Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 06:11

ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚ ҚАРАУЫЛ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Иә, адам баласын алға бастап, бақытқа ұмтылуының басты сыры, әрине еңбек етуде. Ақадал еңбек арқылы өсесің, өнесің, жетілесің. Өмірдің түзу де соқпақ жолында кездескен сын кедергілерге төтеп беруге қарсы тұрасың. Бойында күш-қуаты, жүрегінде жалын оты сөнбеген, жігері мен қайратың арқылы басқа түскен қиындыққа да төтеп бересің. Біз мұны "мықтылыққа" балаймыз.

     Қоғамда мықты жандар көп. Барлығы да еңбек арқылы жеңіске жетуге ұмтылады. Осы уақытқа дейін біз куә болған ерінбейтін етікші, жол үстінде жиырма жылын сарп еткен егде жастағы кондуктор, ауа-райымен санаспастан, таң атысымен түрлі бейнетті бастан кешетін көше тазалықшысы, қанжар мен қайрақты "қару" еткен қасапшы, техника тілін меңгерген шебер де бақытқа жетудің баспалдағын еңбекпен байланыстырды. Олар қара жұмыстың қарагері болса да, мәртебесі жоқ мамандықта еңбек етсе де, еш қиналмайды. Керісінше, маңдай тері денеге шыққанда қызметіндегі бар бейнетін бір сәт те ұмытады екен. Қарап отырсақ, елемей, ел ескермей жүрген еңбек иелерінсіз қоғам «жетім» көрінетін сияқты.

    Жоғарыдағы тізімді жалғайтын елеусіз жүрген еңбек иегерлері бар. Күндіз-түні көз ілместен қызмет етіп, белгілі бір нысанды тиянақ­ты­лық­пен күзететін күзетшінің қызме­ті­не көңіл бөле бермей­тініміз де жа­сырын емес. Олай болса, бүгінгі шы­ға­рылымда күзет­шінің негізгі қыз­меті мен міндет­теріне тоқталуды жөн көрдік. Кейіпкеріміз Ержан Орын­баев күзетшілік қызметі арқылы нәпақа тауып жүргеніне 8 жылдан аса уақыт болған. Ол қазіргі таңда №45 Ақ Орда мектеп-гимназия­сында қарауыл қызметін атқаруда. Сөз­ден гөрі істің адамы екендігі көз­ге көрініп-ақ тұр. Десе де әңгімеге тартып, күзетшілік қызметінің қы­зығы мен қиындығын білуге тал­пын­дым.

    - Қарауылдық қызметте қай бір қызық болсын. Білім шаңырағын күзетіп, қаншама құнды заттардың жоғалып кетпеуін, аймаққа бөгде адам­ның кірмеуін қадағалаймын. Күнделікті осы тірлік. Сегіз жыл­дан аса күзетшілікті кәсібіме айналды­рып, нәпақа тауып жүр­мін. Ең бас­тысы, отбасымды адал еңбек арқылы тапқан табысыммен қуантамын. Сондықтан да қызығы аз қарауылдық қызметте жүрген жайым бар,- дейді Ержан Орынбаев.

    Қарапайым жұмысшы болса да, кейіпкеріміздің қолынан көп іс келетінін аңғардық. Сұхбаттасып отырғанымызда да ағаш пен шегені жанына серік етіп, балғаның күші­мен тұрмысқа жаратар бұйымды әп-сәтте дайындап шыға келді. Бұл Ержан Орынбаевтың еңбекке деген құлшы­нысын, отбасына деген махаббатын білдіртеді. Өз уақытын тиімді пайда­ла­нып үйренген азамат бүгінгі жас­тарға үлгі болса керек-ті. Сонымен қатар, Ержан Орынбаев өз сөзінде ер азамат үшін шыдамдылық пен төзімділік қасиеттерінің маңызды екенін тілге тиек етті.

      - Қандай да бір істің берекелі болуын қалайтын болсаң, шыдам­ды­лық таныта білуді үйрену керек. Шыдам мен төзім тұла бойынды би­лесе ғана жетістікке жетіп, қызы­ғына көп ұзамай куә боласың. Менің қазіргі қызметім де шыдам­дылыққа негізделген. Үлкен жауап­кершілік жүктелген жұмыс. Кәсіп­тің оңайы жоқ. Барлығының өзіне тән қиын­дығы болады. Кейде түнде көз ілмеу­дің өзі қиынға соғады. Пенде болған соң шаршайтын кез­де­ріміз де жиі орын алады. Алайда, шаршадым екен деп міндеттелген қызметтен қашып, салғырттық та­нытудың өзі сын бол­ған­дықтан, тө­зімділік арқылы таңға дейін жүк­телген жұмысты абыроймен атқара­мын. Осы күнге дейін қара­уыл­дық жұмысымда сөгіс алып көр­меп­пін,- деп ағынан жарылды ағамыз.

      Жасыратыны жоқ, көп жағдайда күзетшіге қарап жұмысын оңай көреміз. "Қайбір жұмыс жасайды, бар бол­ғаны 24 сағат бір мекемені күзе­тер" деп жеңіл ойлайтын кезде­ріміз де болған шығар. Одан бөлек, қара­уыл­ды қара тізімге салып, ең­бегіне мән бермей, төмен санайтын жандар да табылары хақ. Сырттан тон пішкенді ұнататын халық болғандықтан, мұн­дай пікірлердің болатыны заңдылық емес пе?!

     - Менің ойымша, қарауыл болып жұмыс жасау, күзетші ре­тінде белгілі бір орынның тыныш­тығын қадағалау ұялатындай қызмет емес. Керісінше, көптің алғысына бөленетін, жауап­кер­шілігі мол жұмыс. Қарауыл не­месе жоғары лауазымды қызмет өкілі болуың үшін де өзіңе деген сенім­ділік керек. Ақыл-ес, деніңнің сау­лығы ма­ңызды. Демек, екі сатыдағы маман­дық иесінде айырмашылық жоқ сияқты. Бар болғаны тапқан табы­сында, ал айлығым адал еңбекпен келуде. Сондықтан да намыстанып, қызаратындай жөнім жоқ. Қазіргі таңда жастарымыз жалқау, дайын асқа тік қасық қойып үйреніп қалған болар. Десе де, өмір жылжуда,  сағат тілі  соғуда. Алда бізді не күтіп тұрғаны белгісіз ғой. Сол үшін де інілеріме адал еңбек етуге, кәсіп бастауға кеңес берер едім,- деп өз ойымен бөлісті кейіпкеріміз.

    Өзін бақылауда ұстауды қажет ететін қарауылдық қызметтің жа­уап­­кершілігі жөнінде кейіпкеріміз Ержаннан сұрап-білдік. Аз айтса да, саз айтып, адамды ойлануға, жас­тар­ды ерінбей еңбек етуге ша­қырды. Еңбек бәрін жеңбек. Бүгінгі көрген бейнет, ертеңгі күннің зейнеті бол­мақ. Жақсы қасиетті бар бойына жинаған Ержан Орынбаев бүгінде ең­бегінің жемісін көріп, ұл-қызда­рының қызығына бөленіп отырған әке. Қызметтің қызығына қарағанда, отбасының бақытын жоғары қоятын азамат қажыр-қайратының, күш-жігерінің барын­да қандай да болсын, қызметті абыроймен атқаруды негізгі мақса­ты етіп отыр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 111 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C