Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

    Бала кезімізде "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық май жеген озар" деп, біз сәл-пәл түрін өзгер­тіп отыр­ған мәтел осы күн­дері ойға оралады. Осыдан он-он бес жыл бұрынғы балалардың бұл ойыны сап тиылды. Онан бұры­ны­рақ­та көше-көшеде, ауыл-ауыл­да ақ тақырды ақ шаң­ға бөлеп жататын асық ойынының бұлайша көз­ден бұлбұлдай ұшатынын ол кездері кім біліпті?! Хал­қымызбен бір­ге ғасырлар бойы жасасып, күні кешеге дейін келген асық, ләңгі, айкөл ойында­ры­нан қазіргі балалардың сырт айна­л­уына не себеп?

    Рас, қазіргі адамның ке­шегі адамға қарағанда дүниеге, қоғамдық ортаға деген көзқарасы, өмір сүру дағдысы, талғам-талабы мүлде өзгеше. Дү­ние түгел жа­ңарды, жасар­ды деген­дей. Бұл күндері бұрын-соңды өңіміз түгіл, түсімізге кірмеген тұр­мыс­тық тех­никалар қолда­ныс­қа енді. Тіпті олардың қата­ры күн сайын көбейіп, ал­уан түрлі электроникалық құрал-жабдықтардан қазір аяқ алып жүре алмайтын дә­режеге жеттік. Ең аяғы, теледидардан бастап неше түрлі қалта телефондары, компьютер, айпат, планшет т.б. электроника ғажайып­тары кішкентай қара көз­де­рімізге әрі пайдалы, әрі зиян болып отыр. Пайда­лы­сы, уақыт талабына сай за­ма­науи ілім-білімді игеру, әлемдік технологияның тілін басқалармен тең дә­ре­жеде меңгеру болып табы­ла­ды. Сол үшін де бала есін білер-білместен бүкіл бал­дәурен балалығын көгілдір экран алдында құрбан етеді. Сабақтан қолы қалт етсе, сағаттар бойы соны ермек етіп, жападан-жал­ғыз оты­ру­ға бар. Бұл зиян емей немене?!

    Балалық - адам бала­сы­ның ең бір шуақты, ең бір ба­қытты шағы. Ашық ас­пан, күлімдеген күн астын­да, табиғат аясында асыр са­лып, емін-еркін ойнай­тын баламыз бір бөлмеге ты­­ғылып, күн ұзағына элек­­троника құралдарына құл болып отырса, ондай ұрпақтан ертең қандай жөні түзу азамат шығады? Керек десеңіз, компьютерге бай­ланған баланың біріншіден, дене бітімі өзгеріске ұшы­рап, денсаулығы, оның ішін­­де көру қабілеті кеми­тіні белгілі. Мұны біз емес, қазіргі ғалымдар іс жүзінде дәлелдеп, БАҚ құралдары ар­­қылы сақтандырудай сақ­­тандырып келеді.

   Ұлтымызбен бірге сонау замандардан жоғалмай жа­ңа ХХІ ғасырдың табал­ды­ры­ғына аман-сау, бүтін жет­кен асық, ләңгі, айкөл т.б. бір кездегі балалардың сү­йікті ойындары жас адам­ның пісіп-жетілуінің бір­ден-бір бастауы іспеттес бо­латын. Басқасын айтпа­ған­да, таза ауада шөп шап­пай­тын, қозы-лақ бақпайтын, қыста ақ қарға аунамай­тын, жазда асыр салып емін-еркін ойнамайтын қа­зіргі бала бейне бір арал­шық­та жалғыздан жалғыз күн кешкен жаутаңкөз жан сияқты.

   Бұл күндері қай ауылға барсаң да, қала көшелерін кезсең де, армансыз асыр салып ойнап жүрген бала көрмейсің. Қазір көктем айы басталды. Бұл мезгілде бала біткен аула ішінде, кө­шеде асыр салып ойнауға асығатын. Күні бойы осы­лайша армансыз ойнаған баланың қиялы да ұшан-теңіз болатын. Дені сау, ши­рап өскен балалардың қата­ры көбейіп жатса, әлде­қайда жақсы емес пе?

   Сонау 90-жылдарға де­йінгі ауыл балаларының алаң­сыз осындай іс-әрекеті еске түскенде қазіргі бала­лардың сабақтан тыс уа­қыты ойға оралады. Біз бұл жерде баланың көркем әдеби кітаптар оқу, мек­тепте көркем­өнер­паздар үйір­ме­сіне, қоғамдық пай­далы жұ­мыстарға белсене ат­са­лысуын сөз етіп отыр­ған жоқ­пыз. Жоғарыда тілге тиек етілген ұлттық ойын­да­рымыздан қол үзген қа­зіргі балалардың қам-қаре­кеті, "үй күшік" болып күн ұза­ғына ұялы телефон, план­шет, айпат, айфон се­кілді байланыс құралда­ры­на тәуелді болуының түбінде пайда бермесін еске салға­лы отырмыз. Баланың аты ба­­ла. Ұлтымыздың ұлы жа­зу­­шысы М.Әуезов "Ел бо­лам десең бесігіңді түзе" деп бекерге айтпаса керек. Ендеше ұрпағымызды ұлт­тық ойындардан алыстатып алмайық. Бұл - баршаның па­рызы екенін естен шы­ғар­майық, ағайын!

