Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Желт 05, 2018 583

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен…
Желт 05, 2018 462

Болашаққа нық қадам

Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі…
Желт 05, 2018 245

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда…
Қар 28, 2018 1002

БАТЫСТАН КЕЛДІ, ҚАЗАҚҚА ЕНДІ бизнес-тренингтердің берері бар ма?

Ақша табудың сан тарап жолы бар. Бірақ нарық дегелі ақыл-ой, дәулетті адамдардың өмі­рін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Қоғам

Қоғам (159)

    Егемендікті аңсап өткен бабаларымыздың ерлігі мен желтоқсандағы жалынды жас­тардың жастық жігері­нің нәтижесінде қол жеткізген Тәуелсіздіктің төрге шық­­қанына биыл - 25 жыл. Бей­біт өмірді армандап, сол жолда жанын қи­ған ержүрек батырлардың ерлігін насихаттау бүгінгі күні алдыңғы буынның парызы болса, оны келешекте қорғап, сақтап қалу жас буынның міндеті.

    - Әрбір елдің жылна­ма­­сын­­да оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арай та­ңы 1991 жылы 16 жел­тоқ­сан­­да атты. Сол күні әлем кө­гінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұл­дыз жар­­қырап тұрды. Тұтас дә­уір­дің куәсі болған хал­қы­мыз сан ғасырлар бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өт­ті,- деген Елбасы Нұр­сұл­тан ­На­зар­­баев азаттықтың екін­ші мүшеліне аяқ басқан 25 жылдық мерейтойды ел болып тойлауға шақырған болатын.

    Халқымыз үшін маңызы зор Тәуелсіздік күнін мерекелеу шаралары жыл басынан бері Қазақстанның әр­бір аймағында айрықша ата­­лып өтіп, әр өңір өзінше тар­туларын жасап келеді. Мерекенің мерейін тасытып, кең көлемде тойлауда қы­зыл­ор­да­лықтар да қа­лыс қа­лып жат­қан жоқ. Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Тәуелсіздігі­нің 25 жылдығын мерекелеуде Қы­­зылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бө­­­лі­мі үстіміздегі жылдың қаң­­тар айынан бері жүйелі түр­­де құ­рыл­ған жоспар бо­йын­ша жұ­мыс жасауда.

   Атап айтар болсақ, қалалық №13 кітапханада "Тә­уел­сіз елім Қазақстан" тақы­ры­бында кітап көрмесі ұйым­­дас­ты­рылды. Мұнда ба­­ла­ларға ар­нал­ған энцик­ло­педиялар, "Ме­нің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан", "Ме­нің елім - Қа­зақс­тан", "Елбасы", "Елмен сыр­ласу", "Қа­зақ­­­с­­тан және әлем елдері", "Жыр-Тұғырым-Тә­уел­сіз­дік" атты туындылар мен мер­­зімді басылымдар жас оқыр­мандардың назарына ұсы­­нылды. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қол жеткен жетістіктерін таныстыруды мақсат еткен көрмеде егемендіктің маңызды кезеңдері т­уралы ақпараттар ке­ңінен қам­тылған. Ал, №1 кі­тапханада Тас­бөгет кен­тін­­дегі №11, №176 мектеп оқу­шыларының қа­тысуымен ашық есік күні өткі­зілсе, Қы­­зылөзек ауылдық кітап­ха­насы оқырмандары арасында "Елімнің бақытын тер­бет­кен - Тәуелсіздік" атты тұ­рақ­ты кітап көрмесін ұйым­дас­тырды.

 

Сәрсенбі, 07 Қыркүйек 2016 09:44

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

| Автор: 

   Жақында облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» жоба аясында Қызылорда облысының «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

    - Акцияның мақсаты – ардагерлерге жекеленген көмек көрсету, рухани қолдау мақсатында және өскелең ұрпақты тарихи сабақтастықты жете түсіне білуге тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық, ұлтжандылық сезімін арттыру дейді, ұйымдастырушылар.

    Шара барысында қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы бірқатар ҰОС және АСА ардагерлерінің үйінде болып, мерекелік сыйлықтар мен үй тұрмысына қажетті азық-түліктер табыстады.

   Береген қолым алаған. Бүгіндері қу құлқынның қамымен қалтасын қампайтқысы келетіндер көп. Ірі көлемдегі қаржылық құйтырқылықтар жемқорлықтың жолын ашып беріп отыр. Маңдай тер еңбекпен келмеген олжа көлеңкелі экономиканы дамытуға негіз қалап жатыр. Шенді қызметтегі шенеуніктердің сыбайластық әрекеттері қоғамда ашықтан-ашық талқыланып жатқанымен, жем­қорлар қаржыны қалтаға ба­­суын қояр емес. Тамыр-таныстық сыбайластыққа, сыбай­лас­тық жемқорлыққа жол апарады. Бармақ басты көз қысты әрекеттердің белең алуы елдің ішкі табысын төмендетіп, оның арты қаржылық құлдырауға әкеліп соғуда.

   Мемлекеттің қаржысын "өз" қаржысындай көретіндердің жеке бизнесі осы сыбайластықтың салдарынан болып жатыр. Десе де құзырлы органдар мен мемлекеттік мекемелер де құр қарап жат­қан жоқ. Жыл басынан бері қабылданған құқықтық заңнамалар жемқорлық фактілерін анықтауға мүмкіндік беруде. Ел үшін маңызды стратегия "Ұлт жоспары 100 нақты қа­дам" мемлекеттік құжатта жем­қорлықпен күрес, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін заң аясында ат­қа­руға қажетті тармақтар қа­рас­тырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес Заңының негізгі тармақтарынан туындайтын жаңа тәсіл­дер сыбайластықтың көлеңкелі тұстарын тарқатуға жол нұсқайды.

