Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 461

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 244

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 12:29

2016 жыл: Оқиғалар мен ойлар

| Автор: 

    Тағы бір жыл артта қалды. Жыл жабар уақытта өткенді еске түсіріп, жетістікті саралайтынымыз бар. 2016 жыл ел жадында нендей оқи­ғалар сақталды, неге жеттік, қай тұста тізгінді тарттық. 2016 жыл де­генде ойға оралатын, санаға сан мәр­те келетіні - ел тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерейтойы. Барымызды ба­ғалай білдік. Ширек ғасырда ше­карамыз шегенделді, етек-жеңімізді жиып, тәуелсіз ел атандық. Білімге бет бұрдық, экономиканы қайта түздік, нарыққа жол аштық. Сауда сапасы артты, тауар түзелді, түрлі ұйымға мүше болдық. Бұл 25 жыл­дағы қадамдар еді.

     Қаңтар айының алғашқы апта­сын­да ел үшін маңызды құжат "Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам" мем­ле­кеттік құжаты қабылданды. Осы кезеңге дейін түрлі салада ілгерілеу болғанымен, кемшіліктер де қалып қойды. Осы олқылықтың орнын тол­тыруда 100 қадамның берері мол болды. 5 реформа салалардың да­муына қан жүгіртті.

      Биыл билік дағдарыстың дауы­лына қарсы қалқан болар шаралар тіз­бегін жасады. Шындығы керек, дағдарыс халық көңілін күпті етті. Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Мұнай бірде түсіп, бірде көтеріліп, бе­рекені қашырды. Доллар да долда­нып алды. Бірақ, үкімет әлеуметтік төлемдерге тиіспеді. Қаржы қорда қал­ды. Халықтың күткені де осы еді.

     2016 жылы биліктің креслосын­да отырған шенді қызметкерлер жылы орындарын суытты. Бірі өз еркімен отставкаға кетсе, енді бірі бос орынға жайғасты. Жаңа минист­р­лік құрылды. Министрлер ауысты. Соның бірі білім саласын басқарған Сәрінжіповтің орнына Сағадиев келді. "Әр министр - бір реформадан" дегендей, Сағадиев те білім саласын түрлендірді, рефор­ма­лар әкеліп, жаңа бастамалар кө­терді. Оның берекесін алдағы уақыт көрсетеді.

   "Халық қаласа, хан түйесін сояды". Биыл халық наразылығын ту­ғызған жер дауына байланысты да қызу талқылаулар болды. Түрлі пікірлер айтылып, мемлекеттік комиссия құрылды. Ақыры, Елбасы жер дауына қатысты ойын білдіріп, 5 жылдық мораторий шешімімен мәселеге нүкте қойды.

     Сыртқы саясатта да салмақты ұстаным бар. Әлем елдерімен жасалған келісімдерден бөлек, Елбасы Вашингтондағы саммитте "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесін жария­лады. Алыс-беріс, барыс-келіс артты. Халықаралық құжат­тар бекіді.

    Спорт саласындағы жылдың айтулы оқиғасы ретінде Бразилия төріндегі Рио-де Жанейродағы олимпиада ойындарын айтамыз. Көпшіліктің құрметіне бөленген бірқатар спортшылар спорт са­йы­сынан тысқары қалып, саяси же­леумен олимпиадаға қатыстыр­ыл­ма­ды. Бұл мәселе олимпиа­дадан кейін де "допинг дауы" деген тақырыппен белгілі. Дегенмен, өзге де қазақстандық спортшылар ел намысын қорғап, жүлделерді олжалап қайтты. Қоржынымыз 17 медальмен толықты. Олжа демек­ші, биыл Геннадий Головкин мен Қанат Исламның жекпе-жек­тегі жеңісі қазақтың байрағын тағы да көкке көтерді.

    Мешін жылы мәдениетке де мән берілді. Жаңадан мәдениет сарай­лары бой көтеріп, өнер иелеріне құрмет көрсетілді. Белгілі азамат­тардың мерейтойы аталып өтілді.

     2016 жыл - Қазақстан Үкіметі үшін қауырт болды. Күн сайын құбылған әлемдік экономикаға ілесу үшін билік барын жасады. Ауыз толтырып айтар жаңалықтар да болды. Кемшіліктер де жоқ емес.