Т.АРАЛОВ

Қызылорда қаласы

 

    Бала кезімізде "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық май жеген озар" деп, біз сәл-пәл түрін өзгер­тіп отыр­ған мәтел осы күн­дері ойға оралады. Осыдан он-он бес жыл бұрынғы балалардың бұл ойыны сап тиылды. Онан бұры­ны­рақ­та көше-көшеде, ауыл-ауыл­да ақ тақырды ақ шаң­ға бөлеп жататын асық ойынының бұлайша көз­ден бұлбұлдай ұшатынын ол кездері кім біліпті?! Хал­қымызбен бір­ге ғасырлар бойы жасасып, күні кешеге дейін келген асық, ләңгі, айкөл ойында­ры­нан қазіргі балалардың сырт айна­л­уына не себеп?

    Рас, қазіргі адамның ке­шегі адамға қарағанда дүниеге, қоғамдық ортаға деген көзқарасы, өмір сүру дағдысы, талғам-талабы мүлде өзгеше. Дү­ние түгел жа­ңарды, жасар­ды деген­дей. Бұл күндері бұрын-соңды өңіміз түгіл, түсімізге кірмеген тұр­мыс­тық тех­никалар қолда­ныс­қа енді. Тіпті олардың қата­ры күн сайын көбейіп, ал­уан түрлі электроникалық құрал-жабдықтардан қазір аяқ алып жүре алмайтын дә­режеге жеттік. Ең аяғы, теледидардан бастап неше түрлі қалта телефондары, компьютер, айпат, планшет т.б. электроника ғажайып­тары кішкентай қара көз­де­рімізге әрі пайдалы, әрі зиян болып отыр. Пайда­лы­сы, уақыт талабына сай за­ма­науи ілім-білімді игеру, әлемдік технологияның тілін басқалармен тең дә­ре­жеде меңгеру болып табы­ла­ды. Сол үшін де бала есін білер-білместен бүкіл бал­дәурен балалығын көгілдір экран алдында құрбан етеді. Сабақтан қолы қалт етсе, сағаттар бойы соны ермек етіп, жападан-жал­ғыз оты­ру­ға бар. Бұл зиян емей немене?!

    Балалық - адам бала­сы­ның ең бір шуақты, ең бір ба­қытты шағы. Ашық ас­пан, күлімдеген күн астын­да, табиғат аясында асыр са­лып, емін-еркін ойнай­тын баламыз бір бөлмеге ты­­ғылып, күн ұзағына элек­­троника құралдарына құл болып отырса, ондай ұрпақтан ертең қандай жөні түзу азамат шығады? Керек десеңіз, компьютерге бай­ланған баланың біріншіден, дене бітімі өзгеріске ұшы­рап, денсаулығы, оның ішін­­де көру қабілеті кеми­тіні белгілі. Мұны біз емес, қазіргі ғалымдар іс жүзінде дәлелдеп, БАҚ құралдары ар­­қылы сақтандырудай сақ­­тандырып келеді.

   Ұлтымызбен бірге сонау замандардан жоғалмай жа­ңа ХХІ ғасырдың табал­ды­ры­ғына аман-сау, бүтін жет­кен асық, ләңгі, айкөл т.б. бір кездегі балалардың сү­йікті ойындары жас адам­ның пісіп-жетілуінің бір­ден-бір бастауы іспеттес бо­латын. Басқасын айтпа­ған­да, таза ауада шөп шап­пай­тын, қозы-лақ бақпайтын, қыста ақ қарға аунамай­тын, жазда асыр салып емін-еркін ойнамайтын қа­зіргі бала бейне бір арал­шық­та жалғыздан жалғыз күн кешкен жаутаңкөз жан сияқты.

   Бұл күндері қай ауылға барсаң да, қала көшелерін кезсең де, армансыз асыр салып ойнап жүрген бала көрмейсің. Қазір көктем айы басталды. Бұл мезгілде бала біткен аула ішінде, кө­шеде асыр салып ойнауға асығатын. Күні бойы осы­лайша армансыз ойнаған баланың қиялы да ұшан-теңіз болатын. Дені сау, ши­рап өскен балалардың қата­ры көбейіп жатса, әлде­қайда жақсы емес пе?

   Сонау 90-жылдарға де­йінгі ауыл балаларының алаң­сыз осындай іс-әрекеті еске түскенде қазіргі бала­лардың сабақтан тыс уа­қыты ойға оралады. Біз бұл жерде баланың көркем әдеби кітаптар оқу, мек­тепте көркем­өнер­паздар үйір­ме­сіне, қоғамдық пай­далы жұ­мыстарға белсене ат­са­лысуын сөз етіп отыр­ған жоқ­пыз. Жоғарыда тілге тиек етілген ұлттық ойын­да­рымыздан қол үзген қа­зіргі балалардың қам-қаре­кеті, "үй күшік" болып күн ұза­ғына ұялы телефон, план­шет, айпат, айфон се­кілді байланыс құралда­ры­на тәуелді болуының түбінде пайда бермесін еске салға­лы отырмыз. Баланың аты ба­­ла. Ұлтымыздың ұлы жа­зу­­шысы М.Әуезов "Ел бо­лам десең бесігіңді түзе" деп бекерге айтпаса керек. Ендеше ұрпағымызды ұлт­тық ойындардан алыстатып алмайық. Бұл - баршаның па­рызы екенін естен шы­ғар­майық, ағайын!

