Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қар 14, 2018 601

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл.…
Қар 14, 2018 443

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 471

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың…
Қар 14, 2018 381

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (155)

Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:25

ШЕБЕРХАНАДА ШИРЫҚҚАН ШЫДАМ

| Автор: 

           Ерінбей еңбек ету үшін төзімді болу жұмыр басты пендеге тән қасиет. Ақадал еңбек арқылы нәпақасын тауып, үйінің береке-бірлігін сақтап отырған қаншама жан бар. Қызметінің ауырлығына қарамастан содан ләззат алып, қызығы мен қиындығына қатар төзіп келе жатқан маман иелерінің еңбегі ерен. Десек те, қоғам санасы абыройы асқақ мамандықты үлгі тұтады. Балам "бастық" болсын деп барын беріп жатады. Маңдай тер, табан ақы еңбекпен қара жұмыстың өзін құлшынысымен жасаған кісіні көрсе, мұрынын шүйіріп, басын шайқап кететіндерді де қоғам жасырмайды. Алайда, нар тұлғалы азаматтар оңай жолмен олжа тапқанды хош көрмейтіні ақиқат. Қызылорда қаласында техника тілін жетік меңгерген Нұрлан Иманғалиев еңбектің шыңына шыққан маман иесі. Қызметі қиын болғанымен, еңбегін ел ескере бермейтін шебермен тілдесіп, бір күн бойы жасайтын жұмыс барысымен танысып қайттық.

    Қазір заман дамыған сайын түрлі техниканың түрленіп, көз тартарлықтай күйге еніп шығуы заңдылық. Бір түймені бассақ болды, бәрі дайын болып шыға келетін дүниені алуға құмар­татын халық көп. Жасыратыны жоқ, қол жеткен құнды затты әрі-бері айналшықтап, техникамен таныспай қолданысқа енгізуге асығамыз. Тұрмыстық техни­каның тілін білмегендіктен не болмаса сапасыз тауардың төзімі таусылғандықтан істен шығып жататын кездері жиі кездеседі. Тығырықтан шығатын жол біреу ғана. Ыңғайлы бағаға сапалы қызмет ұсынатын шебердің ке­рек екендігін сіз де біліп отырған боларсыз. Бүгінгі "Еленбейтін еңбек иелері" айдарының кейіп­кері Нұрлан Иманғалиев бір­неше жылдан бері кез-келген отандық және шетелдік ірі тұрмыстық техника мен элект­рониканы жөндейді. Шебердің айтуынша, электрониканы жөндеу шебер­ха­насының негізгі қызметі плаз­малы панель мен теледи­дарды, аудиотехника мен бейнеаппа­ратураны, сондай-ақ магнитола мен магнитофон, мик­рофон, бейнемагнитофон істен шықса қалпына келтіруге барын салады. Жанына жақын іс болған соң бар күш-жігерін жұмсап, көз майын тауысқанша тірлікті тап-тұйнақ­тай етіп бітіретін көрінеді. Асыра мақтап отырған түгім жоқ. Шеберхана ғимаратының ішінде жұмысын бақылағаннан кейін, еңбегінің қаншалықты ауыр екендігіне көзім жетті. Күніне ең аз дегенде 3-4 адам келіп, өзінің жарамсыз болып қалған тұрмыс­тық техни­каларды алып кел­генде қызығу­шылық танытып, қай бөлшегінің істен шыққан­дығын тапқанша асығады. Шар­шау дегенді біл­мейтін шебердің еңбекке құл­шынысы орасан. Мен ең әуелі Нұрлан Иманға­лиевты сөзге тартып кәсібіне деген махаб­ба­тының басталуына не түрткі болғандығын сұрағанды жөн санадым.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:32

Ісі кенеулінің – есімі елеулі

| Автор: 

   

   Қазақ "шыңға шыққысы келетін адам алдымен таудың етегіне табан ті­рейді" дейді. Бұл еселі ең­бектің маңдай тер еңбек арқылы келетінін, әрі қызметтің қай түрі болмасын, түптің түбінде жеміс беретініне дәлел бола алады. Сол ісінің берекесін көріп қана қоймай, ізін жалғаған ұрпақтарына адал ең­бектің туын ұстатқан өнегелі әулеттер аз емес. Ел ішінде атасы, әкесі, баласы, немересіне дейін бір саланың жүгін көтеріп, сол арқылы мерейі тасыған отбасылар өткен аптада құрмет төріне шықты.