    Апта аттасақ, келесі жылға аяқ басамыз. 2017 жыл - Қазақстан үшін маңызды міндеттер жылы болмақ. Ел абыройын, елдің осы уақытқа дейінгі дәрежесін сынайтын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен дүниежүзілік қысқы универ­сиа­да сынды маңызды шаралар бар. Демек, сындарлы сәттен абыройлы шығу қажет.

     Өткенге өлшеммен қарасақ, өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жыл­дан үміт көп. Жаңа жыл жарқын жаңалықтардың жаршысы болсын!

 

А.ҚАРАКЕСЕК

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2016 04:40

Тәуелсіздік табысы

| Автор: 

       Ширек ғасыр ішінде елімізді дү­ниежүзі танып, Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саяса­ты­ның арқасында саяси-эконо­ми­калық, әлеуметтік табыс­тарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық. Қа­зіргі уақытта Қазақ­-с­тан ке­мел­ді тәуелсіз мем­ле­кетке айналды. Тәуелсіздік - тә­ңірдің біздің ұр­пақ­қа берген үл­кен бақыты, хал­қы­мыздың мәң­гілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетіс­тік­терімізге Тәуел­сіз­діктің арқа­сын­да қол жет­кіздік.

     Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мә­де­ние­ті­міз бен мемлекеттік тілді жаң­ғыр­ту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, ден­саулық, спорт салалары ай­рық­ша дамыды. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жет­пес құн­ды­лы­ғымыз. Жас мем­лекет тари­хындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бас­тау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байла­нысты.

    Біздің алдымызда Тәуел­сіз­дік мерейтойын асқан ұйым­дас­­ты­ру­шы­лықпен және жо­ғары идео­ло­гия­лық деңгейде өт­кізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бі­регей белесті тола­йым табыстар­мен қарсы алу бар­шамыз үшін үл­кен сын. Тә­уелсіздік тойы жал­пы халықтық си­­патқа ие болып, отандаста­ры­мызға ай­рықша рух беруі керек. Тәуел­сіздік тойына әрбір қа­зақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол құқық қорғау са­ла­сында қыз­­мет етіп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы ең­бек етіп, ел игілігін арттыру де­ген сөз. Яғни, азаматтарымыз­дың адал еңбегі мен елге деген шы­на­­йы құрметі тәуелсіздік тойына жа­салған үлкен тарту болмақ.

   

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2016 04:22

ШЕКАРА - ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

| Автор: 

    - Ең алдымен, бабаларымыз еге­­­мен еліміз тәуелсіздік алғанда ен­ші­мізде ұлан-байтақ жер қалды. Бі­рақ әлемдегі тоғызыншы территория саналатын қазақ даласы ешбір ха­лықаралық құжатпен рәсімделмей, ашық-шашық жатқан еді. Біз осы бір аса күрделі әрі шетін мәселе­ні сәтімен шешіп, Ресей мен Қытай бастаған барлық көршілері­мізбен ара­дағы жалпы ұзындығы 14 мың ша­қырымнан асатын шекарамызды ха­лықаралық құжаттармен рәсім­деп, болашақ ұрпақтың алаңсыз болуы үшін біржолата әрі мәңгілікке шегендедік,- деген болатын мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ хан­дығының 550 жылдығына арнал­ған салтанатты жиында сөй­леген сө­зінде. Ал, биыл ҚР Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту қарса­ңында Елбасының тапсырмасымен бе­кітілген іс-шаралар жоспарына сәй­кес 23-қараша Шекара күніне арналды.

    Қызылорда қалалық мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімінің ұйым­­дастыруымен 25 жұлдызды күн­нің келесі шарасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінің базасында өтті. "Шекара - Отанымыздың жүрегі" атты кон­церт­тік бағдарлама шекара қызметкерлері мен жас сазбаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеште А.Тоқ­мағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің әншілері патриоттық бағыттағы тақырыпта ән шыр­қа­ды. Шара соңында 2019 әскери бө­лімі "Тәрбие және әлеуметтік-құ­қық­тық жұмыстар" бөлімінің бастығы Бектеміс Оразбаев ұйымдасты­ру­шыларға алғысын білдірді.