Т.АРАЛОВ

Қызылорда қаласы

 

   

    Қызылордалықтар қашанда Әз-Наурызды қазақы қал­пымен, ерекше салтымен тойлайды. Жаңару айын жаңа­шылдықпен бастайтын қала тұрғындары биылғы жылы да Наурыз мерекесін әспеттеп, думанды шаралармен шы­рай­ландырмақ. Әрине, ұлттық мерекені лайықты деңгейде тойлау жергілікті биліктің ұйымдастыру қарқынына байланысты. Қазірдің өзінде қала тіршілігінде Наурыздың нышандары байқалады. Бұл Ұлыстың ұлы күнін айшықтап қана қой­майды, мерекеге жаңа леп береді. Қызылорда жұрты биыл ұлық мерекені қалай қарсы алмақ? Мереке күндері қандай думанды шаралар ұйымдастырылады? Осы сұрақтардың жауабын сейсенбі күні Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

    Ақшаңқан киіз үйлер мен ұлттық ойындар, мәдени ша­ралар мен сенбіліктер - Наурыз нышаны.  Биыл басты мереке өткізілетін орталық алаң арнайы безендіріліп, 30-ға жуық киіз үй тігілмек. Бүгінде қалалық әкімшілік ақпараттық билбордтар, жалаушалар және түнгі жа­рық­тандыру құрылғыларын орнатып, ұлттық нақыштағы шағын формаларды әзірлеуде. Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлының сөзіне сенсек, мерекені тойлаудың басты ерекшелігі - арнайы белгіленген орындарда ұлттық бағыттағы көріністердің ұйымдасты­ры­луы. "Наурыз көже" алаңында арнайы 14 тайқазан-ошақ­тар қойылып, халықтың алдында бір мезгілде наурыз көже әзірленеді. "Айдар шашын кесу" рәсімінде 7 баланың айдары кесіледі.

    Қазіргі жаhандық бәсекелестік кезе­ңін­де жаңа білімге негізделген жаңа тех­но­логияларсыз жоғары инновациялық эко­номикаға қол жеткізу мүмкін еместігі белгілі. Қазақстан Республикасының "Бі­лім туралы" заңында да "Білім беру жү­йесінің басты міндеті оқытудың жаңа тех­нологияларын енгізу, білім беруді ақ­па­раттандыру"- деп еліміздегі білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері нақты атап көрсетілді. Осыған орай еліміз білім берудің жаңа үлгісіне көшуді бастап кетті. Бүгінгі өзгермелі қоғамда мұғалім барлық сатыларда білім беру бағдарлама­сына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруы тиіс. Оқытудың барлық үр­дісін меңгеру үшін ғұмыр бойы ұстаз болу керек. Сол үшін де мұғалімдер қыз­меті барысында әрдайым өзін жетілдіруді жалғастыра бермек. Оған себеп: білім беру парадигмасының ауысуы. Яғни, оқытудағы түрлі әдіс-тәсілдер, атмосфе­ра­лық қарым-қатынас, оқушының құн­ды­лықтары мен ұстанымы және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу сияқты түр­лері. Біз оқушыны "объект" ретінде қарас­тырып, берген тапсырмамызды өз қала­уы­мызша жасаттық. Балаға ойлауға мүм­кіндік бермедік. Кембридж универси­те­ті ғалымдары мен педагогикалық ше­берлік орталығының бірлесіп ұйымдас­тыр­ған 3 деңгейлі курстың ІІ деңгейін бі­тіріп келгелі менің ойым да, іс-әреке­тім­ де өзгерді десем болады. Әлемдік бә­секеге қабілетті ұрпақ дайындау үшін оқу­шыға еркіндік беріп, олардың ойы­мен де санасу керектігін түсіндім. Жаңа технология бойынша біз "адами капитал" дайындауымыз керек. Яғни, бала жаңа сабақты терең түсініп, меңгеруі үшін өза­ра талдап, сыныптасы түсіндірсе, әлде­қайда жеңіл, тез қабылдайды және өз ойын да ашық жеткізіп, түсінбегенін сұ­рай алады екен.

Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 11:50

Тәуелсіз сот жүйесі

| Автор: 

     Халқымыз еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бас­тан кешті. Мыңдаған жылдық та­ри­хы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұрынғы өткен ақын-жырау­ларымыз айтқан "Егемен болмай, ел болмас" деген ұлы тілектің де уақыты келіп жетті. 1990 жылдың 25 қаза­нын­да Қазақстан өзінің мемле­кет­тік Егемендік Декларациясын қа­был­дап жа­риялады, 1991 жылдың 16 жел­тоқ­санында "Мемлекеттік тәуел­сіздік ту­ралы" Конституциялық заңы қа­был­данды. Қазақстан халқы дү­ние­жүзілік қоғамдастықтың ажы­рамас бөлігі ретінде адам құқығы мен бос­тан­дығының басымдығын мо­йын­дай отырып, демократиялық қо­ғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз Консти­ту­ция­мызда баянды етті. Осы аяда елімізде сот жүйесін реформалау басталды.

   Қазақстан өзін әлемдік құқық­тық кеңістіктің субъектісі ретінде орнықтыруы, халықаралық эконо­ми­ка­лық қатынастар жасауы, эконо­ми­ка­ның жаңаша сипатының қалып­тасуы сот жүйесінің түбірімен өзге­руі­нің негізгі алғы шарты болды. Тә­уелсіздік жылдарында биліктің басқа тармақтары секілді сот билігі де үлкен өзгерістерді бастан кешіріп, құқық­тық  мемлекеттің қажеттілігіне  және заман талабына сәйкес жетілдірілді, да­мытылды. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы - сот би­лігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер жүзеге асты - сот мем­лекеттік билік жүйесіне айналды. Елімізде сот жүйесі біріктіріліп, төрелік сот таратылды. Оның қызме­тін жергілікті соттар мен Жоғарғы сот атқаратын болды. Бұған дейінгі Конституциялық соттың орнына Кон­ституциялық Кеңес құрылып, ол соттан тыс азаматтар мен ұйымдар­дың конституциялық құқықтарына бақылау жасайтын, түсінік беретін ұйымға айналды. Елбасының "Қа­зақ­с­тан Республикасындағы құқық­тық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Жар­лығына сәйкес Президент жергілікті соттардың судьяларын, ал Жоғарғы соттың судьяларын Парламент Сена­ты тағайындау құзыры енгізілді. Осы­лайша еліміздің тарихында ал­ғаш рет судьялар тұрақты мерзімге бе­кітілетін болды. Бұл - құқық қор­ғау органдары арасында судья­лар­дың әлеуметтік мәртебесін және тәуел­сіздігін мемлекеттік тұрғыдан қамта­ма­сыз етудегі алғашқы үлкен жетіс­тіктердің бірі болды. Өрке­ниет­ті ел­дер­дің даму кезеңдерін айта кетсек, мем­лекеттің дамуы мен өркендеуі сот билігінің беделі­мен және оның әділ тө­релігін жү­зеге асыруының сапа­лық деңгейі­мен өлшенеді. Бұл жағы­нан алған­да, осы жылдарда елімізде сот би­лігі толық қалыптас­ты, оның құ­қықтық тұжырымда­ма­сы бекітілді. Сот билігі мен ат­қарушы биліктің арасын бөлу жө­ніндегі пікірталас 2000 жылы шеші­мін тапты. Осы жылдың қыркүйек айының бірі күні шыққан ел Пре­зи­дентінің "Сот жүйесінің тәуелсіз­дігін нығайту шаралары туралы" Жарлығы елі­мізде сот жүйесі өзінің мазмұны мен материалдық жағы­нан да тә­уелсіз болуына жол ашты. Сот жү­йесін одан әрі дамытуда бұ­ған дейін еленбей қалған кемшілік­тердің орнын толтыру Қазақстан Респуб­ли­ка­сының саяси, құқық­тық тұ­жырымдамасын 2010 жылға дейін жүзеге асыру бағдарлама­сын­да белгіленген еді. Ол үшін еліміз­дегі сот жүйесі мен судьялар­дың мәр­те­бесін анықтайтын Конс­титу­ция­лық заң қабылдау қажетті­лігі туын­дап, 2000 жылдың 25 жел­тоқ­саны күні "Қазақстан Респуб­ли­касының сот жүйесі мен судья­лар­дың мәрте­бесі туралы" Консти­ту­циялық заңы қабылданып, жоға­рыдағы аталған мәселелерді оңтай­лы шешіп, сот реформасының одан әрі жоғары деңгейде қарқын алуы­на негіз болды. Бұл заң еліміздегі соттардың беделін барынша көте­ріп, судьялар­дың тәуелсіздігі мен тұ­рақ­тылы­ғына кепілдік берді. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебе­сі туралы" Конституциялық заңға 2008 жылғы 17 қарашада өзгерістер мен толық­тырулар енгізілуі рес­пуб­ликаның сот жүйесі үшін ма­ңызды оқиға болды. Осы заң сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесінің негізін қала­ды. Осындай маңызды міндеттер­дің ішіндегі сот өндірісіне бүгінде енгізіліп, тиімді жұмыс істеп жатқа­ны - "сот инстанциялары ара­сын­дағы соттылықты шектеу про­цесін түбегейлі қисынына жет­кізу". Сот өндірісіндегі істерді әділ, жедел мерзімде қарау үшін сот сатыла­рын­дағы істерді реттейтін процес­суал­дық заңнаманы жетіл­ді­ру мақ­са­тында  2009 жылғы 10 желтоқ­санда "Қазақстан Респуб­ликасы­ның Қылмыстық, Қыл­мыс­тық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданып, 2010 жылғы 1 қаң­тардан бастап сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды. Осы заңға сәйкес, аудандық сот - бірінші сатыдағы сот, облыстық сот - апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот, Жоғарғы Сот тек қадағалау саты­сы­ның соты ретінде жұмыс істей бастады. Еліміздің сот жүйесін да­мыту әрдайым ілгері қозғалуда. Атап айтқанда, соттар­дың тәуелсіз­ді­гін әрі нығайту жо­лында сот шешімдерінің ашықты­ғы мен жария­лылығы қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігі және адвокаттар­дың сот процесіндегі ролін күшейту әрі судьялардың жауапкершілігін арт­ты­ру жоғарғы деңгейге жетті. Елі­міздегі сот саласында жасалып жат­қан реформалар айтарлықтай. Оның бірден-бір көрінісі - Орталық Азия судьяларының халықаралық қауымдастығының бастамасымен ТМД елдерінің судьялар кеңесі, халықаралық Заңгерлер одағы, ше­телдік судьялар одақтарымен ты­ғыз қарым-қатынас жасалып, еліміз сот саласында жаңа белес­терге қол жеткізді.

