Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 601

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 443

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 471

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 381

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:14

АҚША ТАПҚАН САЙЫН ЖЕТПЕЙДІ. НЕГЕ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Осы сұрақ көпті ойландыратынын білдік. Білген соң зерттеуге ұмтылдық. Себебі "қолдың кірі" саналатын ақша төңірегіндегі ойлар бір-бірінен асып түседі. Дөңгеленген жер бетінде кез келген жұмыр басты пендені өзіне тәуелді етіп қоя­тын құнды қағаздың құдіреті кейде адамды еркінен тыс ойлануға апарып тастайды. Еңбектің өлшеміне айналған ақшаның адам өміріндегі орны кейде халықтың пі­кірін сан түрлі арнаға жетелейді. Алайда, ақша табу мен оны жаратудың арасында ортақ сауал бар. Со­нымен ақша тапқан сайын неге жетпейді?   

   Бір қарағанда, ойнақы тақырыптай көрінеді, астарына үнілсең, жауа­бын табу қиын. Десе де, қоғам пі­кірін екіге жарған осы тақырыпты негіз етіп алуға бекіндік. Басын ашып алайық. Бұл әлеуметтік зерт­теу емес. Халық жадына жақын сұ­раққа жауап іздеу.

   Қазақта "мың ділдә бардың қалтасында, жоқтың аузында" деген тәмсіл бар. Бірақ, тапқан табыс пен шығыстың арасын есептеп отыру көп жағдайда ақшаны реттеу үшін қажет. Бірі мұны дұрыс көрсе, ендігі бірі табыстың бәрі жаратыл­уы керек деген ойды меншіктейді. Есеп жүргізетіндері ай соңында қолға тиетін айлықтың бір бөлігін несие жабуға, бір бөлігін азық-тү­лікке, өзге де шығыстарға бөліп қояды. Артылғаны көңіл көтеруге жұмсайды. Бұл - әлеуметтік желіде пікір қалдырған халықтың ойы.

   Ақшаның жету не жетпеуі адамның өзіне байланысты. Халықтың басым бөлігі "қаншалықты ақша тауып, қызметің өсіп, таныс-тамыр көбейген сайын баратын жерің де арта түседі" десе, "қанша кіріс кірсе, сонша шығын шығады, байлықтың соңынан қуғанмен түбіне жетпейсің" деп жауапқа ой қосады.

    Ортаға тасталған сауалдан оймақтай ой іздедік. Әлеуметтік желі­дегі жауаптардың дені қанағаттықтың жоқтығына әкеп тірейді. Бұл пікірмен келіспейтіндер де өз мысалын дәлелдеуге тырысқан.

    - Әрине, адам көбірек ақша тапқан сайын тек сапалы дүниелер алғысы келеді. Ақша аз кезде, 4-5 мыңның аяқ киімін місе тұтады, ал ақшасы көп болса, кемі 10-15 мыңның аяқ киімін алады,-дейді Гүлнар Жомартова. Ал, Сыргүл Молдраймова есімді желі қолданушысы "мәселе біздің ақшаны басқара алмауымызда" дегенді алға тартты.

    - Себебі біз ақшаны өте қатты жақсы көреміз. Сондықтан да көп ақша алатын адам есепке қарамай жақсы дүниелерді ала береді. Тамақ пен ең қажетті киімнен де басқа, қымбат кір машина алу, сапалы жиһаз сынды дүниелер аламын деп, алдын ала оймен жаратып тастаймыз. Ақша дегенің су ғой, қалай қолымызға тиеді, солай жоқ болып кетеді. Аз ақша тапқан адамның кірісі берекелі,-дейді ол.

    Міне қызық, мына пікірден ке­йін сізге де, бізге де жеңілтек ой ке­леді. Сонда барлығымыз ақшаны аз табуымыз қажет пе? Бұл сұраққа "ақша табудың жолын білген адам оны жаратудың жолын біледі. Сол себепті қанша тапсаң да ақша жетпейді" деген пікірлер ойды сан-саққа жетелейді.

   Ақшаның мақсатты жұмсалуы адамның жас мөлшеріне де тікелей байланысты. 18-25 жас аралығындағы жастардың айлық табысы қызық қуып, думан өткізуге кетіп қалады. Мұны жастық кезеңде жүр­гендердің дені мойындайды. Осы орайда табысты ай сайын емес, күн сайын табатын шаштаразшы Ақжол Асқарұлының пікірін ескере түстік.

    "Күніне халықтың келуіне орай еңбекақы аламын. Жұмысым жақсы жүрді дегенде 13-15 мың теңге, ал адам аз келген кезде 6-7 мың теңге қалтама түседі. Тапқан табысым азық-түлікке, жол шығынына, киінуіме, одан бөлек қыдыруыма кетеді. Жұмыс жасап жатқаннан ке­йін ата-анама беретін ақша тағы бар. Қанша ақша тапсам да, соның барлығына бірдей жеткізіп отырамын".

    Әлгінде айтқандай, ақшаны жаратудың жас шамаға бағынатынын 30-50 жас аралығындағы отбасылы жандар да мойындайды. Соның бірі - "Сырдария" мөлтек ауданында тұратын Айжан Ыдырысова.

    - Айына түсетін жалақының жарататын өз орны бар. Қаржы қол­ға тиген кезде азық-түліктен бө­лек үйге керекті жиһаз, кілемдерді ауыстырғың келеді. Тіпті киім ал­ған жағдайда да бөлініп киінеміз. Алдымен балаларымды, кейін өзі­мізге киім аламыз. Отбасылы болғаннан кейін ара-тұра барлығын есепке салып отырған артық етпейді. Әрине, жұмсау деген осы екен деп оңды-солды шаша беруге тағы болмайды,- дейді Айжан.

    Жалақыға жан бағып отырғандардан өзге зейнетақыға күн көріп жүрген зейнеткерлер де ақшаны бас­қарудың жолын білмесең, ша­шы­лып қалу әсте оңай деген ойға келіседі.

    - Үлкейгеніміз рас. Зейнетақымды жинап отырамын. Кәрілікке қадам басқасын дәрі-дәрмекке де қаржы бөлеміз. Туған-туыстың той-томалағы да ақшаны талап ете­ді. Ауысқан қаржыны балаларыма бөліп беремін. Жас үлкейген сайын киімді де көп кимейсің,-дейді ол.

   Тақырыптың түйінін тарқату біздерге оңай болмады. Себебі сан түрлі пікірлер ойды бір арнаға сыйдыра алмайды. Ақша әлеміндегі айтулы сұрақты мына бір оймақтай оймен сабақтауға тура келді. 

    Кеңес дәуірінің идеологиясы бойынша ақшадан тежелуге, құмар болмауға үндеген болса, қазіргі өмірде "мол тап, барынша көп ал" дейтін қағидамен өмір сүріп келеміз. Экономикалық жағынан "өз күніңді өзің көр" талабымен сәйкес келгенімен, ақшаға құл болып, жетегінде кетуге болмайды. Өйткені, ақша адамзат үшін материалдық демеу болғанымен, ешқашан рухани құндылық бола алмайды. Рас, "бәрін ақша шешеді" деп айқайлайтын замандастарымыз да кездеседі, ол коррупциямен байланысты сөз екені аңғарылады. Сондықтан ақша тапқан сайын жеткізетін жолдар бар, ол: қаржылық сауаттылық, уақытты тиімді басқару және рухани дамуға қаржы жұмсау.

Абзал ЖОЛТЕРЕК

Оқылды: 30 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C