    - Тәуелсіз еліміздің мерейлі ме­ре­кесі ел егемендігінің 25 жылдығы ая­­сында өткізілген бүгінгі шараның бізге берері мол болды деп есептей­міз. 25 жұлдызды күннің бір күнін ар­найы Шекара күні деп белгілеудің өзіндік мәні зор. Себебі шекарашыларға - тәуелсіздік алған жылдардан бе­рі елдің тыныштығы үшін Отанды қор­ғау мәртебесі бұйырған және артылған жауапкершілік те жоғары. "Шекара - Отанымыздың жүрегі" ат­ты концерттік бағдарламасын ұйымдастырушыларға алғысымызды біл­діре отырып, баршаңызды Тәуел­сіз­­дік­тің 25 жылдығымен құттықтаймын, - деп қорытындылады сөзін Бектеміс Оразбаев.

 

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016 10:18

Сыртқы саясаттағы серіктестік

| Автор: 

    Әлем әбігерленіп тұр. Жаһандық геосаясат құбылмалы реңк беруде. Қара алтынға тәуелді көптеген мемлекеттер мұнай бағасының бірде төмендеп, бірде шарықтап кеткеніне орай дел-сал күй кешіп отыр. Жаһанның жуан­дары жан таласып жатыр. Оның үстіне Сирия мен Украи­на­дағы текетірестер мен кәрі құрлық елдеріндегі бере­кет­сіздік әлемдік құрлықтағы ахуалды өзгертті. Қазақс­тан жаһандық жағдайға үн қата отырып, халықаралық мәселелерге өз көзқарасын танытып келеді. Оны Елбасының сыртқы саясаттағы ұстанған бағытынан айқын аңғаруға болады. Рас, Президенттің әрбір күн тәртібі санаулы сағат­тармен өлшенеді. Ресми кездесулер, мемлекеттік са­парлар, дипломатиялық байланыстар мен әріптестік серік­тестік орнату елдің сыртқы саясатын бекемдей түседі. Біз осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  осы жыл­ғы мемлекеттік сапарларын баяндай отырып, сыртқы сая­са­тындағы елеулі кездесулер мен маңызды жиындарды тізбелемекпіз.

     Тарихи салмақта қарасақ, 25 жыл аз уақыт емес, алайда жас мемлекеттің осыншама уа­­қытта бағытын бекемдеп, әлеуетін түзеп, экономикалық әл-ауқатын бір арнаға түсіруі жас мемлекеттің қарышты қа­дамының қауқарын бай­қа­та­ды. Күн сайынғы құбылып тұрған геосаяси жағдайлардан белгілі, өз тәуелсіздігін сақтап қала алмай, бейбіт елдің бірлігі бұзы­лып, елі тарих сахна­сы­нан жойылып бара жатқан мем­­лекеттер де жоқ емес. 

     Әрине, қиындық құр­са­уын­да тұрған елдің қандайда бір қарекет жасап, және ол әре­кет елдің тұтастығына тұ­ғыр бола алуы кездейсоқтық емес, оның артында қажырлы қай­рат, батыл шешім, кесімді келісімдер жатыр. Қазақстан осы уақыт аралығында әлем ел­дерімен әріптестіктің әдемі әлемін құра білді, жаһандық сипат­тағы күрмеуі қиын мәсе­леге өз уақытында үн қатып, сыртқы саясатты елдің саяса­тымен сабақтастыра білді.

     Президенттің жыл басын­дағы мемлекеттік сапары Бель­гиядан бастау алды. Брюс­сель қаласына келген Қазақс­тан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 наурызда "Маль­бек" метро стансасында болған террор­лық акт құрбандарын еске алып, қайғылы оқиғаға бай­ланысты көңіл айтты. Са­пар аясында Президент Еуро­па­лық кеңес төрағасы Д.Туск­пен және Еуропалық комис­сия төрағасы Ж.К.Юнкермен кездесіп, маңызды мәсе­ле­лер­ді талқылады. Бельгия мен Қазақстанның әріптестік бай­ланысы бекіп келеді.

    Халықаралық мәселелерде әр елдің ұстанымы бөлек. Биыл наурыз айының соңғы күні Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сапарлады. Сапар аясында Пре­зидент Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммитке қа­тысып, жаһандық мәселеге үн қатты. Мұнан бөлек АҚШ-тың белді қоғам және саяси қай­раткерлерімен кездесіп, емен-жарқын әңгіме құрды. Мемлекет басшысы  халық­аралық қауіп­сіз­діктің өзекті мәселелеріне де тоқталды.

