Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 582

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1001

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 11 Қазан 2018 05:12

7/7: апта айшығы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

БАСПАНА БАҒАСЫ БАҒЫНБАЙ БАРАДЫ

   ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұрғын үй нары­ғындағы баға біршама өзгергенін хабарлады. Қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату ба­ға­лары - 0,2, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату 0,1 пайызға өскен.

   Қыркүйекте жзаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 264788 теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 184430 теңге, абаттандырылмаған тұрғын үй­лердің шаршы метрі 114206 теңге болған. Ал, абат­тандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шаршы метріне 1367 теңгені құрады.

 

 АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАНДАМАЙ ТҰР

   Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы да құ­былмалы. Жауапты мамандардың айтуынша, ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті 2,7, қой еті 1,7 пайызға қымбаттаған, ал құс еті 9,5 пайызға арзандаған.

   Көкөністер мен жеміс-жидектер бағасы да шарықтап тұр. Ведомство мәліметінше, қаңтар-қыркүйекте баға би­дай 4,4, сұлы 4,3, қара бидай 3,9, жүгері 3,4, күріш 2,9, арпа 0,8 пайызға өскен. Халық көп тұтынатын картоп 8,3, басты пияз 5,4, асханалық сәбіз 5, ашық топырақтың қы­занақтары 4,9, ашық топырақтың қиярлары 2,4 пайызға арзандаған.

3 ОҚУ ОРНЫ ОЗЫҚ СТАНДАРТҚА ЕНЕДІ

    Аграрлық ғылым мен білімді бизнестің қажет­ті­лік­теріне бағыттай отырып, реформалау және техноло­гия­ларды трансферттеу шаралары қолға алынды. Үш бағытта - білім, ғылым және білім тарату жүйесі. Аграрлық білім бе­рудің сапасын жақсарту мақсатында 3 аграрлық оқу ор­ны білікті мамандар даярлау ісіне жұмылдырылып жа­тыр. Оларға Назарбаев университетінің үлгісімен әлемдік озық жоғары оқу орындарының стандарттары ен­гі­зіледі.

ҰСТАЗҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

  Шымкентте ұстаздар мерекесіне орай баспанаға мұқтаж мұғалімдерге тұрғын үй сертификаты тапсы­рыл­ды. Қала әкімі атынан сертификаттар беру білім бөлімінің пилоттық жобасы аясында ғана мүмкін болып отыр. Бастысы, сертификатқа ие болған ұстаздар мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін пәтер бағасының 10 пайыздық алғашқы жарнасын төлемейді.

23 МЫҢ АДАМ ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІ

   Біріккен Ұлттар Ұйымы "Ауғанстандағы есірткі ал­қабының көлемі 200 мың гектардан 328 мың гектарға дейін артты" деген мәліметті алға тартты. Мұндай ақпарат ха­лықаралық сарапшыларды алаңдатып отыр. Есірткіні заң­сыз экспорттайтын тек Ауғанстан ғана емес, оның ба­лама түрлері елімізге Ресей мен Қытайдан да келіп жа­тыр. Соның салдарынан Қазақстанда есірткіге тәуелді 23 мың адам тіркелген. Ал, ұйымдар есірткіге елік­­кендердің саны 120 мыңнан асады деген деректі растап отыр.

224 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПҚАН

   2018-2020 жылдарды өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъек­тілерінің саны бойынша өңірлер арасында Қызылорда облысы қара үзіп тұр.

    9 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік саласында 101 жобаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес несиесі бойынша 52 жобаға кепілдік ұсынылды, гранттық қаржыландыруға 200 млн. теңге бөлініп, облыстың 224 кәсіпкерінің жобасы қолдау тапты.

 ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

     "Zhasproject" жастар жобасы аясында аудан тұрғыны Дархан Досболова тігін цехын ашқан. "Ақнар" атауын алған тігін шеберханасы қыз жасауы, мерекелік киімдер, төсек-жабдығын басқа да бұйымдарды ауыл тұрғын­да­рына ұсынатын болады. Жоба заңдылықтарына сәйкес "Ақнар" тігін шеберханасы 6 ай бойы әлеуметтік аз қам­тыл­ған, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдер мен балаларға тегін қызмет көрсетеді.

Жинақтаған А.ҚАРАКЕСЕК

 

Оқылды: 57 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C