    Түрлі салада тер төгіп, елдің экономикасы мен біліміне, құрылысы мен ауыл шаруашылығына, мәдениеті мен спортына, медицинасы мен темір жол саласына қызмет еткен азаматтар Еңбек форумында еленді.

   Еңбек әулеттерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және сала басшылары қатысты. Шарада облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы еңбек адамдарына деген құрмет қашанда жоғары болатынын, Сыр елінен шыққан еңбек озаттарын жиылған қауымға үлгі етті.

 

   Толассыз ағып жатқан өмір ай­дынында түрлі-түрлі тағдыр бар. Оның әрбірі әрқалай өрбиді. Десе де ХХІ ғасырда қол қусырып отырған адамның тұралап қала­тыны әмбеге аян. Сол себепті де көптен қалмай, тіршілікте тыр­мы­­сып нәпақасын табатындар да өмір ағынына қарсы жүзуге даяр. Нарық халықтың алқымынан ал­ған шақта екі қолға бір күрек та­бу­дың өзі қиынға соғуда. Еңбек етуге келгенде ешкімге қол жай­май­тын, үкімет берген азын-аулақ жәрдемақыға жәутеңдемейтін жан­­дар да жетерлік. Осы орайда бала-шағасының ырзығын іздеген пенделердің өмірінен көп ой түю­ге болады. Тағдырлар тарихы­на үңі­ліп, ішінен тағылым түйін­дей­тін "Еленбеген еңбек иелері" ай­да­­­ры бұл жолы шойын жолдағы қар­­балас тіршілікке мойын бұрмақ.

    Темірмен өрілген тарихы бар темір жол бойы талай жылдан бері халықтың нантабар аймағына ай­налды. Отарбада отырып алып, жолға шыға қалған сәтіңізде қай­наған тіршіліктің денін байқай­сыз. Бірақ, осы бір әдемі үрдістің үзілмей жалғасып келе жатқан сабақтас, дәстүрлі дүниелері де назардан тыс қалмайтыны анық. Өйткені, күнде пойызға мініп жүр­генде бірден көзге шалы­на­тыны жол бойындағы жайдары жүрген сатушылардың сырт сұл­балары. Оларсыз сапарыңыз қы­зық­сыз секілді. Елдің әбден көзі үйреніп те қалған. Тіпті, темір жол ресторанының затын қымбат­сынып, тұтынудан бас тартатын жо­лаушылар осы жандардың қызметіне жүгінеді. Қолдарында не керектің бәрі бар. Құдды жыл­жымалы базар ма дерсіз? Қы­зылды-жасылды балалар ойын­шығы, буы бұрқыраған ыстық та­ғамдар, ауылдың ағарғандары мен тәтті сусындарға дейін осы жан­дардың қолдорбаларынан тауып ала аласыз. Бағасы пойыз дәмха­на­сынан әлдеқайда арзанырақ. Әйтсе де халықтың ысталған ба­лық­қа деген ыстық ықыласы ай­рықша. Отарбадағы халық пен балық егіз ұғым іспеттес. Иісі мұрын жаратын, тұзға қақталып, ысқа басылған балықтың дәмін татуға асықпайтын адам аз шығар. Тұзы татымды тағамды асқа арқау етіп отырып, оның қалай дайын­далатыны және сатылу бары­сындағы машақаты жайында біл­мекке бел будық.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 05:49

«PIKO» АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

| Автор: 

    Қазір тәтті сусынның түрі көп. Алайда, кез келген шырынды қолдана бер­мейтініміз тағы бар. Осы орайда шөліңізді басатын шырындардың арасынан жоғары сапалы сусынды таңдау үшін, "Халық таңда­уы" айдары әрі қарай тәтті сусын­дарға жол тартты. Қалың халықтың қандай өнім бол­масын, сапасы мен бағасына қарай таңдау жасайтынын да білеміз. Әдеттегідей әлеу­меттік желі арқылы қызу талқыға түскен шы­рын­дардың арасынан көпшіліктің таңдауы "Piko" болды. Ал, "Gracio" қымбат болып көрінгенімен сапасының жоғары деңгейде екенін көрсетіп, тізімнің екінші орнына табан тіреді. Ірі сауда орындарынан түспей жүрген "Нектар солнечный" сусынының әлі күнге дейін өзінің тұтынушылары бар екеніне көзімізді жеткізе отырып, үшінші орынға жайғасты. "Фруктовый сад" пен "DaDa" шырындары соңғы орында қалса да, әлеуметтік желідегі жұрт­шылық көпшілігі сапасымен қатар, ба­ғасының да қол жетімді екенін тілге тиек етті.