    Президенттің АҚШ-тан кейінгі ресми сапары Куба Республикасында жалғасты. Айту керек, бұл - Қазақстан Президентінің Бостандық ара­лына жасаған алғашқы са­пары. Мұнда Елбасы Куба Мем­лекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төра­ғасы Рауль Кастромен жүз­десіп, екіжақты ынтымақ­тас­тық, сауда-экономикалық ық­пал­дастық, білім беру, мәде­ниет, спорт, ауыл ша­руашы­лығы салаларындағы байла­ныс­тарды кеңейту жолдарын талқылады.

   

     Егемендікке қол жет­кізгеннен соң ел ішінде өркендеу мен да­мудың көрінісі қа­лыптаса бастады. Алаш­тың анасы атан­­ған Сыр өңірі де жыл сайын жанданып, қала келбеті көр­­­кейе түсті. Нарықтық экономиканың келуіне орай қа­ланың барлық салаларының тамырына қан жүгірді. Құрылыс саласында да қар­­қынды қадам бар. Қала жұрт­шы­лығының әлеумет­тік-экономикалық әле­уеті артты. Мұның бәрі ши­рек ғасыр ішінде қол жеткізген табыстардың бірі. Ел тә­уел­сіздігінің 25 жылдығына орай қаланың даму динамикасын айқындайтын жылнаманы оқырман үшін ұсынып отырмыз. 

     ХХ ғасыр қазақ хал­қына, күллі қазақстандықтарға теңдесі жоқ бақыт сыйлады. Ол - елдің бодандықтан құ­ты­лып, тәуелсіздік алу бақыты. Тәуелсіздік - елі­міз­дің әрбір күнінің, әр­бір қадамының, қиын­­­шылығы мен өр­кендеп дамуының, қателіктері мен табыстарының белесі, жү­ріп өткен жолы, тарихи шежіресі. 

    Қызылорда қаласының тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихы қазақ қоға­мын­дағы үдерістерден бастау алды. Эко­­номикалық тоқы­рау­дан кейін есін жия алмаған Кеңес Одағының күйреуі мен оның құрамынан шыққан респуб­ли­калар көптен күт­кен еркіндік пен тәуел­сіз­дігін алып қана қой­май, өтпелі кезең­нің бірінен бірі асқан қиыншылықтарына тап болды. Өзге республикалар секіл­ді. Қазақ­стан­да да 1991 жылдың аяғында азып-тозып, бас­қару­дан кеткен жоспарлы эконо­мика­ның мұрагері болып қал­ды.

    Ең үлкен қиыншылықтар халықтың тұр­мысы мен көңіл-күйіне тікелей қатысы бар экономика саласында туды. Бұрын жүрмеген, біздің саяси санамызда тіпті сүрлеуі жоқ нарық жолына түстік. Экономиканы ырықтандыруға, қоғамдық мүлікті жекешелендіруге, ұжымшарлар мен кеңшарларды таратуға кірістік. Бағаны шектемей, тізгінін ағытып жібердік. Нә­ти­жесінде бұрынғы қалыптасқан жүйе­нің күл-талқаны шықты, аз ғана уақыттың ішін­де ұлттық өнім­нің 40%-ына дейін жоғалттық. Ауылда да, қа­лада да халықтың тұр­мы­сы күрт тө­мендеді, елде жұ­мыссыздық етек жай­ды. Өз ішімізде, бас­қа да елдермен қалыптасқан экономикалық байланыс үзілді, көптеген өнеркәсіптер жұмысын тоқтатуға немесе жар­тылай жұмыс іс­теуге мәжбүр болды.

 

     Елбасы Н.Назарбаев "Қазақ­­-с­тан - 2050" Стратегиясы қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғы­ты" атты Қазақстан халқына қа­ра­та айтылған кезекті жол­дауында тәр­тіпсіздік пен құқық бұзу­шы­лық­тарға "мүлдем төз­беушілік" қағи­датын қалыптас­тыруды мін­дет­теген болатын. Аталмыш қағи­датты қалыптас­тыру мақсатында, өңірімізде азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін 22 мыңға жуық құқық бұзушылық анық­талып, оларға тиісті шаралар көрілген. Бұл жөнінде жуырда 2016 жылдың 9 айында атқа­рылған жұмыстары жөнінде есе­бін берген ОІІД Жер­гілікті поли­ция қызметінің бастығы, поли­ция подполковнигі Қ.Қоблан­дин бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдеріне арнайы өткізген бри­фингінде баяндады.

      Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес жасалып жат­­қан жұмыстар бойынша, ағымдағы жылдың тоғыз айы­ның ішінде қылмыстар мен құ­қық бұзушылық­тардың алдын-алу мақсатында облыс көлемінде жалпы 42 рет жедел профи­лак­ти­калық іс-шара­лары ұйымдас­тырылған. Атап ай­тар болсақ, "Құқық тәртібі", "Автобус", "Қа­уіпсіз жол", "Мас жүргізуші қыл­мыскер", "Абайла­ңыз балалар", "Жасөспірім", "Бала­лар түнгі қа­ла­да", "Қауіпсіз аула", "Қайыр­шы", "Пробация", "Таза аймақ", "Алкоголь", "Түнгі қала" ат­ты жә­не республикалық деңгейде "Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" тақыбындағы акция өз кезегінде жасалған жұмыстардың оң нәти­жесін берген.

  Сондай-ақ, азаматтардың құ­қық­тық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру бағытында жасалған профилактикалық жұ­мыстар қоғамдық орындарда жа­салған қылмыстар 15,6 пайызға, көшелерде жасалған 20,7 па­йызға, мас күйінде 12,3 пайызға, жасө­с­пі­рімдердің қатысуымен 9,6 па­йызға, отбасы-тұрмыстық ортада 16,7 пайызға азайған.

    Осылайша ОІІД Жергілікті по­лиция қызметінің бастығы по­ли­­ция подполковнигі Қ.Қоб­лан­­дин "Мемлекет тәртіпсіз­дік­ке мүлдем төзбеу­шілік прин­ципін ұстануы тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жай­лы подъезден, жинақы аула­дан, таза көшеден және жарқын жүзді адам­дардан басталады", - деген Елбасының Қазақстан хал­қына жолдауына сәйкес жасал­ған жұ­мыстардың қорытынды­сына тоқ­талды.

 

   Еліміз тәуелсіздік алған ке­зінде жаңа мәртебемен қоса зор жауапкершілік пен мол мі­н­деттер де жүктелгендігі бәрі­мізге мәлім. Бүгінде мем­лекеттік қыз­метті мінсіз атқару үшін аз жұ­мыстар жасалып жатқан жоқ. Қыз­метке жаңа келген жас ма­мандар жұмысын тек төменгі лауазым­дардан бастау талабы­нан бөлек, үш күн ішінде Әдеп ко­дексімен танысып, ондағы талаптарды қатаң ұстануы тиіс.

      Аталған талаптар осы жыл­дың басынан бастап заңды кү­шіне енген мемлекеттік қыз­мет­­шілерге арналған Әдеп ко­дексінде қарастырылған. Осы аталған заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бей­несiне және iскерлiк қа­сиет­теріне қойылатын талаптар жо­ға­рылай бастады. Әдеп ко­дексі жалпы ережелер, мі­нез-құлықтың жалпы стан­дарт­тары, қызметтен тыс уа­қыттағы мінез-құлық, қыз­меттік қаты­нас­тардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішін­де бұқаралық ақ­парат құрал­дарында сөйлеумен байла­ныс­ты мінез-құлық стандарттары сынды бес бөлімнен тұ­рады.

    Кодекстің "Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стан­дарты" атты үшінші бөлімінде, мемлекеттік қызметшілер жұ­мыстан тыс уақытта қарапайым болуы, қоғамда белгіленген жал­пы моральдік-әдептілік нор­маларын сақтауы, заңнама талаптарын бұзбауы қажет деп көрсетілген.

     Осыған орай, жаңа заң талаптарына қатысты бірнеше жыл бойы облыстық Әдеп жө­ніндегі кеңестің мүшесі бол­ған, М.Мәметова атындағы Қы­зылорда гуманитарлық кол­­леджінің директоры Әлима Әб­діқалықованың пікірін біл­ген едік.

    - Жыл басынан бері жаңа Кодексті түсіндіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұрын бұл талаптардың барлығы тек қағидат ретінде қолданылса, енді нақты заңды күшіне еніп отыр. Сондықтан, Әдеп кодексінің жаңа талапта­рының құқықтық жауапкер­шілігі жоғары.