   Қазіргі уақытта соттар осы заман­ның соңғы жетістіктеріне қол жеткізді. Оның дәлелі ретінде  "Төрелік" АЖ бағдарламасын атап айтқым келеді. Бұл компьютерлік бағдарлама сотқа келіп түсіп, тір­келген арыздарды, істерді автомат­ты түрде бөлу мүмкіндігін береді. Ол да өз кезегінде жемқорлық белгіле­рі­не жол бермейді.

     Жаңа қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзе­тулер енгізумен, сапалы заң­дар­дың қабылдануымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құ­қық қорғау органдарының кінәрат­сіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойын­дау­мен ұштастырылып отыр. Қа­зақс­танда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоға­ры­лығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған сайын арта түсуде.

 Нұрлыбек Қосанов,

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы

Қызылорда облысы

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 13:04

CАҒАДИЕВ СЫН САҒАТЫНДА

| Автор: 

         

    Өткен апта билік басында отырған шенділерге ауыр тиді. Себебі де түсінікті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Үкіметі бастаған, әкімдері қостаған жиында сұрақтарды төтесінен қойып, министрлерді бір терлетіп алды. 2016 жыл -  жалпы билік үшін ауыр болды. Осы жауапты әрі сынақты кезеңде әр министр атқарылған жұмыстар тізбесін Президент алдында баяндады. Жоспарлы жұмыстардың жүйесіздігінен бірқатар министрлер орындарынан қайта-қайта тұруға мәжбүр болды. Кеңейтілген жиыннан кейін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та отырыс өткізді. Басты мәселе - қаржы қоры, яғни әр салаға бөлінген бюджет көлемі. Елбасы сынынан кейін министрліктердің бюджеттері тексерілетін болды. Алғашқы сынақтан өтетіндердің қатарында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те бар. Бюджет шығындарының тиімділігін арттыру арқылы тиімсіз бағдарламалар анықталмақ. Қалай десек те, алдағы алты ай ішінде министрлерге тыным болмасы анық.

А.Қаракесек

     Ерік-жігерін жастар қай салаға сарп етіп жүр? Салынып сыра ішу­ге ме, яки құлқы құмар ойынға кетіп, құны аз арзан қуа­­ныш­тарды сатып алуға ма, әлде есалаң күйде есінен айы­рылып, өз тағ­дырын қураған қамыстай қылатын есірткінің ізін­де жүр ме? Одан қалды қаланың қараңғы қуыстарында топта­лып төбелесіп, бол­маса бейтаныс бойжеткеннің жыныстық құ­қығына беймезгіл қол сұға ма? Әлде ұрынып жүріп ұрлық жа­сайтын шығар, бәлкім. Жас­тардың өз тілдерінде айтқанда, "қа­ра жолға" түскен олар, елі­мізде біз ойлағаннан да көп болып шықты.

    Қызылорда облыстық прокуратураның сайтында сан түрлі сандар сайрап тұр. Әрине, қылмыс жасаған жастардың тізімі. Қадағалаушы органның жылдық есебіне толыққанды түрде көз жүгіртіп өтсек, "2015 жылы облыс көлемін­де денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, бұза­қы­­лық, тонау секілді адамның қа­уіпсіздігіне қатер тудыратын ауыр қылмыстар өскен".

    Сол сияқты 2016 жылы да адам өміріне қол сұққан қылмыстар қатары кемімей, 2 ай ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары 5 дерекке жиілеп, 1 қасақана кісі өл­тіру дерегі орын ал­­ған. Осы мән-жай­лар­­ға бай­ланысты аталған мәселе облыстық прокуратураның алқасында күн тәрті­біне енгізіліп, тал­қылауға ұсынылыпты. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың 12 айында облыста 12241 қылмыстық құқық бұзушылықтар тір­келіп, 14,2%-ға өскен. Оның ішінде ауыр қылмыстар 739-дан 888-ге немесе 20,2%-ға артқан.