   Баршаға белгілі, биылғы жыл­дан бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі күшіне енді. Бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында бұқарамен байланысын арттыруда көмегі зор. Аталған кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттері­не қойылатын талаптарды күшейтті. Жаңа заң мемлекеттің қызмет саласын жетіл­діріп, сыбайлас жемқорлық, заң бұзушылық әрекеттердің алдын алады.

   Осы жылдан бастап күшіне енген, мемлекеттің стратегия­лық бағыты болған 100 нақты қадамнан туындайтын мін­дет­терді облыстық басқармалар толыққанды орындауы қа­жет. Бүгінде Қызылорда облысында 22 басқарма бар. Функционалдық қызметтеріне сәйкес басқармалар жаңа заңнамаларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын қабылдап, нақты жұмыстарын бастап кетті. Елбасы міндет­те­ген талаптарды облыстық мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия негізінде тапсырмаларды орындап келеді.

   Басқарма облыс әкімінің биылғы жылдың ақпан айының 2 жұлдызында бекіткен "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын" орындау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде. Жоспарда жазылған міндеттер мен тапсырмалардың орындалу барысына тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

   Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл туралы" 2015 жылғы 18 қа­рашадағы №410-V Қазақстан Рес­публикасы заңының 12-бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттік органда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қа­былдаған.  Саладағы барлық мемлекеттік қызметшілер "Сы­­байлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы мен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" негізінде жұмыс жасауда. Жыл басында басқармада Әдеп кодексін түсіндіру бо­йынша құқықтық оқыту жұ­мыстары ұйымдастырылған. Заңның әрбір тармақтарында көрсетілген міндетемелерді қызметшілерге дер кезінде түсіндіру -  басқарманың басты бағыты болып отыр. Қолда­ныс­тағы заң шеңберінде қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілер аталған Заңның қызметте тұрақтап қалуға мүм­кіндік беретінін айтады.

    Талапқа сай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің" 3-тармағын орындау мақсатында Кодекс мәтіні баршаға көрінетіндей жерде (басқарманың ақпараттық тақтасына) орналастырылуы тиіс. Бұл талапты мәде­ниет, архивтер, құжаттар бас­қар­ма­сы орындап отыр.

  Басқарма ұсынған мәліметтерді сөйлетер болсақ, мемлекеттік органда жұмыс атқаратын барлық 17 әкімшілік мемлекеттік қызметші кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларациясын салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарына мерзімінде ұсынған. Сондай-ақ, "2016 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының" 203-тармағын орындау мақсатында басқарма басшысы Ержан Абдрахмановтың 2015 жылғы кірістері мен мүлкі туралы ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің madeniet.e-kyzylorda.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналасты­рыл­ған. Демек, ашық ақпаратты кез келген адам аталмыш сайттан көруіне болады. Бұл дегеніңіз қызмет бабын асыра пайдалануға жол бермейді, әрі жем­қорлықтың алдын алады.  

   Әрбір басқарма халықпен тығыз байланысты қызмет атқаратындықтан мәдениет, мұ­рағат, құжаттама басқармасы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарау, азаматтарды жеке қа­былдау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізуде.

   Басқарма басшысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №03-11/19 бұйрығымен Қызылорда облысының мәдениет, архив­тер және құжаттама басқармасы басшысы мен орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізу кестесі бекітіліп, басқармада Сенім телефоны тұрақты түрде қызмет атқарып тұр. Мұнымен қоса "Облыстық мекемелер үйі" ғимаратының 1-қабатында жеке қабылдау кестесі, арыз-шағымдарға арналған жәшіктер арқылы халықтың өтініш-тілектері қаралады.

  Мамандардың сөзін бақсақ, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында басқармаға 20 өті­ніш­ келіп түскен. Оның ішінде жеке тұл­ғадан - 19, заңды тұлғадан - 1. Бас­қарма басшысы мен оның орын­басарлары 11 жеке қабылдаулар жүргізген. Осы өті­ніш­терді қарап, тұрғындарға нақ­ты жауап қайтаруда басқармаға ведомстволық бағынысты 4 коммуналдық мемлекеттік қа­зы­налық кәсіпорындар мен 14 коммуналдық мемлекеттік мекемелер жұмыс жасайды.

   Жемқорлық -  бірнеше адамның қолынан өтеді. Істің ретін табатындар үшін мұндай қитұр­қылықтың өз жолдары бар кө­рінеді. Мемлекеттік мекемеде жемқорлық әрекеттерді бол­дыр­мау жолында сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі мен бағалау тәртібі басқарма басшысының 16.06.2016 жылғы №03-11/41 бұйрығымен рәсімделген.

   Жоғарыда атап өткеніміздей, басқармаға қарасты мемлекеттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңдар талаптары мен нормаларының сақталуы бас­қарма тарапынан қатаң бақылауға алынған. Соның нәтижесі болар басқармада сыбайлас жем­қорлық сипатындағы факті­лер орын алмаған.

    Басқармаға қарасты мәде­ниет, өнер және архив ұйымдарында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң талаптарының сақталуын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша арнайы жоспар құрылып, ұйымдар осы тәр­тіп бойынша қызмет жасауда.

  Мәдениет басқармасының мамандарының мәліметінше, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мектептер мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерінің, қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдас­тырылып отырады. Сонымен бір­ге, ішкі бақылау жұмысын ұйымдастыру мақсатында, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, ҚР Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулыларын уақы­тылы орындауды қадағалау, орындаушылық тәртіпті нығайту шаралары назарға алынған.

   Біз тілге тиек етіп отырған Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиім­ділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және оның деңгейін төмендету бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі жолға қойған. Мәселен, Ә.Тәжібаев атын­дағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мәдениетті қа­лып­тас­тыруға арналған тұрақты бұ­рыш-көрме жұмыс жасап тұр. Әрине, заңнан аттап, ардан безгендер үшін қандай да бір шараның тосқауыл болары анық.