   

    Қазіргі кезде "сусындарға су қосылады" деп, көпшіліктің айтып жүргенін көзбен көрмесек те, құлақпен естіп жүрміз. Дегенмен, барлығына бірдей топырақ шашпай, сусындар арасында ауыз толтырып айтуға болатын шырындардың саны жеткілікті екенін ұмытпағанымыз жөн.

Абзал Жолтерек

 

 

Сәрсенбі, 26 Қыркүйек 2018 06:47

«Пиала» көш басына шықты

| Автор: 

   "Халық таңдауы" айдары тұрақты түрде оқырманға жол тартқаннан бері тұрғындар түрлі ұсыныстар мен хаттар жолдауда. Отандық өнім­дерді халық таңдау­ына сүйеніп, сараптама жасауда қай өнімнің алға шыққанын анықтап келеміз. Бұл жолы халық жиі тұтынатын шай өнімдеріне жұртшылықтың көзқарасын білдік. Әдеттегідей сұраныстағы 5 шай өнімін: сол­түстік-шығыс Үндістанның Шиллонг және Шығыс Гималайдың аралығындағы Брахмапутра өзені алабында өсірілетін "Ассам" шайы, үнділік "Рахмет" және кениялық үш бірдей "Champion", "Пиала" және "Саванна" шайларын топтастырдық.

   Пікірлер бір мезетте түрлі ой қалыптастырды. Күнделікті ас басына жиналатын халықтың өзіне ұнаған шай өнім­дерінің таңдауда іркіл­меді. Елдің басым бөлігі "Пиала" шайына таңдау жасады. Тізімнің екінші орнына "Champion" шайы жайғасты.

   Сонымен қатар, үштікке енген "Ассам" шайының әлі күнге дейін қолданыста екендігіне көзіміз жетті.

   

  Ірі сауда желілерінен сұранысында жүрген "Саванна" шайы алдын­ғы қатардан көрінбегенімен, өз тұтынушылары бар болып шықты. Бір қызығы, желі арқылы таңдау жасаған тұрғындар "Рахмет" шайына дауыс бермеді. Бұл оның сапасының төмендігі деген сөз емес. Демек, бәсекелестік шартына сәйкес таңдау халықтың енші­сін­де екенін айта кеткен жөн.

  Әлеуметтік желідегі оқырмандарға мойын бұратын болсақ, халық арасында тізімнен көрінбеген "Lipton", "Дәстүр", "Шах" шай өнімдеріне де белгілі мөлшерде сұраныс бары белгілі болды.

    Мақсат - ел қалаған өнімдерді көпшілікке ұсынып, қазіргі кезде ел аузында жүрген өнім­дердің ара жігін ашып, халық пікіріне құлақ тосу. Таңдау мен талғамның таразысы, пікірлер пайымы осылай өрбіді. Алдағы сауалнамаға тағы қандай өнім түрін ұсынғанды құп көресіз? Оқырманнан ой күтеміз.

Абзал Жолтерек

Сәрсенбі, 26 Қыркүйек 2018 06:41

Ақ мақтадағы ақадал еңбек

| Автор: 

    

     Маңдай тер еңбектің бәрі қадірлі. Қазақ сол үшін де "маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды" деген. Бірақ күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, ақадал еңбегімен елге қызмет ететін кәсіп иелерінің жасап жатқан игі істеріне бір сәт мойын бұрмайтынымыз рас. Әрине, нарық өз дегенін жасап, адамның уақыт ағымына байланып қалатынын ескерсек, таңнан кешке дейін нәпақа жолында тер төгетін еңбек иелерінің тірлігі кейде көрінбей де қалады. Біреу білсе, біреу білмес, Қызылордада көрпенің тыстарын алып, мақтасын түтіп, оны тазалап беретін мақта цехы жұмыс істейді. Жаңа базар маңында бой тепкен шағын цехтағы елеулі еңбекті көзбен көріп, аядай бөлмедегі қызу тірліктің барысын біліп қайттық.