    Енді өткен 2016 жылдың қорытындысына зер салайық. Қызыл­орда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залында судья Қ.Бержанов 2016 жылының 12 айында атқа­рыл­ған жұмыс жайын баяндаған бо­латын. Шара барысында судья өт­кен жыл ішінде сот өндірісіне 51 адамға қатысты 38 қылмыстық іс, 583 талап арыз және 252 әкім­шілік құқық бұзушылық істері түс­кенін атап өтті. Қылмыстық істер­дің 26-сы үкім шығару арқылы аяқ­талса, 7-і бойынша қаулылар қа­­былданып, өндірістен қысқар­тыл­ған. 37 адам сотталып, 10 адам­ға қатысты іс алынып тасталған. Есеп­ті кезеңде сот судьялары ауыр санаттағы 29 адамға қатысты 22, ауырлығы орташа санаттағы 14 адамға қатысты 9 және жеңіл санаттағы 1 адамға  қатысты қыл­мыс­­тық істі қарап шыққандарын баян­дап берді. Қозғалған 583 азаматтық істің 478 шешім шығарылу арқылы аяқталған.

  XXl ғасыр жастарының ойынға құмарлығы да құқық бұзушы санын еселеуге себеп  болып отыр. Қарапайым өмірдегі бір мысалға тоқталып өтейік. "Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкім­ші­лік іс бойынша құқық бұзушы Д.-ға әкімшілік айыппұл салды. Бұл да құмар ойынның құзырымен бол­ған құқық бұзушылық. Кінәлі Д. компьютерлік клубта адми­нист­ратор болып қызмет жасап жү­ріп, кәмелетке толмаған екі жас­өспірімді өзі жұмыс жасайтын компьютерлік түнгі уақытта клуб­қа кіргізіп, ойын-сауық орнында бо­луларына жол берген. Әлбетте, бұл жауапкершілікке әкеп соқтырады. Сот іс-құжаттарын зерделеген судья администраторды Қа­зақс­тан Республикасы ӘҚБтК-ның 132-бабының 1-бөлігімен кі­нәлі деп танып, оған 63630 теңге айып­­пұл салған. Бұл мысал ата-ана­лардың өз балаларының түн мез­гілінде кімдермен, қандай іс­термен айналысып жүргендерін қа­дағалаусыз қалдырғанынан болып отыр. Беймезгіл осылай көше кезіп жүрген, құмар ойынға құ­нық­қандар ертеңгі күні немен айналысатынын кім білсін?!

    Кәмелетке толмағандарға қа­шанда жауапты - ата-ана. Таяқтың екінші ұшы да осы жандарға келіп тиеді. Тәрбиенің осалдығы болмаса, баланың босаңдығы болмайды. Кей ата-аналар баласының жаман жолға түсіп кеткеніне қоғамды кінәлап жатады. Өздері балала­рына түн мезгілінде ие бола алмай, көше кездіріп, көше­нің тәрбиесін беріп жатқанымен шаруалары жоқ. Отбасылық тәр­бие­нің төмендігі де бала­ла­рының бұзақылығына себепкер болады.

 

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 04:25

ҚОҒАМ АРСЫЗДАНЫП БАРАДЫ

| Автор: 

     Қазақ "жүргенге жөр­­­­­гем ілінер" дейді. Дәл теңеу! Жөргем - малдың ащы ішегі мен тоқ іше­гінен өріп жа­салатын дәм­ді тағам. Алайда, оны қонақ та­бақтарына сал­майды. Әйтсе де, жүрек жал­ғауға таптырмас ас.

   Жазу өнеріне жа­қын­дау жандар үшін "жөр­гем" - ақпар алу бо­лып келетіндіктен, са­пар­лағанда ел аузын аң­дып, керекті ақпар жи­нап, "жүрек жалғап" қа­лу­ға тырысаты­ны­мыз бар.

    Сондай сапардың сәті -Тәуелсіз­дігіміздің 25 жылдығы қарса­ңында туды. Облыстық білім басқармасының шақы­р­уы­мен Тәуел­сіздік күні­не орай әр түрлі дәрежеде мара­патталуға Арал ауда­нынан бір топ мұғалім­дер жеңіл авто­буспен облыс орталы­ғына ат­тандық. Бардық. Мара­патталдық. Ескі таныс­тарды кездес­тіріп, қау­қылдастық. Қайта жол­ға шықтық. Әрине, бәрі­міздің "илеген пұш­па­ғымыз" бір болған­дықтан, әңгіме барысы бүгінгі мек­теп жайында өрбіді. Дені ұстаздың қыз­метке еңбегі сіңген азаматтар болған соң, соңғы кезде білім сала­сында белең алып бара жатқан келеңсіздіктерге аса қынжылыс білдіріп, өкініштерін жасырмады. Қынжылыс диалогтар былайша өрбіді.

    - Мектепке "уборщик" болып кірдім дегенше, мұғалім болдым дей бер!..

