Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:50

4603 жас жұмысшы мамандығын меңгереді

        Оқу оқуға қыруар қаражат керек екені белгілі. Бү­гінгідей нарықтық уақытта оқу орындарының бағасы да шарықтап тұр. Әрине, білімге салынған капиталдың қайтымы болады. Десе де, сұранысты қажет ететін ма­мандықтарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы тегін оқуға мүмкіндік бар. Мектепті тәмамдаған кез келген жас жұмысшы мамандығын таңдай отырып, тегін оқудың жолын ала алады. Биыл кәсіптік сала бағытын­да айтарлықтай жаңалық бар. Оған себеп Елбасының өткен жылғы тапсырмасына сәйкес "Баршаға арнал­ған тегін кәсіби-техникалық білім беру" жобасы жүзеге асатын жыл.

   Еске сала кетейік, өткен жылы Үкімет "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама өз кезегінде жұмысшы мамандығын даярлауды екі бағытта жүзеге асырады. Ал­ғаш­­қысы колледждерде техникалық және кәсіптік білімі бар жұмысшы мамандарын  даярлау болса, екін­ші­сі қысқа мерзімді курстарда қайта даярлау. Тегін оқудың мүмкіндіктері мен бағдарлама барысы туралы кеше Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев журналистермен кездесіп, саладағы сұрақтарға жауап қайырды.

  Ерлан Жағыппарұлының айтуынша, бағдарлама бойынша үстіміздегі жылы негізгі мектеп пен орта мектепті бітірушілерді, сонымен бірге өткен жылы орта мектепті бітіріп, кәсіптік біліммен қамтылмай қалған 4603 жасты аймақ экономикасының сұранысына қажет мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1515, жергілікті бюджет есебінен 3088 мектеп бітіруші кәсіптік біліммен қамтылмақ.

  Жұмысшы кластерін дамытудың жолына айнал-ған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тапсырыс көлемі 38,2%, оның ішінде жұмысшы мамандығы бойынша тапсырыс көлемі 2 есеге артқан. Бұл дегеніңіз әрбір мектеп бітіруші тегін техникалық және кәсіптік білім алуына мүмкіндік алады деген сөз.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:47

«Қазпоштаның» қазіргі әлеуеті зор

     Хат алмасудың қадірін білетіндер пошта қызметіне әлі күнге жүгінеді. Көбі ішкі әлеміне қанық болмай, сыртынан тон пішіп жү­ретін пошта қызметінің де қиыншылықтары өз алдына. Пошта қызметі іскерлерінің ел үшін ұсынып отырған тиімді жобалары да жетер­лік. Баспа өнімдері мен хаттарды ғана тасымалдау емес, қатпарланған қалың шаруалары бар "Қазпошта" АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының жұмыс барысын таныстыру мақсатында 15 қыр­күйек күні филиалдың жаңа директоры Аида Әбибуллаева жер­гілікті БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

    Пошта - бұл Қазақстан халқына қолжетімді жалғыз ірі желілік құрылым. Соның ішінде шалғайда­ғы ауыл-аймақтарды пошталық жә­не қаржылық қызметтермен қамта­масыз етіп отырған бірден-бір оператор. Республиканың барлық ау­мағы бойынша қалаларда, облыс жә­не аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде бөлімше желілері арқылы пошталық, қаржылық қызмет түрлерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау, хаттар, бандерольдар, сәлемде­мелер жеткізуді жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан іргелі қызмет саласы осы - "Қазпошта" ак­цио­­нерлік қоғамы.

   Ал, Қызылорда облыстық филиалының құрамында Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы пошталық бөлімшелері тү­гелдей дерлік қамтылған. Облыс бойынша барлығы 188-ден астам өнді­рістік нысандар жұмыс жасауда. Нысандардың басым көпшілігі шалғай ауыл-аймақтарында орын тепкен. Сондықтан да алыстағы ағайынның пошта қызметіне алғысы шексіз. Сапалы жұмыс, жүйелі жүйе, өндірістік нысандардың автоматтандырылған түрі де елге оң септігін тигізуде.