    Қажеттілік күнде бола бермейтіндіктен бе, мақта цехының қайда орналас­қанын көп жұрт біле қой­мады. Дегенмен, базар ішін­де қатар орналасқан сауда­герлер бізге бағыт берді. Айт­қандай-ақ, есігі айқара ашы­лып тұрған цехқа кіріп, қызу тірліктің ортасына ене кет­тік. Есеп-қисапты жүргізіп отырған болуы керек, цех иесі Райгүл Қиясова алды­мыз­дан шықты. 15 жылдан бері осы тірліктің басы-қасында жүрген ол әуеліде әңгімеге ашыла қоймайды. Бірақ, мән-жайды түсіндір­геннен кейін ғана еңбектің адамы ретінде өткенді еске алып, бұл кәсіпке қалай кел­генін сөз арасына қоса кетті.

   - Осыдан бірнеше жыл­дар бұрын Арал ауданында зауыт, дүкендер жабылып, көп жұрт жұмыссыз қалған еді. Содан Алматыға барып, ірі дүкенде еңбек еттім. Бірақ та Алма­тының ауа-райы денсау­лы­ғыма жақпағандықтан, қай­тып Қызылордаға келдім. Сол кезде ағам осы мақта цехын ашуды көздеп жүрген еді. 2002 жылы тәуекел етіп, істі бастап кетті. Мен де елге оралып, осы мақта цехының жұмысына қарайлап, өзім де осы іске бел шеше кірістім. Кәсіп деген бір мезетте жемісін бере бермейді ғой. Шындығын айтайын, 5 жыл­ға дейін қалыптаса алмадық. Жұрттың бәрі "бізге немен айналысасыңдар, мақтаны не істейсіндер?", "Одан пай­да бар ма өзі?" деген сыңай­дағы сұрақтарды қойды. Қиын­дықтармен бетпе-бет келдік. Мақтаны түтуге ар­нал­ған құрал-жабдықтарды сырттан алдырып, оның қажетті заттарын түгендеу біздерге оңайға соқпады. Бастапқыда Ресейдің мақта түтетін қондырғысымен кәсіпті бастап кеттік,-деді Райкүл Қиясова.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:26

Өндіріс орындарының қарқыны

| Автор: 

  Экономиканы әртараптандыру үшін ел ішінде көптеген өндіріс нысандары болуы керек. Сыртқы, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтуды көздейтін зауыттар мен фаб­рикалар экономиканың тұрақ­ты­лығын сақтап қала алады. Әрі жа­ңа жұмыс көздерін ашып, халықты еңбекпен қамтуға жол ашады. Сыр еліндегі соңғы жылдары салынған өндіріс орындары да эко­но­миканы әртараптандырып, тұ­рақты өсімді қалыптастыруға күш салып келеді. Оның үстіне Қызыл­орда облысы сырттан инвестиция тарту ісінде аймақтар арасында көш басында келеді. Ең ірі жоба­лардың бірі ретінде өңір экономикасына қозғаушы күш болатын шыны зауытының құрылысы да биыл толықтай аяқталмақ.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 06:05

ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ЖИЫРМА ЖЫЛ

| Автор: 

        Қанша ерте тұрсам да кешігіп жүру әдетке айналды. Апыл-ғұпыл жүгірсем де, бағытыма баратын көлікке үлгере алмадым. Содан аялдамаға келген әр түрлі бағыттағы қоғамдық көліктерге қарап-ақ қызу тіршіліктің ерте басталып кеткендігін ұқтым. Ал мен әлі отырмын. Уақыттың құнды екенін білсем де, бағалай алмай жүргенімді сол кезде сезгендей болдым. Айналамда ығы-жығы адам көп. Гүрілдеген көліктің дауысы жүйкемді жұқартты. Қоғамдық көліктер де бірінен соң бірі жарыса келіп жатыр. Қарап отырсам, автобустың "бипылдаған дауысы" арқылы біраз нәрсені түсінуге болады екен. Әсіресе, қоғамдық көлік жүргізушілерінің ортақ тіліне айналған сияқты бұл әдіс. Сол арқылы ұрысады, кейде сыйласып біріне бірі жол береді. Жалпы қызық дүние...

    Көз алдымда орын алып жатқан жайттарға мән беріп отырғанымда мен күткен автобус та аялдамадан көрінді. Содан не керек, бағытыма беттеген кө­лікке міндім. Орын жоқ, бірақ, адам көп. Өзіме ыңғайлы жерге орналасып, айна­лама көз сүздім. Бірі телефонға телміріп, терезеге қарауға мұршасы болмаса, енді бірінің қабағынан қар жауып тұрғанын байқайсын. Бәрі ашулы, бәрінің жүйкесі жұқарған секілді. Тек кондуктордың да­уысы жарқын-жарқын шығады. Әуезді музыканың үні де құлаққа жағымды естіл­гендей. Әдетте, қоғамдық көлікке мінген сайын кондукторды жерден алып, жерге салып жатқан халықты көреміз. Ашулы болса, алқымынан алады. Ренішті болса ұрысып алуға да сылтау табады. Әйтеуір көпшілік мінетін көліктегі ке­леңсіздікке кім кінәлі десек, кондукторды қолмен нұсқап тағы шыға келеміз.

