Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 602

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 444

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 472

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 383

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:45

ШЕБЕРЛІКТІҢ ШЫҢЫНА ҰМТЫЛҒАН АҚЖАРҚЫН

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Кәсібімді дөңгелетемін деушілерге қазір жақсы жағдай жасалған. Жастар­ға да, егде тартқан кісілерге де мүм­кін­дік мол, тек ниет болса болғаны. Тың идеялардың жүзеге асуы үшін түрлі бағыт беретін жобаларға басымдық берілуде. Соның бірі - "Zhas project" жобасы. Алғаш рет Қызылорда облысын қам­тыған аталған жоба 14-29 жас аралығындағы жастардың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік бер­ді. Мыңнан аса жалындаған жас бағын сынап, берекелі істің басталуына ден қойғанымен, қаңқасы мықты жос­пар ғана жетістікке жететіндігі аян. Қазіргі таңда, кәсіп бастап, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандар жетерлік. Әркім өзіне жақын істі өмірлік серігіне айналдырып, дөңгеленген кәсіптің жемісін көруде. Соның бірі ретінде жаңақорғандық Ақжарқын Тасболатты айтуға болады.

    Оңай олжа жоқ, бар болған күннің өзінде ғұмыры қысқа болары хақ. Кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамның сәтті болуы да екіталай. Алайда, Ақжарқын еш қорықпастан кәсіп ашуды көздеді. Мақсатына да жетті. Бірақ, тәуекелге бел буып, өзінің дара жолын қалыптастыруда қиындықтарға тап болды.

    - Мамыр айында "Zhas project" жобасының басталатынын ауыл әкім­ші­лі­гі хабарлаған еді. Мен бірден қызығу­шылық таныттым. Әлеуметтік жобамды даярлау алдында көп ойландым. Бі­рін­шіден, икемім мен қабілетімнің қаншалықты бар екендігіне көз жеткізіп, қай істе жетістікке жете алатынымды ой­ша сарапқа салдым. Әлеуметтік жоба болғандықтан ауыл тұрғындарына не керек екендігін, қандай кәсіп түріне сұраныстың көп түсетіндігі жөнінде жан-жақты ойландым. Содан ауылда тігін шеберханасының жоқ екендігіне көзім жетті. Өзімнің тігін өнерінен сауат ашқаным бар еді. Сондықтан да тек оқып қана қоймай, ісмерлікті кәсіпке айналдырғаным дұрыс деген ой туындады,- дейді Ақжарқын Тасболат.

   Мақсат айқын, бағыт белгілі болғандықтан арманға жетуге деген талпыныс та арта түседі. Ақжарқынның шын ниетімен қалаған арманының ақиқатқа айналуына ата-анасы қолдау білдірді. Десе де, көп туыстары мен құрбы-құрдастары сенімсіздік танытты, бірақ ол кейінге шегінген жоқ. Алға қарай ұмтылуының нәтижесінде жобадан 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болып, өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні Ақжарқан еңбегіне ел сүйсіне қарайды. Себебі ауылдағы жұмыссыз жүрген жандарға тігін өнерінен тегін дәріс беріп, қолөнер жұмыстарының қыр-сырын үйретіп жүргені қуантады.

    - Менің бар мақсатым өзімнің білген өнерімді басқаларға үйрету болды. Ауылда үйде жұмыссыз, бос отырған аналар көп. Сол кісілерге қол ұшын беріп, қолөнермен, тігіншілік тіршілігі­мен таныстырғым келді. Қыз баласының қолынан келмейтін дүниесі жоқ. Ебі мен іскерлігі бар болса, кез келген қиын нәрсенің тиімділігін көріп, жаңашылдыққа бет бұратыны белгілі жайт. Алғашында көп ата-ана өз-өзіне сенім­сіздікпен қарап, жаңа нәрсе үйренуге қызығушылық таныта қоймады. Алайда, уақыт өте келе ойы өзгеріп, шеберліктің шыңына шығуға ұмтылды. Бұл мені қуантады, жігерлендіреді. Бас­таған кәсібімнің елге көмек беріп жат­қаны одан әрі мені ынталандыра түсуде, - деп марқайып, өз жұмысының қызығымен бөлісті Ақжарқын.

    Бір айда 5 адамға тегін тігіншіліктен сабақ беріп, көз майын төгіп, қол еңбегінің қажеттілігін керек ететін үлкен өнердің маманын даярлау Ақжарқын үшін абыройлы іс. Ауыл тұрғындарына киім пішу, көрпе тігу, қыз жасауын дайындап, жұрт тамсанып қарайтындай қолөнер бұйымдарын меңгеруге келетін жандардың саны күн сайын өсіп келе жатқанын тілге тиек етеді. Бұл кәсіпке деген сұраныстың жоғары деңгейде болуы. Алты айда 30 жанға қуаныш сыйлайтын Ақжарқын алдағы жоспарымен бөлісті. Айтуынша, аудан және ауыл ішінен екі орталық ашу ойда бар. Тапсырыспен қыз жасауын даярлайтын шеберхана әзірлеп, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға тегін тігін өнерін үйрете беремін,- дейді жас кәсіпкер.

   "Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз" деген екен Ы.Алтынсарин. Саналы сөздің салмағын түсінген Ақжарқын Тасболат бұл ретте де жаңылысқан жоқ. Себебі, жаны сүйетін кәсіпті серік етіп, еңбек жолындағы алғашқы қадамын нық басып жүргені кейінгі жастар үшін үлкен өнеге, көпке үлгі болмақ. Елге сіңірген еңбек жақсы. Еңбекті елеген ел жақсы. Ақжарқын Тасболаттың тігіншілік өнері әлі де елдің қошеметі мен алғысына бөленетініне сенімдіміз.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 71 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C