   "Қазпошта" АҚ Қызылорда облыс­тық филиалы тұрғындарға жиырмадан астам тиімді қызметтер ұсынып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 10 банкомат жұмыс жасауда, осы жылдың ІV тоқсанының өзінде жаңадан 14 банкомат орнату жұмыстары жасалынбақ. Бұл - жұмыс жоспарында тұрған басты мәселелердің бірі. Қаржылық қызметтердің ішінде зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері бойынша қызметтерді ауыл тұрғындары жиі пайдаланады. Сол себепті ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін облыстың барлық аумағына Post-терминал құрылғысы орнатылған. Қаржылық қызметті тұтынушыларға ең тиімдісі әрі жылдам жұмыс жүргізетін осы терминалдар.

   Қазіргі таңда жаңа жобалар да қолға алынып жатыр. Соның бірі "Қазпошта" АҚ-ның бастамасымен қолға алынған "Жалақы төлеу жобасы". Жоба артықшылығы - бюд­жеттік мекеме қызметкерлері "Қазпошта" АҚ-ның пошта бөлімшелері арқылы халықаралық төлем кар­точкаларын рәсімдеп, еңбекақыларын алуға үлкен мүмкіндіктер жасайды.

  Бұлардан бөлек, баспасөз басылымдарына жазылу науқаны жылына 2 рет өткізіліп, халық назарына ұсынылып отырады. Баспасөз басылымдарына жазылу қызметі, облыс төңірегінде орналасқан 171 пошта өндірістік объектілер, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 26 қалалық пошта байланыс бөлімшесі мен 29 пошта байланыс пункті, 8 орталық операциялық учаскесі, 104 ауылдық пошта байланыс бөлімшесі арқылы жүргізіледі. Облыстық филиалдың барлық өндірістік объектілері арқылы мерзімді баспасөз басылымдары арнайы жарақтандырылған көліктермен жеке және заңды тұлғаларға тікелей жеткізіліп беріледі. Бұл пошта қызметінің дәстүрлі көрінісі.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:42

Мың жылдан кейін көктейтін мүбәрәк жыр

  Кешегі кеңестік қоғамның күнгейі мен көлеңкесінде ержеткен өзім тұстас өлең өлкесіне қадам басқандар қаршадайынан кітапқұмар болып өсті. Қазіргі бозбалалардай киімнен  киім таңдап ата-анамыздың бастарын жиі ауырта бермейтінбіз. Себебі, менің көзімді тырнап ашқандағы  адамым балықшы, аузыма алғаш түскен ас-балық тағамы болатын. Біз мектепті аяғымызға әкеміздің керзі етігін, үстімізге күпәйкесін киіп, үлкен өмірге асығып, зарығып күтіп жүріп араласқан ұрпақтың өкілі едік. Бірақ досымыз ақылшымыз, серігіміз  кітап болды жаңа айтқанымдай.

   Міне, осылай жүрген күндердің бірінде қолыма алақандай, есесіне әжептәуір қалың, қызғыш мұқа­балы кітап түсті. Аты "Көктем ты­нысы". Республика жас ақында­рының ұжымдық топтамасы екен. Өзімше өлең деген сиқырға алғаш арбалып, үміттене ізденіп, басымды тау-тасқа ұрып жүрген кезім ғой. Кітаптың беташарына танымал ақын Тұманбай Молдағалиев алғы­сөз жазыпты. Орта тұсынан жерле­сіміз, бала күнгі досым, марқұм Қази Данабаевтың бір топ өлеңдерін тауып алып, әкеме әсерлене оқып бердім. Әкем әдеттегісінше Сәбит Мұқановты, Сырбай Мәуленовты, сол кездері аты жаңа-жаңа естіліп жүрген Жарасқан Әбдірашевты мысалға келтіріп:

   