   Мұнан бөлек, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында сахналанатын Ә.Тауасаровтың "Махаббат аралы" драмасы -  жем­қорлықтың алдын алуға бағытталған бірден-бір қойылым. «Бұл спектакль көрерменге жоспарға сәйкес ұсынылып келеді» дейді мамандар.

   Өздеріңізге белгілі, өткен жылы бірқатар басқармалар біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылған еді. Енді мәдениет, мұрағат, құжаттама басқармасының жұмыс жасау ауқымы кеңейді. Ресми мәліметке иек артсақ, бүгінде аймақта  барлығы 11 архив мекемелері жұ­мыс жасайды. Архивтер "Мұ­рағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 8340 сұраныс­тарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2237 сұраныс "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, "Электронды үкімет" порталы арқылы 4948 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1155 сұраныс түсіп, орындалған.

   Бірнеше жылдан бері жа­сал­ған жұмыстарды саралай ке­летін болсақ, сыбайлас жем­қорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала, фейсбук әлеуметтік желі­сінде мақалалар жарияланды. Сонымен қоса, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен 5 дөңгелек үстел, 2 семинар ұйымдастырылған. Іс-шаралар жыл аяғына дейін орындала бермек.

    Жемқор атану кімге болса да абырой әпермейді. Заң аясында тәртіпке тартылу, қызметтен қуылу, жасалған "жымысқы" әрекетін жұртшылыққа жария ету. Мұның бәрі жемқорларды өзін ғана емес, жер басып, суын ішіп отырған елін құрдымға әкетеді. Әйтсе де қомақты қаржымен құрықталып жатқандары аз емес. «Көп асқанға бір тосқан деген», жемқорларға заң ая­сында тоқтам болар күн жақын.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

 

 

    Әлемнің дамыған алдыңғы қатарда тұрған елдерінің тізіміне ену жолында Елбасы 2050 жылға дейін жаңа саяси бағытты белгілеп, құқық бұзушылық пен қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануды ұсынған болатын. Басым бағытта қылмыспен күрестегі құқық қорғау органдарының қызметіне қатаң талап та қойылды. Бұл жөнінде ҚР Президенті "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы "Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту" бөлімінде толық тоқталған-ды.

    Мемлекеттілік басқарудың жаңа түрін қалыптастыруды баршаға мақсат етіп міндеттеген көшбасшы, оның қоғамға қызмет етуі мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиістігін айтып, талап қойған. Дамудың даңғыл жолымен жүруге жол нұсқаған Елбасы Жолдауында: "Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам",- деген болатын.

    Белгіленбеген жерде шылым шегу, мас күйінде тұрғындардың мазасын алу, көпшілік ортада ұятты әрекетке бару, көшелерге қоқыс қалдықтарын тастап, оны ластау секілді ұсақ құқық бұзушылық әрекеттер қазақстандықтардың күнделікті өмірінде қалыпты жағдайға айналып кеткендігі рас. Бүгінде кез келген тұрғын өзі тұратын ауданда немесе қоғамдық орындарда осындай ұсақ заңсыз іс-әрекеттерді кезіктіріп жатады. Дегенмен, халық арасында олардың барлығын бірдей тоқтатып, құқық қорғау органдарына хабарлауға асықпайтыны тағы бар. Бірі байқамағандай өтіп кетсе, бірі ауызша ескерту жасаумен ғана шектеліп қояды. Тек кейбір тұрғындар мұндай әрекеттерге бей-жай қарамай, құ­зырлы органдарға хабарлауды жөн санайды. Ал, жоғарыда аталған ұсақ қылмыстардың орын алуына кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің себепкер болуы қоғамдық мәселеге айналып отыр.

    ҚР Президенті "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы қылмыстылықпен күрес және оның алдын алу жолында жасалған үлкен серпін болды. Елбасының сарабдал саятасының жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысында қарқынды жүріп келеді. Жүктелген тапсырманың жауапкершілік жүгі жеңіл болмайтыны белгілі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жас­өс­пірімдер тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асырылуда. Жауапты орган жыл басынан бері нақты жоспар құрып, қылмыстылықтың алдын алу­ға аянбай еңбек етуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесе отырып аптаның сенбі күндері "Түнгі қала" атты профилактикалық іс-шаралар өтіп отырады.

    Жыл басынан бері қаңтар айының 22-24 аралығында "Балалар түнгі қалада" атты жедел профилактикалық іс-шарасы, ақпан айының 16-18 аралығында Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы өткізілген. Жасалып жатқан жұмыстардың нәтиже­сінде жас жеткіншектердің оқыс қа­дам­ға бармауына тосқауыл қойылып, ұсақ қылмыстардың алдын алу­ға үлкен мүмкіндіктер туды. Олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқық­та­ры мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құр­меттеуге тәрбиелеу мақсатында "Жас­өс­пірім - Заң - Қауіпсіздік" атты ак­ци­ясы өткізілді.

   

     Мемлекет дамып, демократиялық қоғамға жол ашқан сайын елді жемқорлық жайлап, сыбайластық әрекеттер үдеп барады. Бұл - құрлық бойын мекендеген барлық әлемнің жаһан алдында қойып отырған өзекті мәселесі. Биліктің барлық тармақтарын бас бармаққа біріктірген жемқорлықтың тамырының тереңге баруы елдің экономикалық дамуын тежейді, нақты салаларға соққы болатыны белгілі. Дегенмен, мемлекеттің бағдарлы бағдарламалары мен нақты стратегиялары жемқорлықтың жолын кесуге қалқан болмақ. Сындарлы әрі салмақты бағдарламаның бірі Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" бес институтционалды реформасы.

    Нақты стратегия жемқорлықты жүйелі жоюдың тетіктерін қарастырады. Сол себепті Ұлт жоспарының 13-қадамы жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Стратегиялық құжатта жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру қажеттігіне басымдық берілген.

