Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 602

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 444

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 472

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 383

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (155)

    Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Иә, адам баласын алға бастап, бақытқа ұмтылуының басты сыры, әрине еңбек етуде. Ақадал еңбек арқылы өсесің, өнесің, жетілесің. Өмірдің түзу де соқпақ жолында кездескен сын кедергілерге төтеп беруге қарсы тұрасың. Бойында күш-қуаты, жүрегінде жалын оты сөнбеген, жігері мен қайратың арқылы басқа түскен қиындыққа да төтеп бересің. Біз мұны "мықтылыққа" балаймыз.

     Қоғамда мықты жандар көп. Барлығы да еңбек арқылы жеңіске жетуге ұмтылады. Осы уақытқа дейін біз куә болған ерінбейтін етікші, жол үстінде жиырма жылын сарп еткен егде жастағы кондуктор, ауа-райымен санаспастан, таң атысымен түрлі бейнетті бастан кешетін көше тазалықшысы, қанжар мен қайрақты "қару" еткен қасапшы, техника тілін меңгерген шебер де бақытқа жетудің баспалдағын еңбекпен байланыстырды. Олар қара жұмыстың қарагері болса да, мәртебесі жоқ мамандықта еңбек етсе де, еш қиналмайды. Керісінше, маңдай тері денеге шыққанда қызметіндегі бар бейнетін бір сәт те ұмытады екен. Қарап отырсақ, елемей, ел ескермей жүрген еңбек иелерінсіз қоғам «жетім» көрінетін сияқты.

Бейсенбі, 08 Қараша 2018 05:08

ӘННЕН ӘР, МӘТІННЕН МӘН КЕТТІ

| Автор: 

   

     Құлақтан кіріп бойды алатын, тыңдаған жан ойланатын ойлы әуендер сиреп барады. Даңғыр-дүңгір, даңғаза музыкалар қаза­қылық қанына сіңген, қоңыр дауысты аңсаған елді мезі еткені рас.  Әлемжеліні жарқыратып тұрған заманауи әндер, жеңіл-желпі өлең ұйқастарына құралған рептер белең алып, етек жаюда. Ой­лы, салмақты, сезімге толы өнер туындыларының сұранысы азай­ғандықтан ба, әншілер мен сазгерлер де осы ағынның, дүлейдей дауылдың ығына жығылып бара жатқандай. Құлаққа түрпідей тие­тін жағымсыз әндер, өлеңін оқығанда төбе шашың тік тұратын сұрықсыз сөздер, бейәдеп ұйқастар, варваризмге толы теңеулер. Бұл көрермен мен тыңдарманды сыйламаушылық па әлде елдің өзі­нің қалап отырғаны осындай туындылар ма? Белгісіз... Бел­гі­лісі бағытынан жаңылысқан өнер-өзен ағынының әзір тоқтар түрі жоқ.

    Бұл тақырыпты тал­қылағанда адамдардың пікірі екіге бөлінеді. Бірі "дәстүрді дәріптеп, ес­кіні ұлықтау керек" десе, енді бір топ "таптаурындардан арылып, жаңа дүниенің де дәмін татып көрген жөн" дейді. Негізінен айтпағымыз бұл емес. Расымен де әр іс өз кезегімен, өз дәуірімен жалғасып отыратыны заңды құбылыс. Бірақ, кез келген өнер туындысы ақылға бағындырылып, тұшымды болып шыққанына не жетсін?! Халық шедевр дүние күтеді. Рухани жаңғыр­ғысы келетін жұрт төрт тұяғын тең басқан өлең мен есті әуен тыңдаса, парасатты болып тәр­бие­ленетіні айқын. Неге солай жасамасқа.

Бейсенбі, 08 Қараша 2018 03:57

БРЕНД – БІРІНШІ ОРЫНДА

| Автор: 

   Екі айға созылған "Халық таңдауы" айдары арқылы осы күнге дейін біршама өнімдерді сарапқа салып, халықпен бөліскенді құп көрдік. Қысқасы, күнде­лікті қолданып жүрген өнімдердің үздігін әр апта сайын анықтап отырдық. Айдарымыздың келесі саны ұялы байланыс құрал­дарына жол тартты. Себебі, қазіргі кезде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұялы телефон пай­даланып жүр.

