Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қырқ 19, 2018 454

Үйден оқитын балаларға ерекше жағдай керек

Қоғамда қимыл-қозғалысы қиын, бойында кінәраты бар балалардың лайықты білім алуына…
Қырқ 19, 2018 368

ТҮЛЕКТЕР ТАБАН ТІРЕДІ

Білімге ден қойып жүр­ген жастар Ресей гран­тымен білім алып қайтқан студенттердің…
Қырқ 19, 2018 384

БАЛА БОЙЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІҢ САЛДАРЫ

Отбасы ішін­дегі қарым-қатынастардың балаға айрықша әсер ете­тіні белгілі. Сүйіспеншілік…
Қырқ 12, 2018 394

ҚАЙ ОҚУ ОРНЫН ТАҢДАДЫҢ, ТАЛАПКЕР: ҚМУ ӘЛДЕ БОЛАШАҚ?

Белді оқу орнының түлегі болу - әр­бір оқушы үшін арман. Өмірінің бір бөлігін өткізетін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 06:30

СЫНАМАЛЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ АШПАЙ МА?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Өткен жылы елімізде 66853 мемлекеттік қызметші аттестация тапсырған. Сынақтан өткен 4851 азаматтың лауазымы жоғарыласа, 747 адамның қызметі төмендеген. Ал, 146 қызметкер мемлекеттік қызметтен босатылған. Бұл туралы Қызылордаға іссапармен келген ҚР Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин баяндады.

    Департамент директорының айтуына қарағанда, мемлекеттік аттестация тапсырған азаматтардың қыз­ме­тіне сай еместері бар екені көрініп қалыпты. Ал, білімі мен тәжірибесі мол 1405 қызметкер мансаптық жолмен жоғары лауазымдарға тағайындалған. Бердалин­нің сөзіне сенсек, бүгінде мемлекеттік қызметте бірден жылы орын­ға жайғасуға мүмкіндік жоқ. Себебі Заңға сәйкес, мемле­кеттік қызметші сатылап қызметтік дәре­желерді алғаннан кейін жоғары лауазымға көтеріле алады.

    Соңғы жылдары қоғам арасында мемлекеттік қызметке тамыр-таныс жағалап, ортаға ағаларды салып, жұмыс істейтін азаматтардың бар екені жиі айтылып келді. Тіпті белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы білімді азаматтардың қасында жүріп, "арқаға мінген" қызметкерлердің жоғары жалақы алатынын жасырмай былай деп айтқан-ды:

     - Айталық бір бөлімде 10 адам болса, соның 5-уі нағыз жұмыскер, қалған 5-уі құр босқа орын алып отырған тамыр-таныстар, вакантты орынды, жалақыны, премия алып, билік баспалдағымен көтеріліп отырғандар.

   Жауапты қызметте отырған қызметшілердің жұмысты қаншалықты сапалы әрі уақытылы атқармай, білімдінің жанын сығалап жүретіндігін Елбасы да жиындардың бірінде түйреп өтіп еді. Демек, проблема бар. Осы себепті ҚР Мем­лекеттік қызмет істері агенттігі қызметшілердің еңбекақысын есептеу­де сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеу­дің жүйесіне көшкен. Мұны термин тілінде тәпсірлесек, факторлық баллдық шкала деп аталады. Жаңа жүйеде ай­лық-жалақы мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысы мен тапсырыл­ған жұмыстың нәтижелігіне қарай беріледі. Бұрындары мемлекеттік қызметшілерге бюджеттен артылған қаржылар негізінде сыйақы ретінде берілетін. Ал, жаңа тәсілде мемлекеттік қызметші жыл бойы еткен еңбегіне сай бонус алады. Алайда, жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің өзі сыйақыларды алып тастап, оның орнына бонус бергеннің еш айырмасы жоқ екенін айта отырып, "бонустарды тоқсанына бір рет тағайындауды қарастырса" деген ұсынысын жеткізді.

     Әдетте, жаңа реформа іске асса, оң не теріс жағы ескеріледі. Қызметшілердің атқарған жұмысын бағалау, тиісті бонус­тарды басқарма басшылары тағайындайды. Қазірде ел ішінде "сынамалы тәр­тіптегі еңбекақы жемқорлыққа жол ашпай ма?" деген күдік те жоқ емес. Себебі басшыға жағынып, оның қас-қабағына қарап әрекет ететін мемлекеттік қызметшінің бонус алуға мүмкіндігі жоғары деген екіұшты ойлар да бар. Қалай десек те, сынамалы тәртіптегі еңбекақының тиімді не тиімсіз екенін практика дәлелдеп береді. Оны біршама уақыт өткесін біле аламыз.

    Тағы бір мәселе. Жергілікті басқармаларда қызметті орындайтын мамандардан гөрі басшылардың көптігі. Яғни, қосшыдан басшы көп. Мұны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев талдау қорытындысына сүйеніп айтып отыр. Агенттік тарапынан облыс әкіміне арнайы хат жіберіп, ұсыныс берген.

   - Мәселен, Байқоңыр қаласындағы басқармада штат саны бесеу болса, соның 5-уі де басшылық қызметте. Демек, орындаушы жоқ. Біз осыған байланысты жиын өткізіп, мұндай мәселелерді ескеруге жұмыс жасаймыз,- дейді Б.Байхожаев.

    Мемлекеттік қызметте жүргендер тағы бір мәселеге алаңдайды. Бұл түнде­ліп жұмыста қалып, қабат-қабат қағаз толтыру. Жоғарыдан келген тапсырманы орындап, хаттарға жауап қайыру үшін кейбір мемлекеттік қызметшілер амалсыз қағаздарын үйлеріне алып кетіп жұмыс істейді. Алайда, агенттік өкілдері егер мемлекеттік қызметкерлер үлгере алмай жатса, жазбаша түрде басшысына шағымдана алатынын қаперге салды. Ал, департамент басшысы Арман Бердалин көбіне түнделетіп, жұмыстан кеш қайтатындарының себебі қызметшінің өзіне тікелей байланысты екенін қадап айтты. Ал, Берікбол Ұзақұлы алдағы уа­қыттағы Әдеп жөніндегі тәртіптік кеңес­те 8 сағаттан артық қызмет атқарып, түнделетіп жұмыс істейтін органдардың есептерін тыңдап, мәселесін қарайтындығын қоса айтып кетті.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

Оқылды: 90 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C