   - Иә, рас айтасың, еден жуғыш таяқ­­ты ұстап жүргендер біршама уа­қыттан соң, сынып журналын алып ба­ра жат­қанын бір-ақ көресің!..

   - Бүгінде оқушыны тәртіпке салу қиын­ның қиыны болып тұр. "Тәйт!" десең, бітті! Үстіңнен арыз қарша бо­райды дей бер.

    - "Өзің диуанасың, кімге пір бо­ласың" дегендей, қазір оқушы түгілі, жас мұға­лімдерге де сын айта ал­майсың. Мінін айтсаң, жау санайды. Туған-туысқан­дарын, ағайындарын ізіңе салып қояды.

   - Біз жас кезімізде тәжірибелі мұ­ға­лім­дердің сынын дұрыс қабылдап, жібер­ген қателіктерімізді қайтала­мау­ға, үй­рен­ген үстіне үйренгіміз келіп тұратын.

   - Мына шыққыр көзім оқушылары ба­ла­ғаттап жатса да, тымпиып отыра бе­ретін арсыз мұғалімдерді де көріп жүр ғой!..

   - Әй, мұның бәрі оқушылардың ал­­дында беделі жоқ мұға­лім­­дер­дің тым көбейіп кетуінен-ау!

 

   Кәсіби патология. Иә, бұл сіз бен біз аса мән бере қоймайтын медициналық термин. Сіз де аталмыш ұғымның тек ғана ақ халаттыларға қатысы бар деп санайсыз ба? Ал, кәсіби салада жүріп денсаулығыңызға зақым келгенде сіз қандай дәрігерде ем қабылдадыңыз? Медицинаның осы саласы қызметте жүргенде сіздің денсаулығыңызға, сондай-ақ құқығыңызды қорғауға көмекке келетінінен хабарыңыз бар ма? Сыр елінің тумасы, жоғары санатты дәрігер-профпатолог Жұбан Тілеубергенұлы қаңтардың 16-20 күндері қызылордалық ақ халаттыларға дәріс өткізуге келді. Оңтайлы сәтті пайдаланып, біз Қызылордаға келген іссапарында маманмен сұхбат құрдық.

    - Жұбан Тілеубергенұлы, Қызылордаға қош келдіңіз. Әң­гімемізді алдымен сіздің осы салаға келген кезіңізден бастағанды жөн көріп отырмын.

     - Рахмет! Мен мектептен ке­йін ауылдан арман арқалап қа­лаға келіп, Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түстім. Сол уақытта мың студенттің ішінде тек жалғызына бұйыратын "Лениндік стипендия" деген болатын, мен сол стипендияның иегері болдым. Училищені қызыл дипломмен аяқтап, Алматыдағы мемле­кет­­тік медициналық институтында жоғары білім алдым. Оқу бітіргеннен кейін 3 бірдей фосфор зауыты бар химия өндірісінің орталығы атанған Тараз қаласында 20 жылдан аса уақыт жұмыс жасадым. Фос­фор зауыты мен медицинаны не байланыстырады деп отырған шығарсыз. Менің мамандығымның оған тікелей қатысы бар. Яғни, фосфор зауыты - ол адам денсаулығына аса зиянды еңбек орны болып табылады, мен сондағы жұмыс жасайтын жұмысшылардың денсаулығын сақтауда еңбек еттім. Тараз қаласында жүріп ғы­лыми еңбегімді қорғадым, өз саламның қыр-сырына қа­ныққан маман болдым, 50-ден аса ғы­лыми еңбектің авторымын. Соңғы он жылдан бері осы сала бойынша Астана қа­ласында жұмыс жасап жатырмын.

     - Дәрігер-профпатолог - бұл түсінік медицина саласы қызметкерлері үшін таңсық емес шығар. Бірақ өзіміз жиі ести бермейтін осы мамандықтың қо­ғамға маңыздылығы бізді қы­зықтырады...

   - Кәсіби патология деп отыр­ғанымыз, адам денсаулығына аса зиянды еңбек орындарында еңбек ететін жұмысшыларда болатын кәсіби аурулар. Мысалы айталық, электрдәнекерлеуші өзінің өмірін сол салаға арнап ұзақ жылдар қыз­мет етеді. Жұмысқа орналасатын кезінде оның бойында ешбір сырқат белгілері болмайды. Бірақ күндердің кү­нінде ол шаңнан немесе түрлі әдіс-тәсілдермен дәнекерлеу жұ­мыстарын жүргізу салдарынан ауру табады. Немесе, медицина саласында науқастарға ем-шара жасайтын кабинеттерде жұмыс жасайтын мейірбикелер, осы салада жүріп, 2-3 жылдан кейін демікпеге шалдығуы мүмкін. Себебі оның жұ­мысы неше түрлі дәрілік пре­параттармен, дезинфек­ция­лау ерітінділерімен үздік­сіз байланыста болады, олардың да сан түрлі аллергиялық қасиеттері бар. Содан келеді де, ол әуелі мұрыннан басталып, арты сол демікпе ауруына алып келуі әбден мүмкін. Міне, бұл кәсіби ауруға жатады, менің осы саламен, ондағы кездесетін проблемалармен шұғылданғаныма биыл 30 жыл болды.

