Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:25

ШЕБЕРХАНАДА ШИРЫҚҚАН ШЫДАМ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

           Ерінбей еңбек ету үшін төзімді болу жұмыр басты пендеге тән қасиет. Ақадал еңбек арқылы нәпақасын тауып, үйінің береке-бірлігін сақтап отырған қаншама жан бар. Қызметінің ауырлығына қарамастан содан ләззат алып, қызығы мен қиындығына қатар төзіп келе жатқан маман иелерінің еңбегі ерен. Десек те, қоғам санасы абыройы асқақ мамандықты үлгі тұтады. Балам "бастық" болсын деп барын беріп жатады. Маңдай тер, табан ақы еңбекпен қара жұмыстың өзін құлшынысымен жасаған кісіні көрсе, мұрынын шүйіріп, басын шайқап кететіндерді де қоғам жасырмайды. Алайда, нар тұлғалы азаматтар оңай жолмен олжа тапқанды хош көрмейтіні ақиқат. Қызылорда қаласында техника тілін жетік меңгерген Нұрлан Иманғалиев еңбектің шыңына шыққан маман иесі. Қызметі қиын болғанымен, еңбегін ел ескере бермейтін шебермен тілдесіп, бір күн бойы жасайтын жұмыс барысымен танысып қайттық.

    Қазір заман дамыған сайын түрлі техниканың түрленіп, көз тартарлықтай күйге еніп шығуы заңдылық. Бір түймені бассақ болды, бәрі дайын болып шыға келетін дүниені алуға құмар­татын халық көп. Жасыратыны жоқ, қол жеткен құнды затты әрі-бері айналшықтап, техникамен таныспай қолданысқа енгізуге асығамыз. Тұрмыстық техни­каның тілін білмегендіктен не болмаса сапасыз тауардың төзімі таусылғандықтан істен шығып жататын кездері жиі кездеседі. Тығырықтан шығатын жол біреу ғана. Ыңғайлы бағаға сапалы қызмет ұсынатын шебердің ке­рек екендігін сіз де біліп отырған боларсыз. Бүгінгі "Еленбейтін еңбек иелері" айдарының кейіп­кері Нұрлан Иманғалиев бір­неше жылдан бері кез-келген отандық және шетелдік ірі тұрмыстық техника мен элект­рониканы жөндейді. Шебердің айтуынша, электрониканы жөндеу шебер­ха­насының негізгі қызметі плаз­малы панель мен теледи­дарды, аудиотехника мен бейнеаппа­ратураны, сондай-ақ магнитола мен магнитофон, мик­рофон, бейнемагнитофон істен шықса қалпына келтіруге барын салады. Жанына жақын іс болған соң бар күш-жігерін жұмсап, көз майын тауысқанша тірлікті тап-тұйнақ­тай етіп бітіретін көрінеді. Асыра мақтап отырған түгім жоқ. Шеберхана ғимаратының ішінде жұмысын бақылағаннан кейін, еңбегінің қаншалықты ауыр екендігіне көзім жетті. Күніне ең аз дегенде 3-4 адам келіп, өзінің жарамсыз болып қалған тұрмыс­тық техни­каларды алып кел­генде қызығу­шылық танытып, қай бөлшегінің істен шыққан­дығын тапқанша асығады. Шар­шау дегенді біл­мейтін шебердің еңбекке құл­шынысы орасан. Мен ең әуелі Нұрлан Иманға­лиевты сөзге тартып кәсібіне деген махаб­ба­тының басталуына не түрткі болғандығын сұрағанды жөн санадым.

   - Жастайынан осы салаға әуес болдым. Алғашқы еңбек жолым­ды Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан бастаған­мын. Өнерлілерді топтастырған білім ордасында дыбыс режиссері болып еңбек еттім. Телевизия мен радиода дыбыстық мате­риалдарды дайындауды ұйым­дастырып жүрдім. Одан бөлек дыбыстың техникалық, көркем­дік сапасын бақылап, түрлі кон­церт, гастролдік іссапарлар мен театр сахнасында қойы­латын қойылымдар да дыбыстық эффектілерді қосып, дауыстың сапалы шығуын реттеп отырдым. Мұның барлығы мен үшін қызық болатын. Тек дыбыс режиссері ғана емес, сол кезде музыкалық аппаратураны, кейде микро­фондар істен шыққан кезде бір­ден жөндеуге құмар едім. Содан бері осы кәсіпті әлі күнге дейін жаныма серік етіп жүрмін. Алматыда арман қуалап бірнеше оқуды оқып, бітіріп алғаным бар. Тіпті, техника жөндеудің қыр-сырын меңгеру үшін шет елде де білім алдым. Ал қазір туған жер топырағында өз кәсібімді дөң­гелетіп отырмын, - дейді Нұрлан Иманғалиев.