   Заң талаптарын тарқатып айтсақ, биылдан бастап мемле­кеттік қызметшілерге жұмыс­тан тыс уақытта қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге тыйым салынады. Алайда, бұл мем­ле­кеттік қызметші дема­лыс күндері де той-томалаққа бармасын, мүлде ішімдік іш­песін деген сөз емес. Тек мас күйінде, ерсі қы­лыққа бармауы қажет. Ал, олар­дың тәртібін Әдеп кеңесі қарайды. Әдеп ке­ңесінің құзыретіне әдеп кодек­сінің талаптарын бұзған қыз­мет­керге айыппұл салудан бас­тап, қызметінен босату жаза­сына дейін тағайындау құқығы берілген.

   Жалпы мемлекеттік қыз­мет­­ші билік пен өз өкілет­тік­те­рін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс іс­теуі, мемлекет қаржысын өз қал­тасымен шатас­тырмауы ке­рек. Заң талапта­ры­мен то­лық сәй­кестікте өмір сүріп, кез кел­­ген орында, кез келген ла­уазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматта­ры­ның сенімін жоғалтпай, әділ­діктің, қарапайымды­лық­тың үлгісі болып, адамдар ара­сында өзін ұстауға тәрбиелеу керек. Бас­шылық жасамас бұ­рын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкер­лерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі ке­рек, құқыққа қарсы әрекет­тер көрсе, бей-жай қалмауы тиіс.

   "Біз өзіміздің халықтың қыз­метшісі екенімізді ұмыт­пайық. Мансапқорлық көрсет­пей, ха­лыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан кел­генше түсініп, оны дәл сол кез­де орындай алмасаң да түсін­діріп, дұрыс жауап беріп, шы­ғарып салу - біздің пары­зымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекет­тік қыз­меткерлер де халыққа жа­қын болады" деген Елбасы­ның сөздері әрбір мем­лекеттік қызметші үшін басты қа­ғидаға айналуы тиіс деп ойлай­мын,- дейді Әлима Жақыпқызы.

    Мемлекеттік қызметшілер үшін талап күшейді, мақсат-мін­деттер белгілі. Ал, оның жемісті болатынын уақыт көрсетеді.

А.Қаракесек

   Жақында қытайлық ақпарат құ­ралдары ірі қылмыспен ұс­тал­ған елге белгілі шенеуніктің өлім жа­засына кесілгенін жарыса жаз­ған еді. Аспан асты елі үшін өлім жазасы мемлекеттік саясат ре­тінде әріден келе жатқан тәсіл бол­­ғандықтан бұл қалыпты жағ­дай. Жемқорлықтың жолын кесу, қылмыстың алдын алу­дағы нақ­ты заң қытайларды бү­гінде аяғын аңдап басатын жағ­дай­ға жет­кізді. Іш­кі тәртіптің ық­палы бо­лар, жем­қорлық саты­сында әлем ел­де­рі­нің ішінде Қытай көп айтыла бер­мейді.

   Хош! Жемқорлармен пәрменді күресіп жүрген тек біздің ел емес. Қазірде  Еуропадан маза қашты. Кәрі құрлықты бойлаған мем­ле­кет­терде жемқорлық өршіп тұр. Тиімді тетік, шығар жолды табуда әр мем­лекет өз заңнамасына сүйенеді. Ел­дің ішкі ахуалына ба­сымдық береді.

    "Ел ішінде ала да құла да бо­лады" дегендей, әдетте қыл­мыс­тар қаса­қана не білместіктен орын алып жатады. Ал, саналы түрде жем­қорлыққа жол ашатын "ым-жымы бір" шенеуніктердің сыбайластық әрекеттері қылмыс болып табыл­ғанымен, оны мо­йын­дайтындары ілуде біреу. Құмырсқаның ізіндей өз жолын тапқан жемқорлықпен күресті тоқтату мүмкін емес. Себебі жем­қорлық қазірде адамзат тіршілігі­мен қабысып кетті.

   Соңғы он жылдық көлемінде Қазақстанда жемқорлыққа қарсы салмақты саясат қабылданды. Іске асырудың механизмдері мен жолдары жазылған жаңа заңна­малар жемқорлыққа қарсы күрес­тің бір жүгін көтеруге мүмкіндік берді. Жазылып та, айтылып жүр­гендей, жемқорлар­дың жо­лын кесуде "Сыбайлас жемқор­лық­­қа қарсы күрес туралы", "Мем­­­­лекеттік қызмет туралы" заңдар, сыбайластыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функция­лар­ды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган­дар күш біріктіріп жұмыс жүргізуде. Осы заңдардың орын­далу барысына бағыт беретін, нақты ахуалды тал­дайтын стра­тегияда қабыл­дан­­ғаны белгілі. Сыбайластыққа қарсы саясаттың салмағын са­ра­лай­тын бірден бір құжат - "Қа­зақстан Республика­сы­ның 2015-2025 жылдарға ар­налған сыбай­лас жемқорлыққа қарсы страте­гиясы.