    Сараптау барысында халықтың пікірін біліп, жұрт­шылықтың қолынан түспей жүрген телефон маркаларының бағасына да толыққанды көз жүгірттік. Халықтың көңілі ауған байланыс құралдарына таңдау жасау оңайға соқ­пады. Сонысымен де пікір­лер екіге жарылды. Алайда, қалың халық тізім басына бренд "IPhone"-ды шығар­ды. Таңдау барысында тізімнің екінші орынға тұрақтаған "Samsung" қазір­дің өзінде көптің сұраны­сына ие екенін дәлелдеді. Сауда сөрелерінен түспей жүрген "LG" телефоны да бастапқы үштіктен көрінді. Басқа да байланыс құрал­дарымен салыстырғанда бағасы жағынан әлдеқайда ыңғайлы "Huawei" смарт­фоны біздің елде көп қол­даныста емес екенін дәлел­деді. Осылайша тізімнің төртінші орнына жайғасты. Сауалнама барысында соң­ғы орын Нокиаға тиесілі болды. Бұрындары ел-жұрт­тың байланыс құралына айналған бұл өнімді қазір көптің қолынан байқай алмайсың. Сондықтан болар, "Nokia" телефонына ешкім дауыс бере қоймады.

 

   Оқырмандардың әлеу­мет­тік желідегі пікірлерінен байқағанымыз, халық "Xiaomi" компаниясы са­палы өнімдер шығара­тынын қозғап кетті.

   Халық байланыс құрал­дарының сапасы сыр бер­мейтін түрін қолданғанды дұрыс көреді. Десе де, баға­сына келгенде қалтаға қа­раймыз. Әйтсе де бұл ха­лықтың пікірі мен таңдауы.

Абзал Жолтерек

 

   

    Кәсібімді дөңгелетемін деушілерге қазір жақсы жағдай жасалған. Жастар­ға да, егде тартқан кісілерге де мүм­кін­дік мол, тек ниет болса болғаны. Тың идеялардың жүзеге асуы үшін түрлі бағыт беретін жобаларға басымдық берілуде. Соның бірі - "Zhas project" жобасы. Алғаш рет Қызылорда облысын қам­тыған аталған жоба 14-29 жас аралығындағы жастардың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік бер­ді. Мыңнан аса жалындаған жас бағын сынап, берекелі істің басталуына ден қойғанымен, қаңқасы мықты жос­пар ғана жетістікке жететіндігі аян. Қазіргі таңда, кәсіп бастап, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандар жетерлік. Әркім өзіне жақын істі өмірлік серігіне айналдырып, дөңгеленген кәсіптің жемісін көруде. Соның бірі ретінде жаңақорғандық Ақжарқын Тасболатты айтуға болады.

    Оңай олжа жоқ, бар болған күннің өзінде ғұмыры қысқа болары хақ. Кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамның сәтті болуы да екіталай. Алайда, Ақжарқын еш қорықпастан кәсіп ашуды көздеді. Мақсатына да жетті. Бірақ, тәуекелге бел буып, өзінің дара жолын қалыптастыруда қиындықтарға тап болды.

    - Мамыр айында "Zhas project" жобасының басталатынын ауыл әкім­ші­лі­гі хабарлаған еді. Мен бірден қызығу­шылық таныттым. Әлеуметтік жобамды даярлау алдында көп ойландым. Бі­рін­шіден, икемім мен қабілетімнің қаншалықты бар екендігіне көз жеткізіп, қай істе жетістікке жете алатынымды ой­ша сарапқа салдым. Әлеуметтік жоба болғандықтан ауыл тұрғындарына не керек екендігін, қандай кәсіп түріне сұраныстың көп түсетіндігі жөнінде жан-жақты ойландым. Содан ауылда тігін шеберханасының жоқ екендігіне көзім жетті. Өзімнің тігін өнерінен сауат ашқаным бар еді. Сондықтан да тек оқып қана қоймай, ісмерлікті кәсіпке айналдырғаным дұрыс деген ой туындады,- дейді Ақжарқын Тасболат.

Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:35

Көктасты кәсіп қылған Қанат

| Автор: 

 

   "Адамның жолдасы - ең­бек, жетекшісі - талап, қор­ғау­­шысы - сабыр, сынаушысы - халық" деген даналық бү­гінде көмескі тартты деуге келмейді. Себебі еңбекті жолдас етіп, сол маңдай тер еңбегінен береке тауып, сабыр мен төзімділікті қатар ұстап, ең­бегі жанып жүргендер аз емес бұл күнде. Еңбектің қай түрі болмасын адалдыққа негіз­делсе ғана айналадағы халық­қа шапағатын тигізеді. Екі мы­ңыншы жылдары ел ішінде халықтың қажетіне қарай кәсіп түрін ашқан Қанат Ізбасаров көктас жазу өнеріне көңілін бұрды. Аядай бөл­ме ішінде 15 жылын көктас жазу ісіне арнап келе жатқан оның мехнатты еңбегі елге керек, ісі халыққа қажет.

