Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 08 Қараша 2018 05:08

ӘННЕН ӘР, МӘТІННЕН МӘН КЕТТІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Құлақтан кіріп бойды алатын, тыңдаған жан ойланатын ойлы әуендер сиреп барады. Даңғыр-дүңгір, даңғаза музыкалар қаза­қылық қанына сіңген, қоңыр дауысты аңсаған елді мезі еткені рас.  Әлемжеліні жарқыратып тұрған заманауи әндер, жеңіл-желпі өлең ұйқастарына құралған рептер белең алып, етек жаюда. Ой­лы, салмақты, сезімге толы өнер туындыларының сұранысы азай­ғандықтан ба, әншілер мен сазгерлер де осы ағынның, дүлейдей дауылдың ығына жығылып бара жатқандай. Құлаққа түрпідей тие­тін жағымсыз әндер, өлеңін оқығанда төбе шашың тік тұратын сұрықсыз сөздер, бейәдеп ұйқастар, варваризмге толы теңеулер. Бұл көрермен мен тыңдарманды сыйламаушылық па әлде елдің өзі­нің қалап отырғаны осындай туындылар ма? Белгісіз... Бел­гі­лісі бағытынан жаңылысқан өнер-өзен ағынының әзір тоқтар түрі жоқ.

    Бұл тақырыпты тал­қылағанда адамдардың пікірі екіге бөлінеді. Бірі "дәстүрді дәріптеп, ес­кіні ұлықтау керек" десе, енді бір топ "таптаурындардан арылып, жаңа дүниенің де дәмін татып көрген жөн" дейді. Негізінен айтпағымыз бұл емес. Расымен де әр іс өз кезегімен, өз дәуірімен жалғасып отыратыны заңды құбылыс. Бірақ, кез келген өнер туындысы ақылға бағындырылып, тұшымды болып шыққанына не жетсін?! Халық шедевр дүние күтеді. Рухани жаңғыр­ғысы келетін жұрт төрт тұяғын тең басқан өлең мен есті әуен тыңдаса, парасатты болып тәр­бие­ленетіні айқын. Неге солай жасамасқа.

   Қазіргі таңда тыңдалып, хит болып жүрген әуендердің бірен-саранын сараптап, сөз мағынасына назар салып көрдік.

   Шудың бойында деп шулатқан әнді көбі жақсы біледі. Осы ән шумағының қайырмасы:

    Шудың бойында сені іздедім,

   Бәрі ойымда, үміт үзбедім.

    От боп күйгеннен мені іздедің,

    Сенің мойныңда менің іздерім,- деп өріле кетеді. Әні А.Отыншиевтікі, сөзі Б.Арыстан­дікі. Біріншіден, өлең ло­гикасы дұрыс құрылмаған. Қыз жігітті іздеп жүр ме әлде жігіт пе? Сорақысы, қыздың мойнына ақын қандай із салғанын ашып айтпаған. Мұ­ны қалың қазақ сүйсініп тыңдап жүрді. Той-томалақтарда асыр салып биледі. Ән сөзінде айтыл­ған "Бәрі мәңгі тұрмайды" демекші, бұл музыка да лезде жарқ етіп, тез ғайып болды.

   Келесі сөз Ninety One тобы төңірегінде болмақ. Тәуелсіздіктің төл құр­дас­тары деуге ауыз бармайды. Бірақ, солай! Киім киістері, мәдениеттері дау-дамайдың астында қалған жас жігіттер елдің назарын бірден баурап алды. Өйткені бұрын жасалмаған жаңа бағытты қазақ еліне әкеліп, сырға тағып, шаш бояп, қысқасы "желіні жарды". Мамандардың айтуына қарағанда, әндерінің сапасы жоғары. Ал, ән мәтініндерінен адам шошиды. Тіпті соңғы жарияланған ән­дері былапыт сөзге толып кеткен. Мұның өзі халық тарапынан сынға ұшырады. Ең алғаш жариялан­ған "Айыптама" атты әнді алып, талқылап көрдік.

(Эй) Stop, күдікке нүкте қой!

Бүгіндікке күтпе мені,

Сендік сұрақтар... Түрлі-түрлі сұрақтарың,

Кеп жейд(і) миды, тек шектейді.

Айт маған, менен саған не жетпейді? (A?)

Сөз тиді ме?

Жоқ, бұлданба!

Сен ренжіме, cүйем(ін) шынында.

Дейм(ін) бірақ та...

(Еее) Менен күнде-күнде,

Сұрайсың не бәле?

Мінезіңді білем, бірақ келіспейм(ін),

(Ааа) Менің басым аурад(ы)!

Күніге неге менің басым аурад(ы)?