  Елбасының тікелей тапсырмасы негізінде, еліміздің барлық аймағында сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында "Ұлт жоспары 100 нақты қадамнан" тарайтын 5 институционалды реформаны бағдаршам ретінде түрлі шаралар мен ашық басқосулар өткізілуде.

   Шынын айту керек, Ұлт жоспарында жазылған, болашаққа бағыт сілтейтін қадамдар мемлекеттік құрылымды нығайтуға, төменнен биікке өрлеген жемқорлық пен тәртіпсіздіктердің, сонымен бірге  құқық бұзушылықтың ал­дын орайды.

   Стратегиядан туындаған міндеттемелер мен тапсырмалардан бөлек Елбасы жылдың басында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын баяндайтын, алдағы күннің басым бағыттарын айқындайтын "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" атты көлемді мақаласында да жемқорлық мәселесін айналып өтпеді. Ел үшін маңызды шараларды қабылдау қажеттігін, қоғамға ашықтық, демократиялық жолмен жүрсек дараланатымызды қаперге салған еді.

     Президент пәрменімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында - Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе жаңғыртылып отыр. Жаңадан жүзеге асқан ұлттық бюро жемқорлықпен күрестің барынша дәйекті бола түсуіне негіз қалайды.

   Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдарланғанын назарға алу керек.

   «Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен өзара байланыста және сонымен қатарласа қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды»,-деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

   Расында, осыған дейін де жемқорлықты тамырымен болмаса да, алдын алуға мемлекеттік органдар, сала мамандары жалпы бұқара халық болып күре­сіп жатырмыз. 100 нақты қадам арқылы мемлекеттік саясатты орындап жатқан сала мамандарының жұмысын талдап-таразылау арқылы ашық саясатқа жол ашамыз.

    Сыр өңірі де соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық және қылмыстылықтың алдын алу бағытында келелі шараларды ұйымдастыруда. Аймақ басшысы жыл басында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде облыстық басқармаларға тиісті тапсырмалар беріп, оның орындалу барысын қадағалауда. Шаралар мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнамаларды түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру басты нысан ретінде қабылданып отыр.

    Жалпы, Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысы негізінде 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыстық басқармалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, осы жылдың ішінде облыстық ветеринария басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жиын өткізіп, өзекті мәселелерді ортаға тастап, жүйелі жұмыстарды қолға алды.

   Мұнан бөлек мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жемқорлыққа бой алдырмау бағытында аймақта, аудан көлемінде іс-шаралар жоспарына сәйкес семинар-тренингтер өткізіліп келді. Мәселен, Қызылордада облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұжымына семинар ұйым­дастырды. Семинар 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңының басымдықтары, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілеріне арналды. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен және облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің қатысуымен өткен семинар-кеңес биылғы жылы қабылданғ­ан Әдеп кодексін кеңінен насихаттауға, "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет туралы заңнамалары арқау болды.

    Елбасы жолдауынан туындаған міндеттер, стратегияда қамтылған талаптардың бірі - шенеуніктер арасындағы сыбайластықты болдырмау, тамырынан үзу. Әлбетте, бекітілген шаралардың молдығы аймақтағы сыбайластық жемқорлықтың көлеңкелі тұстарын ашуға септігін тигізеді. Себебі ашықтық, бұқарамен тұрақты түрде байланыс, заң талаптарын орындау жемқорлықтың жолын кеседі.

    Карл Маркстің мемлекет екі жағдайда: бірінші, қылмыс көп, жазалау аз, екінші, жазалау көп, қылмыс жоқ жағдайда ғана азады дегені бар. Жемқорлық - қылмыс. Тек оны дер кезінде ауыздықтай алсақ, жасалған жұмыс нәтижесін береді.

Абай Тағыберген



   Ерке Есілдің жағасында орналасқан Елорда күніне орай сұлу Сырдың бойында жергілікті тұрғындарды үлкен қуанышқа бөлеген ерекше той өтті. Қызылорда қаласында Астананың атын әлемге танытқан, биіктігі көкпен таласатын "Бәйтерек" монументінің құрметіне "Бәйтерек" атты жаңа мөлтек аудан дүниеге келіп, 6600 қала тұрғынына жер телімі пайдалануға берілді. Айтулы күнде, тәуелсіз елдің 25 жылдығы мен Астана күні мерекесі қарсаңында жаңа ауданда 25 киіз үй тігіліп, 25 қызылордалықа жер пайдалану құқығын беру актісі салтанатты түрде табысталды.

  Дүбірлетіп өткен думанды тойда қазақтың ата-дәстүрін дәріптейтін түрлі шаралар ұйымдастырылып, алаңға алтыбақан тігілді. Қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ойналып, бүгінгінің балуандарын анықтаған спорт түрлерінен жарыстар да өткізілді. Ақ жаулықты әжелер қазақтың ою-өрнегінен келістіріп киіз басып, ұршық иіріп, ұлттық ерекшелігімізді жаңғыртып, дәріптеп жатты.

   Мерекелік шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев, Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және зиялы қауым өкілдері қатысып, жер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Алғысөз алған облыс әкімі Қ.Елеуұлы жа­салған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті:

   - Былтырғы жылы облысымызда мемлекеттік қаржы есебінен тұрғын үй көлемі 3-3,5 есе, Қызылорда қаласында 8 есеге өсті. Бұл жерлестеріміздің өте маңызды әлеуметтік мәселелерін шешуге жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Облыс орталығы Қызылорда қаласында былтырғы жылы пәтерге кезекке тұрғандар саны 17%-ға азайды. Биыл бұйырса 24%-ға дейін тө­мендететін боламыз. Осылайша екі жыл қорытындысы бойынша пәтер кезектілігін 41%-ға азайтамыз. Айтыңыздаршы, қай уақытта біздің Қызылорда осылай дамып еді?! Олай ешқашанда болған емес. Бұл табыс Елбасының сарабдал саясатының жемісі, тәуелсіздіктің нәтижесі,- деді аймақ басшысы.