   Нөміріміздің алдыңғы санында «Халық таңдауы» айдарының алғашқы шығарылымын ұсынған болатынбыз. Сүт өнімдеріне қатысты халықтың пікірін біліп, жұртшылықтың ең көп қолданатын сүтінің сапасы мен бағасы жағынан толыққанды мәліметтер анықтап бердік. Келесі кезекте барлығымыз күнделікті көріп, дәмін татып жүрген шоколодтар жөнінде оқырманның ойын білгіміз келді. Халық таңдауына Швейцария ұсынған «Нестле», украиналық «Рошен», Ресейде өндірілетін «Алпен Голд» пен «Милка Баблз» және өз елімізде шығатын «Қазақстан» шоколадтарын ұсындық. Тәттіні жақсы көрмейтін жан баласы жоқ шығар. Сондықтан әлеуметтік желі арқылы таңдау жасау оңайға соқпады. Алайда, қалың халық бірінші нөмірлі тіл үйіретін тәтті ретінде отандық «Қазақстан» шоколадын таңдады. Таңдау барысында тізімнің екінші орнына жайғасқан «Алпен Голд» қазірдің өзінде көптің сұранысына ие екенін дәлелдеді. Украинада өндірілетін «Рошен» шоколады да бастапқы үштіктен түспей тұр. Басқа тәттілерге қарағанда бағасы жағынан әлдеқайда қымбат «Милка Баблз» қанша тәтті болғанымен біздің өңірде көп сұраныста емес екенін көрсетті. Сауалнама барысында соңғы орынға жайғасқан «Нестле» шокошәрбаты сатылымда көп болғанымен тұтынушылары аз екен.

 

 Оқырмандардың әлеуметтік желідегі пікірлеріне көз жүгіртетін болсақ, халық арасында «тәттінің төресі отандық өнімге ештеңе жетпейді» дегенге сайды.

    Дәмі тіл үйірер тәтті өнімдердің тәуірін тұтынғанда тұрған ештеңе жоқ. Тек шектен тыс үйір болмасаңыз болды. Алдағы сауалнамаға тағы қандай өнім түрін ұсынғанды дұрыс деп табасыз. Оқырманнан ой күтеміз.

 

Абзал Жолтерек



 

 

 

   

  Жеті қазынаның қатарында тұрса да төбеттердің титімдей де қадірі қалмай бара жатыр. Төрт аяқтыларға мүсіркеп қарап жат­қан жан баласы ілуде біреу ғана. Төрінде тазы, ауласынан алабайы кетпеген ел "ысырапшылдық болмасын" деп ит асырапты. Өйткені қалған-құтқан тағамды осы үй жануарының итая­ғына салып беріп тамақтандырған. Ал, тазы болса күн­де­лікті ас-ауқатын табуға, аңшылықта жәрдемдесуге үлкен сеп.

   Ит адамның досы ғой, талас бар ма,

   Ортамыздан хақың жоқ аластауға.

   Компасың боп үйіңе  алып келер,

   Борандарда, түндерде адасқанда, - деп Свет Оразаев та өлең­іне осы мақұлықты арқау етіпті. Дегенмен де ит адамның досы дегенге талас туындап отырғаны рас. Ол егесінің ғана досы, бөгде адамға шабуыл жасап, тістеп, қауып алуы мүмкін. Сондықтан таяқтың екінші ұшы да өз маңызын жоғалтпай тұр.

    Тақырыпқа дендеп енбес бұрын иттердің шығу тарихына көз жүгіртіп өтсек. Ғалымдардың айтуы бойынша ит - қас­қыр тұқымдасына жататын жырт­қыш. Олар шамамен б.з.б. 15-10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Ит - нағыз етқоректі жануарлар. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 - 12 айда, қаншығы 7 - 8 айда жетіледі, жылына 1 - 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 - 65 күн, қаншығы 1 - 2, кейде 12 - 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 - 8, көзі 10 - 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 - 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшік­терін 1 - 1,5 айдай емізіп, аяққа тұрғызады. Иттер 10 - 12 жыл ғана тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400-ге жуық тұқымы тараған.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C