   Қазіргі ақпараттардың 80-90 па­йызы - ағылшын тілінде. Демек, ақ­параттың қайнар көзі шет тіліне байлаулы. Ал, әлемдік ақпарларды өз тілімізге аударып отырып уақыт жоғалтатынымыз белгілі. Ақпараттық тасқын уақытында ғаламдық ашы­лулар мен өзгерістерді жете түсініп, қажеттісін ала алмай отырғанымыздың бір себебі тілдік білім­нің әлі де ақсап жатқанын білдіреді. Бұл әсіресе, ақпарат саласында қыз­мет ететін журналистер үшін екі есе маңызды. Қазір, жасыратыны жоқ, тіл білген маманға сұраныс бар. Сұраныс болғасын, өзгелерден артықшылық болады. Ақпараттық алмасу дәуірінде тұрған кезде тілді білудің талабы журналистерге де жетті. Себебі алдағы 2-3 жылда жур­налистерге шет тілінде ақпарат тарататын кезең келеді. Сондықтан болар, қазірде бірқатар тілшілер тіл білудің қамына кірісіп жатса, ендігі бірі тіл білудің талабын әлі де сезіне алмай жүр. Осы себепті "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қо­ры Қызылорда облысында бірінші болып журналистерге арналған арнайы жоба дайындап, алғашқы қа­дам жасады. Нақтырақ айтсақ, қо­ғамдық қор "Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын арттыру" жобасы аясында аймақтағы жур­налистердің басын қосып, "Жур­налистердің шетел тілінде ақ­парат алу мүмкіндігі" тақырыбында оқыту курсын ұйымдастыруды қолға алды. Журналистерді оқыту курсына Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы мен "Қазақылықтың Атамекені" қоғамдық қоры қолдау білдірді.

   Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бағытталған оқыту курсын тіл маманы, журналист Сағира Уәлиева жүргізді. Баса айта кетерлігі, оқыту курсы ағылшын тілін тек қана үйретіп қоюды мақсат етпейді, бұл курс журналистика саласында шет тілінде ақпарат алмасудың жолын үйреніп, еркін диалогтық алаңдар құ­ру­ды жоспарлауды, қысқасы, аталған оқыту журналистерді кәсіби бағытта дамытуға арналды. Білім алуға бұ­қаралық ақпарат құралдары өкіл­дері мен аудан журналистері, мен­шікті тілшілер мен журналистика ма­ман­дығында білім алатын студенттер қатысты.  

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:33

Жаңа әліпбидің жайы талқыланды

   Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелерін талдау мақсатында "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" тақырыбында идеологиялық актив отырысы болды. Жиын Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың "Студенттер сарайында" өткізілді.

   Бүгінгі күннің өзекті мәселесін тал­қы­лауға облыстық ішкі саясат, мәде­ниет басқармаларының басшылары, қа­ла, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ау­­дан­дық білім, ішкі саясат, мәдениет жә­­не тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, филолог-ға­лымдар, білім саласының қызметкерлері, зия­лы қауым өкілдері, ардагерлер, үкі­­меттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қа­тыс­ты. Жиынды облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов жүргізіп отырды.

   Латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Соған сәйкес облыстағы тіл мамандары аталмыш отырыста сөз сөйлеп, ой бөлісті. Ұсыныстар талқыланды. Атап айтар болсақ, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Сәдуақасұлы, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов, "Сыр Медиа" ЖШС-ның директоры А.Оңғарбаев, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева, облыстық "Славяне" қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Г.Шербакова, №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі А.Шайхутдинова көтеріліп отырған мәселе аясында сөз сөйледі.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:23

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

     

   Баласының мейірбан және сабырлы қалпынан аз ғана уақыттың ішінде күйгелектеніп шыға келуі, айналасында ешнәрсеге қанағаттанбауы секілді кезеңдері әрбір ата-ананың басынан өтеді. Жоғарыда аталған мінез-құлық баланың өтпелі кезеңге аяқ басып, жасөспірімге айналып келе жатқанын білдіреді.

