Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1001

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 11 Қазан 2018 05:05

«Қазпошта» қарқынды қызметімен қуантуда

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Өткен апта Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында "Қазпошта" АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаеваның қа­тыс­уымен брифинг өтті. Халы­қ­аралық пошта күніне орай журна­лис­тердің басын қосқан жиында Қазпоштаның қызметі мен жаңашылдығы жөнінде және қазіргі таңда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарына тоқталды. Күн өт­кен сайын дамып, өз аудиториясының кеңеюіне жол ашқан "Қазпоштаның" облыс бойынша қа­лада, аудан орталықтарында және шалғай ауылдық округтерде орналасқан 193 өндірістік нысаны бар. Қала мен ауылды, елдер мен континенттерді бірік­тіріп, қарым-қатынас үшін уақыт пен қашықтықты қысқартып, қазақстандықтарды почта және қаржы салаларының қазіргі заманғы, ыңғайлы және сапалы өнімдері және сервистерімен қамтамасыз етеді. Сан түрлі сапалы қызметтің барлығы халық үшін жасалынып жат­қан жұмыс екендігі анық. Алайда, көпшілік пошта қызметінің қолжетім­ділігін дұрыс пайдаланбайды. Сол себепті де поштаның пайдалы қызметінен халық өзіне жайлылық пен ыңғайлылық іздеуі үшін барлық шараларды іс жүзінде жүзеге асырып отыр. "Қазпошта" АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Абибуллаеваның сөзін негізге алсақ, бүгінгі күні почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынып отырғанын байқаймыз. Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне аталған қызметтердің негізгі атқаратын жұмысымен толығырақ тарқатып атап өтті.

   - Почта қызметі саласында почта байланысының әмбебап қызметтерін, хаттарды, сәлемдемелер мен жеделдетілген және курьерлік почтаны, ақша аударымдарын жеткізу, мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша түрлі қызметті халыққа ұсынады. Ал, қаржылық қызмет көрсету барысында төлемдерді қабылдау, заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, валюталық-айырбастау опе­рациялары, депозиттерді қабылдау, инкассация, ақша мен құндылықтарды тасымалдау және басқа да сапалы жұмыстарды атқарады. Мұның барлығы қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді, - дейді А.Әбибуллаева.

   Айта кетейік, қазіргі таңда пошта өзінің өз карточкалық жүйесінде төлем карточкаларын шығарып үлгерді. Қызылорда облыс­тық филиалы бойынша 10187 дана төлем карточкасы шығарыл­ған. Сонымен қатар "238564 клиент мекеменің барлық қызметтерін пайдаланады, оның ішін­де 364-і жалақы алуға, 100263-і зейнеткерақы мен жәр­демақы алуға, 485-і төлем қабылдауға, ал 1134 адам компаниямен есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге шарт жасасқан. Сондай-ақ осы жылдың пошталық қызметтерінің кірісі мен шығысы да біршама жоғары деңгейге жеткен. Демек, халықтың сұранысы әлі де пошта қызметінде екендігіне негіз бар",- деп атап өтті "Қазпошта" АҚ филиалының директоры Аида Әбибуллаева.

   Брифинг барысында "Қазпоштаның" тағы бір қуантарлық жаңалығымен бөлісті. Заман талабына сай электрондық коммерция нарығының дамуы жаһандық цифрландыру салдарынан қар­қынды өсуде. Осыған орай пошта қызметі де жаңашылдыққа бет бұрды. "Бүгінгі күні бізбен ірі-интернет дүкендер жұ­мыс істейді. Flip.kz, QazBuy, сондай-ақ dalaman маркетингпен және e-Gov "электрондық үкі­метпен" және интернет-дүкенмен интеграция жүріп жатыр. Сондай-ақ, біз онлайн төлем және тауарды жет­кізу функцияларын бірікті­ретін пошталық интернет-эквайринг-Payost фулфилмент ұсынамыз. Интернет-дүкен ашып, жеке кәсіп бастаған жандар үшін фулфилмент тиімді. Себебі тауарды қабылдап оны сақтау, буып-түйіп, тұтынушыға жібереді. Бұл қызмет Қазақстан нарығында әлі жас",- деп атап өтті "Қазпошта" АҚ филиалы басшысы. Қарқынды жұмыс, жүйелі жаңа бастама, сапалы қызметке сұраныс. Осының барлығы "Қазпошта" АҚ-ның өз тұтынушысына берген мүм­кіндігі десек болады.

 Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 78 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « NIKE ПЕН ADIDAS БРЕНДТЕРІ БАСЫМ ТҮСТІ 7/7: апта айшығы »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C