Таң қала сен сұрама!

    Өзің де тигіздің әсер са­нама,- деп өлең жалғаса береді. Шынымен басты ауыртатын өлең. Негізінен мұн­дағы жақ­шаға алып қой­ған сөз соңындағы ды­быс­тар айтылмайды әнде. Қатесіз бол­уы үшін қоршап жазып қойып отырмын. Одан қалды мына текст өлең деуге де келмейді. "Бүгіндікке күтпе мені" деген сынды сти­лис­тикалық қателер көзге ұрып тұр. Өлең формасы дегенге сүйенер болсақ, буын мен бунақ, ұйқастар заңдылығы тіптен сақталмаған. Соның өзінде осындай жеңіл-желпі әуендер ел арасында әлі айтылып жүргені жасырын емес.

    Бұл тізімдегі әншілер қатарына Кенталды да қосуға болады. "Аман бол, халқым" деп, бір ауыз сөзбен бір әнді бітіре салған әншіні де халық сынының астында қалған болатын. Содан кейін "Құдағи бір би" атты әні жарық көрді. Ол да оңып тұрған жоқ. Сылдыр сөз. Мағынасыз сөйлемдер. Мысалға:

Құдағи, құдағи бір би,

Құдағи, құдағи бір би.

Бір партия...

Құдағи, құдағи бір би,

Құдағи, құдағи бір би,- деп әндетеді. Бұл әннің негізгі қайырмасы. Мұнда ойға түйерлік, көңіл толтырарлық ештеңе жоқ. Құр қаңқа ғана.

     Аспен ұрғанды таспен ұрудан аулақпыз. Десе де, осы бір шоу-бизнестің қазанында қайнап жүрген әншілердің пікіріне де назар салдық. "Қазіргі қа­зақ­тың мен деген азамат әншілері той мен сахнаны шатастырып алды. Оған менің Роза Рымбаева апамның басы ауырып, біраз әңгіме айтқан болатын. Мақпал апамыз да бас қатырды. Бибігүл апамыз да осы тақырып тө­ңірегінде біраз әңгіме қоз­ғады. "Не дүние, мынау не бәле, сахнаны сайқымазақ қылдыңдар" деген сынды түрлі пікір айтылды. Мен олардың әр сөзіне қосыламын. Киелі сахна мен көптің қуанышын арқалаған тойды шатастыруға болмайды. Әннің де естісі бар, есері бар...", - деп Тоқтар Серіков әншілерге репертуарды арзанқол әндермен лас­тамауға кеңес берді. Әріптесінің бұл пікірін Меруерт Түсіпбаева да қолдайды. Ол да қазіргі таңда саны көп, сапасы жоқ әндердің көбейіп кет­кенін айтып жатыр. "Баяғыда танымал жұл­дыз­дар жылына бір-екі ән ғана жаздыратын. Қазіргі таңда Шәмшінің, Төлеген Мұхамеджановтың немесе Кеңес Дүйсекеевтің әніндей құлақтың құрышын қандыратын туындылар азайып кеткен. Олар барлығын шетелден, қырғыздардан, өзбектерден алады",- дейді        Меруерт Түсіпбаева.

   Ақындар да үнсіз қалып жатқан жоқ. Дабыл қағып, мәселе көтеруде. Қазақтың әйгілі ақыны Мұхтар Шаханов қазақ тілін қорлап жүрген ән­ші­лерді сынға алғаны елдің әлі есінде. "Телеарнаны басып қалсаңыз болды, жеңіл әндер. Мағына жоқ, мазмұн жоқ. Сөзде­рін де өзі жаза салған. Күл­кілі жағдай. "Супер келіншек" деген ән шығыпты. Сонда бұлар қазақша жазуға ерінеді. Орысшаны араластырып жаза береді. Қазіргі қо­ғамдағы ең бай адамдар - әншілер. Әрқайсының бірнеше қабат үлкен үйі бар. Ең сорлап қалған ән­шінің өзінің екі үйі бар", - дейді Мұхтар Шаханов.

    "Балқадишадай" бал тамған, "Маңмаңгердей" мағыналы, "Елім-айдай" емірендіріп жіберетін жібі түзу ән әлі-ақ дүниеге келер. Көкке топырақ шашып, сазды әндер мен өңді өлеңдер жоқ деуге де ауыз бармас. Дегенмен, өкініштісі, жастар арасында мазмұнсыз әндер мұз бетінде аққан қызыл судай тез жайылу үстінде. Рухани жаңғырғысы келетін жастарды алаңдататын да осы дүние.

     Әнге әр, өлеңге өң берші, талабың мен талғамыңды биік етші, әнші...

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 84 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C