Есею кезеңі

   Бала өмірінде оның есею кезеңі балалық шағының бір­ша­ма ұзақ уақыт аралығын қам­тиды. Ол 11-12 жаста бас­талады және әр балада әр­түрлі уақытта аяқталып жатады. Мысалы, кейбір балалар бұл кезеңнен 15, 16 жасында өтіп кетсе, кейбірі 17 немесе тіпті 18 жаста өтеді.

  Яғни, өтпелі кезеңнің жас аралығын белгілі бір нақты осы уақыт аралығында деп еш­кім де кесіп айта алмайды. Өйткені ол әрбір жасөс­пі­рімнің бойында өзіндік ерек­шелігімен әрқалай өтіп жа­тады.

   Өтпелі кезеңде баланың тек қа­на мінез-құлқында емес, со­ны­мен қатар оның бо­йында, ағ­засында да өзгеріс­тер орын ала­ды. Мұның көп­шілігі өтпелі ке­зеңнің алғаш­қы сатысында бас­та­­­лады. Ал, жасөспірімдік шақ­тың соңғы кезеңінде оның фи­зи­ка­лық қалыптасуы толы­ғы­мен аяқ­талып, балада ере­сек­тер­ге тән қасиеттер пайда бо­лады.

   Бұл жаста жасөспірім­дер­дің ағ­залары жылдам өзге­ріске ұшы­­рап, тез дамиды. Ең ма­ңызды өзгерістер орталық жүйке және эндокриндік жүйелерде орын алады. Гор­мондары да өз­гереді. Мұнан соң ұл бала мен қыз баланың өздеріне тән бет әл­петінде де, жүріс-тұрысында да өз­гешелік пайда болады. Өтпелі кезең бұл балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға бірнеше жылдық уақытша сынақ.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:09

ИМАН ИІЛГЕН ИРАН

Астанасы - Тегеран

Жерінің көлемі -1648 000 км2

Халқының саны - 81 332 140

Тұрғындары - ирандықтар,  әзербайжандар, арабтар мен еврейлер, түрікмендер

Басқару түрі - исламдық республика

Ақша бірлігі - Иран риалы 

        Иран. Әдетте, бұл ел туралы айтқанда көнеден керуен тартқан ескі парсы шығармаларының жауһарлары еске түседі. Шығыстың жұлдыздары саналатын Фирдоуси мен Рудаки, Хафиз бен һаям, Сағдидың табаны тиген, тарихы тұнық, кілем тоқу мен мата шығарудан көш бастайтын, кино саласында өзіндік қолтаңбасы бар Иран Республикасы көпке осындай байлығымен етене таныс. "Алуан түрлі әлем" айдары Оңтүстік-батыс Азиядағы құшағына бірнеше ұлттың жүрегін сыйғызған Иран Республикасына аялдайды.

   Иран географиялық орналасу жағынан қос ел Қытай мен Үндістан елін қолтықтай жат­қан, солтүстігінде Каспий теңізі немесе Мазендеран аймағы, оңтүстігінде Парсы және Оман шығанағы, батысында Иракпен, Түркиямен, солтүстігінде Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен, шығысында Ауғанстанмен, Пәкстанмен шектесіп жатыр.