  Басқару органдары қызметіндегі ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық, қалалық, облыстық газеттерде жер, балабақша, тұрғын үй кезегінің тізімі жарияланып келеді. Сонымен қатар, әкімдіктің электрондық порталында қажетті ақпараттар орналасып, кезек реттілігі құқық органдары қатаң бақылауда ұстайды. Бұл тұста бұра тартуға жол болмайтындығын баса айтқан аймақ басшысы барлығы да заң шеңберінде жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.

   Тоқталып өтетін жайт, 2004 жылдан бері Қызылорда қаласында ешқандай жер телімі берілмеген. Оның өзіндік себебі де бар. ҚР Жер кодексінің 44-бап, 5-3 тармағына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол берілетіндігі атап көрсетілген. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат етілетіндігі келтірілген. Сондықтан да пайдалануға беріліп жатқан жаңа мөлтек ауданда заң талаптарына сай қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жасалған.

   

Сәрсенбі, 27 Шілде 2016 04:58

ЖАЙЛПЫ ПӘТЕР – ЖАНҒА ТЫНЫС

| Автор: 

     Расында, Сыр өңірі құрылысы қарқынды аймақтардың біріне айналды. Көз жетпес жылдамдықта бой түзеп жатқан зәулім ғимараттар мен жайлы баспаналар қала халқының игілігіне бағытталуда. Жеке баспана - әр адамның арманы. Әсіресе, шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін бұл көп жылдық табанды еңбекті қажет етеді. Сондықтан да билік қашанда жастардың арманын қанаттандырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа пәтерлерді тарту ету­де. Міне, елорда Астана күніне орай Қызылорда қаласында 60 пәтерлік көпқабатты жаңа тұрғын үй жас отбасыларға табыс етілді. Ұзақ жылдан бері баспанаға қолы жетпей жүрген шаңырақ иелері Титов шағын ауданында қалан­ған жаңа пәтерлерге ие болды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагер құрылысшы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Жеткерген Оразбаев қатысып, отбасылардың қуаны­шымен бөлісіп, пәтер кілттерін табыс етті.

    Мемлекет әрдайым елдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына басым бағыт беріп келеді. Инвестиция игілігін көріп отырған Сыр жұртшылығы құрылысы қарқынды Қызылорданың қарыштап дамып жатқанына үлес қосып жүрген құрылысшылардың еңбегін жоғары бағалайды. Бүгінде Астанамен иық теңестіріп келе жатқан Қызылорда соңғы 5 жыл көлемінде ірі құрылыс нысандарына қаржы құйып, білікті мамандарды тартып, жүйелі жұмыстар жа­сауда. Атқарылған жұмыстың айғағы ретінде жаңа қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың қуанышы десек артық айтқандық емес.

   Айта кету маңызды, 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысының іргетасы осыдан екі жыл бұрын қаланған. Аталған көпқабатты тұрғын үй мемлекеттік "Өңірлерді дамытудың 2020" бағдарламасы шеңберінде "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағытында салынған. Мердігер компанияның айтуынша, жоба құны 457 миллион теңгені құрайды. Жайлы қоныстан орын алған пәтер иелері аталған бағдарламаның талаптарына сәйкес "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы 4 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерімен 15 жылға дейінгі мерзімге жеңілдік негізінде қол жеткізіп отыр.

   

           1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт ретінде ҚР Жоғары Кеңесінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заңы қабылданған болатын. Ал, 2007 жылдың 5 маусымы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен "23 маусым - полиция күні" деп бекітілді. Осы уақыттан бастап жыл сайын жауапкершілігі ауыр салада қызмет етіп келе жатқан маман иелерінің мерейлі мерекесі жоғары деңгейде аталып өтіледі.

     Бүгінгідей тәуелсіз елімізде бейбіт күннің тыныштығын қорғап, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет ету жолында Қызылорда облысы, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің де қосып келе жатқан үлесі зор. Темірдей тәртіпке бағынатын және тәртіп бұзушылықтың алдын алуда жұмыс жасайтын бөлімде өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын 125 маман еңбек етеді.

    - Биылғы жылдың алғашқы 4 айы ішінде тіркелген қылмыстардың жалпы саны 31,7 %-ға төмендеді. Есепті мерзімде барлық ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 77,8 %-дан 80,0 %-ға артты. Ал, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың ашылу көрсеткіш деңгейі 4,4 пайызға жоғарылауы байқалғанымен, ауырлығы орташа қылмыстың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта жалпы қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартып, қоғамдық тәртіп бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жедел ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылдануда,- дейді Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Серік Әбдімәуленұлы Тоқтыбаев.

   Өткен жылдың осы кезеңінде және үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында қылмыстың алдын алу бағытында жасалған жұмыстардың нәтижесінде аса ауыр қылмыс, кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу, бопсалаушылық қылмыстары тіркелмеген. Әкімшілік полиция саласы бойынша есепті мерзім ішінде 2644 құқық бұзушылық тіркеліп, 17 973 371 теңге айыппұл салынған. Көрілген тиісті шаралардың нәтижесінде оның 10 544 569 теңгесі өндіріліп алынған. Бұл өндіру көрсеткішінің 58,6 пайызын құрайды.

    Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде қызметкерлер арасындағы тәртіпті нығайту мақ­сатында "Ақсақалдар кеңесі", "Офицерлер кеңесі", "Полицейлер кеңесі" және "Әйелдер кеңесі" құрылып, міндеттелген жұмыстарын атқарып келеді. Жыл басынан бері айтулы мерекелер қарсаңында салтанатты шаралар тиісті дәрежеде ұйымдастырылып, жұмыс көрсеткіші жоғары қызметкерлерге мемлекеттік мерекелерде марапаттар тағайындалып отырады. Ал, кәсіби мерекенің орны бөлек.