     Елбасының жарлығымен бекі­тілген, 10 жылдық межені қам­ти­тын құжат сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторларды айқындауға мүм­кін­дік береді. Маңыз беріп қа­райтын болсақ, старатегияда алдағы он жыл ішінде жемқор­лыққа тосқауыл қоюдың қам қарекеті баян етілген. Осы заң негізінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны орындауға облыс әкім­дігіне қарасты барлық бас­қармалар кірісті. Іс-қимыл жос­пары жайында сәл кейіннен тоқталамыз. Алдымен стратегия­ның негізгі бағыттары мен ше­шімді талап ететін басты пробле­маларына талдау жүргізсек.

 

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында еліміздің азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады деген тұжырым бар.

      Ал, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз - субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

      Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа  әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

     Дегенмен меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс.

     Меншік құқын қорғау заңның барлық салаларымен жүзеге асырылады, соның ішінде азаматтық құқық заңдарымен реттеледі. Меншік құқығы бұзылған жағдайда әрбір азамат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 8-бабына сәйкес өзінің бұзылған құқығын заңдармен қорғалатын мүдделерін қорғау жөнінде азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Меншік құқығын қорғау басқа да азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерімен жүзеге асырылады. Меншік құқын қорғау тәсілдері Азаматтық кодексінің 9-бабында көрсетілген. Атап айтқанда, құқықтарды заңмен мойындату, құқық бұзылғанға дейінге болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін тудыратын әрекеттерге тыйым салу, міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару тиісті құжаттарда көзделген өзге де әдістермен жүзеге асыру шаралары жатады.

   

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 05:47

Журналистерге арнаған байқау

| Автор: 

 

    «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы мен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорыны «Заң білмеген  зардап шегеді» тақырыбында байқау өткізеді.

    Байқаудың мақсаты – Сыр өңірі журналистерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, журналистерге құқық тақырыбына қалам тербеуге бағыт-бағдар беру, ынталандыру.

    Байқау шарттары: Конкурсқа 20-29 жас аралығындағы бұқаралық ақпарат саласында қызмет ететін Қызылорда облысының журналистері мен журналистика мамандығында білім алатын студенттер қатыса алады.

    Байқау екі кезеңнен тұрады. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар баспасөз жанрлары бойынша алдын ала материалдар жазып тапсырады. Материалдар жанрына шектеу қойылмайды, тек бұрын-соңды баспа бетінде жарық көрмегені ескеріледі. Әрбір қатысушыдан біреуден артық материал қабылданбайды.

   Материалдар А4 форматында Times New Roman қарпімен 14 шрифтімен терілген және 3 беттен аспауы керек.

   Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Конкурс  материалдарын кәсіби сарапшылар бағалайды.

    Әділқазылар алқасы келіп түскен материалдарға төмендегі талаптар бойынша баға береді:

- автордың идеясы;

- материалдың өзектілігі;

- дәйектердің айқындылығы пен деректердің шынайылығы;

- заң нормаларына сүйенуі, сүйенілген заң баптарының нақтылығы;

- оқырманға эмоционалды әсері мен қоғамдық пікір қалыптастырудағы ролі.

    Байқау материалдарының электронды нұсқасы 2016 жылдың 25 қазанына дейін мына мекен-жайда қабылданады:

    Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, 62.

    «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры.

    Тел/факс: 8 (7242) 20-16-19; ұялы тел: 8705 952 16-42.

    Электронды пошта:  nur-rukhaniat@mail.ru

    Байқаудың екінші кезеңіне қазылар алқасының іріктеуінен шыққан қатысушылар жолдама алады. Олар белгіленген тапсырмалар бойынша өзара сынға түседі. Жеңімпаздар 2016 жылдың 28 қазанында анықталады.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1,2,3 орындар және ынталандыру иелері арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру комитеті

 

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C