Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қаз 17, 2018 550

ПОВЫШЕНИЕ СТАТУСА ПЕДАГОГА – ОДИН ИЗ КЛЮЧЕВЫХ МОМЕНТОВ НОВОГО ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА

Примечательно, что Президент Н.Назарбаев выступил с Посланием народу Казахстана сегодня,…
Қаз 17, 2018 651

Шетел көру мақсат па, елде қалу жақсы ат па?

Санасында сәулесі бар жастар әрбір ұлтқа керек-ақ. Сондықтан да болар, жаһанның жуан…
Қаз 17, 2018 675

Білім саласында экономиканың беталысы неге ескерілмейді?

Маман даярлау ісінен неліктен мән кетті? Жоғары оқу орындарының білім сапасына қатысты…
Қаз 17, 2018 366

Кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартқан тәрбие ортасы

Қаншама тарихи жолдан сүрінбей өтіп, еліміздің еңбек шамшырақтарын дая­рлауда биіктерден…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 09:28

Түркі тектес елдер өнерпаздары Сыр топырағында бас қосты

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Сыр бойы - қазақылықты бо­йы­на сіңірген, салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­пын сақтап, ұлттық болмысын ұлықтап, өнері мен өнегесін жас өреңге үлгі ретінде ұсынып келе жат­қан өңірдің бірі. Мұның сыры қа­сиетті қара қобыздың үнін тамсана тыңдап, Тұрмағанбет жыраудың жы­рын жаттап, нар тұлғалы Нартайдың әндерін естіп өскен халық жадының мықтылығында болса керек. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы өткеніне құрметпен, келе­ше­гі­не сеніммен қарайтыны рас. Осы тұста ел жанашырларының қол­да­уы­мен көптеген іс-шаралар ұйымдас­ты­рылып келе жатқаны белгілі. Со­ның бірі Қызылорда облысының үш жылда бір рет өткізілетін "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты халық­ара­лық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі.

   "Қорқыт ата кітабы" әлемге мәш­һүр жазба ескерткіш болса, Қорқыт - түркі тектес халықтарға танымал тұлға. Бүгінде Қорқыт есімін әлем на­зарына ұсыну, таныту - біздің міндет. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған фестивальде алыс-жақын шетел­дерден, яғни Әзірбайжан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Англия, Ресей Феде­ра­ция­сы (Татарстан, Башқұртстан), Түр­кия Республикасы, Қытай Халық Республикасы және еліміздің көр­некті ғалымдары мен өнертану­шы­лары бас қосты. Ата-бабамыздан мұра болып қалған өнер мен мәде­ние­тімізді ұрпақтың санасына сіңіру, болашақ­тың бағыт-бағдарына айнал­ды­ру, түркі тілдес халықтардың музы­ка­лық өнерін дәріптеу, өзара мәдени қа­рым-қатынасты нығайту. - фес­тивальдің басты мақсаты. Екі күнге со­зылған шара барысында әуелі Қы­зылорда облыстық Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық драма театрында өнер көрсеткен меймандар ертеңіне Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды ескерткіш-ке­ше­ніне келіп, "Салт-дәстүрі сақ­талған Сыр елі" атты этноауыл көрі­нісінің куәсі болды. Қазақ халқының саф алтындай сақтап келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қонақтарға таныстырылды. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап кемеліне келген нағыз азамат боламын дегенге дейін орындалар салтты салиқалы Сыр жұрт­шылығы сахналаса, сөзден мар­жан терген жан­дар жыраулық, ақын­дық өнерін көр­сете білді.

   - Маған өте қатты ұнады. Бұл де­­­ге­німіз қазақ мәдениетінің кере­мет­тілігін айқындайды. Қонақжайлы­ғында шек жоқ,- деп өз пікірін білдірді Әзірбайжаннан келген орындаушы Бабек Гулиев.

   "Түбі бір түркі халықтарының ор­тақ ойшылы саналатын атақты ақын, күйші, философиялық мазмұ­ны те­рең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз баршамыздың руха­ни бол­мысымыздың алтын арқауы болып табылады" деп Елбасы өз сөзінде келтірген. Қорқыт тағылымы таңға­жайыпқа толы. Бойыңа рухани құн­ды­лықты дарытып, адамгершілік қа­сиеттерді жан азық қылуға септігін ти­гізеді. Бұл туралы Түркия елінен келген Хаджеттепе университетінің профессоры Озкул Чобаноглы: - "Дә­дә Қорқыт туралы болашақ ұрпақ тануы керек. Барлық түркі елдері мем­­лекеттерінің білім жүйесіне Қорқыт туралы пән енгізілсе деген ұсынысым бар. Сондай-ақ, ұлы ой­шыл туралы толық зерттеу жүргізе ал­масақ, онда бұл өз-өзімізге мазар қаз­ған­дай бол­ғанымыз", - деген ойын білдірді.

   Қорқыт ата туралы аңыздардан оның бойынан үш түрлі өнердің болғанын аңғарамыз. Біріншісі, оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы абыз, екіншісі, күйші, қобыз сары­нын алғаш туындатушы өнерпаз. Ал, үшіншісі, әйгілі жырау. Расында да, Қорқыттың өлімнен қашып, мәңгілік мекенді іздеуі тамаша аспаптың дү­ниеге келуіне себепші болды. "Қо­быз аспабын - Қорқыттан бөліп тастай алмаймыз. Бабаның күйлері тек қазақ ұлтында сақталған, сондай-ақ терімен қапталған, жылқының қылы­мен тартылған, қоңыр үнді қобыз тек бізде ғана" - дейді Қазақ Ұлттық өнер университетінің "Қорқыт ата мұра­сын зерттеу зертханасының" меңге­ру­шісі Қазақбай Дотаұлы.

   Қобыз аспабына қандай баға бер­сек те жарасымды. Себебі қобыз­дың келуі қазақты музыка өнеріне жа­қын­­датты. Күңіренген қобыз дауысы ел мен жерді бір мезетте аралап, тың­даушыға терең тарихты түсіндір­гендей күй беретіні сөзсіз. Түбі бір түркі халықтарында бұл аспап бас­қа­ша аталғанымен жүректен кіріп бой­ды алатындай күші бар. Бұл сар­қыл­мас өнердің құдіреттілігі.  Өнер құді­ретін танытатын фести­валь соңында Сыр жұртшы­лығы мен меймандар өнерпаздардың өнеріне тәнті болды.

Жұлдызай Қалиева

 

Оқылды: 346 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C