 

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ,

журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы:

 

«Салалық басылымдар сұраныстың болмауынан күнін көре алмай келеді»

    "Біздің басты кемшілігіміз - кез келген салада жазылған мақалалар журналистің ішкі ойымен, көзқарасымен жазылады". Қазақ журналистикасында төбе көрсетіп жүрген тіс қаққан мамандардың бүгінгі журналистикаға деген көзқарасы осылай өріледі. Бұл қазір ғана айтылып жатқан мәселе емес шығар, бірақ кемшілік қазсаң шыға береді. Бір анығы, қазіргі журналистика маманданған журналистке иек артады, бірақ арық айтып семіз шығатын, нақты саланың нанын жеп жүрген журналистер аз бүгінде. Экономика һәм экология, құқық пен медицина саласының қалтарыстарын білетін кәнігі мамандардың жоқтығы айқын сезілуде. Дегенмен сұраныстың барын біліп, салалық тақырыптарға бет бұрып жатырмыз, бірақ баяу. Ақпарат және байланыс күніне орай осы мәселелердің мәніне үңілдік.

    Бірнеше жылдан бері экология тақырыбына тереңірек тамыр тартып, бүгінде Еуразия ұлттық университетінде жас қаламгерлерге дәріс беріп жүрген, маман-журналист Алма Сайлауқызынан салалық журналистиканың жай-күйін сұраған едік.

      - Алма Сайлауқызытөл мереке құтты болсын"Хабар" агенттігінде әр түрлі тақырыптарды қамтитын авторлық бағдарламаларды халыққа ұсындыңыз. Кейінгі уақытта интернет басылымдарына жаһан елдерінің жай-күйін баяндайтын жолсапар жазбаларды жазып, бүгінде жас толқынға білген-түйгеніңізді үйретіп жүрсіз. Қазіргі нарық ақпарат саласының дамуына жаңа бағыт берді. Біз осы талапты қаншалықты орындай алдық? Салалық журналистиканың салмағы қандай?

     - Рахмет! Негізінде, қазаққа нарықтық қатынастардың келгеніне 20 жылдан асты деп айта аламыз. Алғашында нарық дегенді жұрт "базарға" шығып кету деп түсінді. Қап арқалап, сауда жасады. Мүмкін ол халықтың әлеуметтік жағдайын сақтап қалуға қажет болған шығар. Журналистика халық өмірімен тығыз байланысты. "Көппен бірге көрген ұлы той" дегендей, журналистер де на­рықтың алғашқы жылдары бағытынан адасып қалғандай күй кешті. Мем­лекеттік мекемелерден қаржыландыру көздері азайған уақытта түрлі жеке меншік газеттер ашылып, салаға қан жүгіре бастады. Қалың бұқараның талғамын таразылайтын салалық газеттер мен журналдар шыға бастады. Жекеленген журналистің оқырманға сапалы контентпен тауарын ұсынуы салалық басылымдарға жол ашып берді. Бүгінде жағдай басқаша. Қазақ журналистері нарық талабын толыққанды меңгерді деп айта алмаймын, алайда қозғалыс бар. Осы уақытқа дейін салалық басылымдарға тәуекел еткен бірнеше басылымдар болды. Бірақ олар сұраныстың болмауынан күнін көре алмады. Бір ғана мысал, оқушыларға арналған "Ойла" ғылыми-қоғамдық журналына Қазақстан бойынша 13 адам жазылған. Бұл - менеджменттік-маркетингтік қателіктердің, құлықсыздықтың салдары да болуы мүмкін. Енді ойлана беріңіз. Қолдау мен сенім жоқ болғасын, басылым болашағын болжау қиын. Дегенмен, ақпарат нарығын үздіксіз зерттеп, тиімді жолдар арқылы салалық журна­листиканы дамытуға тырыса беру керекпіз деп ойлаймын.

     - Сенсациялық мақалалар мен шоу-бизнестен шаршаған көзі қарақты халық салмақты дүниелерді іздейді. Ал, салмақты дүние сауаттылықты қажет етеді. Жақында Сыр еліне келіп, өңір журналистеріне экология тақырыбында семинар өткіздіңіз. Экология тақырыбына көпшіліктің бара бермейтіні рас. Неліктен бұл бағытты таңдаңыз?

    - Өздеріңізге белгілі,елімізде Семей мен Қызылорда аймақтарына эко­логиялық статус берілген. "Журналист жортса табады, жазса шабады" дей ме, көзбен көріп, көкейге түйгенім, Қазақстанның көптеген облыстары экологиялық проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Тіпті, Орта Азияның бірқатар аймақтарын "экологиялық қаупі бар" деп айтуға болады. Біле білсеңіз, екінің бірі әңгіме ететін саясат, болжамы көп экономика, тартысы мол әлеуметтік са­лалардың бәрі де экологияны айналып өте алмайды. Халықты алаңдатқан жер мәселесі де экологиямен тікелей қабысып жатыр. Елбасы жеріміздің құнарсызданып бара жатқанына алаңдап, оны игеру арқылы экологияға әрі экономикаға үлес қосатынымызды айтып қалды. "Қайда барсаң - Қорқыттың көрі" дегендей, экология тақырыбында көтеретін мәселе көп. Осы мақсатта БҰҰ "Даму" бағдарламасы негізінде журналистердің экологиялық сауаттылы­ғын арттыру бағытында семинар жүргізіп келемін. Жас журналистерді осы бағытқа қалам тербесе, экологиямызға пайдамызды тигіземіз деп ойлаймын.

     - Салалық журналистика саласын дамыту арналарының бірі - жоғарғы оқу орындары. Ұлттық университет бұл бағытта қандай қарқынды қадамдар жасауда?