     Тоқымдай жерде тірлігін бастаған Қанат Ізбасаров құр қарап отырғанға береке жолықпайды дейді. Ағалы-інілі көктас жазудың қыр-сырына қаныққан олар кәсіпті 15 жыл бұрын бастаған. Алғашында халықты тарту үшін жайлы орын іздеп, сапалы қызмет ұсынудың тетігін тапқан. Жа­ңа базар маңына жайғасып, алғашқы тапсырыстарды қа­былдай бастаған.

   

     Осы сұрақ көпті ойландыратынын білдік. Білген соң зерттеуге ұмтылдық. Себебі "қолдың кірі" саналатын ақша төңірегіндегі ойлар бір-бірінен асып түседі. Дөңгеленген жер бетінде кез келген жұмыр басты пендені өзіне тәуелді етіп қоя­тын құнды қағаздың құдіреті кейде адамды еркінен тыс ойлануға апарып тастайды. Еңбектің өлшеміне айналған ақшаның адам өміріндегі орны кейде халықтың пі­кірін сан түрлі арнаға жетелейді. Алайда, ақша табу мен оны жаратудың арасында ортақ сауал бар. Со­нымен ақша тапқан сайын неге жетпейді?   

   Бір қарағанда, ойнақы тақырыптай көрінеді, астарына үнілсең, жауа­бын табу қиын. Десе де, қоғам пі­кірін екіге жарған осы тақырыпты негіз етіп алуға бекіндік. Басын ашып алайық. Бұл әлеуметтік зерт­теу емес. Халық жадына жақын сұ­раққа жауап іздеу.

   Қазақта "мың ділдә бардың қалтасында, жоқтың аузында" деген тәмсіл бар. Бірақ, тапқан табыс пен шығыстың арасын есептеп отыру көп жағдайда ақшаны реттеу үшін қажет. Бірі мұны дұрыс көрсе, ендігі бірі табыстың бәрі жаратыл­уы керек деген ойды меншіктейді. Есеп жүргізетіндері ай соңында қолға тиетін айлықтың бір бөлігін несие жабуға, бір бөлігін азық-тү­лікке, өзге де шығыстарға бөліп қояды. Артылғаны көңіл көтеруге жұмсайды. Бұл - әлеуметтік желіде пікір қалдырған халықтың ойы.

Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:12

"Coca-cola" топ басына шықты

| Автор: 

   

     Халық өз таңдауына сүйенеді. Соған сәйкес тауар өндірушілер де сұранысқа сай өнім са­пасын арттырады. "Ха­лық таңдауы" айдарын­да ең көп пікір қал­дыр­ған сусындар сапасы бұл аптаның қорыты­н­дысын шығарды.

     Тәтті сусындар сұра­ныстан еш түспейді. Се­бебі де түсінікті шығар. Шөл қандыратын, ха­лық жиі тұтынатын газ­далған сусындардың таң­даулы 5 түрін тара­зы­ладық. "Coca-cola", "Fanta", "Sprite", "Pepsi", "Holiday" сусындарына халық бір сәтте дауыс берді. Пікірлер де сан қырлы. Сөзсіз, "Coca-cola" сусынын ішетін­дер­дің қатары қалың бол­ды. Бір уақытқа дейін тізім басынан кө­рінген "Coca-cola" сусы­нымен бір қатарда тұр­ған "Fanta" сусын іше­тін­дер де аз болмай шық­ты. Газдалған су­сын­ның зиянын сөз ет­кенімен, таңдау өнім­дер­дің қаншалықты сұ­раныста екенін байқат­ты. 5 өнімнің ішінде "Sprite" пен "Pepsi" қатар түсті. Неге екені белгісіз, газдалған сусынның бес­тігін аяқтаған "Holiday" сусынына пікір қал­дырып, дауыс бергендер жоқ болды. Жалпы, осы аптадағы сауалға 100-ге жуық респондент  дауыс бе­ріп, тең жартысына жуы­ғы өз ойларымен бө­лісті. Демек, ең таң­даулы де­ген сусындар бір-біріне есе жібермеді.

 

   Сусындардың сапасын тексеру мақсат емес. Халық көңіліне ұнаған, сұраныста үнемі болатын "Coca-cola", "Fanta" өнімін аз ғана ұпаймен алға шығып кетті. Демек, халық таңдауы "Coca-cola" деуге толықтай болады. Бір байқағанымыз, "Халық таңдауына" белсенділік танытатындардың қатары қалыңдап барады. Бұл арқылы біз ел ішіндегі тауарлардың сұранысын бағамдау арқылы халық пікірін білуге мүмкіндік аламыз. Ен­деше, келесі аптада ұсынылатын өнімдерге пікір қалдырып, дауыс беріңіз.   

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

    EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

   Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналас­қан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Басқаша айтқанда,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.

Page 1 of 12

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C