Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 602

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 444

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 472

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 383

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:35

Көктасты кәсіп қылған Қанат

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

   "Адамның жолдасы - ең­бек, жетекшісі - талап, қор­ғау­­шысы - сабыр, сынаушысы - халық" деген даналық бү­гінде көмескі тартты деуге келмейді. Себебі еңбекті жолдас етіп, сол маңдай тер еңбегінен береке тауып, сабыр мен төзімділікті қатар ұстап, ең­бегі жанып жүргендер аз емес бұл күнде. Еңбектің қай түрі болмасын адалдыққа негіз­делсе ғана айналадағы халық­қа шапағатын тигізеді. Екі мы­ңыншы жылдары ел ішінде халықтың қажетіне қарай кәсіп түрін ашқан Қанат Ізбасаров көктас жазу өнеріне көңілін бұрды. Аядай бөл­ме ішінде 15 жылын көктас жазу ісіне арнап келе жатқан оның мехнатты еңбегі елге керек, ісі халыққа қажет.

     Тоқымдай жерде тірлігін бастаған Қанат Ізбасаров құр қарап отырғанға береке жолықпайды дейді. Ағалы-інілі көктас жазудың қыр-сырына қаныққан олар кәсіпті 15 жыл бұрын бастаған. Алғашында халықты тарту үшін жайлы орын іздеп, сапалы қызмет ұсынудың тетігін тапқан. Жа­ңа базар маңына жайғасып, алғашқы тапсырыстарды қа­былдай бастаған.

   Көктас жазу тас бетіне сурет салып, гранит пен мәр­мәр­ға қаза болған азаматтың атын жазып беруден басталады. Қайрат Ізбасаров қолмен салу ісі­нің шебері болып алғанын ашық айтады. Кейіннен технология компьютер арқылы сурет пен жазуды орналастыруға болады, алайда Кеңес үкіметінің көзін көрген орта буын қолмен салуды құп көреді дейді.

    - Гранит, мәрмәр тастарды көлеміне қарай Алматыдан арнайы тапсырыс беріп аламыз. Қара тастарға жазу әлдеқайда жеңілірек. Тасқа суреттің нобайын салуды гравировка дей­міз. Бірақ адамның бейнесін салу шариғатта құпталмайды. Дегенмен, адамдар құлыптасқа анасының не әкесінің суретін қоса бергенді жөн көреді. Бұл іс шыдамдылықты қажет етеді. Себебі қолмен қашап, айна-қатесіз жа­зу маңызды. Графика мен сызуға икемі бар адамдар көк­тас жазу ісіне машықтана алады,-дейді Қанат Ізбасаров.

    Құлыптас жазуға жастардың да бейімі бар көрінеді. Бір ғана Жаңа базар маңында 4-5 көктас жазушы кәсіптен нәпақасын айырып отыр.  Арасында жастар да аз емес. Тек олар сурет пен сөзді компьютерлік графика салып даярлайды. Тапсырыстың тым төмен емес екені бір аймақта қатар орын тепкен көктас жазушылардың қарқынынан байқауға болады.

   Кәсіпте шығын мен кірістің арасы деген ұғым бар. Жалға алған дүңгіршектің төлемін есептеу, мәрмәр мен гранит тас­тарға жұмсалатын шығындардың алып тастағанда таза ең­бектің құны шығады. Жалпы кейіпкер тапсырыс күнде бола бермейді. Кейде күніне бір-екі, кейде бос қайтатын кездер аз емес дейді.

   - Негізі көктас жазудың бағасы әртүрлі. Көлеміне қарай орта есеппен 10-15 мың теңгені құрайды. Құлыптастың толық дайын болуына 2-3 күн кетіп қалады. Тым күрделі тапсы­рыс­тар бір аптаға созылады. Көктас жазу деген бір адамның рухына арналатын құлыптас болғандықтан қателіктерге жол беруге болмайды. Әрі ата-әже, әке-шешесіне белгі ретінде орнатылатын ескерткішті жасағанда құлшыныспен жасауға тырысамын. Себебі халық риза болып қайтуы керек,-дейді Қанат Ізбасаров.