     - Құқықтың саланы иіріп алып кететін, экономиканы шағатын журна­листерді, үштілді журналистті еңбек нарығына шығара алмай отырғанымыз рас. Қазір маманданған журналистерді дамытуға сатылап келе жатырмыз. Қазірден бастап ұлттық университет өзінің бағдарламаларына өзгерістер енгізіп, сұранысқа сәйкес әрекетке көшті деп айта аламын. Бірақ дамыған елдердегідей медициналық журналистика, құқықтық журналистика жеке-жеке оқытылмайды. Дегенмен, спорт журналистикасы, әлеуметтік журналистиканың алғашқы белгілері бар, бізде. Қалған салалық журналистика ғылыми жүйеге негізделем дегенше, әр жас журналист өзін дамытуы қажет. Ізденісі мол жастар қалыптасып келеді. Мәселен, салалық журналистиканың жарқын өкілі ретінде Әсия Бағдаулетқызын айтар едім. Өнертанушы, киносыншы ретінде танылып жүр. Елімізде театр сыншылары көп, бірақ олардың бәрі пікірін жүйелі, қажетті деңгейде жеткізе бермейді. Ал Әсия өзіндік ойы қалыптасқан, өнердегі сынды бұқараға еркін жеткізе алатын кәсіби маман деп айтар едім. Бізге осындай салалық журналистер қажет-ақ.

    - Жас буынды тәрбиелеу деп жатырсыз. Тіс қаққан журналистер өз ал­дына мектеп ашып, журналистерді тәрбиелеп жатыр. Мұндай медиа мектептер мамандықтың майталманы болуға қаншалықты үлес қоса алады?

     - Меніңше, бұл медиа мектептер журналистикаға қызығушылығы бар, уақытын, қаражатын бөлетін, өзінің қабілетін ұштағысы келетін жандар үшін қолжетімді мүмкіндік. Бәрі бірдей төрт жылдық бакалавриатқа түсе алмайды. Белгілі бір саланың маманы бола тұра, өзінің журналистикалық қырын, өз жолын табуға жол ашады. Бірақ қаржылық мақсаттағы бұл мектептердің ұзақ уақыт өмір сүргендері аз.

      - Өзіңіз білесіз, еліміздегі жетекші арналардың бірі 7-арнаның жаңа­лықтар бөлімі қысқарып, журналистер жұмыссыз қалған еді. Кейіннен арна жеке кәсіпкер Кеңес Рахышевтың қолына өтті. Жекеленген кәсіпкердің "ашса алақанында, жұмса жұдырығында" тұрған арнаның журналистері халыққа объективті ақпарат тарата алады деп есептейсіз бе?

    - Ол журналистің шеберлігіне байланысты. "Кім ақша берсе, сол әуенге тапсырыс береді" дегендей, мемлекеттік арналардың да белгілі бір шеңберінен шыға алмай отырғандары бар. Жекелердің де, мемлекеттік арналардың да қатар дамығаны бәсекелестікті тудырады. Ал әділ, дұрыс бәсекелестік бар жерде жоғары сапа мен жақсара түсуге ұмтылыс болады.

   - Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбат құрған

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ,

журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы:

 

«Салалық басылымдар сұраныстың болмауынан күнін көре алмай келеді»

    "Біздің басты кемшілігіміз - кез келген салада жазылған мақалалар журналистің ішкі ойымен, көзқарасымен жазылады". Қазақ журналистикасында төбе көрсетіп жүрген тіс қаққан мамандардың бүгінгі журналистикаға деген көзқарасы осылай өріледі. Бұл қазір ғана айтылып жатқан мәселе емес шығар, бірақ кемшілік қазсаң шыға береді. Бір анығы, қазіргі журналистика маманданған журналистке иек артады, бірақ арық айтып семіз шығатын, нақты саланың нанын жеп жүрген журналистер аз бүгінде. Экономика һәм экология, құқық пен медицина саласының қалтарыстарын білетін кәнігі мамандардың жоқтығы айқын сезілуде. Дегенмен сұраныстың барын біліп, салалық тақырыптарға бет бұрып жатырмыз, бірақ баяу. Ақпарат және байланыс күніне орай осы мәселелердің мәніне үңілдік.

    Бірнеше жылдан бері экология тақырыбына тереңірек тамыр тартып, бүгінде Еуразия ұлттық университетінде жас қаламгерлерге дәріс беріп жүрген, маман-журналист Алма Сайлауқызынан салалық журналистиканың жай-күйін сұраған едік.

      - Алма Сайлауқызы, төл мереке құтты болсын. "Хабар" агенттігінде әр түрлі тақырыптарды қамтитын авторлық бағдарламаларды халыққа ұсындыңыз. Кейінгі уақытта интернет басылымдарына жаһан елдерінің жай-күйін баяндайтын жолсапар жазбаларды жазып, бүгінде жас толқынға білген-түйгеніңізді үйретіп жүрсіз. Қазіргі нарық ақпарат саласының дамуына жаңа бағыт берді. Біз осы талапты қаншалықты орындай алдық? Салалық журналистиканың салмағы қандай?

     - Рахмет! Негізінде, қазаққа нарықтық қатынастардың келгеніне 20 жылдан асты деп айта аламыз. Алғашында нарық дегенді жұрт "базарға" шығып кету деп түсінді. Қап арқалап, сауда жасады. Мүмкін ол халықтың әлеуметтік жағдайын сақтап қалуға қажет болған шығар. Журналистика халық өмірімен тығыз байланысты. "Көппен бірге көрген ұлы той" дегендей, журналистер де на­рықтың алғашқы жылдары бағытынан адасып қалғандай күй кешті. Мем­лекеттік мекемелерден қаржыландыру көздері азайған уақытта түрлі жеке меншік газеттер ашылып, салаға қан жүгіре бастады. Қалың бұқараның талғамын таразылайтын салалық газеттер мен журналдар шыға бастады. Жекеленген журналистің оқырманға сапалы контентпен тауарын ұсынуы салалық басылымдарға жол ашып берді. Бүгінде жағдай басқаша. Қазақ журналистері нарық талабын толыққанды меңгерді деп айта алмаймын, алайда қозғалыс бар. Осы уақытқа дейін салалық басылымдарға тәуекел еткен бірнеше басылымдар болды. Бірақ олар сұраныстың болмауынан күнін көре алмады. Бір ғана мысал, оқушыларға арналған "Ойла" ғылыми-қоғамдық журналына Қазақстан бойынша 13 адам жазылған. Бұл - менеджменттік-маркетингтік қателіктердің, құлықсыздықтың салдары да болуы мүмкін. Енді ойлана беріңіз. Қолдау мен сенім жоқ болғасын, басылым болашағын болжау қиын. Дегенмен, ақпарат нарығын үздіксіз зерттеп, тиімді жолдар арқылы салалық журна­листиканы дамытуға тырыса беру керекпіз деп ойлаймын.