    "Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалты­рай да жарқырай да береді" деген екен Қаныш Сәтпаев. Расында да білімінің арқасында еңбек етіп, отбасының ықыласына бөленіп жүру ең үлкен бақыттың бірі. Бастысы үздіксіз білімін жетіл­дірген Нұрлан есімді шебердің халыққа қызмет етуінің өзі үлкен мәртебе емес пе?! Асқар таулы әсем Алматыдан ата-ана­сының жасы келгеніне байла­нысты қо­ныс аударған Нұрлан Сыр елінде де сыйлы. Бірінші рет шеберхана табалдырығын аттап, енді алға ентелей берген адамның көзі бөл­ме іші толған тұрмыстық техни­ка­ның бөлшектеріне еріксіз түседі. Осыншама бөлшектердің ара­сында шашына аздап ақ түскен, кәсібіне берілген ер кісіні байқай­сың. Клиент алып келген тауарды алыстан танитын қасиеті бар. Мұ­ның өзі сан жылдық тәжіри­бенің жемісі десек қате­леспейміз. Қы­зы­ғынан қиын­дығы басым қыз­мет барысында шыдамдылық пен төзімділік қа­сиеттерінің керек екендігін шебер баян етті.

    - Алғашқы кезде барлық сала қызықты көрінеді. Қиын тұсын көрмей ала таңнан кешке дейін жұ­мысқа берілетін сәттер жиі болатын еді. Қазір жастық жігер, жалындап тұрған отты өз бойым­нан байқап тұрған жоқпын. Содан болар тек күн көрістің қамы үшін осы саланы ермек етудемін. Кү­ніне әр түрлі адам келген­дік­тен, мінезі де біркелкі бола бер­мейді ғой. Тексертуге алып келген тех­никасын асықпай қарап, жөн­деуге жарамды я жарамсыз­дығын қарап отырғанымда әр нәрсені сұрап кедергі келтіретін клиент­терім де бар. Оларға ештеңе деп айта алмаймын. Көпшілікпен жұ­мыс жасағандықтан түрлі мінезге төтеп беруге даяр болу қажет, - дейді ол өз сөзінде.

    Машақаты көп маман иесінің еңбегі қаншаға бағаланады? Бұл сауал сізді де толғандырып отыр­ған болар. "Сыйға-сый, сыраға-бал" деген тіркес бүгінгі нарықтық заман талабына сай келетін сияқ­ты. Бұл жөнінде шеберден сұра­дық. "Мен келген тауардың сапа­сына, қаншалықты жөндеуді қа­жет етіп тұрғандығына қарап баға айтамын. Жұмыс көлемі қандай болса, бағасы да дәл сондай бола­ды. Кейде кішкентай ғана көрі­нетін затқа қомақтылау қаржы сұрасам, шошитындар көп. Себе­бін сұрап, сұрақтарын жаудыр­тады. Олар қай бөлшектің қандай қызмет атқаратынын білмейді ғой. Сондықтан да бағаға кел­ген­де сараңдық танытып жа­тады. Мысалы, көзге көрінбейтін резис­тор сияқты ұсақ-ұсақ ком­поненттерді зерттеп қарау үшін 3-4 күн кетеді. Оны ауыстыруға тағы уақыт жұмсаймын. Ал, мұны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ха­лықтың тез түсіне қоюы да қиын. Сондықтан алдын ала бағасын айтып ескертемін. Кейін қолды бір сілтеп, басқа техника жөндей­тін орынды іздейді" - дейді маман. Еңбегінің ақысын ашып айтпаға­нымен, жұмысына қарай жұмса­л­атын қаржының қалыңдай түсе­тінін оңай аңғаруға болады.

     - Халық техника таңдағанда сапасына қарап алмайды. Арзан болса болды, қалтасындағы қар­жысын тез шығарып, мәз болып үйге келеді. Нұсқаулыққа қарап қалай қолданатындығын да оқы­майды біздің халық. Өз білгені­мізше пайдаланып, жарамсыз бол­са тағы да жөндеп әлек бола­мыз. Содан кейін ғана нағыз ма­манға жүгінеміз. Тауар қанша жерден арзан болса да, жөндеуге кел­генде екі есе шығындалып жатады. Мұны түсінетін адам кемде-кем. Сондықтан да сал­ғырттыққа салынбай әр заттың сапасына қарап шешім қабылдау керек сияқты. Шеберханамда тұрған заттардың тең жартысы жөн­деуден өткен. Сенесіз бе, әлі бірде біреуі өз затын іздеп келген жоқ. Бұл ұқыпсыз жандардың әлі де бар екендігін білдіртеді. Уақыт алтыннан да қымбат. Ал, олар менің алтын уақытымды ұрлап кетті. Көз майымды тауысып, бір жұмысты бітіруге маңдай терімді сарп етемін. Оның жемісін жей алмай қапыда қалғаннан ауыр ештеңе жоқ. Халық осы мәселеде жауаптырақ болса екен деймін,- деген шебер жанайқайын да жасырмады.

   Түйін. Паяльник, мультиметр, генератор сынды құрал-жабдықтар шебердің оң қолына айналып үлгерді. Еңбектенуден ерінбейтін Нұрлан Иманғалиев тілсіз дүниелерді тірілтіп, қайта "жан бітіріп", жарамды етіп шығаруының өзі халық игілігіне арналған үлкен көмектің бірі. Ата-анасының қалауымен атажұртқа оралған кейіпкеріміз туған жердің халқына қызмет ете бермек. Үлкеннің бір ауыз сөзі шынайы арманына шектеу болса да, ол өз жұмысын жарты жолда қалдырған жоқ. Керісінше, шыдам мен еңбегінің арқасында бақытқа кенелген жанның бірі деп толық айта аламыз.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 55 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C