   Орта жастан асқан көктас шебері құлыптаста жазылатын мәтіндерге кейде көңіл бөліне бермейтінін, тілдік қателіктерге жол беретін тапсырыс берушілердің бар екенін жасырмайды. Ата-баба рухына арнайылап жасалған құлыптастың қа­тесіз жазылуы тек дүние дидарымен қоштасқан адамға ғана емес, келешек ұрпағына қолайсыздық тудырады.

    - Кейде орыс тілінде жазылған адамның аты-жөні келеді. Сондайда тапсырыс иелеріне қазақшалап жазуымыз қажет емеспіз бе десем, жеке төлқұ­жат­та солай жазылған деп қыс­қа қайырады. Меніңше, топырақ жастаған адамның ныспысы айна-қатесіз жазылуы керек. Ол кейінгі ұрпақ үшін керек. Өтпелі уақыт деп қарауға болмайды. Қабір басында тұр­ған қателікті көріп, кейінгі ұрпақ сабақ алуы керек. Оны кейде ескере бермейді. Біздің тағы бір қателігіміз - дүниеден озған адамның қызмет тәжірибесін жіпке тізіп, құлыптасты сөзбен толтыру. Артынан ерген ұрпағы бейіт басына келгенде оның қызметіне бас июге емес, өзіне құран бағыштау үшін келеді. Соны ескере бермейтінін көңілге қаяу түсіреді,-деп әңгі­месін бір салмақтай түсті кейіп­керіміз.

   Аядай бөлмеде отырып адал кәсіптің отын жаққан Қанат Ізбасаров Сыр елінің өзге аймақтарға қарағанда ұлттық құндылықтарға деген, түптамырды сақтауға келгендегі қасиетінің ерекше екенін мақ­танышпен жеткізді. Оның ай­туынша, құлыптас жазу­­да адамның қай рудан шыққаны қоса жазылуы керек. Тамырын түгел танып бі­лу­ден қа­лып бара жатқан уа­қытта жер әлемге аттанған ата-анасының рулық шежіресін білу қазақ екенін ұмытпауға жол ашады. Тіпті көк­тас жазушы тапсырыс берушілердің қатарында құлыптасқа арнайы өлең жаздырып, сүрелер салуды қалайтындардың қатары аз емес екенін айтып берді.

   Расында, көктас қою - перзенттің парызы. Сол жауапты істі мойнына алған көк­тас жазушылардың ақа­дал еңбегін кейде бағалай біл­мей­тініміз рас. Тапсырыс берушілердің арасында уақыт созып, сыни пікір айтатындар да табылады. Мұндайда ақша берген адамның әрекеті дұрысқа баланатын нарық ережесі кесе-көлдеңен тұрып алады.

     Жексенбіде халық қарасы көп болады деген сенім көк­тас жазушыларға қарата айтылмаған сыңайлы. Себебі бұл ашық сауда емес. Көктас­ты қоюды парыз санау артынан ерген ұрпақтың міндетіне байланысты. Біз әңгіме арқауына айналдырған құлыптас шебері бос уақытты құр жібермеудің жолын шайырлар мен ақындардың кітаптарынан тапқан. Таңнан кешке дейінгі тоқтаусыз тірлік болмаса да, аядай бөлмедегі ақадал еңбегімен отбасын асырап, тірліктің тінін тап­қан, көктастан кәсіп қылған Қанат Ізбасаровтың "қоғам маған жағдай жасауы керек", "Үкімет өлтірмейді" деп құр қарап отырған адамдарға ой салуы керек. Құлыптас өнеріне келуді өмір қажеттілігі апарған кейіпкердің қарапайымдылығы мен сабырлығы шағын кәсіптің берекесін кіргізіп отыр.

 Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 74 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C