     - Сенсациялық мақалалар мен шоу-бизнестен шаршаған көзі қарақты халық салмақты дүниелерді іздейді. Ал, салмақты дүние сауаттылықты қажет етеді. Жақында Сыр еліне келіп, өңір журналистеріне экология тақырыбында семинар өткіздіңіз. Экология тақырыбына көпшіліктің бара бермейтіні рас. Неліктен бұл бағытты таңдаңыз?

    - Өздеріңізге белгілі,елімізде Семей мен Қызылорда аймақтарына эко­логиялық статус берілген. "Журналист жортса табады, жазса шабады" дей ме, көзбен көріп, көкейге түйгенім, Қазақстанның көптеген облыстары экологиялық проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Тіпті, Орта Азияның бірқатар аймақтарын "экологиялық қаупі бар" деп айтуға болады. Біле білсеңіз, екінің бірі әңгіме ететін саясат, болжамы көп экономика, тартысы мол әлеуметтік са­лалардың бәрі де экологияны айналып өте алмайды. Халықты алаңдатқан жер мәселесі де экологиямен тікелей қабысып жатыр. Елбасы жеріміздің құнарсызданып бара жатқанына алаңдап, оны игеру арқылы экологияға әрі экономикаға үлес қосатынымызды айтып қалды. "Қайда барсаң - Қорқыттың көрі" дегендей, экология тақырыбында көтеретін мәселе көп. Осы мақсатта БҰҰ "Даму" бағдарламасы негізінде журналистердің экологиялық сауаттылы­ғын арттыру бағытында семинар жүргізіп келемін. Жас журналистерді осы бағытқа қалам тербесе, экологиямызға пайдамызды тигіземіз деп ойлаймын.

     - Салалық журналистика саласын дамыту арналарының бірі - жоғарғы оқу орындары. Ұлттық университет бұл бағытта қандай қарқынды қадамдар жасауда?

     - Құқықтың саланы иіріп алып кететін, экономиканы шағатын журна­листерді, үштілді журналистті еңбек нарығына шығара алмай отырғанымыз рас. Қазір маманданған журналистерді дамытуға сатылап келе жатырмыз. Қазірден бастап ұлттық университет өзінің бағдарламаларына өзгерістер енгізіп, сұранысқа сәйкес әрекетке көшті деп айта аламын. Бірақ дамыған елдердегідей медициналық журналистика, құқықтық журналистика жеке-жеке оқытылмайды. Дегенмен, спорт журналистикасы, әлеуметтік журналистиканың алғашқы белгілері бар, бізде. Қалған салалық журналистика ғылыми жүйеге негізделем дегенше, әр жас журналист өзін дамытуы қажет. Ізденісі мол жастар қалыптасып келеді. Мәселен, салалық журналистиканың жарқын өкілі ретінде Әсия Бағдаулетқызын айтар едім. Өнертанушы, киносыншы ретінде танылып жүр. Елімізде театр сыншылары көп, бірақ олардың бәрі пікірін жүйелі, қажетті деңгейде жеткізе бермейді. Ал Әсия өзіндік ойы қалыптасқан, өнердегі сынды бұқараға еркін жеткізе алатын кәсіби маман деп айтар едім. Бізге осындай салалық журналистер қажет-ақ.

    - Жас буынды тәрбиелеу деп жатырсыз. Тіс қаққан журналистер өз ал­дына мектеп ашып, журналистерді тәрбиелеп жатыр. Мұндай медиа мектептер мамандықтың майталманы болуға қаншалықты үлес қоса алады?

     - Меніңше, бұл медиа мектептер журналистикаға қызығушылығы бар, уақытын, қаражатын бөлетін, өзінің қабілетін ұштағысы келетін жандар үшін қолжетімді мүмкіндік. Бәрі бірдей төрт жылдық бакалавриатқа түсе алмайды. Белгілі бір саланың маманы бола тұра, өзінің журналистикалық қырын, өз жолын табуға жол ашады. Бірақ қаржылық мақсаттағы бұл мектептердің ұзақ уақыт өмір сүргендері аз.

      - Өзіңіз білесіз, еліміздегі жетекші арналардың бірі 7-арнаның жаңа­лықтар бөлімі қысқарып, журналистер жұмыссыз қалған еді. Кейіннен арна жеке кәсіпкер Кеңес Рахышевтың қолына өтті. Жекеленген кәсіпкердің "ашса алақанында, жұмса жұдырығында" тұрған арнаның журналистері халыққа объективті ақпарат тарата алады деп есептейсіз бе?

    - Ол журналистің шеберлігіне байланысты. "Кім ақша берсе, сол әуенге тапсырыс береді" дегендей, мемлекеттік арналардың да белгілі бір шеңберінен шыға алмай отырғандары бар. Жекелердің де, мемлекеттік арналардың да қатар дамығаны бәсекелестікті тудырады. Ал әділ, дұрыс бәсекелестік бар жерде жоғары сапа мен жақсара түсуге ұмтылыс болады.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбат құрған

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C