    Иран тарихына көз жіберсеңіз, көптеген деректерге, сол кез­дегі елдердің ахуалын біле аласыз. Тарихтан белгілісі, Иран жеріне адамзат тым ерте аяқ са­ла бастаған. Біздің заманы­мыз­дан бұрын 3-мыңжылдықтарда Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер ірге қадай бастайды. Кейіннен Орталық Азияның арий тайпалары қара жерді мекен етіп келеді. Сон­дық­тан кейбір зерттеушілер Иранды арийлердің жері деп санайды. Арғы-бергі тарихтан сыр шерту үшін бөлек тақырып қоз­ғау керек. Біз тек Иранның не­гізгі тарихына тоқталсақ. Талай елдің қатулы қабағын көр­­ген Иран халқы өз ұстанымынан таймай, ішкі дербестігін сақ­тап қала алады. ХІХ ғасырдың аяғында Иран Еуропа мемлекеттерінің жартылай қол астына өтеді. Иран жерінің солтүс­тігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлы­б­ри­тания ықпалын жүргізді. Әйт­се де, отар елге айналдыруды мақсат тұтқан ағылшындар Иранды толықтай жаулап алады. Алайда, ел ішінде ағылшын үстемдігіне қарсы толқулар көпке дейін жүрді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран КСРО және Ұлы­британия мемлкеттерімен одақ­тас­тық келісімге келеді. Кейіннен ел ішінде соғыстар жүреді, Иран экономикасы тұралап қалады. Әйткенмен 1979 жылға дейін Иран халқы еркіндікті сезіне алмады. Тек 1979 жылы Имам Хомейнидің табандылығы арқылы тәуелсіздікке қол жеткізеді. Алайда Иранның республика болып қалануы көптеген елдерге ұнай қой­мады. Мұнан кейін де елде иран-ирак соғысы өрбіп, халықтың жағдайы нашарлайды. Жалпы Иран тарихы бізге осылай жетті.

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 12:02

Мұғалімдер мен оқушылар үшін

      Биылғы жаңа оқу жылы 2017 жылдың 2 қыркүйегінде басталды. Өзгерістер орын алды. Біз орта мектеп мұғалімдері мен оқушылар үшін қанша мерзімде оқып, қай мезгілде демалатыны жөнінде керек мәліметті жария еткенді жөн көрдік.

   Оқу жылының ұзақтығы: мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1 - сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндері­не түс­кен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кі­рік­тірілуі ескеріле отырып, қайталауға ар­нал­ған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

   Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

   1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы каникул - 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан - 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі каникул - 13 күн (2018 жыл­ғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда).

  Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан - 2018 жылғы 7 қаң­тарды қоса алғанда), көк­темгі - 15 күн (2018 жылғы 21 нау­рыз - 4 сәуірді қоса алғанда).

  Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2018 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленді.

 Дереккөз:

Қызылорда қалалық білім бөлімі

   Баласын мектепке біл деп беретін әрбір ата-ана білім саласында­ғы соны өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Себебі соңғы жылдары бі­лім саласындағы реформалар оқу­шылар түгілі, ата-аналар арасында әлі де ашылмаған сұрақтардың барын көрсетіп отыр. Соның бірі - оқу­шылардың білімін бағалайтын жаңа критериалды жүйе. Дәстүрлі баға­лау­дың көзін көрген ата-аналар әлі де жаңа жүйені толыққанды түсінбей жатқанын мойындайды. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды алаңдатқан сұраққа жауап қайырып, тақырыптың мәнін ашуда барын салып жатыр. Білім талқысына түскен критериалды бағалау жүйесін біз де тал­қыламақ ниетте арнайы сұхбат құру­дың қажет екенін түсіндік. Облыс мек­тептерінің жаңартылған мазмұн­ға көшу тәжірибесін қадағалайтын жауапты маман, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бейін­ді сынама жөніндегі орынбасары Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаевты сұхбат алаңына шақырдық.

   - Қайырбек Сәбитұлы, жаңар­тыл­ған білім беру мазмұны туралы ел ішінде әлі де түсінбестік бар. Әсіресе, 2,5,7-сыныптарда білім алатын оқу­шылардың бағалау жүйесіне қатыс­ты сұрақ көп. Критериалды бағалау жүйесіне көшуге қандай себеп түрткі болды?