     - Сонда кәсіби патология­да қандай мәселелер кездеседі?

    - Соңғы он жылдан бері мен дипломнан кейінгі білім бе­ру бойынша дәрігер мамандарды оқытып келе жатырмын. Менің мамандығым жөнінен еліміздің солтүстік және батыс аймақтарында, Астана мен Қызылорданы қоса айтатын болсақ, бірде-бір кәсіби патологиядан дәріс беретін мұға­лім жоқ. Ал, кәсіби патоло­гия­дан сабақ өткізу үшін біріншіден, оның ғылыми ата­ғы, екіншіден, бай іс-тәжірибесі болуы керек. Мен бірінші кезекте дәрігер-профпатологпын, ал кәсіби патологияның барлық түйінді мәселелері елі­міздің заңнамаларымен тығыз байланысты. Сайып келгенде, қолданыстағы заңнаманың бар­лығын білуім қажет. Сол се­бепті заңгерлік инс­титутты сырттай оқып ал­ғанмын, екін­ші дипломым бар. Біздің жүр­ген жеріміздің барлығы айтыс-тартысқа толы. Себебі біз бел­гілі бір өндіріс орнында жұмыс жасап жүріп, жарақат алған немесе өнер­кә­сіптен уланған жағдайда, ары қарай оның жәр­­демақысын, материалдық өте­мін алуына көмектесеміз. Кө­біне жұмыс берушілер ақы төлеуден қашқысы келеді, дегенмен, кәсіби патологияға қа­тысы бар заңдардың барлығы зардап шегуші жағында. Біз заңды қолдана отырып, науқас­­тың жағдайын жасаймыз, оған қажетті кеңестерді айтып медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (МӘСК) жібереміз. Себебі, науқастардың кә­сіби патологияға ұшырауы көп жағдайда жұмыс беру­ші­нің кінәсінен болып есептеледі. Барлық жерде бірдей жұ­мысшыларға жағдай жасалынып отырса, ешкім ауырмас еді ғой. Сондай жерлерде ең­бек ететін жұмысшылар арасынан біз кәсіби нау­қасты табуға мін­деттіміз, себебі сол үшін оқы­дық, сол үшін еңбек ете­міз, түп­теп келгенде, ол нау­қас­ты мү­гедекке дейін жеткізбей, ауруының алдын алуға жұ­мыс жасауымыз қажет. Кәсі­би патологияның қоғам алдындағы маңыздылығы осын­да. Біздің Қазақстанда кәсіби патология саласы кенже қалып келе жатыр.

   

       Ақпарат тұтанған от секілді. Себебі ол адам ойын өзгертетін құрал. Әрине, дұрыс бағытты көздейтін болса ға­на. Теріс жолды нұсқайтын ақпараттың желіде жиілеп кеткені соншалық мұнымен билік білек сыбанып кі­рі­сіп кетті. Жақында Қызылорда облыстық прокура­турасы теріс бағытты насихаттайтын сайттардың анықтады.

     Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Қайрат Бөрібаев өткен жылда анықталған құқық бұзушылық деректері мен ұлттық және діни ала­уыздықты қоздыруға бағытталған сайттардың жабыл­ған­ды­ғын жариялады.

    Жасыратыны жоқ, бүгінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қыл­мыс­тарды алдын алу өзекті мәселе. Бұл бағытта прокура­тура барлық шараларды, оның ішінде ғаламтор ке­ңістігіне мониторинг жасауда.

   Ең бастысы, жасөспірімдердің басым көпшілігі бос уа­қыттарын "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде өткізе­тіндігін көрсетіп, кәмелетке толмағандардың арасында пор­нографиялық, сексуалдық әрекеттерді насихаттайтын түрлі бейнероликтері бар 3 қоғамдастықты анықтаған.

   - Ғаламтор жүйесіне мониторинг жүргізу нәтижесінде бізбен "Facebook" және "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінде ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған 39 жарияланым, сонымен қатар жасөспірімдердің адамгершілік-рухани дамуына теріс қылықты на­си­хаттайтын "YouTube" бейнехос­тингтің 25 арнасы жабылды,-дейді жиында Қ.Бөрібаев.

    Еске сала кетейік, өткен жылы облыстық прокуратура мектеп оқушыларына телефон ұстауға тыйым сал­ған-ды. Әзірге айыппұл төлеген оқушы жоқ.

    Телефон  ұстау тыйылғалы бері телефон ұрлығы да азайған көрінеді.

   - "Оқу орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" жобасы шеңберінде Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында және Шиелі ауданында орналас­қан барлық мектептері бейнекамералармен жабдықталды, бас­қа аудандардың мектептері осы жылдың сәуіріне дейін 100 пайыз қамтамасыз етілген. Жалпы, бұл жоба мектептерде орын алатын телефон ұр­лықтарын жоққа шығарды және жасөспірімге қарсы қылмыстар 192-ден 78-ге  төмендетті,-дейді Қ.Бөрібаев.

А.ҰЛАНАҚ

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C