Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қаз 17, 2018 550

ПОВЫШЕНИЕ СТАТУСА ПЕДАГОГА – ОДИН ИЗ КЛЮЧЕВЫХ МОМЕНТОВ НОВОГО ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА

Примечательно, что Президент Н.Назарбаев выступил с Посланием народу Казахстана сегодня,…
Қаз 17, 2018 651

Шетел көру мақсат па, елде қалу жақсы ат па?

Санасында сәулесі бар жастар әрбір ұлтқа керек-ақ. Сондықтан да болар, жаһанның жуан…
Қаз 17, 2018 675

Білім саласында экономиканың беталысы неге ескерілмейді?

Маман даярлау ісінен неліктен мән кетті? Жоғары оқу орындарының білім сапасына қатысты…
Қаз 17, 2018 366

Кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартқан тәрбие ортасы

Қаншама тарихи жолдан сүрінбей өтіп, еліміздің еңбек шамшырақтарын дая­рлауда биіктерден…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:26

Өндіріс орындарының қарқыны

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Экономиканы әртараптандыру үшін ел ішінде көптеген өндіріс нысандары болуы керек. Сыртқы, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтуды көздейтін зауыттар мен фаб­рикалар экономиканың тұрақ­ты­лығын сақтап қала алады. Әрі жа­ңа жұмыс көздерін ашып, халықты еңбекпен қамтуға жол ашады. Сыр еліндегі соңғы жылдары салынған өндіріс орындары да эко­но­миканы әртараптандырып, тұ­рақты өсімді қалыптастыруға күш салып келеді. Оның үстіне Қызыл­орда облысы сырттан инвестиция тарту ісінде аймақтар арасында көш басында келеді. Ең ірі жоба­лардың бірі ретінде өңір экономикасына қозғаушы күш болатын шыны зауытының құрылысы да биыл толықтай аяқталмақ.

  Апта басында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шыны за­уы­тының құрылыс алаңына барып, өндіріс орнындағы ахуалды көзбен көріп қайтты. Өндіріс ортасында болған өңір басшысы жақында іске қосылатын 4 ірі нысанның құрылысын бағамдады. Төрт кешенін жұмыс істеу ауқымы әр­түрлі. Бү­гін­де аталған кешендер­дің жұмыс­ты аяқтау барысы әртүр­лі. Мәселен, дайын өнім қоймасы кеше­нінің жұмысы 85 пайыз, ішкі темір жол кешені 52 пайыз, негізгі цехтар кешені 45 пайыз, ішкі инженерлік желілер кешені 7 пайызға аяқталған. Қараша айына де­йін темір жолдың құрылысын аяқ­тау жоспарланып отыр. Бұдан қал­ды шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым бюджеттік қаражат есебінен жеткізілген. Ал, бү­гінге дейін газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жү­йе­сі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылып бол­­ған. Демек, алаң­дайтын мәселе жоқ. Жобаның қар­қын алуына ин­весторлар да мүд­делі. "Чайна    Триумф" компаниясы күн бата­рея­лары, смартфондар мен планшеттер үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөл­дір шыны өн­діру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретін­де қо­сылды. Бұл қуат­тылығы кү­ніне 250 тонна ультра жұқа шыны өн­діре алады. Жо­ба құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды. Өнім­дер­дің басты артықшылығы - қа­лың­дығы 0,15 мм тегіс және оптикалық бұр­ма­лануы төмен шы­ны. Зауыт құрылысының екінші кезеңінде 500 жаңа жұ­мыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұ­мыс орнын құрылмақ.

    Кадр мәселесі де ретімен шеші­мін табуда. Қазірдің өзінде құрылыс басында 17 мердігерлік компанияның 240-қа жуық жұмысшысы қызу тірлікте.

   Аймақта шыны зауытынан өзге де экспортқа өнім шығаратын цемент зауыты іске аспақ. Жақын күндері ел игілігіне бағытталатын зауыттағы жұмыстың 90 пайызы орындалып қойған. Іске жауапты мамандар желтоқсан айына дейін цемент зауыты өз жұмысын бастайтынын құлаққағыс етіп отыр. Мұны жақында Шиеліге сапармен барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құрылыс барысын пысықтауға барғанда тағы да салмақтай түсті. Зауыт жұмысымен танысу барысынан бөлек өңір басшысы Қытайда білім алып келген 20-ға жуық жас маманмен кездесіп, білім жайын сөз етті.

   Айта кетерлігі, жергілікті халықты еңбекпен қамту үшін "Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы ау­дандағы колледж түлектерін 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген-ді. Міне, енді сол білім жиып, тәжірибе жинауға келген ал­ғашқы түлек облыс әкімімен емен-жарқын кездесіп, ойда жүр­ген идеяларымен бөлісті.

   Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың қуаттылығы жылына 1 млн.тоннаны құрайды. Кәсіп­орын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдерге, ТМД және ҚХР мемлекеттеріне тасымалданады. Демек, нарықтың аясы кең. Жобаны іске асыру үшін "DANAKE Корпорациясы" ЖШС және қытайлық компания "Gez­houba Group Cement Co. Ltd" аясында "Компания Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС бірлескен кәсіп­ор­ны құрылған. Қарқыны қатты зауыттың өндіріске енуіне бірнеше ай ғана қалды. Өнеркәсіп толықтай жұмысын бастаса, 220 адам екі қолға бір күрек таба алады. Бұл жұмыссыздық деңгейін біршама төмен түсіреді. Әсіресе, аудандағы жас мамандардың еңбекпен қам­ты­луына айрықша мүмкіндік болып отыр.

    Қос бірдей зауыт аймақ экономикасының тірек салаларына айналады. Өнім өндіріп, оны сыртқы нарыққа шығару өнеркәсіп көле­мін ұлғайтып, ішкі инвестиция ах­­уалын жақсарта алады. Бұл Сыр өңіріне қаржы құюға бел байлап жүрген шетелдік инвесторларды ел­­ге тартуға септігін тигізе алады. Жалпы аймақта бірнеше жобалардан бөлек шағын кәсіптің де аясы кеңейіп келеді. Өнім өндіру ісін жолға қойған зауыттар Сыр экономикасының басты драйверіне айнала алады. Бұл үшін әкімдік барлық кедергілердің болмауын қадағалауда. Демек, өндіріс өркендеген, қызметі шираған кәсіпорындар ел экономикасының тұралап қалмауына тосқауыл бола алады.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 95 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ЖИЫРМА ЖЫЛ Ақ мақтадағы ақадал еңбек »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C