    - Қай кезде де жаңа дүниеге көптің ықыласы ауады. Түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасады. Алайда, әрбір жаңа дүниенің астарында алға қарай ұмтылу деген түсінік болатынын ескеруіміз керек. Қазақстанда техникалық инновация­лар қарқынды даму үстінде. Осы тұста еліміз жоғары деңгейдегі мамандарға аса мұқтаж болды. Талап үдесінен шығатын кадрдың қажеттілігі айқын се­зілді. Осыған байланысты 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды. Сол уақытта білім беру саласы инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Себебі әлі бұл жүйеге дайын емес едік. Сіз айтып отырған жаңа білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесі атал­ған проблеманы жоюға бағыттал­ған. Жаңа бағдарлама Назарбаев Зият­керлік мектебі мен Кембридж Университетінің мамандарымен бірлесе отырып әзірленген. Әлбетте, сынамадан өтпей еш нәрсе де білім саласына енбейді. Бұл бағалау жүйесіне көшетін уақыт келді. Бәрі де уақыт өлшемімен, алдымен 2,5,7-сыныптарға еніп отыр. Келесі жылы басқа сыныптар, осылайша кезең-кезеңімен ене береді.

   - Білуімізше, дәстүрлі бағалау жүйесі 70 жылдан бері қолданыста болды. Уақыт талабы де­геңізбен келісеміз. Алайда, жаңа бағалау жүйесін бір-екі жылда қабылдай салу асығыстық шешім емес пе?

   - Асығыстық деп айтуға кел­мес. Тәжірибе сыналып ба­рып еніп отыр. Қазіргі бі­лімге енген жаңа мазмұнның артықшылықтары көп. Бұл ең алдымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады, оқушылар алған білімін өмірлік жағдайда қолдануға бейімделеді, нақты мақсатқа бағытталып отыр. Сонымен бірге кірік­ті­рілген бағдарлама бойынша бар­лық пәндер бір-бірімен ты­ғыз байланыста. Мұ­ны былайша түсіндіріп өтейін. Біз­ге автокөліктің физикалық тұрғыдағы қозғалысы бұрыннан мәлім. Алайда, жастарымыз ондағы болып жатқан хи­миялық үрдістермен қан­ша­­лықты таныс? Автокөлік­терге экологиялық мәселеден туындайтын проблема бойынша қойылатын талаптарды білеміз бе? Одан туындайтын проблеманың тірі организмдерге тигізетін әсерін оқушыларға тү­сіндірдік пе? Қазақстанда автокөліктерді өнді­рудің экономикалық пайдасын оқушылар есептеді ме? Мі­не, жаңа жүйе барынша өмір­лік практикаға бағыт береді.

    Қазақстан Республикасы Үкіме­ті­нің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қау­лысына сәйкес елімізде ТМД елдері арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жү­йесі - "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлт­­тық орталығы" Акционерлік Қо­ға­мы құ­рылды. Оның құрамына Білім бе­ру жүйесінің басшы және ғылыми-пе­дагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 об­лыстық педагог қызметкерлердің бі­ліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді. Бұрын әрқайсысы өз бетінше жұмыс жүргізіп жатқан инс­титуттар бір жүйеге бірік­тірілді.

    Қазір бұрынғы 36 сағаттық білік­тілік арттыру курстары орнына 72, 80, 120, 160 сағаттық курстар өткізілуде. 2012 жылдан бастап деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстар, 2015 жылдан бастап "Өзін-өзі тану" пәні­нен 3 айлық деңгейлік курстарды өт­кізу қолға алынды. Деңгейлік курстардың бағдарламасы "Сындарлы оқыту теориясына" негізделген. Бұл теория­ның мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

     Біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімнің өз бо­йын­да төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

   * бағдарламаның негізгі идея­ларына сәйкес рефлексивті ойлау;

   * оқыту үдерісін жоспарлау;

  * жеті модуль тақырыптары бойынша ықпалдастырыл­ған сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру;

   * оқушыларды оқу үдерісіне тарту;

   * оқушыларды тиімді түр­де жүйелі бағалау;

   * өзінің оқыту үдерісі бо­йын­ша рефлексия жасай алуы.

  Деңгейлік бағдарламалардың соңында тыңдаушылар Педагогикалық өлшемдер орталығы мамандары өткізген біліктілік емтихандарында инс­титутта 5 жыл көлемінде оқыған 2155 тыңдаушының 2152-і оң нәтиже көрсетті. Сапалық көрсеткіш 99,9%. Бұл республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер