі тәуелсіздікпен бірге қайта жасарып, жаңғырып келеді. Бұған дәлел, көкпар тарту, аламан бәйге, тоқ бәйге, тай бәйге, керек десе­ңіз, тоғыз құмалақ, асық ату сияқты ұлттық спорттың кейбір түрлері әрбір өңірде тұрақты өткізіліп отырылады. Бұған жанашырлық, қамқорлық көрсететін федерация, комитеттер ұйымдастырылып, Астана, Алматы, облыс орталықтарында ойда­ғыдай жұмыс жүргізіп жатқанынан мерзімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дер кезінде қанығып отырған жайымыз бар. Республикалық ат спорты федерациясының төңірегіндегі Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан тәрізді айтулы азаматтар бұл салада біраз жетістіктерді бағындырып одан әрі жемісті жұмыс жүргізіп келеді.

    Ат спорты демекші, кезінде ауыл-ауылдарда Қамбар ата тұқымының сырына құлынынан қанық, ойы жүйрік, көзі қырағы ат сейістері аз болған жоқ. Жарықтық, олар баптап бәйгеге қосатын жүй­рік­тердің жерге тастаған тезегінен бастап жаратып жүргенде қия басқан қылығына дейін жазбай тану­шы еді. Өзім білетін, кейбірін көзім көрген Арал ау­данындағы Бөген елді мекеніндегі жорға аттардың сейісі Омар, аламан бәйгенің шапқанында жа­лынан дауыл ұйытқи соғатын жүйріктерінің сейісі Зияда, Қарақұмдағы Қыпшақ ақсақалдарды қайтіп ұмытарсың. Өкініштісі, қазір солардың ізба­сарлары - білікті ат сейістердің аты беймәлім, оларың тірлігінен, жасап жатқан жұмысынан ел- жұрт бейхабар тәрізді. Әлде бұрынғыдай қызығушылық жоқ па бұған?

     Кезінде ұлттық спорттың бірден бір жанашыры, журналист ағамыз марқұм Өмірзақ Жолымбетов болғанын исі қазақ ұмытпаған болар. Өмекең тоғызқұмалақтан бастап қазақтың ұлттық спортының түр-түрін жіліктеп шағып, оның тарихы мен қа­зіргі хал жағдайы және оны дамыту мәселесін жан-жақты жазып, қалың оқырманға бірнеше танымдық кітап ұсынғаны аян.

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұлттық спорт­ты дамытудың бастауы балабақшада, жалпыға бірдей  білім беретін мектептерде жатса керек. Міне, ұлтымыздың ұландарын керек болса тал­бесіктен бастап осы бір пайдалы іске баули біл­сек, ойымыздың орындалғаны деп ұғарсың, оқырман!

Т.Бөгенов

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер